Paint графикалық редакторында сурет салу

![]()
![]()
7 сынып «Жұмыс дәптері»
Авторы: Жүсіпова Мирамкүл Қараманқызы, Қызылорда қаласы
Кіріспе
Бұл жұмыс дәптері 7 сыныптың «Информатика» оқулығына негізделіп дайындалды. Дәптерде оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және пән бойынша игерген білімдерін бекітуге арналған жұмыс түрлері мен тапсырмалар берілген.
Оқушыларға арналған «Жұмыс дәптерінің» басты мақсаты - оқушыларды өз бетінше еңбектене отырып, өзінің ойын тұжырымдап, қорытынды жасауға үйрету.
Олар сабақты түсіндіру, пысықтау барысында және үйге тапсырма ретінде беріледі.
«Жұмыс дәптерін» пайдалану барысында оқушыларда көптеген біліктер қалыптасады:
- Әр түрлі суреттерді, кестелерді толтыру арқылы оқушылар оқулықтан алған білімдерін молайтады.
- Әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына жауап жазу, кестені толтыру арқылы білім деңгейі жоғарылап, белгілі бір қорытындыға келеді.
- Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының ойлау қабілеті дамып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады.
Мұғалім материалды алған білімді бекітуге де, сонымен қатар оқушылар білімін тексеруге де пайдалана алады.
Компьютер сыныбындағы тәртіп сақтау ережесі және қауіпсіздік техникасы
- Электр тогының сымын, қосқыштарын және т. б. электр өткізгіш құралдарын мұғалімнің рұқсатымен қосу керек.
- Компьютерде ылғал қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды.
- Қорабы немесе сымдары бүлінген компьютерде жұмыс істеу қауіпті.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютер сыныбына кіруге және шығуға болмайды.
- Сынып ішінде мұғалімнің рұқсатынсыз жүруге болмайды. Компьютердің үстіне кітап, сөмке қоюға болмайды. Үстел үстінде қалам мен дәптер жату керек.
- Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға басқа да
іспен айналасуға тиым салынады.
Электр тогынан зиян шеккенде көрсетілетін адамға алғашқы дәрігерлік көмек
- Тоқты ажырату
- Электр тогына түскен адамды қолда бар заттарды қолдана отырып, токтың әсерінен босату
- Дәрігер шақыру (мектеп дәрігері болмаса 103-ке хабарлау)
- Зиян шеккен адамды қарап шығу, жарақаттану дәрежесіне қарай тиісті жәрдем көрсету.
Мәтінді көшірмелеу және ауыстыру
1-тапсырма.
Буындар жазылған қатарды алдын-ала жазып, -көшіру, -қою батырмаларын пайдаланып, көп нүктенің орнына буындардан сөздерді құрастырып орналастырыңдар.
2-тапсырма.
Синоним сөздерді тауып, ұяшықтарды сәйкес түстермен боя.
Кесте - Кірістіру - Кесте қатары арқылы 5 бағаннан, 7 жолдан тұратын кесте сыз. Суреттегідей етіп бағандардың енінің өлшемдерін өзгерт.
Кесте - Кірістіру салу командасы көмегімен сызық түрін, қалыңдығын, түсін таңдап, кестенің жиектерін және үшінші бағанның сызықтарын көрінбейтіндей етіп өзгерт. Синоним сөздерді тауып, ұяшықтарды сәйкес түстермен боя.
Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндерді кірісітіру жолдары
3-тапсырма.
Paint графикалық редакторында сурет салып, Word мәтіндік редакторына кірістір.
4-тапсырма.
Файлдан сурет кірістіру арқылы мәтінді жазып, суреттің мәтінмен үйлесуін орнат. Символ пішімін өзгерт.
![]()
«Астана - Бәйтерек» монументі
![]()
«Астана - Бәйтерек» монументінде барлығы символға құрылған, алтын шапақты күн мен оның 97 метрлік биіктігі, әлемдік жаратылыстың үш негізін білдіретін үш бөліктен тұратын ішкі сәулеті Қазақстаннан тысқары жерлерге де мәлім. Бұл темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек, сәулеттікөзгеше ойымен, өзінің қомақтылығымен ерекшеленеді. Металл конструкцияның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады, ол жерге қағылған 500 қадаға орнатылған. Диаметрі 22 метрлік, күн сәулесінің әсерінен мың құбылатын, салмағы 300 тонналық «хамеолеон» әйнегінен жасалған шар, әлемде тұңғыш рет осындай «рекордтық» самғау биікке көтерілді. «Астана-Бәйтерекә монументі - қазақстандықтардың өміріндегі жаңа кезеңінің нышаны - өзінің композициялық құрылымымен ежелгі көшпенділердің ғарыштық көзқарасын білдіреді. Бұл ғажайып нысанды салу идеясын көтерген Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Жаңарған елорданың көркін аспанмен таластырған, «Астана-Бәйтерек», сәулет өнерінің жаңару нышаны, Астана символы, Қазақстан символы болып отыр.
5-тапсырма.
Сурет салу панелінің объектілерін пайдаланып сызбаны сыз.
6-тапсырма.
Word редакторында Сурет салу панелінің көмегімен графикалық кескіндерді жаса.
![]()
7-тапсырма.
Word редакторында Сурет салу панелінің Еркін айналдыру, Бұру/Шағылдыру, Топтастыру т. б. батырмаларын пайдаланып еркін тақырыпта сурет сал.
Жарайсың!!! Ойлан
![]()
![]()
8-тапсырма. «Құпия сөз»
Егер төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап берсең, жасырын сөздің кілтін табасың.
- Файл мәзірінің командасы 1. 2. 3. 4. 5. 6.
- Символ пішімі 7. 6. 8. 1. 9. 10.
- Басып шығару құрылғысы 11. 8. 9. 12. 4. 13. 8
- Түзету (Правка) мәзірінің командасы 7. 14. 15. 16. 8. 6
- Кесте бөлігі 17. 18. 19
- Файл, Түзету, Түр, Кірістіру тағы басқалар орналасқан қатар аты.
20. 21. 22. 16. 8
- Фигуралы мәтін. 23. 24. 25. 26. 27. 28. 29.
- Құжат бетімен орын ауыстыру үшін қолданылатын жолақ аты.
2. 30. 12. 2. 19. 31. 32. 8. 6.
9-тапсырма.
Сөзжұмбақ «Пернелер». Сөзжұмбақты дұрыс шешкен жағдайда кіші және бас әріптермен жазу режиміне ауыстыратын перне атауын оқи аласың.
- Әр жерде орналасқан обхектілерді ерекшелеу үшін қолданылатын перне.
- Бір объектіден келесіге көшу пернесі
- Алдыңғы символды өшіру үшін қолданылатын перне
- Кіші әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге арналған перне.
- Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіруге арналған перне
- Әрекетті болдырмау пернесі
- Пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып, қосатын перне
10-тапсырма.
Символдарды пішімдеудің Ж - « жартылай қарайтылған»,
К - «курсив » Ч - «асты сызылған» батырмаларын қолданып, төмендегі мәтінді теріп жаз.
Белдік түрлері
Еркек киімі көпшілік жағдайда түймеленбейтіндіктен белдік оның негізгі құрамдасы болған. Сырт киімдеріне жататын шапан, тон, ішік, шидем, күпі, шекпен, т. б. сырт киімдерге түйме қадамай-ақ, шалғайларын айқара қауырсынып белге белбеу (белдік) буынып алады.
Көркем әшекейленген белдік түрлері:
Алтын белбеу - былғарыға алтын шығырға орнатып жасаған өте қымбет белбеу
Алтын емел белбеу - алтын шапқан, әшекейленген белбеу
Берен белбеу - қымбат металдан жасалған белбеу
Гауһар кәмәр - гауһармен сәнденген белбеу
Зер белбеу - алтынмен әшекейленген белбеу
Қамар белбеу - зерлі, әшекейлі белбеу
Қаптырма белдік - екі ұшы қапсырма арқылы түйісетін белдік, қаптырма белдік
Қаралы белбеу - қара ала оюлы күміс белбеу, мұны кейде кавказ белбеу дейді
Қылышбау - Маңғыстау жағында айтылатын күміс белбеу
Кемер белдік - асыл тасты алтын, күміс жалатқан белбеу
Сары ала белбеу - күміске алтын жалатылған сары ала түсті сәнді белбеу
Сақиналы белдік - оны-мұны байлап қоюға лайықталған шығыршықты белдік
Салпыншақ белдік - әртүрлі салпыншақтар бекітілген белдік
Шоқ белбеу - деп атақты адамдардың әйелдері таққан шашақты, қымбат белбеуін айтқан.
Күміс белдік - былғарыға күмістен шытыралар қондырған белдік.
Датқалық белбеу - бұрынғы уақыттарда дәрежені білдіретін белбеу.
11-тапсырма.
