9-сынып химиясы: Металдардың химиялық қасиеттері - сабақ жоспары

Класы __9 пәніхимия

Сабақтың тақырыбы: Металдардың химиялық қасиеттері

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетімен еңбектену іскерлігін арттырып, танымдық белсенділіктерімен ой-өрісін дамыту.

Білім беру міндеті: Оқушылардың оқулық және электронды оқулық арқылы өз бетімен жеке жұмыс істеуін негізге ала отырып, металдардың қасиеттерін сипаттайтын тапсырмаларды орындап, қорыта білуге үйрету .

Тәрбиелік міндеті: саяси сауаттылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа, табиғатты сүйе білуге, мамандық таңдауға, эстетикалық талғамын арттыруға, дүниетанымдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық міндеті: оқулықтың мәтінімен берілген жоспар бойынша өз бетінше, сызба-нұсқа құру. Тірек конспект жазып, ауызша сипаттама жасауға дағды қалыптастыру. Қосымша материалдар арқылы интеллектуалды деңгейін көтеріп, оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, тілін дамыту.

Сабақтың түрі: баяндау-әңгімелесу, аралас сабақ .

Сабақтың тегі: жаңа сабақ, жаттығу есептер шығару, тақырыптық қайталау

Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, сын тұрғысынан ойлау, жобалау технологиясы Сабақтың тәсілі: жалпы класпен, жеке оқушымен.

Көрнекі құрал-жабдықтар: Ақпарат құралдар, элементтердің периодтық кестесі, металдар түрлері, қышқыл, тұз, мулльтимедия «лабораториялық жұмыстар» Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру (Оқушыларды түгендеу, кластың дайындығын тексеру, бағалау парағы бойынша оқушылар өз өзін бағалайтынын ескертіп өту)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

І кезең «Сергіту» кезеңі I І тапсырма «Сандарды сөйлетейік» ойыны

( І, ІІ, ІІІ ), ІҮ - ҮІ, І-ҮІІІ, 80, 19, +1 - +3, 0, 5, 22, 26

Жауабы:

І, ІІ, ІІІ топтың негізгі топшаларында Н пен В басқасы металдар

ІҮ-ҮІ топтың негізгі топшаларының төменгі сол жағында орналасқан элементтер - металдар

І-ҮІІІ топтардың қосымша топшаларында металдар орналасқан

80 - химиялық элементтердің 80 астамы металдар

19 - калий дің реттік саны

+1 - +3 металдардың период бойынша тотығу дәрежелері +1 ден +3 ке дейін артады

0, 5 жеңіл метал Литийдің тығыздығы

22 ауыр метал висмуттың тығыздығы

26 темірдің реттік саны

ІІ тапсырма «Ой шақыру»

1. Металдардың физикалық қасиеттеріне ассосация құру : ЕҢ оңай балқиды, қиын балқиды. Ауыр, жеңіл. Жұмсақ, қатты

2. Металдық байланыс дегеніміз не?

ІІ кезең «Мағынаны ажырату» Металдардың химиялық қасиеттері

Б. Ү. Б кестесін толтыру

Білемін
үйрендім
Тереңірек білгім келеді
Білемін:
үйрендім:
Тереңірек білгім келеді:

Оқулықпен жұмыс

Жоба:

  1. Металдар күшті тотықсыздандырғыш

2. Металдар

Жай заттармен Күрделі заттармен

  1. Металдардың электрхимиялық кернеу қатары

ІІІ кезең «Ғажайып тәжірейбелер»

1 Металдардың жай заттармен әрекеттесуі; Метал электрондарын беріп, тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді

  1. 2Ca + O2= 2CaO
  2. Na + Cl2= 2NaCІ

Металдар- тотықсыздандырғыш. Бейметалдар - тотықтырғыш.

Металдардың электр химиялық кернеу қатарында металдар тотықсыздандырғыш қасиеттерінің кемуіне қарай орналасады

  1. тәжірейбе « Металдардың сумен әрекеттесуі» (Электронды оқулықтан)

1. Металдардың сумен әрекеттесуі.

2Li + 2H 2 O = 2LiOH + H 2

2Na + 2H 2 O = 2NaOH + H 2

2K + 2H 2 O = 2KOH + H 2

2. Магнийге дейін орналасқан металдар кәдімгі жағдайда сумен әрекеттесіп,, сутек бөліп шығарады және өзінен кейін орналасқан металдарды олардың тұздарынан ығыстырады

2. тәжірибе Металдардың қышқылмен әрекеттесуі . мультимедиядан қарау

HCl + Zn = ZnCl 2 + H 2 - тез жүреді.

HCl + Fe = FeCl 2 + H 2 - баяу жүреді.

HCl + Cu = жүрмейді.

Эл хим кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқыл құрамыныан сутекті ығыстырып шығарады

3. Металдардың тұздармен әрекеттесуі. (Электронды оқулықтан)

CuSO 4 + Zn → ZnSO 4 + Cu реакция тез жүреді

CuSO 4 + Fe → FeSO 4 + Cu баяу жүреді

FeSO 4 + Cu → жүрмейді.

Белсенді металдар өзінен белсенділігі төмен металды олардың тұзынан ығыстырып шығарады. Мыс сульфаты ерітіндісінде белсенді металдар ерітіндіден мысты ығыстырып оның орнын басады, нәтижесінде тұз түзеді

ІҮ кезең: Сабақты қорыту “Ой толғау”

1. Есепті шығар.

2 гр. мырышты еріту үшін күкірт қышқылының қандай массасы керек?

2. Темір сульфаты мына металдардың қайсыларымен әрекеттеседі: алюминий, мыс, Рв

3 . Ақ түйір айналады тыным таппай,

Жүргендей су бетінде орын жоқтай

Сәлден соң суға сүңгіп жоқ болады

Не түзілді, қай элемент кім айтады?

V. Б. Ү. К кестесіне қайтып оралу. Оқушыларды бағалау

ҮІ Үйге тапсырма:

  • § 28. 3-6 жаттығу.
  • Металдар және олардың қолданылуы туралы тарихи мәліметтер жазып келу.

Ұқсас жұмыстар
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері: сабақ жоспары
Электрохимиялық кернеу қатары мен металдардың химиялық қасиеттері: 9-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Металдардың құрылысы мен химиялық-физикалық қасиеттері: сабақ жоспары
9-сынып химиясы: Металдардың периодтық жүйедегі орны, қасиеттері және қосылыстары (қайталау сабағы)
9-сынып химиясы: Кальцийдің атом құрылысы, физико-химиялық қасиеттері және қолданылуы
Судың химиялық қасиеттері және металдардың кернеу қатары (8-сынып)
Металдардың кристалдық құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері
Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері: Алтын сақа ойыны түріндегі кіріктірілген сабақ
Металдардың құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері. Электрохимиялық кернеу қатары
9-сынып химиясы: электролиттік диссоциация тұрғысынан негіздердің химиялық қасиеттері және иондық теңдеулерді құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz