Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәуелсіздік туыңды

Міржақып Дулатов атындағы №136 жалпы білім беретін мектеп

(

Тәуелсіздік
шежіресі

Ашық тәрбие сағаты

Өткізген 2-ә сынып
жетекшісі

Буентинова Зейнеш Нұрболатқызы

Алматы қаласы – 2011ж

Күні: 6.12.11 ж.
Тексерген________________ДТЖЖО

Тақырыбы: «Тәуелсіздік шежіресі

 Мақсаты: 1. Тәуелсіз еліміздің 20 жылдық шежіресімен таныстыру,
оқушының бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімді ұялату, туып өскен жерін,
елін, Отанын перзенттік сезіммен шексіз сүйе білуге бағдар беру.
 2. Отан алдындағы борышын мақтанышпен жеткізіп, сезіне білу, қасиетті
тілімізді қолдайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
3. Жеке тұлғаның дүниетанымдылығының, ізденімпаздылығының, шығарма- шылық
қабілетінің дамуына  ықпал ету.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабақ.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиет, өзін-өзі тану.
Сабақтың әдіс-тәсілі: ізденіс, пікір алмасу
Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, (оқушылар шығармашы- лығынан)
Тәрбие сағатының барысы:
I Кіріспе бөлім.
1. Гимнді орындау.
2. Ақпараттық шолу.
- Балалар, осы біз 16-желтоқсан күні қандай мерекені атап өтеміз?
- Биыл тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды? (Қай жылы тәуелсіздік
алғанымызды естеріне түсіру)

II Негізгі бөлім.
1. Ой қозғау.
Тәуелсіз ел деп қандай елді айтады? (Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
- «Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз
жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік
тілі, өз Ата Заңы бар ел».
Мұғалім: - Осы тәуелсіздігімізге қалай жеттік? 1986-жылғы желтоқсан
оқиғасы жайлы не білеміз? Өткен тарихқа шолу жасайық.

2. Мағынаны тану.

Әдеби қойылым.
Бір оқушы сырттан жүгіріп келіп:
Бауырлар, алаңға жүріңдер. Қазақтың намысын таптап, қорлап жатыр. Жүріңдер!
Өз елімізді өзге елдің адамына басқартуға жол бермейік, жүріңдер, -дейді.

Екінші оқушы: - Ой, мейлі, кім басқарса ол басқарсын, несіне барамыз?

Бірінші оқушы: - Ей, намысы барлар, ер соңымнан!
(Барлық оқушылар өре түрегеліп, ортаға шығады)
• «Желтоқсан желі ызғарлы» документальды фильмнен үзінді көрсету
Мұғалім: Иә, балалар,қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау
кезеңдерді бастан кешірді.
Мыңдаған жылдық тарихы бар, Қазақстан өз тәуелсіздігін алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

Ерасыл:
16-желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жасай берсін ұлы күн
Үміті боп елінің
Ақ күні боп баланың
Шаттығы боп шалдардың.
Камила:
16-желтоқсан
Елдің ұлы мейрамы
Жаңа шыққан көктемдей
Жаз күніндей жайдары
Арымыздай тап-таза
Жанымыздай шуақты
Көтерілді биікке
Қазақстан байрағы.
Баймырза:
16-желтоқсан
Ел мерейі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Естісін ел үніңді
Дүние түгел естісін
Тәуелсіздік туыңды
Биік көтер, жас ұлан!
 Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың
мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейін барлық жетістіктерімізге
Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын
көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар
жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша
даму үстінде. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес
құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы Тәуелсіздіктен бастау
алады. Сондықтан Тәуелсіздік ерекше маңызға ие.
Жиырма жыл жаңа билік орнағалы,
Жоспарды іске асырдық сан-салалы.
Дамыған Қазақстан үлгілерін,
Бүгінде шетелдер де қолданады,- деп сөз кезегін оқушыларға беремін.
Оқушылардың орындауында хор: «Атамекен»
Слайд көрсетілімі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.
Мирас - 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады.
Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.
Оның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Осы жылы
тамызда Ядролық полигонның ресми жабылуы болды.
Ердәулет - 1992 жылы наурыз. Қазақстан БҰҰ-ның (Біріккен Ұлттар Ұйымы)
мүшелігіне қабылданды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Қарлығаш - 1993 жылы қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы
қабылданды. қараша. Ұлттық теңгеге көшу жылы.
Рамис - 1994 жылғы ақпан. Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
Мадина - 1995 жылғы наурыз. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. 30
тамыз ҚР – ның қазіргі Конституциясы қабылданды.
Әли - 1996 жыл. Мемлекеттің жаңа әнұраны,елтаңбасы,туы қабылданды. Алматы
қаласында Тәуелсіздік монументі ашылды.
Әйгерім - 1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын
еске алу жылы.
Асқар - 1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
Ж.Ару - 1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы. Астана қаласы
ЮНЕСКО –ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды.
Марғұлан - 2000 жыл.мәдениетті қолдау жылы
С.Ару - 2001 жыл.Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
Ерасыл - 2002 жыл. Денсаулық жылы. Елорданың символына айналған «Астана-
Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр.
Диана - 2003 – 2005 жылдар. Ауылды көтеру жылы. 2003 жыл-Н.Назарбаевтың
«Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
Нұрсұлтан - 2005 жыл 4 желтоқсан.ҚР Президентінің сайлауы болды.
Н.Жанель - 2006 жыл. Ресейдегі «Абай жылы» және Қазақстандағы «Пушкин
жылы». Тәуелсіздіктің 15 жылдығы, «Желтоқсан оқиғасының » 20 жылдығы.
Әлихан - 2007 – 2009 жылдар. «Мәдени мұра» бағдарламасының екі жылдық
жоспары қабылданды.
Рима - 2008 жыл Астана қаласында «Қазақ елі» монументі ашылды.
Баймырза - 2009 жыл ҚР Ұлттық санағы өткізілді.
Камила - 2010 жыл. ҚР Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастығы ұйымына
төрағалық етті.
Ғ.Жанель - 2011 жыл. Ислам Конференциясына Төрағалық етті. Осы жылы Астана
мен Алматыда 7-қысқы Азия ойындары өтті. Биыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы
«Желтоқсан оқиғасының» 25 жылдығы.
• «Бәрін білгім келеді» ойыны
  Мұғалімнің сөзі: («Отан, Қазақстан, Тәуелсіздік, Елбасы» туралы
балалардың жүрек жарды сөздерін тындап, шығармашылық жұмыстарымен
танысайық)
1. Алтын дәні маржандай шалқыған жер, Ердәулет
Атағы асқақтаған қадірлі ел.
Татулықпен, достықпен қуаттанған,
Қазақстан – бейбітшіл бақытты ел.
2. Тәуелсіздік елім менің, ертеңім, Асқар
Шын жүректен ұлың сырын шертеді.
Гүлдене бер, көркейе бер, жасай бер,
Саған ұлың ниет –тілек тіледі.
3.О Отан, туған Отан, Нұргелді
Дүниеде жер бар ма сенен асқан.
Қазақстан-айбынды, асыл өлкем,
Еркелеп, көсілуім сенің арқан.
4.     Астана бар әлемді елеңдетті, А.Аружан
Тамырын Бәйтерек те тереңдетті.
Аз жылда жаңа Астана салып алдық,
Қай халық көрді мұндай кереметті.
5.     Бүгінгі Астананың нұры қандай, Әлихан
Көгінде желбіреген Туы қандай.
Еуропаның төрінде билік айттық,
Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.
6.     Сәбилер тыныш ұйықтап жөргегінде, Ғ.Аружан
Жастардың шаттық ойнап өңдерінде.
«Орта Азия Барысы-Қазақстан»,-
Деп жазсын жаңа заман өрнегіне!  
7.   Он алтыншы желтоқсан – Тәуелсіздік алған күн, Е.Жанель
Еліміздің басына бақыт құсы қонған күн.
Құтты болсын береке, бүгінгі күн мерекең,
Шаңырағың шайқалмай, мықты болсын кереген.
Ән: «Туған жер»- Арғынбек Аружан
III Қорытынды бөлім.
Ойтолғаныс. 
Мұғалімнің сөзі: Балалар, міне біз қазір кеудемізді бақыт сезімі билеп,
«Бұл менің елім, менің жерім, тәуелсіз Қазақстаным» -деп жар салып,
мақтанышпен айта аламыз. Қазақ халқында Атамекенді ардақтау, ананың ақ
сүтінен, әкенің ақыл-өсиетінен тараған. Өз елінің Тәуелсіздігі үшін жанын
да, арын да аямайтын ержүрек жастар, Сіздер деп білемін! Сондықтан,
тәуелсіз еліміздің болашақ ұрпақтары қандай болу керек?
(Оқушылар ойларын айтады)
1) Білімді болу керек, ол үшін сабақты жақсы оқу керек, жалқау болмау
керек...
2) Денсаулығы мықты болу керек, ол үшін спортпен айналысу керек, дәрумендер
жеу керек, тазалық сақтау керек...
3) Отанын сүю керек, ол үшін өз тіліңде дұрыс сөйле, рәміздерді қастерле,
салт-дәстүріңді сыйла, ата-анаңды ренжітпе, халқыңа адал қызмет қыл...
4) 5) 6) ... т.с.с.

Сөз соңы: «Шәкіртімнің ғарышқа қол созғанын,
Қазағымның адал ұлы болғанын.
Көрсем деймін, жатсам-тұрсам ойланам,
Өзімнен де көш ілгері озғанын» - деп тәрбие сабағымызды аяқтағым келеді. 


Ұқсас жұмыстар
Сұраулы сөйлемнен кейін
1020 тест кітапшаларындағы туындыларды шығару
Біз Қазақтың баласы
Туынды тарауын қайталау
Тәуелсіз елдің көшбасшысы
Қазақ тілі. Білімді тиянақтау
Тәуелсіздік шежіресі
Жасасын халқым
Менің елім - Қазақстаным
Тәуелсіздік - таң нұры жайлы ақпарат
Пәндер