Символдарды пішімдеу батырмаларын пайдаланбай, <Ctrl+B> пернелер комбинациясымен (жартылай қарайтылған пішімде) «Күміс белдік», <Ctrl+I> пернелер комбинациясымен (курсивпен) «Сақиналы белдік», <Ctrl+U>пернелер комбинациясымен (асты сызылған) «Шоқ белбеу» сөздерін жаз.
12-тапсырма.
Мәтіндегі «жаңылтпаш» сөздерін ерекшелеп, Формат-Шрифт сұхбат терезесіндегі Анимация астарлы бетінен қажетті жанбітірімді таңда.
Жаңылтпаш - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Жаңылтпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылтпаштың сөздері адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң дауыссыз дабастардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді.
Қазіргі кезде жаңылтпаш жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.
Камаштан көріп қалашты,
Қалашқа Жарас таласты,
Бөлінсін десең қалаш тең
Таласпа Жарас Қамашпен.
13-тапсырма.
Сөйлемді жазып, сөйлем мүшелерін шартты белгісімен сыз. Ол үшін қажетті сөзді ерекшелеп, Формат-Шрифт сұхбат терезесінің шрифт астарлы бетінде астын сызу өрісінде қажетті сызық түрлерін таңда.
Нұрәлі бақшадан үзіп алған қызыл алмасын тәтесіне сыйлады.
Нұрәлі - бастауыш
бақшадан - пысықтауыш
үзіп алған- анықтауыш
қызыл - анықтауыш
алмасын - толықтауыш
тәтесіне - толықтауыш
сыйлады - баяндауыш.
14-тапсырма.
Формат - Тізім командасында нөмірленген тізімді пайдаланып, пернетақта режимін қазақша, орысша, ағылшынша әріптеріне ауыстырып ай аттарын жаз.
Қазақша, орысша, ағылшынша ай аттары
15-тапсырма.
Ж әрпіне құрастырылған аллитрацияны теріп жаз, меңзерді абзацтың басына апарып, Формат-Буквица сұхбат терезесінде әріптің орналасуының әдістерін таңда.
Өзің басқа әріптерге аллитрауия құра.
Аллитрация
Жайдары жазда Жания, Жазира жүзім жапырақтарын жалықпай, жымиып жүріп жинады. Жан-жағындағысын да, жүзім жасырған жалпақ жапырақтарды да, жердегісін де жинады. Жиналғасын жүзімнің жүзі жарқырады. Жания, Жазира жұмыстарын жалғастырды.
Жайдары жазда Жания, Жазира жүзім жапырақтарын жалықпай, жымиып жүріп жинады. Жан-жағындағысын да, жүзім жасырған жалпақ жапырақтарды да, жердегісінде жинады. Жиналғасын жүзімнің жүзі жарқырады. Жания, Жазира жұмыстарын жалғастырды.
16-тапсырма.
Мәтіндік редакторында құжат құрудың дайын қалыптарын кірістіруге мүмкіндік бар. Файл-Құру командасын орындап, Шаблоны сұхбат терезесінде Күнтізбе жасау шеберін пайдаланып 2009 жылдың қаңтар айының күнтізбесін кірістір.
17-тапсырма.
Берілген суреттегі тапсырмаларды Шаршы - Дөңгелек түрінде болатындай етіп өзгертіңдер. Әрекетіңізді түсіндіріңіз.
18-тапсырма.
Заңдылықты тауып, суретті аяқта.
19-тапсырма.
Шығармашылық тапсырма: Әр қатарда және әр жолда түстер әртүрлі болатындай етіп, оларды үш түсті пайдаланып бояңыз.
20-тапсырма.
Қолдарыңды жұмыс үстелінен көтермей, «Көпбұрыш» құралын пайдаланып суретті салыңыз.
21-тапсырма.
![]()
Суретті аяқтаңыз.
22-тапсырма.
1. Тірі табиғаттағы, қоғамдағы және техникадағы ақпараттық үрдістер. Информатика ғылымы. Ақпараттық өлшем бірліктері.
- Сұраққа жауап беріңдер:
1. Ақпараттық процесс дегеніміз не?
- Қоршаған ортадағы ақпараттық процестерге мысал келтіріңдер
- Адамдар қандай сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдайды?
- Адамзат қоғамындағы ақпаратты есте сақтау тәсілдеріне мысал келтір.
- Адамдардың ақпараттан тыс процестерде өмір сүру мүмкіндігі бар ма?
- Ақпаратты сақтау үшін қандай шара негіз болады?
- Ақпараттарды өлшеудің туынды шамаларын атаңдар және оларға сипаттама беріңдер.
- Ақпараттың қандай қасиеттері бар?
1. 2. Есептеп шығыңдар:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz