1-сынып сауат ашу сабағы: Жылқы туралы мәтінді меңгерту

Сауат ашу 1 класс

Сабақтың тақырыбы: Жылқы

Сабақтың мақсаты: Жылқы мәтінінің мазмұнын меңгерту. Жылқы туралы

ұғымдарын кеңейту .

Сабақтың міндеттері: 1 Білімділік:

Мәтінді түсініп оқу, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру.

2 Дамытушылық:

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту,

дәлдеп сөйлеуге, сауатты таза жазуға дағдылану.

3 Тәрбиелік:

Жануарды қорғап қамқорлыққа алу. Білгендерін үстеме

ізденімпаздыққа, шығармашылық ойларын дамытуға

тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Жылқы суреті, мақал - мәтелдер, жұмбақтар жинағы.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Дөңгелек үстел, дискуссия, топтастыру, ой қозғау

стратегиясы

Сабақтың барысы: І Қызығушылығын ояту.

1. Атша желіп көрейік,

Ауыздығын тежейік

Көкпар шабайық,

Атпен ырғиық

Ой қозғау.

- Жылқы малы: Мінсең - көлік,

Ішсең - сусын,

Жесең қорек

Пайдалансаң -өнім деген.

-Қорек деп неге атаймыз?

-Оқушылар жауабы,

-Жылқы сүтінен не жасаймыз?

-Оқушылар жауабы.

-Етінен жасалатын тағамдарды ата ( шұжық, қазы, қарта, қуырдақ )

ІІ Мағынаны тану.

- Мәтінді оқымас бұрын, жылқы туралы білетінімізді жазайық ; ( сезімтал, жүйрік, көлік, талғампаз, күйіс қайырмайды, тақ тұяқты, өті жоқ)

-Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқушыларға мәнерлеп оұып беру. Суретін көрсету.

Сұрақ - жауап арқылы мәтінді талдау.

-Оқушылар мәтінмен іштей өз бетінше танысады. Одан кейін топпен, жеке оқылады.

ІІІ Сергіту сәті ( қимылмен )

Көкке шаншып құйрығын

Шауып келеді жүйрігім

Ол не жібек тұлымды

Білеміз ғой құлынды.

Топпен жұмыс.

1 Жылқының пірі - Қамбар ата қоржын жіберіпті. Онда көптеген сұрақтар мен тапсырмалар бар.

І - топ. Мен және менің ұрпағым жайлы не білесіңдер?

ІІ - топ. Адасқан сөзді өз орнына қой ( Схемамен жұмыс )

Ерттеп мініп қымызды

Шөлдеп іштім құрықты

Іліп алып жүйрікті

Тоқтатып міндім жорғаны.

ІІІ - топ Жылқы малына байланысты ұлттық ойын түрлерін жаз. ( Қыз қуу, көкпар бәйге, аударыспақ, теңге алу. т. б )

Дискуссия. Шығармашылық ізденіс. Жазбаша орындау. ( оқушы жұмысы )

1. Жылқы - ер қанаты. Суыққа төзімді. Жылқы талғампаз.

2. Жылқы сулу. Ол жүйрік. Жылқының бойында күш көп.

IV. Ой толғаныс.

- Жылқы малы туралы не білдік? ( Топтау )

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Суреттін салу.


Ұқсас жұмыстар
1-сынып сауат ашу сабағы: Табиғатқа саяхат - Б дыбысы мен әрпі
1-сынып сауат ашу сабағы: Сөйлемнің құрылымы мен тыныс белгілері
1-сынып Сауат ашу сабағы: Ешкі мен Бөрте лақ - жіңішке дауысты дыбыстар арқылы төрт түлік туралы таным
1-сыныпқа арналған сауат ашу сабағы: А дыбысы мен әрпі
Сауат ашу сабағы: Жабайы жануарлар туралы танымдық-тәрбиелік сабақ жоспары
1 «Ә» сыныпқа арналған сауат ашу сабағы: Д дыбысын таныстыру
2-сынып Сауат ашу сабағы: Зат есім
1-сыныпқа арналған сауат ашу сабағы: Табиғатқа саяхат - Б дыбысы мен әрпі
1-сынып Сауат ашу. Сабақ №14: Ә дыбысы мен әрпі
1-сынып: Сауат ашу сабағы - өтілген білімді қайталау және байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz