Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Келер Наурыз тойына

Тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»
Мақсаттары:
Білімділік:Оқушыларға Наурыз-жыл басы, яғни дін мейрамы емес, ұлт мейрамы
екендігін тарихи маңызын түсіндіру. Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп
келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына
деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік:Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру.
Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға,
қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
Қазақтың киіз үйі, жабдықтары, ұлттық киімдер, ұлттық тәрбие жөнінде нақыл
сөздер, мақал-мәтелдер, наурыз мерекесіне арналған қабырға газеті, көрме
т.б.
Барысы:
І. Кіріспе сөз:
Құрметті қонақтар, ата-аналар, ұстаздар, оқушылар!
Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы
Наурыз-яғни Жаңа жыл! Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар
бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді.
Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.
Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні
аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп , ескі
ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен
, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен
ашсын.Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін!Барлық жақсы ниет-
тілектеріңіз қабыл болсын!
Вальс
Бастаушы:
1. Қош келіпсіз, құрметті ата-аналар,
Жүздеріңнен мейіріммен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпыраған.
Балғын шақты біз бақытты балалар!
2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би-биленіп, ән де бүгін шырқалар!
1-жүргізуші: :Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-
бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз
мейрамы. Наурыз салтанаты.
2-жүргізуші: Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-үйді, ауыл-ауылды
аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын
беріп ізгі тілек тілесетін.
1-жүргізуші:«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,Ұлы
кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл
арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы-
Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп
ырым ететін.
2-жүргізуші:Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі
осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.
Бірге: Қарсы алайық Наурызды
Наурыз-қыз:
Сәлем Ата-аналар!
Айналайын Балалар!
Халқым менің аманба?
Жаса жайлы заманда,
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу шықты.
Ұлыс күнге бүгін мен,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Ән: «Наурыз» ор-тын Мақсым Ақмарал
1-жүргізуші:
Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел басындағы татулықты,
бірлестікті ерекше бағалаған. Өткен Барыс жылында еліміз аман, жұртымыз
тыныш, жайлы болды. Жаңа Қоян жылындада елімізге тыныштық болсын деп
тілейік , ағайын!
2-жүргізуші:
Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл
жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.
Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата!
(Қызыр ата бата береді).
Оу аман ба жарандар
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып
Рахатын тапты жан.
Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз
Ұрпақтардың бағы болсын,
Арайланған таңы болсын.
Ақ батамен қол жайғанның,
Тілегінің бәрі болсын!
2-жүргізуші: Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл
басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз
айының 22-ші жұлдызына сәйкес келеді.
Көрініс: (Күн мен Түн ортаға шығады)
Күн: Сәулесі мол Күнмін!
Түн: Жұлдызы көп Түнмін!
Екеуі:
Бірдей болып біздер
Теңелеміз бүгін.
Түн: Ал ертең күн ұзақ
Күн: Түн қысқарар бірақ.
Екеуі:
Ұйқы қанбай қалып,
Жүрмеңдер тек жылап.
(Сахнадан шығып кетеді)
1-жүргізуші:
Уа, халайық, құлақ сал!!!
Жақсылыққа қашанда,
Жан баласы тоймаған,
Жаңа жылдың басы деп,
Жылда бізбен тойлаған.
Шашу шашып көл-көсір,
Көжесі қазанда қайнаған.
2-жүргізуші
  Әнге ырғағы жарасқан,
Асқар таудың шыңдары.
Ақ жаулықты аналар!

1-жүргізуші:     
Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжеміз наурыз
көже әкелді.
Қош келдіңіз, әже!
Әже:
Наурыз құтты болсын! Осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін.
Ашық болсын қас-қабақ.
Бейтаныс та таныс та
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа, бидай тары бар
Қатық, малта, ағы бар,
Ішілетін, жейтіннің
Бұл көжеде бәрі бар.
(Көжеден көрермендерге беріп жүріп бата береді)
Ұлыс бақты болсын!
Әр күндерің жақсы болсын!
Ақ мол болсын!
Бәле жала жерге енсін!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын!
3 оқушы:   Дана  
Ал, халайық тұрмайық.
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық.
Думандатып би билеп,
Ән мен күйді төгілдіріп,
Інжу-маржан шашайық.
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез жасайық!
Би: « Жұмыр қылыш »
4 оқушы:    Нұрасыл      
Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы жаз жетіп,
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден.
Құтты болсын, Наурыз!
Жаңғырар дәстүр салтымның,
Көзделсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке «Наурыз» жыл басы.
1-жүргізуші:
Бауырласқа тәнтіміз
Бұзылмаған салтымыз
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз!
2-жүргізуші:
Енді айтыс өнерін тамашалаңыздар!
Айтыс
1Оу халайық, халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
2 Меніменен айтысар
Қыз-құрбылар қайсың бар
Қолдан келсе әзілдеп
Маған сынды айтыңдар
1 Айтысуға өзіңмен
Шығып тұрмын алдыңа
Күн аттарын білмеуші ең
Жаттап оны алдың ба
2 Құрбым кімге күлесің
Өзің нені білесің
Онға дейін қиналып
Санай алмай жүресің
1 Бәтеңкеңнің бауын да
Байлай алмай жүруші ең
Үйрендің бе жейдеңді
Теріс қарай киюші ең
2 Олпы-солпы кигенің
Ойыңда не түйгенің
Намысыма құрбыжан
Наурыз күні тимегің
Бірге:
Ұлы Наурыз бәріңді
Татулыққа шақырған.
Тоқтатайық айтысты
Сөз қалған ба ақыннан.
1 жүргізуші:
Ал, енді құрметті қонақтар, бүгінгі тойымызда кішкентай нәрестеміздің
тұсауын кессек деп едік!
Тұсаукесу /Ортаға жасы үлкен әже шығады/.
Әже:Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе
2-жүргізуші:
Ән қосылсын әңіне,
Сән қосылсын сәңіне!
Ырысты боп жаңа жыл,
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа,
Бой қосылсын бойыңа!
Аман –есен жетейік.
Келер Наурыз тойына!
Би
«Қазақтың дастарқаны»

Ұқсас жұмыстар
Наурыз - жыл басы
Армысың, әз наурыз Наурыз – жыл басы
Наурыз-жыл басы. Қош келдің, наурыз
Асыл әжем,сүйкімді немерем атты сайыс
Наурызым - мерекем, наурызым - берекем
Армысың Әз-Наурыз
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні жайлы
Наурыз - Ұлыстың ұлы күні
Наурыз қызбын
Наурыз салтанаты
Пәндер