6-сыныпқа арналған таңбалары әртүрлі екі санды қосу тақырыбы бойынша сайыс-сабақ жоспары

Кенбай орта мектебі

Таңбалары әртүрлі екі санды қосу

тақырыбына есептер шығару

(6 сынып)

Өткізген: А. Батырова

2010-2011 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы:

Таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбына есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Оқушылардың таңбалары әр түрлі екі санды қосу тақырыбынан алған білімдерін тереңдету, жүйелеу.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, интеллектуальдық қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру.

Б) Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, өз мүмкіндіктерге сенуге, үлкен жетістікке ұмытылуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Сайыс-сабақ

Сабақ әдісі:

Танымдық ойын, тест, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сұрақ-жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құнды қағаз, сызғыш, сөз жазылған конверт, тірек-кестелер.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, география, информатика

Сабақ жүрісі:

  1. Ұйымдастыру
  2. «Алғашқы қадам» (үй тапсырмасын тексеру)
  3. «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұраққа 10 ұпай)
  4. «Біліктілік сайысы» (әр топқа тапсырмалар беру)
  5. «Білімің - ұшыр қанатың» (оқулықпен жұмыс)
  6. «Сергіту сәті» (топтарға сөзжұмбақ, жұмбақтар, мақалдар беру)
  7. «Шешуші сәт» (семантикалық карта мен сәйкестендіру тестісін беру, тест тапсырмалары)
  8. Үйге тапсырма
  9. Қорытындылау, мадақтау, бағалау.

Сайыс сабағымызды бастау үшін сынып оқушылары 3 - топқа бөлінеді.

Олар: «Оң сандар», «Теріс сандар», «Қарама-қарсы сандар» топтары.

І бөлім «Алғашқы қадам»

(үй тапсырмасын орындап келген әр топ мүшесіне 10 ұпайдан беру)

№432, №440.

ІІ бөлім «Ойлы болсаң, озып көр» (сұрақ-жауап, әр сұрақ 10 ұпай)

  1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
  2. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу.
  3. Кез келген санның 0-мен қосындысы.
  4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы.
  5. Қарама-қарсы сандардың модульдері
  6. Санның модулі.

ІІІ бөлім «Біліктілік сайысы»

(әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беру, 10 ұпай)

«Оң сандар» тобына кесте толтыру.

Алғашқы температура
Температура өзгеруі
+2 0 С
-3 0 С
+4 0 С
-5 0 С
Алғашқы температура: -6 0 С
Температура өзгеруі: -4 0 С
-9 0 С
-2 0 С
-11 0 С
Алғашқы температура: -10 0 С
Температура өзгеруі: -8 0 С
-13 0 С
-6 0 С
-15 0 С
Алғашқы температура: -20 0 С
Температура өзгеруі: -18 0 С
-23 0 С
-16 0 С
-25 0 С

«Теріс сандар» тобына «Топтастыру стратегиясы»

«Қарама-қарсы сандар» тобына Венн диаграммасы

ІV бөлім «Білімнің - ұшар қанатың»

(оқулықпен жұмыс, әр түрлі есепті топ өздері таңдайды)

  1. 30 ұпайлық есеп, №447
  1. -8, 3+5, 6=-2, 7 4) 0, 56+(-0, 89) =-0, 33
  2. -9, 7+14, 3=4, 6 5) -9+0, 9=8, 7
  3. -0, 36+1, 43=1, 07 6) 6, 17+(-8) =-1, 83
  1. 40 ұпайлық есеп №448, №449
  2. 50 ұпайлық есеп
  1. (-0, 8) +(+0, 5) +(0, 75) +(+0, 32) =(-0, 8-0, 75) +(0, 5+0, 32) =-1, 55+0, 82=-0, 73

V бөлім «Серпіту сәті»

(әр топқа тест, сөзжұмбақ, мақал беріледі, әр дұрыс жауап 10 ұпай)

«Оң сандар» тобына «Рационал сан» сөзжұмбақ шешу.

Р: Р
а: а
д: д
у: у
и: и
с: с
Р: А
а: р
д: а
у: л
и: а
с: с
Р: Ц
а: и
д: р
у: к
и: у
с: л
Р: к
а: И
д: л
у: о
и: м
с: е
Р: О
а: н
д:
у:
и:
с:
Р: Н
а: а
д: т
у: у
и: р
с: а
Р: А
а: з
д: а
у: й
и: т
с: у
Р: б
а: ө
д: Л
у: ш
и: е
с: к
Р: т
а: е
д: р
у: і
и: С
с:
Р: м
а: а
д: с
у: ш
и: т
с: А
Р: б
а: ү
д: т
у: і
и: Н
с:
  1. Шеңбердің элементі?
  2. қандай сан?
  3. Шеңбер сызатын құрал?
  4. Ұзындық өлшем бірлігі?
  5. Екі орынды ең кіші сан?
  6. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар?
  7. Қосуға кері амал?
  8. қандай сан?
  9. Оң санға қарама-қарсы сан?

10) Картаны сызуға қандай өлшем қолданамыз?

11) 20 қандай сан?

«Теріс сандар» тобына математикалық жұмбақтар шешу.

  1. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жағыңа қарамай (Натурал сан)

  1. Бүтін сан, бөлшек сан

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі сонда (Рационал сан)

  1. Егіз туған қос жүйрік

Жарыса шауып терлейді

Бірін-бірі көрмейді

Дамылсыз қанша шапса да (Параллель түзу)

  1. Бірдей санды, бірнеше рет

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады. (Дәреже)

  1. Алма ағашта бес алма,

Қандай тәтті жесе алма,

Бесеуінде жеп қойсам,

Қалады онда неше алма? (0)

«Қарама-қарсы сандар» тобына мақал-мәтел жалғасын табу.

  1. Білікті бірді жығады,

Білімді мыңды жығады.

  1. Бір кісі қазған құдықтан

Мың кісі су ішеді.

  1. Айдағаның бес ешкі

Ысқырығың жер жарады.


Ұқсас жұмыстар
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу: сайыс-сабақ жоспары
Таңбалары әр түрлі екі санды қосу: сайыс сабағының жоспары
Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуды бекіту: сабақ жоспары
Таңбалары әртүрлі сандарды қосуға есептер шығару: сабақ жоспары
Сабақ жоспары: таңбалары қарама-қарсы сандарды қосу
6-сынып математикасы: Таңбалары әр түрлі сандарды қосуға арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Рационал сандарды көбейту: таңбалары бірдей және әртүрлі сандардың көбейтіндісі
5-сыныпқа арналған бөлімдері әртүрлі жай бөлшектерді қосу және азайту сабақ жоспары
6-сынып математика: санды теңсіздіктерді қосу және азайтуға арналған саяхат сабағы жоспары
Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту: сайыс түріндегі жүйелеу сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz