Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Есептік және реттік сан есім. Сан есім
Сабақ жоспары
Мерзімі : 23.04.
Тексерген_______________________
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Есептік және реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты: Есептік сан есімнің заттың санын, ал реттік сан
есімнің заттың ретін білдіретіндігі туралы алған білімдерін пысықтау.
Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, топпен,ұжыммен жұмыс
жасап, білім сапасын арттыруға жағдай жасау.Шығармашылық қабілеттерін
дамыту. Сауатты жазуға төселдіру.
Өзара ынтымақтастыққа, сыйластыққа, әдемілікке және ұқыптылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: деңгейлеп оқыту.
Сабақтың көрнекілік құралдары : интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.:
Үлкенге де „ сіз” ,
Кішіге де „ сіз”.
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
II. 1-кезең. Өткен сабақта алған білімдерін еске түсіру.
Сұрақтар: 1. Сан есім деген не?
2. Бүгін сыныпта неше оқушы бар?
3. Сен неше жастасың?
4. Сен нешінші сыныпта оқисың?
5. Жанұяңда неше адам бар?
6. Сен қай жылы туылдың?
7. Сен нешінші партада отырасың?
8. Сан есімнің сұрақтары қандай?
Оқушы жауаптарын тыңдап, толықтыру.
2- кезең. Жаңа сабақты меңгерту.
Мысалдарды оқушылардың өздеріне келтірте отырып, сан есімдердің
өздеріне тән ғана ерекшеліктері, яғни сан есімдер үнемі зат есімдердің
алдынан келіп, оларға басқа қосымшалар жалғанбайтынын айтып кету. Мысалы:
«Кемпірқосақтың жеті түсі бар» дегендегі «жеті» сан есіміне ешқандай
қосымшаны жалғауға болмайды.
3-кезең. Деңгейлік тапсырмалар.
I деңгей. 1-жаттығу.
1) Берілген зат есімдерге тиісті сан есімдерді қойғызып жаздыру. ( Екі
көз, төрт түлік, он саусақ, отыз екі тіс, он екі ай, екі қол).
2) Сан есімдер қандай сөз табымен байланысады?
II деңгей.
1) Берілген зат есімдерге басқа сан есімдер қоюға бола ма? Алты түлік
деп айтуға
бола ма?
2) Есептік сан есімдерге жұрнақтар жалғап, реттік сан есім жасату.
III деңгей.
1). Адамда отыз екі тіс бар. Тағы қанша тіс болуы мүмкін? (Үлгі
жауап: Егер дәрігер баланың екі тісін жұлып тастаса, онда оның отыз тісі
қалады.)
2). 2-жаттығу. Оқулықта берілген реттік сан есімдерді есептік
сан есімдерге айналдыру. Дәптерлеріне есептік сан есімге екі сөйлем, реттік
сан есімге екі сөйлем құрастырып жаздыру.
Үшінші қатар – үш қатар, жетпісінші жыл – жетпіс жыл, бірінші қақпа –
бір қақпа, отызыншы күн – отыз күн.
Сергіту сәті.
3).3-жаттығудағы өлеңді жатқа жазғызу. Өлеңдегі сан есімдердің астын
сызып, олардың қандай сан есім екенін айтқызу.
Нанды бір қолмен
Үзіп бермейді,
Екі қолмен сындырып,
Тістеп жеуді жөн дейді.
I деңгей. 4-жаттығу.
1) Мәтінді оқып, мазмұнын айту.
2) Сан есімі бар сөйлемдерді тауып, сөйлемдердегі сан есімдерді сөзбен
жаздыру.
3) Мәтіндегі сан есімдер есептік пе, әлде реттік сан есімдер ме?
II деңгей.
1) Күн жүйесіндегі тоғыз планетаны атату.
2) Сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, әр топқа тоғыз планетаның
біреуі туралы мәтін құрастырту. Сөйлемдерде сан есімдер болу керек.
3) Сергіту сәті.Математикалық есеп( қол көтеру жаттығулары, дара – 1қол,
күрделі -2 қол).
Табақта он бес алма,
Қолымда төрт алма.
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
Екеуін бердім апама,
Екеуін бердім атама,
Үшеуін алды інім.
Нешеуі қалды өзімде? ( 12 )
III деңгей.
Тест тапсырмалары.
1) Заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
а) Зат есім
ә) Сын есім
б) Сан есім
в) Етістік
2) Сан есімнің сұрақтарын белгіле.
а) Қандай? қай?
ә) Кім? Не?
б) Қанша? Қашан? Қандай?
в) Қанша? Неше? Нешінші?
3) Реттік сан есім тудыратын жұрнақтарды көрсет.
а) –ға, -ыншы
ә) –лар, -лер,-дар, -дер, -тар, -тер.
б) –ыншы, -інші, -ншы, -нші
в) –мыз, -міз
4) Реттік сан есімдерді белгіле.
а) тоғызыншы, жетінші, алтыншы
ә) жүз, алты, бірнеше
б) бес, жеті, сегіз
в) екі, үш
4-кезең.Сабақты қорытындылау.
I деңгей
„ Оқымыстылармен кездесу ” дидактикалық ойыны.
1- топқа есептік сан есімдерді, 2-топқа реттік сан есімдерді зерттеп жүрген
„ Оқымысты-
лар ”келеді.Топ мүшелері бір – біріне сұрақ қояды. Мысалы:
- Сіздер есептік сан есімдерді зерттеп жүрген ғалым екенсіздер.
Маған есептік сан есім туралы түсінік беріп кетсеңіздер. Есептік сан
есімдердің реттік сан есімдерден қандай айырмашылығы бар?
II деңгей.
Сабақ соңында оқушылар жауаптарын жинақтап, сан есім жайында мынадай
тұжырымдалған дерек береді:
1) Сан есім – заттың санын, ретін білдіретін сөз табы.
2) Сан есімнің сұрақтары: қанша? Неше? Нешінші? Нешеу?
3) Сан есімдер тек зат есімнің алдында келеді.
4) Есептік сан есім заттың санын, реттік сан есім заттың ретін білдіреді.
5) Реттік сан есім басқа сөз табынан жасалмайды. Есептік сан есімге
–ыншы, -ншы,
-інші, -нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
5-кезең. Үйге тапсырма беру.
Үйге 5-жаттығу беріледі.
Сабақ жоспары
Мерзімі : 23.04.
Тексерген_______________________
Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы : Айхай, көктем!
Сабақтың мақсаты: 1. Өлең жолдарын мәнерлеп оқу арқылы жыл
мезгілдеріне байланысты оқушылардың ұғымдарын кеңейтіп, шапшаң әрі саналы
оқу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау.
2. Оқушылардың сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
3. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге,
ұйымшылдыққа баулу. Қоршаған ортаны сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

I. Қызығушылықты ояту.
1). Үй тапсырмасын сұрау.
«Қарлығаш – киелі құс» тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқыту.
- Осы шығармадан қандай түйін жасадыңдар? ( Оқушылардың
ойларын тыңдау).
- Әңгімедегі негізгі ойды айтқыза отырып, қорытындылау.
Жұмбақ жасыру.
Қар еріп, су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады? (Көктем).
2). - Көктемнің келгенін біз қайдан білеміз?
- Топтастыру.
3). Көктем – күннің қанаты,
Көктем – гүлді дала аты.
Көктем – біздің сағынған,
Самал ескен таң аты.
Көктем – жердің тынысы,
Көктем – елдің ырысы.
II. Мағынаны тану.
1. Оқулықпен жұмыс.
а ) Өлең авторы туралы түсінік беру.
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976 жж.) – қазақтың әйгілі
ақыны. Туған жері – Нарынқол ауданындағы Шалкөде ауылы.
Орта мектепті интернатта жатып бітірген Мұқағали еңбекке ерте
араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, 7 жылдық мектептің мұғалімі болады.
Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры – туған елі, өскен
жері, Отан тағдыры,замандастарының арман – аңсары.
Ол өз шығармалары арқыл қазақ поэзиясын жаңа биіктерге көтеріп,
мазмұнын байытты.
Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне -өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір,
жүрегі отты, рухы асқақ жырлары сол сенімінің жемісі.
ә) Өлеңді мәнерлеп оқу.
б) Сөздік жұмыс.
Бытырамен –
Өзегі –
Дүркіретіп –
Сіркіретіп –
Бүркіп –
Әтір –
Жадырады –
Кенезімді –
Самалында –
в) Тізбектеп оқу.
г) Сұрақтарға жауап беру.
- Ақын жаңбыр жауғанда неліктен жер рақаттанады дейді?
- Автор жаңбырдан кейінгі табиғатты қалай сипаттайды?
- Көктемгі жаңбыр мен күзгі жаңбырдың бір – бірінен айырмашылығы бар деп
ойлайсың ба?
д) Тапсырмаларды орындау.
- Ақынның өзің білетін шығармаларын ата.
Сызбаны толтыр.
Сергіту жаттығуы
«Жаңбыр» ойыны
Оқушылар айтады: найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп
құйып жауды, жел бәсеңдеді т.б.
Жаңбыр жауды далаға,
Жаңбыр жауды қалаға
Жаңбыр жауды ауылға
Жаңбыр жауды бауға да.
III. Ой толғаныс.
1.) Тапсырмалар беру.
1-топқа – Көктем тақырыбына эссе жазу.
2- топқа – Көктем тақырыбына сурет салу.
3- топқа – Көктем туралы өлең шығару.
2.) Сөзжұмбақ шешу.
| |К |ү |н | | |
| |ө |р |і |к | |
| |К |ү |з | | |
|қ |а |р |а |Т |о |р |ғ |
| | |м |а |м |ы |р | |
1. Көктемде не ұзарады?
2. Бақта не өседі? (Өрік)
3. Жаздан кейін қай мезгіл? (Күз)
4. Құс. (Қараторғай)
5. Сәуір айы тағы қалай аталады? (Көкек)
6. Көктем мезгілінің соңғы айы? (Мамыр)
IV. Бағалау.
V. Үйге тапсырма: Мақал – мәтел, тыйым сөздер жазып келу.
Сабақ жоспары
Мерзімі : 23.04.
Тексерген_______________________
Пәні: технология
Сабақтың тақырыбы : Оригами
Сабақтың мақсаты: қағаздан түрлі бұйымдар жасау және композиция
құрастыра білу дағдысын қалыптастыру .
Міндеттері: 1. Қағазды бүктеудің тәсілдерін жетілдіру,оригами
үлгілерінің сан түрлілігіне бағыттала білуді қалыптастыру және оларды
құрастыру тәсілдерін менгеру..
2.Қиялдау,шығармашылық және логикалық қабілеттерін дамыту, кеңінен ой
жүгірте білу,есту сақтау қабілетін,көзбен өлшеуді, шығармашылық талғамды
таныту;
3. Әсемдік сезімге, тыңғылыққа, өз бетінше жқмыс істеуге,
материалды үнемді жұмсауға баулу.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: ақ қағаз, түрлі – түсті қағаз.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ –жауап,
практикалық.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмыс орнын әзірлеу, оқу – құралдарын реттеу.
a. Жаңа сабақ
1. Сөзжұмбақ құрастыру.
|к |о |м |п |1. о|з |и |ц |
| | |3. и |т | | |
| | |4 . г|о |л |у |б |ь |
| | |а |н |5. а| | |
|ж |е |л |і |6. м| | |
| |7. и|н |е | |
1. Құрастыруды, құруды не дейміз?
2. Матаның қиындысынан жасалатын не?
3. Адамға серік,
Күзетке берік. (Ит)
4. Көгершіннің орысша аудармасы? (Голубь)
5. Ең сүйікті, қымбатты,
Асыл адам - .... (Ана)
6. Қағазды немен жапсырамыз? (Желім)
7. Жортқан сайын жүйрігің,
Жеп келеді құйрығын. (Ине)
2. Кіріспе әңгіме.
- Қағазды бүктеу өнері қайда пайда болды?( VII ғасырда Жапонияда.
)
- Ежелгі уақытта оригамиді не үшін пайдаланды? (Қағаз қолдан
жасалатын және ерекше жағдайларда ғана, көбінесе діни рәсімдерде
қолданылатын бағалы және талғамды материал болды. Әрбір мүсінді
бүктеудің өзіндік бір күрделі мәні болды және дұға оқумен жалғасатын.)
- Жапонияда оригамидің бірнеше түрі белгілі. Олар түрлі мезгілде
пайда болғандықтан бірдей бұйымды жасау технологиясының түрлілігімен ғана
емес, түрлі түсті қағаздың пайда болуымен, сонымен қатар, қандай да
бір бұйымды пайдаланумен байланысты болды.
Оригамидің көптеген түрлері әлемнің өзге елдерінде кеңінен
қолданылды , өйткені олар Жапонияға ғана тән түрлі салт-жоралармен,
мерекелер мен тығыз байланысты болды. Алайда қағаздың төрт бұрышты
парағын қолдануға негізделген бүктеу және оригамидің дәстүрлі түрлері
көптеген елдердің білім мен өнер саласында қолданысқа енді.
Оригамидің әлемде кеңінен қолданысқа енуі - жапон шебері Акира
Йошизавенің еңбегі. Ол ойлап тапқан қарапайым белгілердің арқасында
бүктеу үрдісі жазбаша тарала бастады. Осы белгілермен таныс кез келген
адам қандай шетелдік кітаптан алынса да, үлгіні құрастыра білді.
Оригами адамдардың өмірінде де үлкен орын алады. Сауықтыру
орталықтарында оригамдің орны ерекше: қолдары сынғандардың ол
саусақтарының ұсақ моторикасын қалпына келтіреді, өмірге құштарлықтарын
арттырды. Көзі көрмейтін балалар жан-жануардың мүсіндерін жасай отырып,
әлемді таниды. Оригами сал ауруымен науқастанатындарға сырқатымен
күресуге көмектеседі.
III. Тақырыпты таныстыру және сабақтың мақсатын анықтау.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Үлгіні қарастыру. Алдағы жұмысты жоспарлау.
Балаларға сұрақ қоя отырып, олармен бірлесіп жұмысты неден бастау керек
екенін анықтау.
1. Қораптың көлемін (ұзындығын, енін және биіктігін) анықтау.
2. Бүктеу сызығын, қию сызығын белгілеу.
Дайын үлгіні бояуға, ат беруге, ол туралы бір оқиға немесе ертегі
құрастыруға болады.
” Композиция „ деген не екенін еске түсіру ( құрастыру , құру )
V. Шығармашылық тапсырма: жасалған үлгілерден композиция құру.
Түрлі мүсіндерді жасаған кезде, мұқият болуға және барлық
бүктемелерді тығыз етіп жасауға тырысуға балалардың назарын аудару.
Қолданбалы өнерде модуль деп тұтас заттың және оның бөлшектерінің
көлем қатынасын білдіру үшін алынған шартты өлшемді айтады.
Модульдерді түрлі амалдармен біріктіре отырып, көптеген жазық
бейнелер алуға болады (күн, қоян, тиін). Ал біріктірген соң кейбір
модульдерді иіп, көлемді мүсіндер алуға болады.
Күн сәулелері мықты тұру үшін желімдеп қоюға болады.
VI .Шығармашылық тапсырма.
- Ойыншықты қосымша қалай безендіруге болатынын ойлан.
- Оны не үшін пайдалануға болады?
Ойыншықтардан композиция құрастыру. Өз композициясын қорғау жүргізу.
Жұмысты топтармен ұйымдастыру.
VII .Сабақтың қорытындысы.
Жұмыс орнын ретке келтіру. Көрмеге арнап үздік композициялар іріктеп
алу.
Сабақ жоспары
Мерзімі : 23.04.
Тексерген_______________________
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы : Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер.
Сабақтың мақсаты: 1. Қиылысатын және қиылыспайтын түзулер туралы
түсініктерін қалыптастыру, жазбаша көбейту және бөлуді орындау дағдыларын
бекіту.
2.Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін
дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.
3. Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге,
өз жұмысын бақылауға, мақсатына жетуге ұмтылдыру. Қиялын дамытуға әсер
етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық және
өздік жұмыс.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекі құралдары: интерактивті тақта, сызғыш т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Өтілген материалдарды қайталау.
Математикалық диктант.
350 : 50, 8 · 80, 280 : 4, 45 ·0, 12 · 6, 55 : 5, 78 : 2, 16 · 4, 7 ·
60, 54: 2, 30 · 0, 342 · 1.
III. Жаңа сабақ.
1. Жұмбақ жасыру.
Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да.
Ұзындығы жазулы
Тұр бойында. (Сызғыш)
- Олай болса, бүгін бізге, практикалық жұмыс жасау үшін сызғыш керек
болады екен.
- Түзу дегеніміз не?
- Дәптерге қиылыспайтын түзулер сыздыру. (Түзудің басы да, ұшы да жоқ.)
- Енді, қиылысатын түзулер сызайық. (Қиылысқан жері қиылысу нүктесі.)
- Қиылысқан екі түзуде екі қиылысу нүктесі болуы мүмкін бе? Бір нүкте
арқылы неше түзу жүргізуге болады?
- Интер/тақта арқылы қиылысатын және қиылыспайтын түзулерге түсінік
беру.
2. Өтілген материал бойынша жұмыс.
№3 - есепті талдап, содан кейін өз беттерінше шығарту.
а) Болғаны - ? б., 5 л-ден 365 л.
Сатылғаны – 24 б.
Қалғаны - ?.,
Шешуі: 365 : 5 – 24 = 49 (б.)
Жауабы: болғаны – 73 б., қалғаны – 49 б.сүт.
Өздік жұмыс.
№4 - өрнектерді баған түрінде жазып, есептеу.
321. · 3 = 963 865 : 5 = 173
97. · 4 = 388 984 : 4 = 271
79 · 5 = 395 361 · 2 = 712
Сергіту сәті .
№5 Интер/тақтадағы кесте бойынша жұмыс. (Ауызша)
|Қатысушылар |1 - айналым |2 - айналым |3 - айналым |
|Батыр |1 мин 2 с |1 мин 11 с |2 мин 5 с |
|Ержан |1 мин 7 с |2 мин 0 с |2 мин 2 с |
|Қайрат |1 мин 0 с |1 мин 1 с |2 мин 0 с |
1) Балалардың қайсысы бірінші келді?
2) Жолдастары одан неше уақытқа қалып қойды?
№6 Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
| |— см — мм |— дм — см — мм |
|23 мм |2 см 3 мм |0 дм 2см 3 мм |
|165 мм |16см 5 мм |1 дм 6см 5 мм |
|800 мм |80см 0 мм |8 дм 0см 0 мм |
|602 мм |60см 2 мм |6 дм 0см 2 мм |
|62 мм |6см 2 мм |0 дм 6см 2 мм |
|307 мм |30см 7 мм |3 дм 0 см 7 мм |
Сергіту сәті .
№ 7 - логикалық тапсырма
Сұлтан – 4 жыл 6ай үлкен
Жалғас - 6 жыл 6 ай үлкен
Перизат - ? ж ............................
IV. Сабақты қорытындылау.
„ Не оқып білдік ? ” ойыны
• Қалың дәптерде 40 бет бар. Қыз бала 1/8 бөлігіне жазды. Неше бетке
жазды?
• Пойыз 45 км жүрді, бұл барлық жолдың ½ бөлігі. Барлық жол неше км?
• Пойыздың жолын қандай түзуге жатқызуға болады?
• Әлияда 10 теңге, ал Нәзирада одан 2 есе артық. Нәзирада неше теңге
қалды?
• Торт пісіру үшін 500 г қант керек. 2 тортқа неше г қант керек?
• Қиылысатын түзулерге нелерді жатқызуға болады?
V. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
VI. Үйге: №3 ә) 128 бет
Сабақ жоспары
Мерзімі : 23.04.
Тексерген_______________
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы : Шығарма. «Көктем»
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға берілген тақырып бойынша суретке
қарап, шығарма жазғызу арқылы оқушылардың шығармашылығын арттыру.
1. Оқушының көктем мезгілі жайындағы білетіндерін жазғыза отырып,
сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс қолдануын, сөйлем
мүшелерінің орнымен жазылуын қалай меңгергенін және
сауаттылығын анықтау.
2. Топта бірлесе жұмыс істеуге, бірін – бірі тыңдауға; табиғатты
сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, талдау, жинақтау, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілік құралдары : интерактивті тақтадан көктемге байланысты
слайдтар .
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың оқу- құралдарын дайындатып, назарларын сабаққа аудару.
II. Жаңа сабақ.
1). Тақырыппен таныстыру.
2). Көктем туралы не білетіндіктерін әңгімелету.
3). Шығарманың жоспарын құру.
• Көктем айлары
• Көктемдегі өсімдіктер
• Жануарлардың көктемгі тіршілігі
• Адамдардың көктемгі еңбегі
• Көктемгі мерекелер
• Көктемгі ойындар
• Көктем қызығы
4). Шығарманы жазғызу
5). Қадағалау.
6). Дәптерді жинау, тексеру.
III. Бағалау, мадақтау.
IV. Үйге тапсырма: Ережелерді пысықтау.
-----------------------
Көктем
Күн ұзарып, түн қысқарады.
Ағаштар бүршік жарады.
Құстар қайтып келеді.
Малдар төлдейді.
Адамдар жеңіл киінеді.
Гүлдер гүлдейді.
Жаңбыр жиі жауады.
Табиғат ұйқысы
нан оянады.
Күн жылынып, жеңіл киінеді.
Қар ериді.
Көктем
Айхай, көктем!
Төрт тілек
Жау, жау, жаңбыр.
өлең
Мәтін
өлең
М.Мақатаев
К.Ушинский
Б.Майлин

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz