Судың химиялық қасиеттері және металдардың кернеу қатары (8-сынып)

Пән :химия. Сынып :8 «А» Күні :
Тақырыбы :Судың химиялық қасиеттері
Мақсаты :
Білімділік :Өткен тақырыптардан алған білімдерін бекіту. Судың
химиялық қасиеттерін металдардың кернеу қатары
арқылы түсіндіре отырып, тәжірибе жүзінде көрсету арқылы жаңа
білімді игеру;
Дамытушылық :білімдерін толықтыру, есеп шығару, формулаларды
жазып, айта білуге, реакция теңдеулерін өз беттерінше жазуға
машықтандыру;
Тәрбиелік:сабақта қауіпсіздік ережелерін сақтауға, ұқыптылық пен
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі мен әдісі :Жаңа тақырыпты меңгеру, дәріс, сынақ, тәжірибе,
Қараев технологиясы бойынша деңгейлік
тапсырмалар, презентация
Көрнекілігі :Металдардың кернеу қатары, периодтық жүйе, оқушының жеке папкасы, жеке тапсырмалар, кеспе қағаздардағы формулалар, натрий металы, мырыш, су, кальций оксиді
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі :Амандасу, түгендеу, құрал-жабдықтарының түгел болуын қадағалау. Сабаққа әзірліктерін бақылау
2. Үй тапсырмасын тексеру :1. Үйге берілген есептердің жауабын сұрау.
Жауабы:№5 20г йод, 180 г су;
2. Өткен сабақтарға арналған жаттығу-тапсырмалар. 1-слайд
1-деңгей(3ұпай)
1. Ерітіндінің концентрациясы
2. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесін қалай есептейміз?
3. Оксидтер, қышқылдар, тұздардың анықтамасы.
Формулаларды ата. (формуланы көтеру арқылы)
Жауабы: 2-слайд
1. Ерітіндінің концентрациясы-еріген зат шамасының жалпы ерітінді шамасына қатынасымен анықталады.
2. Еріген заттың массалық үлесі-еріген зат массасының ерітінді массасына қатынасы.
3. Оксидтер-біреуі оттек болып келетін екі элементтен құралған қосылыстар.
Қышқылдар-құрамында металл атомдарымен орын алмастыруға бейім сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар
Тұздар-металл атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан тұратын күрделі заттар.
II деңгей(4ұпай) 3-слайд
Ерітінділерге байланысты жеке есептер
II деңгейдің жауаптары(4ұпай) 4-слайд
1-9, 5г тұз
2-37, 5г тұз
3-11, 11%
4-0, 25г тұз, 49, 75г су
3. Жаңа сабақ 5-слайд
Судың химиялық қасиеттері
Жоспары:
6-слайд
1. Судың жай заттармен әрекеттесуі.
2. Судың күрделі заттармен әрекеттесуі
3. Бекіту
Металдардың кернеу қатары. 7-слайд
1. Судың жай заттармен әрекеттесуі
.
8-слайд
1. Белсенді металл+су=сілті+сутек газы.
Тәжірибе
2. орташа белсенді+су буы=металл оксиді+ сутек
2. Судың күрделі заттармен әрекеттесуі. 9-слайд
1. Негіздік оксид+су=негіз.
Тәжірибе
Негіздік оксид дегеніміз
-сумен әрекеттесіп, сілті түзетін металл оксидтері.
Тәжірибе
2. Бейметалл оксид+су = қышқыл
Қышқылдық оксид дегеніміз
-сумен әрекеттесіп, қышқыл түзетін бейметалл оксидтері
Сергіту 10-слайд
4. Бекіту. 11-слайд
III деңгей (5ұпай)
1. Берілген формулаларды негіздік оксид, қышқылдық оксидке, негіздерге, қышқылдарға бөліп орналастыр.
2. Реакция теңдеуін аяқта.
K+H 2 O =
Mg+H 2 O=
K 2 O+H 2 O=
SO 2 +H 2 O=
III деңгейдің жауабы (5ұпай) 12-слайд
2K+2H 2 O =2KOH+H 2
Mg+H 2 O=MgO+H 2
K 2 O+H 2 O=2KOH
SO 2 +H 2 O=H 2 SO 3
5. Бағалау. 13-слайд
12-ұпай- “5”
10-11-ұпай-“4”
8-9 ұпай-“3”
7-төмен-“2”
6. Үйге тапсырма14-слайд
§ 44
Жаттығу (4-5)