Өзіңді тексер ( Жаздыгүні шілде болғанда )

Батыс Қазақстан облысы
Шыңғырлау ауданы
Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Самиева Балкенже Оңғарбекқызы
Пән. Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: «Өзіңді тексер!»
Мақсаты: Оқушыларға «Жаздыгүні шілде болғанда» атты тарауды қайталай отырып активпультпен тест, әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып өз- өздерін бағалау; қорытынды жасай білуді үйрету; өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету;
Нәтижесі:
- Оқушылар активпультпен тест орындай алады;
- Өз ойларын ашық айта біледі;
- Тақырыпқа қорытынды жасай алады;
- Тапсырмаларды орындай біледі;
Түрі: Қайталау сабақ
Әдісі: топтастыру, сұрақ- жауап, Блум таксономиясы, бағалау керитерийлер.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, активпульттер, суреттер, карточкалар.
Тапсырмалар: Таблица толтыру, карточкалар, постермен жұмыс, қорытынды тест.
Барысы:
Кіріспе
І. Ұйымдастыру бөлімі
* Сәлемдесу рәсімі.
* Оқушыларды түгенде.
- Оқушыларды топқа бөлу (жеміс- жидектер арқылы) Әр жеміс жидектің артында оқушылар есімдері жазылды.
І топ- «Банандар»
ІІ топ- «Алмалар»
ІІІ топ «Апелсиндер»
- топ басшыларын сайлап алу.
- Бұл жеміс жидектердің тұқымы қандай уақытта пісе бастайды?
- Күннің жадын жаздыру;
- Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Сабағымызда көптеген тапсырмаларды орындайсыңыз.
- Сабақтың тақырыбын, мақсатын, нәтижесін айту;
- Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Әр тапсырмаларды қатесіз орындау;
Топта белсенді болу;
Өз ойын ашық айту;
1-тапсырма
2-тапсырма
Шығармашылық ж.
3-тапсырма
Сурет салу
4 - тапсырма
Тест орындау
Өздерінің бағасы
Мұғалімнің бағасы
Күннің жадын дәптерлерін ашып жазады.
Критерийлерді тыңдайды
1- тапсырма.
Тарау бойынша тақырыбы мен мазмұны ұқсас тақырыпты және авторын белгілеңіз.
Бағалау шкаласы:
(Оқушылар өз- өздерін бағалау)
2- тапсырма
Әр топқа тақырыптар жазылған қиындылар беру, оқушылар 3 минут ішінде дайындалып өз ойларын толық айтады, сөйлемдері бір- бірімен байланысуы керек.
І топ «Жазғы табиғат»
ІІ топ «Жазғы еңбек»
ІІІ топ «Үй жануарларының жазғы тіршілігі»
1 парақ қағазға тізіп жазып шығады, 1 оқушы оқып қорғап береді.
(Оқушылар өз- өздерін бағалау)
3- тапсырма
Бұл тапсырмада тарау бойынша өткен тақырыптардың бірін таңдап соының киіпкерлерінің суретін саласыңдар. Сұрақтар бойынша жауап береді.
- Салған суреттеріңізде нелер, кімдер бинеленген?
- Суреттерді қандай тақырыпқа байланысты салдыңыздар?
- Неге бұл тақырыпты алдыңыздар?
- Осыдан қандай қорытынды жасайсыңыздар?
- Бұл мәттінің, өлеңнің пайдасы бар ма, жоқ па? Неге?
(Оқушылар өз- өздерін бағалау)
4- тапсырма
Активпультпен тест орындау.
- Бұл тест «жаздыгүні шілде болғанда» атты тараудан 10 сұрақ дайындалды. Сіздерге 30 секунд уақыт беріледі.
1. «Жаз келер» өлеңінің авторы кім?
А) Ш. Құдайбердіұлы
В) А. Құнанбаев
С) М. Әуезов
2. «Таза бұлақ» әңгімесі кімдер тралы?
А) үш зерттеуші
В) үш саудагер
С) үш жолаушы
3. М. Әуезовтың досы кім?
А) Ыбырай Алтынсарин
В) Абай Құнанбаев
С) Шәкәрім Құдайбердіұлы
4. «Көксерек» әңгімесінде басты киіпкерлерді көрсет.
А) Құрмаш пен әкесі
В) Көксерек пен иттер
С) Құрамаш пен Көксерек
5. «Шүрегей» сөзінің мағынасы қандай?
А) ең кішкентай жабайы үйрек.
В) ең үлкен жабайы үйрек
С) ең кішкентай үй құсы
6. «Көл басында» әңгімесіндегі баланың есімі кім?
А) Санат
В) Армат
С) Самат
7. Тарс- тұрс сабаласа кетті
Кеудеден итеріп кимелесті,
Аяқтан шалысты, шүйделесті
Мына өлең жолдары қай өлеңнен алынған?
А) Қаңбақ пен Бидай
В) Қаңбақ пен Жантақ
С) Жантақ пен Бидай
8. Мысалды кім жазады?
А) мысалшы
В) жазушы
С) ақын
9. Ақан кер құнан атына арнап қай жерден құдық қазды?
А) Баудың қасынан
В) Қараталдың түбінен
С) Үйдің жанынан
10. Тамыз қай жыл мезгіліне жатады?
А) Жаз
В) Күз
С) Көктем
(Оқушылар өз- өздерін бағалау)
Оқушылар жұмыстанады, толтырады, жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz