Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мұхтар Әуезов тағылымы
Оқыту технологиясының модульдік нұсқасының бір ерекшелігі – оның білімді
меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді,
яғни жауабының алуан түрлерін, ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы
жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға бағытталған.Сонымен
қатар, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға,
сөздік қорын белсенді дамытуға көзделген.
Шығармашылық – ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Шығармашылық арқылы
оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді. МОТ –
сы бойынша жан – жақты білім бере отырып, баланың ой дәлдігі, тіл
көркемдігі артады. Оқушыны үнемі ізденуге жетелеп, өз ісіне сын көзбен
қарай білуге, өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады.Осы мақсатта 11-
сыныпта Қазақ әдебиеті пәнінен М.Әуезов шығармашылығына модульді оқытудың
жоспарын төмендегіше құрдым.
Модуль №1 Мұхтар Әуезов (8
сағат)
|Бөлімі |Сағаты |Сабақтың мазмұны, түрі |Уақыты |
|Кіріспе |1 |Блок құрылымын таныстыру, мақсаты: |5мин |
| | |Тірек сызбамен түсіндіру |15мин |
| | |Оқулықпен, дәптермен жұмыс |20мин |
| | |Қорыту, үйге тапсырма |5мин |
|Сөйлесу |2 |Оқу материалын меңгерту | |
|бөлімі | |«Қарлы кесек» ойыны |40мин |
| | |Қорыту, үйге тапсырма |5мин |
| | | | |
| |3 |Білім,іскерлік дағдыларын дамыту | |
| | |«Алгоритм» ойыны |20мин |
| | |«Шеңбер бойымен әңгімелеу» |20мин |
| | |Қорыту, үйге тапсырма |5с |
| | | | |
| |4 |Білім, іскерлік дағдыларын пысықтау | |
| | |«Даналық ағашы» |20мин |
| | |Шығармашылық жұмыс |20мин |
| | |Қорыту, үйге тапсырма |5мин |
| | | | |
| |5 |Білім, іскерлік дағдыларын | |
| | |қорытындылау |40 мин |
| | |«Сиқырлы сандықша» |5 мин |
| | |Қорыту, үйге тапсырма | |
| |6 | | |
| | |Оқу материалдарын бекіту |40 мин |
| | |«Брейн-ринг» ойыны |5 мин |
| | |Қорыту, үйге тапсырма | |
|Қорытынды |7 |1.Шығарма |40мин |
| | |2.Қорытындылау |5 мин |
| | | | |
| |8 |1.Тест |15 мин |
| | |2.Сынақ |20 мин |
| | |3.Жалпы тарауға қорыту |10 мин |
Мақсаты: Білімділік: Мұхтар Әуезовтің шығармашылығымен
таныстыру.
Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Өз бетімен М.Әуезовтің шығармаларын оқу арқылы сөздік қорын
байыту.
Оқушы нені білуі керек:
1. М.Әуезовтің өскен ортасын, тәрбиесін, білім алған ортасын, еңбек
жолын, шығармашылығын білуі керек.
2. Теориялық жағынан талдау жасауды меңгеру керек.Шығармашылық жұмыстар
тақырыбын ұсыну.Мәнжазбалар:
1. М.Әуезов шығармашылығы
2. «Абай жолы»- қазақтың тұңғыш эпопеясы
3. М.Әуезов романы туралы әлемдік және Қазақстан сыншыларының
пікірлері
4. Әуезов шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
5. Әуезов шығармаларындағы пейзаж
Қосымша әдебиеттер:
Мұғалімдер үшін: Мүсірепов Ғабит. «Абай» романы туралы
Кітапта:Ғ.Мүсірепов шығармалары , 4-том.Алматы, 1975,
Әдістемелік нұсқаулар
М.Әуезов шығармалар жинағы
Оқушылар үшін: «Дидактикалық материалдар»
Оқушы анықтамасы (Қазақ әдебиеті)
М.Әуезов «Абай жолы» романы 1,2,3,4
томдары
1- кесте
Құнанбайдың жолы-«Қияда, өрде, бел-белесте,шытырманда, қат-қабатта,
қайтқанда». (Ғ.Мүсірепов)
2-кесте
Құнанбай
Абайдың жолы- «Қайтқанда, қат-қабатта, шытырманда, бел-белесте, өрде,
қияда». (Ғ.мүсірепов)
Абай
3-кесте
Кіріспе сабақтың дәйексөзі:
Сабақ жоспары: Кіріспе бөлім. 1-сабақ
Тақырыбы: М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Модульдің құрылымын түсіндіру
ІІІ.Сабақтың мақсатын, өту барысын айту.
ІҮ.Тірек-сызба, көрнекі құралдарды пайдалана отырып, жаңа модуль бойынша
тақырыпты түсіндіру.
(Лекция тезисі)
Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы асқар белі –Абай, ХХ ғасырдағы заңғар биігі-
Әуезов.Әдебиетке ең қатал сыншы, ең әділ төреші уақыт десек,сол уақыттың
өзі осыны дәлелдеп отыр.М.әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай
ауданында 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген.Әкесі Омархан да, атасы
Әуез дехат танитын сауатты адамдар болған.1904 жылы Абай дүниеден өткенде
Мұхтар небары 7 жаста еді. Мұхтар алғашқы сауатын әліппемен емес, Әуез
атасы ұсынған Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.11
жасында әкесі қайтыс болған соң, қаладағы немере ағасы Қасымбектің
тәрбиесіне көшеді.Осыдан былай қарай оның оқу-білім жолындағы сапары
басталады.
М.әуезов жазушылық жолын драматургиядан бастайды.1917 жылы Ералы
жазығындағы Ойқұдық жайлауында алғаш рет «Еңлік-кебек» пьесасын қояды.20-40
жылдары бір алуан әңгімелер топтамасын жазады.Негізгі тақырыптары-
әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік, әйел басындағы ауыр хал, айықпас
мұң,қайғы.Осының бәрі М.әуезовтің ұлы эпопеяға барар жолдағыәрекеттері
болатын.»Абай жолы»-Әуезовтің бас кітабы.Осы шығармасы арқылы бүкіл дүние
жүзіне, қала берді-өз отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне
қазақ дегеннің кім екенін танытты.
Ү.Оқулық пен дәптермен жұмыс.
1. Тірек-сызбалары, дәйексөзді дәптерге жазу.
ҮІ.Үйге тапсырма: М.Әуезовтің шығармашылығын оқып келу.
2 - сабақ. «Қарлы кесек» ойыны.
Ойынның мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын меңгерту.
Ойынның шарты: 20 оқушы 4-тен 5 үстелге бөлінеді..
«А» әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын (тағып алады да) «А» үстелінің
басына, «Б» әрпін алғандар – «Б» үстеліне, «В» әрпін алғандар – «В»
үстеліне т.с.с. орналасады. «Г» әрпін алғандар – «Г» үстеліне.
Мұғалім әр топқа ортақ немесе жеке-жеке тапсырма береді.
Керекті құрал-жабдықтар:
1. Бағыттаушы парақтар (қатысушының санына қарай).
2. Қатысушының нөмірі жазылған жетон.
3. Үстелдердің белгілеуге арналған сілтемелер.
4. Жалпы бағалау парағы.
|№А-1. Бағыттау парағы |
|Тур |Үстел |Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері |
| | | |
| | | |
| | | |
| | | |
Ойынның тапсырмалары:
«А» үстеліне – М.Әуезовтің өмірбаяны және пьесалары.
«Б» үстеліне – М.Әуезовтің әңгімелері мен повестері
«В» үстеліне – «Абай жолы» романы және романдағы Абай бейнесі
«Г» үстеліне – «Абай» жолы» романындағы Құнанбай бейнесі
Әр топ 5-7 – 15 минут шамасында оқу және қосымша әдебиетті пайдалана
отырып, жауап іздейді және тезис түрінде жазып алады.
Керекті әдебиеттер:
1. М.Әуезов . Абай Құнанбаев , Алматы, 1995ж
2. Мұхтар Әуезов тағылымы. А., 1987 ж.
3. М.Әуезов «Абай жолы» романы 1,2,3,4 томдары
Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң, 1-тур жарияланады. Оқушылар
орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға
отырады. Бір турдың уақытын мұғалім үстел басында отырған барлық оқушылар
сөйлеп, өз қөзқарастарын айтып үлгертетіндей есеппен белгілейді. (10-
15мин). Топ ішінде уақытты жүргізуші қадағалап отырады. Алдымен жетонды «А»
әрпі бар ойыншы, содан соң кезегімен – «Б», «В», «Г» әріптері бар ойыншылар
сөйлейді. Топ мүшелері тыңдап болған соң, әрбір оқушы өз жауабын неғұрлым
қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлелденген деп
есептейтін сөйлеушінің нөмірін анқытап, оның нөмірін өзінің бағыттау
парағындағы «Ең жақсы сөйлеуші» жолына жазып алады.
1-тур аяқталған соң, балалар бағыттау парағына сай орын алмастырады да,
ойынның 2-туры басталады.
Барлық тур біткен соң оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып,
мұғалім олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ
параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы, ең жақсы топ
(команда) анықталады.

Тапсырманың жауаптары:
1. Мұхтар Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ-
бөрілі ауылында дүниеге келген.Тұңғыш жарық көрген еңбегі- «Адамдық
негізі- әйел» (1917).Пьесалары: « Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал»,»
Қаракыпшақ Қобыланды», «Қаракөз», «Айман-Шолпан» және т. б.
2. М.Әуезовтің әңгімелерінің негізгі тақырыптары – қазақ ауылындағы
кедейлер өмірін, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігін
суреттейді.Әңгімелері: «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қыр суреттері»,
«Кім кінәлі», «Сөніп-жану», т. б.Повестері: «Көксерек», «Қараш-қараш
оқиғасы», «Қилы заман».
3. «»Абай жолы» романы – Әуезовтің бас кітабы. Романның 1- томы – 1952
жылы, 2- томы-1956 жылы жарық көрді.Абай – кең құлашты, мол тынысты
эпикалық образ.Бұл образды эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек
тоқығандай, бірде-бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп
шығады.Абайдың ақындық бітімі, ішкі жан дүниесі нәзік және терең
ашылып отырады.
4. Романдағы Құнанбай бейнесі шебер жасалған образ. Құнанбай- жағымсыз
кейіпкер. Құнанбай азулы ғана емес, ақылды, шоқпар мен сойылдың ғана
емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанымен, көкірегі
сара, көреген, ашуы мен қайратын қатар ұстайтын қаталдығының ар
жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын
қазымыр, қырыс кісі.
3- сабақ.
«Алгоритм» ойыны.
Мақсаты: Ойынды ойнай отырып, білім-іскерлік дағдыларын дамыту.
Шарты: сынып 4 оқушыдан жеке топтарға бөлінеді.
Бұл ойында тапсырмалар жазбаша формада орындалады. ІІІ деңгейдің жеңіл
формада болуы тиіс.
І-тур. Тапсырманы орындап болған соң дәптерлерін сағат тілімен бір қадам
алмастырады. (1-ойыншының дәптері, 2-ойыншыға, 2-ойыншының дәптері, 3-
ойыншыға, 3-ойыншының дәптері, 4-ойыншыға, 4-ойыншының дәптері, 1-ойыншыға
ауыстырылып беріледі).
2-тур. Алдарына ауысып келген дәптерге тағы да аты-жөндерін жазып екінші
стандарт деңгейіндегі тапсырманы ІІ деңгей орындайды. Тапсырманы орындап
болған соң 1-турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.
ІІІ-тур. Ауысып келген 3 дәптерге тағы да аты-жөні жазылып, ІІІ стандарттан
жоғарғы деңгейіндегі тапсырманы (І деңгей) орындайды. Тапсырманы орындап
болған соң 4-турдағыдай сағат тілімен ауыстырады.
ІҮ-тур. Оқушылар мұғалімнің берген жауап эталоны бойынша алдарындағы
орындалған 3 тапсырманы жеке-жеке тексеріп, әрқайсысын 5 балл жүйесінде
бағалайды.
Ү-тур. Тапсырманы тексеріп болған соң дәптерлерін бірінші турдағыдай сағат
тілімен ауыстырады. Осы турда оқушылардың өз дәптерлері алдарына келеді.
ІІІ деңгей. Тапсырма.
1. М.Әуезовтің туған жылы
2.М.Әуезов шығармаларының тақырыбы
3.М.Әуезов әңгімелері
4.М.Әуезов пьесалары
ІІ деңгей
1. М.Әуезов алғашқы сауатын қалай ашты?
2. М.Әуезов кімнің тәрбиесінде болды?
3. Тұңғыш жарық көрген туындысы қалай аталды және онда қандай мәселе
қозғалды?
4. М.Әуезовтің 20-жылдардағы әңгімелеріндегі психологизм мен адам
тағдырын суреттеу әдісі.
І деңгей
1. Мұхтардың шығармашылығын зерттеушілер
2. Абай жолы-халық жолы.Осыны қалай түсінесің?
3. Құнанбай образын жасаудағы жазушының шеберлігі хақында не айтар едің?
4. М.Әуезов романы туралы әлемдік және Қазақстан сыншыларының пікірлері
қандай?
Жауабы:
ІІІ деңгей
1.М.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында
дүниеге келген.
2.М.Әуезов шығармаларының тақырыбы- бұрынғы қазақ даласының тіршілігі мен
тағдыры
3. 20-жылдары: «Оқыған азамат», «Қорғансыздың күні», «Қыр әңгімелері»,
«Үйлену», «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», т.б.
30-40 жылдары: «Іздер», «Білекке білек», «Үш күн», «Бүркітші» т.б.
4.М.Әуезовтің пьесалары: «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз», «Абай», Айман-Шолпан»,
«Түнгі сарын» т.б.
ІІ деңгей
1.Бала Мұхтар алғашқы сауатын әдеттегі әліппемен емес, Әуез атасы ұсынған
Мүрсейіт қолжазбасындағы Абай өлеңдері арқылы ашады.
2. Он бір жасында әкесі қайтыс болғаннан кейін Мұхтар қаладағы немере ағасы
Қасымбектің тәрбиесіне көшеді.
3.1917 жылы «Адамдық негізі-әйел» атты туындысы жарық көреді.Бұл
көсемсөзінде автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені қозғайды.
4. М.Әуезовтің 1921 жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесінің өзінде өзгеге
ұқсамайтын өзіндік ерекшелігі бар.Мұнда шұрайлы тіл, терең психологизм,
таза мөлдір шындық бар.кейіпкерлерді суреттеуінде де олардың ішкі жан
дүниесі мен үйлесімділік табады.Жазушы тақырыбы ортақ, сюжеті желілес осы
әңгімелерінде сыншыл реализм әдісін қолданған.
І деңгей
1.Ғ.Мүсірепов «Абай» романы туралы, З.Қабдолов
Әуезов.Ы.Т.Дүйсенбаев,Н.А.Анастасьев Е.Күзембаев, Ұ.Күзембаев
2.Абай жолы-халық жолы.Абайдың өсу, толысу, қалыптасу жолы әке жолынан
бөлек халық жолын таңдап алуы осының айғағы..Жазушы Абай бейнесін халық
өмірімен бірге алады.
3.Құнанбай образы-шебер жасалған образ.М.Әуезов айтқандай, Құнанбай образы,
идеялық жағынан алып қарағанда, сол дәуірде қазақ даласына орыс мәдениеті
арқылы еніп келе жатқан, келешегі зор жаңаның жолындағы кедергіні- ескіні
көрсету нәтижесінде туған.
4.»Қазақ неткен ғажайып халық» (Бенжамен Матип). «Бұл тамаша эпопея бізге
тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып
картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр
етті.»(М.Луконин). «Абай» романын неше рет қайталап оқысам , сонша
әрдайымжаңа көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен тереңдік табам»
(Ғ.Мүсірепов).
«Шеңбер бойымен әңгімелеу» ойыны
Мақсаты: Материал бойынша әңгіменің жалпы мазмұнына мән бере отырып,
оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның шарты:
Мұғалім мәтінді оқуды тапсырады (Гонг). Шеңбер бойымен отырамыз.
1. Ортада тұрған жүргізуші көзін жұмып, кез келген ойыншыға нұсқайды.
Мәтінді ойдан жаңғыртуды сол бастайды. Бұдан әрі сағат тілінің бағытымен
әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді.
Соңына дейін солай жүреді.
2. Тағы да оқимыз. Жауаптарда жіберілген қателерді дұрыстаймыз, әңгімені
толықтырамыз. Сағат тіліінң бағытымен қайта бастаймыз.
3. Ең белсенді оқушыны анықтаймыз. Жеңімпазды құттықтаймыз.
Ұсынылған мәтін.
М.Әуезов «Абай жолы» арқылы бүкіл дүние жүзіне , қала берді-өз
отандастарына, керек десеңіз, тіпті қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім
екенін танытты.қазақ халқының ұлылығын, оның өткен өмірін, тарихын,
тарихының түбірлі кезеңдерін ғажайып көркемдік күшпен жарқыратып ашып, жан-
жақты айқындап, терең түсіндіріп берді.
4-сабақ «Даналық ағашы» ойыны
Ойынның мақсаты: Өтілген материал бойынша оқушылардың білім-білік, іскерлік
дағдыларын пысықтау.
Ойынның шарты:
Оқушылар мәтінді жылдан, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс. Оқып болған соң
әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.
Жүргізушінің қолында сандықша болуы тиіс, соған оқушылар кезегімен өз
сұрақтарын салады.
Мәтінді тағы бір жылдан оқып шығуы керек. Әр оқушы сандықшадан сұрақ
жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым толық жауап беруі тиіс. Басқалары
сұрақ пен жауапты бағалайды.
Жүргізуші жеңімпазды анықтайды. Білгірлерді құттықтаңыздар! Баршаңызға
рахмет!
Ұсынылған мәтін.
Жас Абайдың туған дала туралы уыз ұғымы өз әкесі Құнанбай өктемдігіне
құрбан болған Қодар өлімін көргенде, төңкеріліп түседі.Өзгеріс осыдан
басталады. Енді ол Құнанбай мен құнанбайшылдар ісіне күдіктене, іштей
қарсылықпен қарай бастайды. Бұған қосымша өз басындағы хал да, осы ортадан
түбінде түңілуге сайғандай.Әлгі бір Қарашоқыдағы қанды оқиғадан ауруға
шалдығып, төсек тартып жатып қалады.Бөжей үйінде тірі жетім ғып әкесі»ит
жемге тастатқан» кішкене Кәмшат тағдыры мұның жанын жегідей жейді; аяулы
ғашығы Тоғжанға қосыла алмай, тағы да әке шешімімен өзі сүймеген Ділдаға
үйленеді.Осылардың бәрі Абайдың о бастағы мөлдір тұнығынсел басқандай
лайлай береді.
Шығармашылық жұмысты қорғау.
Мақсаты: М.Әуезов шығармашылығынан алдынан ала берілген мәнжазба
тапсырмаларының орындалуын тексеру.
Шарты: Ұсынылған тақырыптар:

Ойындағы жүргізушілердің көмегі арқылы және шығармашылық қорғаудағы
іскерліктері арқылы сабақты қорытындылап бағалау.
5-сабақ «Сиқырлы сандықша» ойыны
Мақсаты: оқу материалын қорыту
Ойынның шарты: «Сиқырлы сандықша» сұрақтармен толтырылады. Олардың саны
оқушылар санынан артық болады. Сұрақтар алдында өтілген тақырыпқа құрылуы,
бірнеше тақырыпты, әр түрлі талдау тақырыбын қамтуы мүмкін. Әрбір оқушы
кезегімен сұрақ алып, дауыстап оқып, жауап береді де, 1-5 баллдық жүйе
бойынша тиісті бағасын алады. Ойынды аяқтай келе, мұғалім әрбір оқушының
ойын барыснда алған жалпы ұпайын есептеп, соған сәйкес І, ІІ, ІІІ орындарды
анықтайды. Ойын барлық оқушылардың тақырып бойынша алған білімін
айқындауға, оқушыларды жандандыруға мүмкіндік береді, алдағы сөйлеген
балалардың жауабын тыңдауға мәжбүр етеді. «4», «5», «3» және «2» бағалары
қойылуы үшін қанша балл жиналуы тиіс екені мұғалімнің алдын –ала айтып
қоюына болады. Ең бастысы, осы теориялық материал бойынша «білгірлерді»
айқындау тек сонда ғана сандықша «сиқырлы» бола алады. Оқушының ұпайын
жинап, көп ұпай алған балаға орын беріледі.
Тапсырмалар:
№1
1.М.әуезов қай жерде және қашан дүниеге келген?
2.1904 жылы Абай дүниеден өткенде Мұхтар қанша жаста еді?
№ 2
1. Мұхтардың білім алған оқу орындарын атаңыз.
2. Тұңғыш туындысы қалай аталады және қай жылы жарық көрді?
№3
1. Қазақ мәдениетінде театр өнері, драматургия жанры қашан пайда болды?
2. «Еңлік-Кебек» пьесасының негізгі идеясы не?
№4
1.М.Әуезовтің көркем прозасының басы қандай шығармасы және оны қай
жылы жазды?
2. Жазушының қаналған адамның қанаушыға қарсы ашық шайқасын көрсеткен
шығармасы қалай аталады?
№5
1. «Абай жолы» романы қашан жарық көрді?
2. «Қазақ неткен ғажайып халық» деген пікірдің авторы кім?
№6
1.»Абай жолы» романының уақыты қанша жылды қамтиды?
2.Романның композициялық құрылысына тоқталыңыз.(Ғ.Мүсірепов пікірі бойынша)
№7
1.»Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
2. Романдағы қандай оқиға саған әсер етті? Шығармадағы кейіпкерлердің
қайсысы саған ұнады? Неліктен?
№8
1. «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі
2. Романдағы халық өкілдері қалай суреттелген?
6-сабақ
«Брейн-ринг» ойыны
Мақсаты:
1. Аталған ойынды пайдаланып, оқушылардың сөйлеу бөлімінде танымдық
қызметі барысында қалыптасқан білім-білік дағдыларын бақылау, тексеру.
2. Алған білімдерін жүйелеу.
Шарты:
Сынып 5 адамнан (4) топтарға бөлінеді. Мұнда 4 ойыншы және бір жүргізуші
болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ
жеке үстел басында отырады.
Үстелдің – үстелдің сілітемесі және 4 бөлікке бөлінген жаймалар. Осы
картолардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар ретпен қойлады. Астында –
1 деңгейлі сұрақтар (3), оның үстінде екінші деңгейдің сұрақтары (2), ең
үстінде үшінші деңгейдің сұрақтары (1). Әр бөлікте бір сұрақтан (А).
Жүргізуші жайманы жалды. Мысалға, «2» саны түсті, яғни, 2 нөмірлі ойыншы
жауап береді.
Дайындауға міндетті түрде уақыт (5-7). Командалар бір уақытта ойнайды.
Жауап беру уақыты 10-12 минут.
Сұрақтары. Деңгейлік тапсырма.
1. «А» столы
• М.Әуезовтің өскен ортасы, алған өнегесі
• М.Әуезовтің білім алған жерлері
• Тайм-аут
2. «Б» столы
• Қазақ мәдениетінде театр өнері, драматургия жанры қашан пайда
болды?
• Әуезовтің аударма саласына қосқан үлесі қандай?
• Тайм-аут
3. «В» столы
• «Абай жолы» романы қай жылы басылып шықты?
• Романдағы Абай бейнесі
• М.Әуезов Ленинград университетін қашан бітірді?
4. «Г» столы
• «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі
• Эпопеяның шежірелік сипатын қалай пайымдайсың?
• «Әуезов әйелдері» әсем образдар галереясы дегенді қалай
түсінесің?
Жауабы:
1. «А» столы
• Әкесі Омархан, атасы Әуез- екеуі де хат танитын сауатты, бала
тәрбиесіне салғырт қарамайтын сарабдал, салиқалы адамдар болған.
Оның үстіне, Әуез де, Омархан да Абаймен ауылдары іргелес,
өздері де аралас-құралас тіршілік кешіпті.
• Семейдегі орыс гимназиясында 5 жыл, мұғалімдер даярлайтын
семинарияда төрт жыл оқиды.1922 ж. Ташкент мемлекеттік
университетінде оқып, одан кейін Санкт-Петербург университетіне
ауысып, 1928/ ж.бітіріп шығады.1930 жылы Орта Азия мемлекеттік
университетінің Шығыс факультетінің аспирантурасын аяқтайды.
2. «Б» столы
• 1917 жылдың мамыр айында Ералы жазығындағы Ойқұдық жайлауында
«Еңлік-Кебек» пьесасы қойылады.Осы тұстан бастап қазақ
мәдениетінде театр өнері, драматургия жанры пайда болады.
• «Еңлік -Кебек» трагедиясынан кейін Батыс Еуропа мен орыс
драматургиясынан сегіз пьеса аударады.В.Шекспирдің «Оттелосы»
мен «Асауға тұсауын», Н.Гогольдің «Ревизорын», т.б.
3. «В» столы
• «Абай жолы» романы екі кітаптан тұрады.Біріншісі-1952
жылы,екінші кітабы 1956 жылы басылып шықты.
• «Абай жолы» романындағы Абай образы-эпопеяның жаны мен жүрегі.
Абай алғашқы кітапта адам, азамат ретінде қалыптасқан, кейінгі
кітаптарда ақын, қайраткер, ретінде қиян-қилы қимыл-әрекеттерге
көшеді.
Абайдың өз басы, ішкі жан дүниесі де бір орында тұрып қалған жоқ
. Үздіксіз өзгеру, өрбу, жаңару үстінде болатын.
• Романда халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық бейнелер-
Дәркембай мен Базаралы.
Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің сыр-сипаты
бөлек.
4. «Г» столы
• Құнанбай образы – шебер жасалған образ. Құнанбай-өз заманының
ірі тұлғасы.Романдағы әрбір оқиға ,көріністің көпшілігі
Құнанбайдың ыкпалымен жүріп отыратыны анық байқалады.Құнанбай
алыс-жұлысқа ғана емес, сөзге де жүйрік, шешен, тілі өткір,
тиген жерін тіліп түседі.
• Эпопея ХІХ ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем
шежіресі болып табылады.
• «Әуезов әйелдері» деп атауға болатын әсем образдар галериясы
жаңа бейнелермен толығып отырды. Төрт кітапта үлкенді -кішілі,
ірі-ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлер бар.
7- сабақ Шығарма
Тақырыбы: Әуезов әлемі
І Кіріспе
М.О.Әуезов- қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы заңғар биігі.
ІІ Негізгі бөлім:
1.Ел болуды әйел-ана тағдырынан бастауды ерте сезген ғұлама ойшыл.
2.»Еңлік-Кебектен» басталған еңселі жолдың иесі.
3.Қорғансыздар тағдырына қаламымен қорған болған жазушы.
4.М.Әуезовтің аударма саласындағы айшықты ізі.
5.Қазақты әлемге танытқан ғасырлық туынды.
ІІІ Қорытынды бөлім.
М.Әуезов-адамзат мәдениетінің асқар шыңы.
8-сабақ Тест сұрақтары І нұсқа
1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді?
А) 1900-1973
Ә) 1897-1961
Б) 1895-1960
В) 1894-1959
2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды?
А) Немере ағасы Қасымбектің
Ә) Әкесі Омарханның
Б) Нағашыларының
В) Атасы Әуездің
3. М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазғанда қанша жаста еді?
А) жиырмадан енді асқан
Ә) жиырмада
Б) Отызда
В) он сегізде
4.М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз.
А) «Бақыт жолына»
Ә) «Бәйбіше-тоқал»
Б) «Ш.Уәлиханов»
В) «Ант»
5.Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз.
А) Майбасар
Ә) Тәкежан
Б) Ызғұтты
В) Ербол
6.М.Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз.
А) «Мәдениет һәм ұлты»
Ә) Философия жайынан»
Б) Адамдық негізі-әйел»
В) Оқу ісі
7.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы өзінің қалай қазақ болып кеткенін
білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз.
А) Б.Матип
Ә) К.Федин
Б) Бельгер
В) Л.Арагон
8.М.Әуезовтің әңгімесін табыңыз.
А) «Қаракөз»
Ә) «Абай жолы»
Б) «Еңлік-Кебек»
В) «Жетім»
9.М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға:»Бөжекеңді көрген жерде
сәлеміңді түзу бер»,-деп айтқан адамды табыңыз.
А) Зере
Ә) Айғыз
Б) Ұлжан
В) Күңке
10. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Сүйіндіктің қандай адам екенін
белгілеңіз.
А) Табанды , қырсық адам
Ә) Сыр бермес
Б) Жалтақ адам
В) Сұм адам
Жауабы: 1-ә, 2-а,3-а, 4-ә,5-б,6-б,7-а,8-в,9-ә,10-б.
Тест сұрақтары ІІ нұсқа
1.М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз.
А) «Абай жолы»
Ә) «Қилы заман»
Б) «Қаракөз»
В) «Еңлік-Кебек»
2.М.Әуезов Санкт-Петербург университетін қай жылы бітірді?
А) 1922
Ә) 1928
Б) 1924
В) 1926
3«Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері кім?
А) Рабиға
Ә) Ғазиза
Б) Жәмила
В) Қадиша
4М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын
кеткен қарындасының атын табыңыз.
А) Кәмшат
Ә) Айгүл
Б) Мағыш
В) Салиха
5.М.Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер
кездесетінін белгілеңіз.
А) «Қилы заман»
Ә) «Қаралы сұлу»
Б) «Қараш-қараш оқиғасы»
В) «Оқыған азамат»
6.«Абай жолы» романындағы асы берілген адамның атын табыңыз.
А) Бөжей
Ә) Байдалы
Б) Қодар
В) Қаратай
7.М.Әуезовтің 1956жылы қандай кітабы басылып шықты?
А) Абай жолы» ІІ кітап
Ә) «Абай жолы» І,ІІ кітап
Б) «Дос-бедел-дос»
В) «Абай жолы» І кітабы
8.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының І кітабында Абайдың кім ретінде
қалыптасқанын белгілеңіз.
А) Азамат
Ә) ақын
Б) Ел қамқоры
В) Азамат-ақын
9.»Абай жолы» романындағы Дәркембайдың кім екендігін көрсетіңіз.
А) Орта шаруалы адам
Ә) Абайдың шәкірті
Б! Кедей жатақ
В) Бай , болыс
10.Пейзаж терминінің мағынасын анықтаңыз.
А) Оқиғаны баяндау
Ә) Табиғатты суреттеу
Б) Оқиға болған жерді көрсету
В) Адамның сыртқы түрін сипаттау
Жауабы: 1-в, 2-ә, 3-ә, 4-а, 5-б, 6-а, 7-а,8-а, 9-б, 10-ә.
Сынақ
№1 билет
1. М.Әуезовтің өмір жолын айтыңыз.
2. «Еңлік-Кебек» трагедиясының тақырыбы мен идеясы
№2 билет
1. «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесіндегі Бақтығұлға мінездеме берініңіз.
2. Эпопея терминінің мағынасын түсіндіріңіз.
№3 билет
1. «Қорғансыздың күні» әңгімесінің мазмұнына тоқталыңыз.
2. Романның «Абай жолы» аталуын түсіндіріңіз.
№4 билет
1.Романдағы Құнанбай мен Абайдың қарапайым адамдарға деген
көзқарастары.
2.Абайдың әкесі туралы пікірінің қалыптасуы және оған себеп болған
жағдайлар.
№5 Билет
1. Романдағы халықтар достығының суреттелуі.
2. Абайдың халық ұлы екенін немен дәлелдейсіз?
Шиелі ауданы №219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бимұратова Нұрсәуле Қалдыбекқызы
-----------------------
Мұхтар Әуезов
аудармасыыы
драматургиясы
Прозасы
Әңгімелері
романдары
повестері
Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қыр суреттері», «Кім кінәлі», «Сөніп-жану», т
«Отелло», «Асауға тұсау», «Ревизор», «Қорқыныш», «Ақсүйектер», «Флот
офицері» т. б.
« Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал»,» Қаракыпшақ Қобыланды», «Қаракөз», «Айман-
Шолпан» және т. б.
«Абай жолы»
«Өскен өркен»
«Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман».
Байдалы,
Байсал
Бөжей, Сүйіндік
Майбасар,
Жиренше
Тәкежан,
Оразбай
Әзімбай, Шұбар, Нығмет, Жәлел
Базаралы
Дәркембай
Әбіш, Мағаш,Дәрмен, Баймағамбет
Рақым, Шәкет, Асан, Үсен, Асқар
Мұрат, Мақсұт
«Қазақстан үшін Әуезов-екінші Абай» (Погодин).
«Туған халқына мәңгілік мұра болғандай ғасырлық туынды сыйлау тек қадау-
қадау ұлылардың ғана үлесіне тиген.Солардың бірі- Мұхтар Әуезов»
(З.Қабдолов).

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz