Топтарға басқа топтың тақырыбына топ

Ашық сабақ ( 5 класс)

Өткізген: Иманғожина Н. Т. - «Т. Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ, тарих пәні мұғалімі, Семей қаласы

Сабақ тақырыбы : Қазақ билері

Мақсаты: Оқушылар қазақ халқының билері (Төле би, Әйтеке би, Қазбек би) мен Тәуке ханның «Жеті Жарғы» заңы туралы түсінігін тереңдетеді.

Сабақ міндеттері: Сабақ міндеттері
Бағалау: Бағалау
Сабақ міндеттері:
  1. Оқушылар қазақтың ХVІІ-ХV ғғ атақты билерінің ел, жер, ынтымақ туралы даналық сөз үлгілерін талдау арқылы ақпарат алуы жүреді.
Бағалау: 1. «Құрастырылған хат», «Бір-біріне сұрақ қою», «Эссе жазу» әдістерін пайдалану арқылы
Сабақ міндеттері:
  1. Оқушылардың өз ойын жеткізе

алу, мәнерлі сөйлей алу, ұсақтан тұтасты құрай алу сияқты дағдыларының дамуына жағдай жасалады.

Бағалау:

2. «Құрастырылған хат», «Бір-біріне сұрақ қою», «Эссе жазу» әдістерін пайдалану арқылы

Сабақ міндеттері:
  1. Өз елінің тарихы мен

мәдениетін, сөз қадірін құрметтеуге үйрену жүреді.

Бағалау: 3. Жұмыс барысында

Стратегиялар мен әдістер: Топ ішіндегі әңгіме, негізгі идеяны талдау нәтижесінде эссе жазу, құрастырылған хат

Материалдар /көрнекілік/ : Билердің портреттері, ақ қағаз беттері, маркерлер, конверттер, қиылған мәтін бөліктері, жапсырғыш

Сабақ кезеңі: Сабақ кезеңі
Мұғалімнің қызметі: Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі: Оқушының қызметі
Сабақ кезеңі: І. Қызығушылық ояту
Мұғалімнің қызметі:
  1. Оқушыларды 4 топқа бөлу, әр топтың ішінен топ жетекшісін белгілеу,
  2. №1 топқа Төле би, №2 топқа Қазбек би, №3 топқа Әйтеке би, №4 топқа «Жеті Жарғы» заңы туралыконвертке салынғанмәтін қиықтарын жапсыру арқылы мәтін қиықтарын құрастыруды, сөздің толық нұсқасын оқуды сұрайды ұсынылады.
  3. Ойланып, ақ қағазға мәтінді жапсыру, класс алдында қорғату
Оқушының қызметі:
  1. Топтарға бөлінеді.
  2. Топ ішінде берілген тапсырманы 2-3 мин ойланып, ақ қағазға мәтінді жапсырады.
  3. Жұп ішінде ақпарат алмасады.
  4. Класс алдында қорғайды.
Сабақ кезеңі: ІІ. Мағынаны ажырату
Мұғалімнің қызметі:
  1. Айтылған тапсырманы қорытындылай келе тақырып анықталады.
  2. Әр топқа үш бидің өмірі мен қызметі туралы бір -бірінесұрақ қоюұсынылады.
  3. Әрбір топ 2 сұрақтан қояды, жауап бере алмаған топтың орнына басқа топ жауап беруге болады
Оқушының қызметі:
  1. Алдын ала сұрақты үйден әзірлеуге тапсырма беру.
  2. Әрбір топ ішіндегі оқушылардың зеректігін, ой жылдамдығын, білімпаздығын сынға түсіру
Сабақ кезеңі: ІІІ. Ой-толғаныс
Мұғалімнің қызметі:
  1. Топтарға басқа топтың тақырыбына топ ішінде ақылдасып, игерген білімдерін ақ қағазға маркермен эссе түрінде жазу ұсынылады (5 мин) .
  2. Әр топтан өз эсселерін қорғау сұралады.
Оқушының қызметі:
  1. Топ ішінде ақылдасу
  2. Қорытынды пікірлерін ақ қағазға жазу
  3. Жұмысты қорғау

Бағалау : белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау

Үй тапсырмасын беру: § 30 оқу, мазмұндау

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім . . .

Көре алмаған көз жетім

Төле би

Үй жанында биік төбең болса,

Ол ерттеулі аттан кем емес,

Отбасыңда білгір қартың болса,

Ол жазылған хаттан кем емес

Біз, қазақтар керіспейік

Ренжісу бізге жөн емес.

Қазыбек би

Жердің сәні-қаптаған-жылқы мен қой

Қыздың сәні-жасаулап ұзатқан той

Мылтықтың аузынан шығады оқ,

Екі адам керіссе, оның арты шоқ

Біз, қазақтар керіспейік, келісейік,

Егер керіссек,

Бізге хандық түгілі, халық та жоқ.

Әйтеке би

«Қылмыскер құн төлеп өзінің жанын сақтап қала алады, яғни әр өлген еркек үшін 1000 қой, ал әйел үшін 500 қой төлесе, зақымданған үлкен бас бармақ үшін 100 қой, шынашақ үшін 20 қой төлеуі қажет, егер ол айыпты төлей алмаса онда құн оның ауылдастарынан өндіріліп алынады»

«Жеті Жарғы»


Ұқсас жұмыстар
Менің досым. 6-сынып
Қазақ билері
Тамақ өнеркәсібі жайлы ақпарат. 9-сынып
Ы. Алтынсарин Салақтық
Жоғары ұпай
Бекіту тапсырмалары
Топ басшысының бағалау парағы
Топтық жұмысты ұйымдастыру және сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру коучингінің жоспары
Оқушыларды топтарға бөлу
There is a swimming pool next to my house. 5-сынып
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz