Қазақ тілі: лексика, морфология және сөйлем талдауы бойынша тапсырмалар (I және II нұсқа)

I нұсқа
1. Синонимдік қатарды табыңыздар.
1. уақыт-әйгілі-әлпет
2. қария-қарт-кәрі
3. атақты-ант-заман
4. уәде-жүз-танымал
5. бет-мезгіл-серт
2. Антоним сөздерді жұптастырыңыздар
1. соғыс аласа
2. биік ояну
3. қате жоқ
4. бар дұрыс
5. ұйықтау бейбітшілік
3. Омоним бола алатын сөзді табыңыздар, мысал келтіріңздер
1. бас
2. кітап
3. жастық
4. жас
5. патша
4. Сөздердің қайсысы тура, қайсысы ауыспалы мағынаға жататынын ажыратыңыздар
1. ашық есік
2. ашық мінез
3. жылы сөз
4. жылы су
5. темір тәртіп
6. темір күрек
7. ауыр жүк
8. ауыр мінез
5. Зат есім түрлерін ажыратыңыздар
6. Үлгідегідей жалғастырыңыздар
Үлгі: әнші (жіктік жалғау, 2 жақ) әнші+сің
1. үй (тәуелдік жалғау, 1-жақ жекеше+ілік септігі)
2. құрылысшы (көптік жалғау+тәуелдік, 2-жақ сыпайы+барыс)
3. мектеп (көптік+тәуелдік, 3-жақ көпше+шығыс септік+жіктік, 1-жақ, көпше түр)
4. ойыншық (тәуелдік, 1-жақ, жекеше+барыс септігі)
5. қала (көптік+тәуелдік, 3-жақ+жатыс септік)
7. Сөйлем мүшесіне талдау жасаңыздар.
Ертең досымен қонаққа барады. Төменде інісі күтіп тұр. Мектепте Айман апасына көмектесті.
8. Есімдік түрлерін ажыратыңыздар
9. Кестені толтырыңыз
Тәтті, таулы, қатты, қышқыл, кең, сары, биік, көгілдір, жап-жасыл, мықты
10. Кестені толтырыңыз.
2
4
6
10
екінші
алтау
он-оннан
төрттерде
II нұсқа
1. Синонимдік қатарды табыңыздар
1. алыс-ұзақ-шалғай
2. сөз-аспан-сабыр
3. уақыт-мезгіл-дәуір
4. жаңа-жанар-жақсы
5. тәуелсіздік-егемендік-дербес
2. Антоним сөздерді жұптастырыңыздар
1. салқын алыс
2. жақын төмен
3. жаңа арық
4. семіз жылы
5. аласа ескі
3. Омоним бола алатын сөзді табыңыздар, мысал келтіріңздер
1. бет
2. салқын
3. ара
4. жүз
5. кітап
4. Сөздердің қайсысы тура, қайсысы ауыспалы мағынаға жататынын ажыратыңыздар
1. өткір көз
2. өткір пышақ
3. қатты ағаш
4. қатты нан
5. суық сөз
6 суық күн
5. Үлгідегідей жалғастырыңыздар
Үлгі: оқушы (жіктік жалғау, 2 жақ) оқушы+сың
1. дәрігер (тәуелдік жалғау, 1-жақ жекеше+ілік септігі)
2. мұғалім (көптік жалғау+тәуелдік, 2-жақ сыпайы+барыс)
3. көмекші (көптік+тәуелдік, 3-жақ көпше+шығыс септік+жіктік, 1-жақ, көпше түр)
4. доп (тәуелдік, 1-жақ, жекеше+барыс септігі)
5. жастық (көптік+тәуелдік, 3-жақ+жатыс септік)
6. Сөйлем мүшесіне талдау жасаңыздар.
Әжесі немересіне күлімсірей қарады. Атасы тоқсанында шөбере сүйді. Үй-іші ауылдан бүгін оралды.
7. Етістік түрлерін ажыратыңыздар
8. Кестені толтырыңыздар.
аласа
жеңіл
көк
ескі
аласалау
9. Төмендегі сөздерді дұрыстап жазып, сөйлем құраңыздар
1. бүгүңгү
2. жұмұшшы
3. күндүзгү
10. Көп нүктенің орнына үстеу сөздерді қойып, түрлерін ажыратыңыздар
1 . . . ауылға қонақтар келетін болыпты.
2. Марат . . . білмегенсіді.
3. Ол . . . отырды.
4. Мен . . . әуре болыппын
5. Антон . . . жақсы сөйлейді Керекті сөздер: (жорта, төмен, бекерге, қазақша, ертең)