Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Химия мектепте
Автор туралы мәлімет.
Бакитова Венера Салахиддиновна , еңбек өтілі 18 жыл, жоғары санатты химия
және биология пәнінің мұғалімі.
Марапаттары: 2008 жылы Облыстық Білім басқармасының «Құрмет грамотасы»,
2009 жылы аудан химия пән мұғалімдерінің арасында олимпиадада І орын
алған үшін Аудандық білім бөлімінің мадақтамасы,
2010 жылы Облыстық химиялық турнирде олимпиадалық есептер шығару байқауында
ІІІ орын алған үшін мадақтама ,осы турнирде Тасқала құрама қомандасында
эксперименттік есептер шығару байқауында І орын, жалпы командылық І орын.
Жетістіктері:
Үлгілі сабақтары «Химия мектепте», «Химия Қазақстан мектебінде»
республикалық ғылыми –педагогикалық журналында жарияланды. ( «
Көмірсутектердің табиғи қорлары және оларды өңдеу.Табиғи және мұнайға серік
газдар»/№5-2008жыл/ «Зат мөлшері.Моль.Авогадро саны.Молярлық масса» /№2-
2008 жыл/, «Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық
жүйесі»/№1-2008 жыл/, «Тұздар гидролизі»/№4-2008 жыл/, «Біліктілікті
қалыптастыру» /№6-2008 жыл/, «Топқа бөлініп қайталау»/1-2008 жыл/,
«Мамандыққа ғылымның әсері»/№2-2008 жыл, «Периодтық жүйенің дамуы» /5-2008
жыл/,«Сапалы сабақ» №4 -2009 жыл, «Мектептегі ғылыми жұмысты ұйымдастыру»
№2-2010 жыл, «Сарамандық жұмыспен» № 1 -2011жыл)
Оқушылардың ғылыми жұмыстары Республикалық “Мектептегі ғылыми жұмыс”
әдістемелік журналында жарияланды: №2-2011ж «Жарнаманы зерттеудегі
химиялық талдау», №1-2012 ж «Тоқыма талшықтардың дақ проблемасы
Мұғалімнің ОПКБА және КДИ-ның әдістемелік сараптама кеңесінің шешімімен
(хаттама №9, 26 ақпан 2010 жылы) «Химия сабағындағы жаңа технологиялар»
тақырыбындағы іс –тәжірибесі облыс көлемінде таратылды. Облыс көлемінде
“Химия және экология” қолданбалы курс оқу кешені және “экологиялық
мазмұны бар есептер жинағы”таратылды, 2012 жыл.
Аудандық жаратылыстану пәндерінің кабинет байқауында «ең үлгілі
эксперименттік бөлім» номинациясына ие болды.
Оқушыларының жетістіктері: Оқушылары облыстық Президенттік, техникалық
олимпиада химия пәнінен қатысушысылары, Облыстық «Бесінші элемент» химиялық
турнирінің «химик теоретик» турының І орын жүлдегері, аудандық олимпиадаға
химия пәнінен ІІ, ІІІ орын иелері, екі жыл бойы аудандық «Бесінші элемент»
химиялық турнирінің І,ІІ,ІІІ орын иелері, аудандық ғылыми конференциясында
І,ІІ,ІІІ орын иелері.
Оқушылары: Бекбулсинова Д., Дакешева А.,Гумарова Г.-БҚАТУ, Мурзабеков А.
БҚМУ, Атауова А. Фармация академиясының грант иелері.
Орта мектептегі химиялық эксперимент: проблемалар және оны шешу жолдары.
Мемлекеттік білім стандартына сай келетін оқушының білім деңгейіне
қойылатын талаптардың бірі-оның тәжірибе жасау дағдысын қалыптастыру. Химия
сол тәжірибені жасауда дағды қалыптастыратын жаратылыстану пәндерінің
ішінде теориялық-экспериментті ғылым. Оқу бағдарламасына сәйкес химия
сабағының 70 % демонстрациялық тәжірибемен өтсе, 30-35% химиялық
экспериментпен өтеді.
Мектептегі химиялық эксперимент-құбылыстардың сырын ашудың негізгі
құралы. Эксперимент арқылы құбылыста ешбір жұмбақ, жасырын сыр жоқ екеніне,
олар да табиғи заңға бағынатыны, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді
адамның сарамандық іс-тәжірибелеріне кең пайдалануға мүмкіндік туғызатынына
оқушылардың көзі жетеді. Эксперимент оқыту үрдісінде теорияның тәжірибемен
өзара байланысын іс жүзінде, білімді сенімге айналдырады.
Эксперимент жүргізу барысында оқушылардың өзіндік дамуы, химияға
деген қызығуы артады және байқалған құбылыстар мен үрдістерді түсіндіру
кезінде оқушы бойында білік пен дағды қалыптасуы жүзеге асады.
Орта мектепте химиялық эксперименттің төрт түрі қолданылады:
1.Демонстрциялық тәжірибелер;
2. Зертханалық тәжірибелер;
3. Сарамандық жұмыстар;
4. Эксперименттік есептер шығару;
бұлардың әрқайсысының жеке әдістемелік тәсілдері, соған сай мақсаттары
бар./2/
Демонстрациялық тәжірибелерді көрсету мақсаты-бір құбылысты көрсетіп,
дәлелдеп түсіндірумен қатар мектепте бар техникалық құралдарды барынша
мақсатты пайдалану. Қазір мектептерде химия кабинеті жаңа құрал-
жабдықтармен жабдықталуда , бірақ осы құралдармен жұмыстануда әдістемелік
көмек қажет. Себебі, демонстрациялық тәжірибелерді орындауда осы
құралдармен ең алдымен мұғалім өзі дұрыс жұмыс жасау білу керек. Мұғалім
көрсеткен тәжірибелерді байқай отырып, оқушылар құбылыстың мәнін түсінумен
қатар, құралдың құрылысы, оның бөлшектерінің орналасуы, жеке жұмыстардың
орындау реті, жұмысты дұрыс істеу мен құрал-жабдықтарды дұрыс қолдана білу
жөнінде түсінік алады.
Мектеп жағдайында бірқатар өтілетін объектілерді оқушыларға көрсетуге
мүмкіндік бола бермейді. Әсіресе, өндіріс орындарына саяхат жасауға
көптеген өндірістердің жұмыстарына тоқтауына сәйкес. Бұл мәселені шешуде
электрондық оқулықтар виртуалды зертханасымен қолдануға немесе
бейнефильмдерден үзінді көрсетуге болады. Ал кейбір мектептерді химия
кабинетінде карапайым компьютерде жоқ. Сондықтанда химия кабинеті қазіргі
талапқа сай тұрақты жабдықталған экран, тұрақты қойғыш, оқыту құралдары,
жаңа үлгідегі интерактивті тақта, компьютермен жабдықталуы тиіс.
Сарамандық жұмысты өткізудің негізгі шарты-оған алдын-ала дайындық
жасау. Яғни, оқушы оқулықтағы жұмыстың сипаттамасымен танысады,
тәжірибенің мақсаты, қолданатын құрал-жабдықтар және реактивтер, құралды
құрастыру сызбасы немесе сілтемесі, тәжірибенің орындалуы және құбылыстарды
бақылау, оны химиялық тілмен жазады. Бұл мәселелерді ұтымды орындалуы және
уақытты үнемдеу үшін, қойылатын химиялық эксперименттерге карта-сызба
нұсқауларды немесе сарамандық және зертханалық жұмыстарға арналған жұмыс
дәптерлерін дайындауға болады. /1/Осыған байланысты өз тәжірибемде 8-11
сынып оқушылары үшін сарамандық және зертханалық жұмыстарға арналған
дәптерлерін дайындаудамын.
Қала мектептерінде сыныптарда оқушы санның көп болуына байланысты
сарамандық жұмыстарды топқа бөліп оқытылу енгізілу керек. Себебі, мұғалім
бүкіл оқушының жұмысының қауіпсіздігіне назар аудара алмайды.
Сонымен қатар, сапалы сарамандық және зертханалық жұмыстар орындау үшін жай
мектептерге арналған бағдарламаға сай оқушыларға жұмыс дәптерлері,
мұғалімдерге қазақ тілінде сапалы әдістемелік нұсқаулар қажет.
Эксперименттік есептер шығару-мұның зертханалық тәжірибелер мен
сарамандық сабақтардан негізгі айырмашылығы-оқушылар өз беттерінше
орындайды.
Оқушыларды эксперименттік химиялық есептерді шешуге үйрету-күрделі
әдістемелік сұрақтардың бірі.
Көпшілік жағдайда мұғалімдер сарамандық сабаққа әзірленуді бергені секілді
эксперименттік есептерді де үйде шығарып келуге тапсырма береді. Бұл
жағдайда оқушылардың есепті дұрыс түсініп орындауы мүмкіндігі аз.
Эксперименттік есептерді шығаруға әзірлік сыныпта мұғалім басшылығымен іске
асырылуы тиіс.Ең алдымен жоспар (матрица) құруға үйрету және қорытындысын
болжауға машықтандыру. Соның ішінде, эксперименттік есептерді шешу
барысында оқушылардың зейінін мынаған аударуымыз керек:
1. Есепті неғұрлым аз сарамандық әрекетті қолданып шешу керек.
2.Әрі арзан, әрі тиімді реактивтерді таңдап, оны үнемдеп қолданған жөн.
3. Іс жүзінде жүретін реакцияларды қолдану қажет.
4. Заттың үлгісін алу.
5. Зерттеу барысында бақылау нәтижесін жазу.
6. Жұмыс нәтижесін есептің мақсатымен салыстырып, тұжырымдар дұрыс
қорытынды жазу. /3/
Сонымен қатар, тұрмыстық химияны экспериментке енгізуіміз керек, соның
ішінде оқушылардың өзіне жақын таныс өнімдерді алу, танымдық деңгейін
көтеруде теорияда алған білімдерін іс жүзінде жетілдіру.
Химиялық эксперимент кезінде ерекше талаптардың бірі-бұл оқушылардың
қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтау. Сарамандық, зертханалық жұмыс
кезінде әр оқушы қарапайым халат пен перчаткамен қамтамасыз етілу керек.
Өкінішке орай, эксперимент кезінде тек мұғалім халат киеді, ал оқушы?
Сондықтан, әр оқушы міндетті түрде мектеп формасы сияқты оқу жылының
басында халат және перчаткамен қамтамасысыз етілу қажет. Соған талап қоя
білуіміз керек, құрметті әріптестер.
Білім саласының алдында тұрған міндеттерді шешудің маңызды
шарттарына оқушылардың толыққанды оқу әрекеті арқылы өз оқу үрдісін
жетілдіру жатады. Осыған байланысты өзіндік жұмыстарды орындау аса маңызды
рөл атқарады. Бұл оқушылардың химия пәні бойынша ғылыми-ізденіс
жұмыстарынадағы эксперимент. Ғылыми-ізденіс жұмыс жасау үшін химияда
көптеген әдістер қолданылады, мысалы химиялық, физико-химиялық, физикалық
әдістерді (салмақты талдау, бөлу, айдау, титриметриялық талдау т.б.
әдістері). Бұл әдістерді қолдануда құрал -жабдықтар тым аз болғандықтан
пән мұғалімдері ЖОО зертханаларымен бірге жұмыстануға мәжбүр болады. Ал
қарапайым зерттеу жұмыстарға мысалы, үй жағдайында азық-түліктердегі
крахмалды табу, айранда, алмада, лимонда қышқыл бар екендігін оқушылар өз
беттерінше табады. Осындай жұмыстарды орындау оқушының алған білімін өмірде
қолдана білуге үйретеді.
Мұғалімдердің сабақ үстінде кездесетін бір қиыншылықтың бірі –бұл
сабақ түсіндіру барысында демонстрациялық немесе зертханалық жұмыстардың
құралдарын дайындауда және әр түрлі концентрациясы бар ерітінділерді
дайындауда уақыттары кетіп қалуы. Сол уақытты үнемдеу үшін химия
кабинетіне мамандырылған зертханашы қажет және зертханашылар құрал-
жабдықтармен, реактивтермен жұмыс істеу, іскерлік дағдыларын қалыптастыру
мақсатында зертханашыларға арналған дайындық курстардан өту керек.
Қорыта айтсақ, химияны оқытудың осындай педагогикалық негіздерін
басшылыққа алғанда ғана сабақ мақсатына жетіп, тиімді нәтиже береді. «Ешбір
адамға білім мен жетілу беріле салмайды немесе тек айтумен ғана іске
аспайды. Оған қол жеткізуге тырысатын әрбір жан соған өз еңбегімен, өз
күшімен ұмтылуы тиіс» деп Дистерверг айтқан болатын./ 4/
Сондықтан химияны эксперимент арқылы білмейінше, дүниенің қазіргі
ғылыми көрінісін жасау мүмкін емес.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Ч.М.Абилова. Химиялық эксперимент және салауаттылық. «Химия в
Казахстанской школе». Республикалық әдістемелік журнал. № 4, 2006 48-50
бет.
2.І Қойайдарова. Инновациялық және эксперименттік жұмыстар. «Химия
мектепте» Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. № 4, 2010 4-6 бет
3. Б. Тантыбаева. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі. . «Химия
мектепте» Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. № 2, 2003 37-38 бет
бет
4. Ж. Шоқыбаев. Оқушы үлгеріміне эксперименттің әсері. «Химия мектепте»
Республикалық ғылыми-педагогикалық журнал. № 1, 2010 40 бет
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz