Ильяс Еламан (9-сынып, Қайнар орта мектебі) 2010-2011 оқу жылындағы патриоттық өлеңдер жинағы

Қайнар орта мектебінің

9-сынып оқушысы

Ильяс Еламанның

шығармашылық жұмысы

2010-2011 оқу жылы

Тәуелсіздік алауы

Тәуелсіздік ұлы сөз ғой қазаққа,

Бұл туралы ақындар сөз толғап па?

Тәуелсіздік ата-бабам арманы,

Тәуелсіздік алауын әрбір қазақ қолдап па?

Ең алдымен еске алайық жастарды,

Денелері көмілмей, лақтырып тасталды.

Есімдері құрметтеліп әрқашан,

Қазағыма бермесін Алла қастарды.

Жас өрімдей қыздардың да қаны бар,

Қабанбайдай жас өрендер жаны бар.

Тәуелсіздік оты мәңгі сөнбесін,

Аллаға аян, қазағымның бағы бар.

Оқиға бар тарихында қазақтың,

Сан күндерін көріпті қазақ азаптың.

Тәуелсіздік бізде мәңгі болады,

Елім ертең он тоғызға толады.

“Елім”- деп соқты сол жастардың жүрегі,

Осы оқиға бәріне мәлім, оны бәрі біледі.

Жастарымыз жазықсыздан құрбан боп,

Халқы үшін жақсылықты тіледі.

Ешкім білмес қанша құрбан болғанын,

Жас өрімдей гүл қыздардың солғанын.

Сезінбеді төрде отырған ағалар,

Қандастардың қанша жанын алғанын.

Тәуелсіздік алауы өмір бойы сөнбесін,

Тозақ отын қазақтарым көрмесін.

Ұлы елім көрмесін ешбір жамандық,

Мен тілеймін бәріне де амандық.

Әрбір елдің аңсағаны бір арман,

Желтоқсандық өрендердің қаны тамған.

Бейбітшілік, Тәуелсіздік бұл - бақыт,

Бұдан басқа сөздеріңнің бәрі жалған.

Аңсап келген батырлар да, хандар да,

Ол туралы аңсамаған жан бар ма?

Еске алайық әрқашанда осы күнді,

Әнмен де жырлайықшы осы мұңды.

Қазақпын деп мақтанамын !

Мен қазақпын, ұлы елдің тумасымын,

Елімнің қайталанбас тұлғасымын.

Талай күндер өз жеріңде баз кешкен,

Қабанбайдың мен қалдырған мұрасымын.

Өз жерің де, билігің де болмады,

Қазақ ұлтын сол заманда қорлады.

Күн көрсетпей, қақсатты сені қазағым,

Өзгелердің көріп келдің мазағын.

Қазақ деген елім бар деп мақтанамын,

Тәуелді боп қалудан мен сақтанамын.

Бейбітшілік әрбір елде орнасын,

Тәуелділік ешбір жерде болмасын !

Ауылым

Туған жерім, тал бесігім -Қайнарым,

Туып сенде, етегімді жайғанмын.

Алла берген құт мекені Алакөлдің,

Қайнар менің ең сүйікті аймағым.

Сенен әлі өмір нәрін алармын,

Кейін мен де керегіңе жарармын.

Бұрындары талай тұлпар сенен шықты,

Алакөлдің мекенісің ең мықты.

Ақ айдынды Алакөлдің - кіндігісің,

Киіз үйдей Алакөлдің - түндігісің.

Сенде туған әрбір адам мақтанады,

Басқа жаққа қимастықпен аттанады.

Туған ауыл, тәрбиені сенен көрдік,

Ештеңеден қорықпай сенде өстік.

Жүрегімде ұмытылмас бір дарасың,

Туған аулым көркейіп сен барасың.

Мұқағалиға арнау

Туып - өскен ұлы батыр жерінде,

Мұқағали әрбір қазақ жүрегінде.

Өлеңдердің қыр - сырына үңілген,

Өзіңе жетер ақын, болдыма екен кемінде?!

Қарасаздан түлеп ұшқан - қыраным,

Аямайды ешкім сенен жыр-әнін.

Қара қазақ жүрегінен орын алған,

Мұзбалағы қазақтың, дара тұлғам.

Туған жерден нәр алып өскен ақын,

Одан бұрын Мағжан, Ілияс, Абай хакім.

Өмір сүрген ұлы Алаш жерінде,

Мұзбалақты білмейтін барма қазақ жерінде

Мұқағали өлеңдері мәңгі-мәңгі өлмейді,

Сусындаған әр адам өлеңменен шөлдейді.

Әрбір жанды тебірентер өлеңдері,

Жүрегінді елжіретіп, жан-дүниеңді емдейді.

Құттықтайды « Қайнарлықтар» сені бүгін,

Тойланады туған күнің жылда сенің.

Барыңда туған күнді тойламап ең,

Тойлаған ұрпақтардың есті үнін.


Ұқсас жұмыстар
Оқжетпес орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы 12 жылдық білім беру экспериментінің оқу-әдістемелік жұмысы
Өтес орта мектебі 6 А сынып оқушыларының өлеңдер жинағы, құрастырған Досмагамбетова А.А., Өтес, 2013
2010-2011 оқу жылы Алғашқы қоңырау салтанатының сценарийі - Жүзімдік жалпы орта мектебі, Бәйдібек ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Гребенщик орта мектебінің 2-сынып оқушыларының өлеңдер жинағы
Батық орта мектебінің 2009-2010 оқу жылындағы Қош бол, алтын ұям - мектебім соңғы қоңырау салтанатының жоспары
2010-2011 оқу жылы 2-сынып математика пәнінің күнтізбелік жоспары
№9 орта мектептің 7-сыныпқа арналған Тапқыр достар математикалық зияткерлік ойынының жоспары (2010-2011 оқу жылы)
Көктемгі арулар байқауының оқу-тәрбиелік сценарийі (Тассуат орта мектебі, 2009-2010 оқу жылы)
Кенбай орта мектебінің 2011-2012 оқу жылындағы Жұлдызды сағат математикалық сайыс жоспары
2011-2012 оқу жылының Сыңғырла соңғы қоңырау салтанатына арналған сценарий (Жаңашаруа қазақ орта мектебі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz