Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жеңістің туын тіккен

Қазақстан Республикасының

Білім және Ғылым министрлігі

№41 М.Оразалиев атындағы шағын жинақты жалпы
орта мектебі

Тақырыбы:

(Мерекелік іс-шара)

Орындағандар: Бекебай Т.
Сұлтанбекова Г.

М.Оразалиев ауылы 2010 жыл

БЕКЕБАЙ Төлепберген
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
№41 Молыбай Оразалиев атындағы
шағын жинақты жалпы орта мектебінің
ағылшын тілі мұғалімі

Сұлтанбекова Гүлзия
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сайрам ауданы
№41 Молыбай Оразалиев атындағы
шағын жинақты жалпы орта мектебінің
ағылшын тілі мұғалімі

Ер есімі-ел есінде

1. Ашу салтанаты: ауыл әкімі ашу салтанатын бастайды.

2. Қазақстан Республикасының туы алып келінеді.

3. Қазақстан Республикасының гимні орындалады.

4. Ашу салтанаты: а) облыс әкімшілік өкілі.

б)аудан әкімі.

в) ардагерлер.

1-жүргізуші: XX ғасырдағы ең бір қанды қасірет қайсы десек, ол – Екінші
дүниежүзілік соғыс еді. Себебі оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты,
майданға 61 мемелекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды,
110 миллион адам қолына қару алды.
1941 жылы 22 маусымда таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері КСРО-ға,
соның ішінде батыс шекараларына ене бастады. Ең алдымен, жаудың шабуылына
ұшырағандар батыс шекарашылар болды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса»
деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ
соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.

(Левитанның сөзі: Соғыстың басталуы)

2-жүргізуші: (Св.Война-әні орындалып тұрады):-Таң алдында, тәтті ұйқыда
жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып өткен жау оғымен адам баласының
тарихында болмаған бір ғаламат соғыс басталды. Сол күні жау тәтті ұйқыңды
ғана бұзған жоқ. Зұлым жау бейбіт өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана
баласымен қоштасты. Қырда қойшы қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға
айырбастады. Ойда диханшы трактордан түсіп, танкіге отырды. Ол кезде бүкіл
ел солдат болды. Сол жылдардың бозбала, бойжеткендері ақын болуды, инженер
болуды, оқымысты болуды армандаған еді...
Елге қатер төнді. Ел үстіне найзағай, қара бұлт қабағы түйілді. Бейбіт
халықтың денесі жаралы.

Түймебай Мария:
Жігіт кетті майданға,
Тал бойында бес қару.
Айырылғанға арманда,
Қалды артында жас ару.
Жас жүрегі біртүрлі,
Алқымына тығылып.
Алғашында бір тұрды,
Қалам ба деп жығылып...
Жоқ! Жығылып қалмады,
Қайраттанды, ширады.
Аттанған соң алғаны,
От басына сыймады.
Көңілін тартып көп еңбек,
Кетті егіннің басына:
Күнде көмек берем деп,
Майдандағы досына...

1-жүргізуші:Жаудың жүздеген дивизиясы біздің елге баса көктеп кірді.
Гитлер сөзінде «Қыс түскенше Мәскеуді алу керек те, жер бетінен
жойып жіберу керек» деді. Мәскеуді басып алу операциясын фашистер
«Тайфун» деп атады, мәскеуге 51 дивизиясын жіберді, оның 13 – і танк, 7 –
уі моторлы қайық, 31 – і жаяу әскер дивизиясы еді.
Дәл осы кезде «Отан Ана шақырады» ұранымен бүкіл совет халқы
майданға аттанды.

Балқыбек Мейіржан:
Тоқта, достар, тез мін атқа,
Қатерлі ауыр сын сағатта.
Батыстан зіл қара бұлт
Төнді айналып Кавказ қартқа,
Қай жан шыдар бұл қорлыққа,
Қай жан шыдар бұл мазаққа.
Туған жерін талқандату
Өлім – арлы азаматқа.

2-жүргізуші: Отан-Ана еліміздің ер азаматтарының қолына қару, бойына қуат
беріп, жауға осылай шығарып салды.

Қыдырәлі Заңғар:

Барамын тартып батысқа,
Жортуыл, қырғын,түн қату,
Өлтіру,өлу атыс та!
Жігіттің жігіт болғаны
Жаудан елін сақтаса,
Жау шапқанда еліне
Қояндай бұғып қашпаса.
Атой сап жауға кіремін,
Ұлы Отаным,сен үшін!
Мына бір қалған бел үшін!..

2-жүргізуші: Соғыс кезінде оқ атылмады демесе, ауылдағы тіршіліктің
қиындығы майдандағыдан кем болған жоқ. Аналар мен балалар, ақ сақалды
аталар бәріне төзді. Соғыс ауыртпалығының куәсі болған әжелеріміз сол
күндерді былай деп еске алады:
«Барлық ауыртпалық әйелдердің мойнына жүктелді. Сол күндерде бел шешіп
демалған сәттер есіме түспей тұр. Таңның атысынан, күннің батысына дейін
ферманың жұмысымен айналысамыз. Қолымнан бұл жұмыс келмейді дейтін сөз
болмайды. Кешке жақын сығырайған керосин шамының жарығымен әскерлерге арнап
шұлық тоқимыз. Солардың қан кешіп жүргендері есімізге түскенде,
шаршағанымыз ұмытылып кетеді. Қанша қиындық көрсек те біз ел ішіндеміз ғой
деп шүкірлік ететінбіз.»

Ән: «Ана туралы баллада»-Есалиев Ғали.

Мақтабай Ақбаян:
Орыс, қазақ, қырғыздар,
Құралған бұл шағын топ
Жауға үрей туғызған.
Жаппай түскен жалын боп
Даңқын қосып даңққа
Сұрапылға төтеді.
Борыштарын халқының
Ерлігімен өтеді.

Балқыбек Мейіржан:
Ашу мен кек оятты ел намысын,
Отан үшін жан пида болды үлкен сын.
Ер азамат жауменен арпалыста,
Әйелдер терін төкті майдан үшін.

Аналар қоштасқанда асылымен,
Арулар қош айтысты ғашығымен.
Балалықтың базарын ерте жауып,
Талай жұмыс істеді бала-өркен.
Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,
Төрт жыл өтті,соғыс әлі бітпей қойды.
Кемпір-шал,әйел-бала ауылдағы,
Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

Ән: «Катюша»-Есалиев Ғали.

1-жүргізуші: Соғыс құйыны әр отбасының шаңырағын шайқалтты, отын өшірді,
сәбилер жүрегіне жазылмайтын жара салды.
Осы кішігірім ауылдың өзінен қаншама азамат соғысқа аттанып оралмады,
қаншама шаңыраққа қайғы-қасірет орнады. Біздің бүгінгі бақытты өміріміз
үшін ауылдас аталарымыз бен ағаларымыз өз өмірін қиған.
Атап
айтсақ,...................................................................
......................................... Сол соғыста құрбан болған ата-
бабалрымыз ерлігіне тағзым етейік.

(1 минут үнсіздік жарияланады)

Өлең: «Солдаттың ерлігі»-оқитын Сарсенбаева Айжарқын.

Би: «Тырналар»-Ақмаржан би тобы.

1-жүргізуші: Соғыс.....сұрапыл соғыс қанша үйдің адамын ұрлады,қанша үйде
оттар сөніп,боздақтар өмірден өтті.Солардың ішінде жалынды жас қыздарымыз
Әлия мен Мәншүк те бар. Олардың ерлікке толы өмірі кейінгі ұрпаққа өнеге.
Шығыстың қос шынары өмірден ерте кеткенмен өшпес ерліктері қалды.

Ән: «Әлия»-Құрманбек Айдана.

2-жүргізуші: 1944 жылы Бас қолбасшысының жоспары негізінде Кеңес қарулы
күштері әр аймақта ірі соғыс шабуылдарын жасап, жаудың негізгі топтарын
талқандай отырып, жыл аяғына дейін Кеңес Одағының бүкіл аймағын
басқыншылардан азат етті, майдан шебі германия шекарасына жетті.

Абдыраймбек Орынбасар:

Байтақ Отан сия ма тар қыспаққа,
Мұхиттай жігер тасып сол бір шақта.
Сұрапылдай соқты да жау қамалын,
Жеңіс туын қадады рейхстагқа!

(Левитанның сөзі: Берлинді алу)

1-жүргізуші: 1945 жылдың 9 мамыры. Герман фашизмінің күйрей

жеңілген күні. Жеңіс! Ұлы Жеңіс!
Фашистік Германия тізе бүкті... Бірақ сол сұм соғыс өзімен бірге 10
миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27
миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және
мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті. Сондықтан
адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 65 жыл бұрынғы
Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгі
ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ.
Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-
1945 жылдардағы қанды қырғынға 1,3 миллион ұл мен қыз аттаныпты. Бәрі де
жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айнала
оралды. Содан бері зымырап 65 жыл өте шықты.

Заңғар:

Біз қашаннан ер қаһарман халықпыз,
Біз тарихта теңдесі жоқ алыппыз.
Біз күштіміз күштілердің бәрінен,
Біз сөнбейтін күн тәрізді жарықпыз.
Біздер нағыз құдіретті елденбіз,
Ғасыр көшін бастау үшін келгенбіз.
Біз кешегі майдангерміз күйрете
Қаныпезер фашизмді жеңгенбіз.

2-жүргізуші: 30-сәуір, 14 сағат 25 минутта рейхстаг төбесіне ту тіккен
сержанттар Егоров пен Кантария қатарында жас қазақ Р.Қошқарбаев та бар
еді. 1945 жылы 8-мамырда Берлин маңындағы Карлехорст қаласында Германия
қарулы күштер одақтастары алдында тізе бүгу жөніндегі актіге қол қойды.
Рейхстаг үстінде біздің жеңіс туымыз желбіреді.

(Левитанның сөзі: Германия капитуляциясы)

2-жүргізуші: Күні кеше ғана қолдарына қару алып, кеңестік жауынгерлерінің
айналасына қарсы соғысқа қатысқан неміс әскерінің әйелдері мен балалары,
әкелері мен шешелері топталуда. Үнсіздік жайлаған, бүлініп қираған Берлин
қаласының тұрғындары алымен жасқана, біраздан кейін батылдана шыға
бастады.. Адам төзгісіз шаршағандыққа қарамастан барлығы қуанышты еді.

Ән: «Бейбітшілік жыры»-Құрманбек Айдана.

(Ән: «День Победы»- орындалып тұрады.)

2-жүргізуші: Жеңісті ұзақ күтті. Иә, біздер жеңіске жеттік. Біздермен
бірге бүкіл Еуропа халқы да жеңіске жетті. Біздер жер бетіне жеңіс туын
тіктік. Бұл күнді аңсап мыңдаған, жүз мыңдаған боздақ көз жұмды. Жеңіс
жолында жанын пида етті. Тірі қалғандар көзінен жасы парлап тұрып сол күні
қуанды.

Орынбасар:
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Мақтабай Ақбаян:

Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді,қуандық көңіл тасып.
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата-анамен қуанышты құшақ ашып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың,
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

Аспанда күн жарқылдап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен,
Қара күндер қайғысымен ұмыттырды.

1-жүргізуші: Жеңіс күні – адамзат аңсап күткен күн. Жеңістің туын
тіккен. 1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні. 1941 –
1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды.
Жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс
даласында көз жұмды. Олар бізге «Жеңіс» атты қасиетті де қастерлі сөзді
сыйлап кетті.

2-жүргізуші: Жеңіс күні – 9-мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт
өміріміздің бастауы болған күн. Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс
аяқталған күн.

1-жүргізуші: Жеңіс күні – 9-мамыр. Фашизмді жеңген қаһарман
халқымыздың мереке күні.

2-жүргізуші: Жеңіс күні – 9-мамыр. Осынау қуаныш үшін өмірлерін
қиған боздақтарды еске алу күні.

1-жүргізуші: Жеңіс күні – 9-мамыр. Үйіне, отбасына, ата-анасына
оралмаған аталарымыз бен ағаларымызды сарыла күткен сағыныш күні.

2-жүргізуші: Бұл күн – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын
боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні.

1-жүргізуші: Бұл күн – әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.

2-жүргізуші: Бұл күн – бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму
жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.

Ән: «Ақ көгершін»-хорымен аяқталады.

Ұқсас жұмыстар
Ұмытылмас ерлік
"ер есімі- ел есінде" тәрбие сағаты
Жеңіспен оралыңдар
Ту тіккен рақымжан
Ер есімі - ел есінде сценарий
Әр жорықтың өз бастауы бар..
Қанды қырғын аждаһа
Ұлы жеңіске – 65 жыл Ер есімі –ел есінде
Тұлғалы батырлардың ерлігі ел есінде
Қара көз қазақ қызы Әлия батыр, Орнатқан дұшпанына заман ақыр
Пәндер