Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақты қорытындылау. Сабақтың құрылымы

Дүниетану
1-сынып

Тақырыбы: Көкөніс.
Мақсаты: Оқушыларды көкөністердің түрлерімен таныстырып, оларды тануға ,
пайдасын білуге үйрету; көкөністердің тұқымнан , жемістен
өсетіндіктерін ұғындыру; оқушыларды елін, жерін, табиғатты сүюге;
өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу.
Сабақтың құрылымы: Аралас сабақ
Сабақты өткізу әдісі: Түсіндіру; сұрақ-жауап
Пән аралық байланыс: Әліппе пәні
Көрнекілік: Көкөністер, суреттер, әріптер, Қазақстан картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:
Амандасу, түгендеу , сыныптың тазалығын , оқушылардың дайындығын
бақылау, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- «Тұқым» тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, жауап алу;
- Оқушыға алма мен өріктің жемісін беріп салыстырту , тыңдау;
- Қорытындылау: осы жеміс пен тұқымнан біздің елімізде өсімдіктің
көптеген түрлері өседі. Жеріміз өсімдікке бай.
- Біздің еліміз қалай аталады?
- Президентіміз кім?
Біздің еліміз - тәуелсіз мемлекет. Еліміздің өз Елтаңбасы , Туы,
Әнұраны бар. Елбасы елдің экономикасын дамыту үшін ауыл
шаруашылығына көп көңіл бөлуде.

ІІІ. Сергіту сәті : Алты жастан астың ба?
Оқуға аяқ бастың ба?
Бүкіл қазақ тұрады,
Бір шаңырақ астында.

ІV. Жаңа сабақ:
- Осы үлкен шаңырақ астында бүкіл Қазақстан халқы тату –тәтті өмір
сүреді. Өсімдіктің түрлері жерімізде өте көп. Сол өсімдіктің
ішінде адам керегіне жарататын , пайдалы өсімдіктер де бар, ол
қалай аталатынын жұмбақты шешу арқылы табыңдар:
Қияр, қызанақ, қызылша
Оларсыз салат бола ма?
Жуасыз тамақ пісірмейміз
Бәрінің атын не дейміз?

1) Дұрыс, осы көкөністерді қазір сіздерге таратып беремін. Бұларды
адамдар күнде тағамға пайдаланады. Күнде көріп жүрсіңдер ,
танисыңдар. Қазір атын атап, түсі, пішіні, қатты-жұмсақтығын, тамаққа
қалай пайдаланатынын (пісіріп, шикілей) айтасыңдар.
(Оқушыларды тыңдау)

2) Оқулықпен жұмыс «Көкөніс» мәтінін оқып беру.
Суреттегі көкөністердің атын атату , қайсысының тұқымы көрініп
тұр?
Көкөністерді ( қарбыз, қауын , қызанақ, қияр) кесіп , жемісіндегі
тұқымдарды көрсету.
Сәбіз бен картопты кесіп көрсету , тұқымы неге көрінбейтінін
түсіндіру:
- Сәбіз, пиязшық – жеміс емес. Пиязшық-сабақтың жер асты өркенінің
қалыңдаған бөлігі.
Сәбіз (картоп, шалқан , қызылша )жемтамыры - тамырдың қалыңдаған етті
бөлігі.
- Қияр , қызанақ гүлден пайда болады. Тағы қандай көкөністер
гүлден пайда болады?
- Көкөністер қысы-жазы біздің дастарханымыздан кетпейді. Қыста
оларды қайда өсіреді?
Дұрыс , жылыжайда өсіреді. Сондықтан қалалық жерде қысы-жазы жас
көкөністер үзілмей базарда сатылып тұрады.

3) Қорытындылау:

V. Ойын «Әріптен сөз құрастыр»
- Осы көкөністің барлығы біздің Отанымызда , жерімізде шығады.
Сондықтан «Отан» деген сөзді тақтаға жазайықшы. Қай көкөністің
атында «о» әрпі бар?...
(тапқан оқушылар әріптерді тақтаға қойып шығады)

VI . Сабақты қорытындылау
Сұрақтар қою, толық жауап алу.
- Көкөністердің бізге беретін пайдасы көп және олардың емдік
қасиеті бар, бойында дәрумендер көп. Бау-бақшада көкөністі
өсіруге , жинауға үлкендерге көмектесу керек.

VII . Оқушыларды бағалау.

VIII. Үйге тапсырма :
«Көкөністер» мәтінін оқу, ұнаған көкөністің суретін салу.

Бастауыш сынып мұғалімі:
Бажикова Нұрсұлу
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Мұнайшы кенті
№7 орта мектеп

Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан күйлерінің мектебі
Ақпаратты компьютерде сақтау
Қатынас қағазының мазмұны
Венн диаграммасы. Сабақтың түрі
Беларусь Республикасының халқының саны қанша
Абылай кім
"Абылай хан.."
Қазақстан жеріндегі ерте орта ғасырдағы мемелекеттер
Арнайы мектептегі сабақты талдау
Тест жұмысы. Ашық сабақ
Пәндер