Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Программалау тілдерін ата

Ақтөбе облысы
Байғанин ауданы
Қарауылкелді ауылы
Қарауылкелді орта мектебі
Физика пәні мұғалімі Азова Манчук

Ғажайып инфо-математика алаңы.
(танымдық ойын)
1-жүргізуші: Уа, жарандар, жарандар
Мына бізге қараңдар!
Мінеки, залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
2-жүргізуші: Мұны біз де қоштаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Математика, информатика жайында
Ойын-сайысты бастаймыз!
1-жүргізуші: Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Босқа қарап жүргенше,
Қызықтан тыс қалмаңдар!
2-жүргізуші: Апталық басталғалы
Ұмыт болғанды еске салды.
Қиын да болса, қызық сабақ
Жұмыс істетейік бастарды.
1-жүргізуші: Архимедтей жаңалық ашар
Болса үміткер, осы ойынға үлес қосар
Ұлы ғалымдар ізін басар,
Біздерде жоқ па талапкер?
Кірісейік жұмысқа,
Ойнаңыздар! Ойлаңыздар!
2-жүргізуші: Демейін заман сөздері
Түбі бүгін өзгерді.
Бағыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді, - дей келе бүгінгі «Ғажайып инфо-
математикалық алаңы» атты танымдық ойынына қатысушы 9-11 сыныптар арасынан
іріктеп алынған оқушылардың ішінде І-турға қатысушы ойыншыларымызды ортаға
шақырайық:
№1. 9класс. Көшкінбаева Гүлімай
№2. 10класс. Шарылханова Жазира
№3. 11класс. Бекқұлова Ақиіс.
Сондай-ақ,барлық ойыншыларымыздың жинаған ұпай сандарын саралап отыратын
әділ-есепшіміз химия пәні мұғалімі-Жұмақұлова Г, биология пәні мұғалімі-
Балықбаева С.
Олай болса, ойынымызды бастайық. І-турдың тапсырмасы мынадай:
«Бұл математиктің шын өз аты Монтий теляшин. Ол 1669 жылы 9 маусымда Тверь
губерниясының Оспамново деревнясында қарапайым шаруа отбасында туған. 1694
жылы ол Мәскеуге келеді. Содан соң, астанада боярь балаларына сабақ беріп,
педагогтық қызмет атқарады. Оның шебер мұғалім екені бүкіл Мәскеуге
жайылады. 1700 жылы ІПетр патша Мәскеуде сондай дарынды, білгір,
еңбексүйгіш орыс мұғалімі бар дегенді естіп, Кремльге алдырып әңгімелеседі.
Ол әңгімеге қатысып отырған қызметкерлеріне: «Мына кісі зор білімді және
ақылды адам екен, әңгімелескен кісіні өзіне баурап алады» депті. Сондықтан
сый ретінде оған бір өзгеше фамилия беруге бұйырады. Ол сол фамилиясымен
ұлы математиктер қатарына енеді. Осы математиктің ІПетр берген фамилиясын
тап»
|М |а |г |н |и |

Көрермендер ойынына кезек берейік.
Қай кластың ойыншылары белсенді болса сол кластың ойыншыларына ұпай
жазылады.
1) Экранның бетінде оның тұрағы, қашан болсын жыпылықтап тұрады? (меңзер)
2) Ең ұзын перне. (пробел)
3) Программалау тілдерін ата. (Паскаль тілі, Бейсик тілі, Делфи тілі, СИ,
т.с.с)
4) Әкем жәшік құрады, үш өлшемнен тұрады. (параллелипипед)
ІІІ-ТУР:
№1. 9класс. Миханова Тілекше
№2. 10класс. Бөлекбаев Тұрсын
№3. 11класс. Қанбаев Жарқынбек.
ІІІ-турдың тапсырмасы мынадай:
«Бірде патша осы бір математиктен шақырып алып: «Қымбатты досым, сенің
мектебіңде өзі неше оқушы бар?» деп сұрапты. Сонда ол: «Барлық
оқушыларымның жартысы математиканы, төрттен бірі музыканы үйреніп жүр,
жетіден бірі үндемей отырады және бұдан басқа 3 қыз бала бар», -депті. Бұл
математиктің есімі кім және мектепте қанша оқушы бар?»
|П |и |ф |а |г |

Финалда жеңімпаз болған ойыншыны суперойынға шақырамыз. Суперойынның
тапсырмасы мынадай:
«Бұл ағылшын оқымыстысы 19 ғасырдың бірінші жартысында әмбебап
есептеуіш машина құрастыруға талаптанды. Бұл машина перфокартада жазылған
бағдарламаларды қолдануы керек еді. Ол бағдарламалық басқару принципін
қолданып, кез келген алгоритмді шешуге арналған аналитикалық машинаны
құрудың идеясын зерттеп дайындады. Бұл Жаккардтың тоқыма станогі сияқты,
нағыз механикалық машина болуы тиіс еді. Бірақ сол кездегі техниканың дамуы
жеткілікті дәрежеде болмауы бұл жобаның іске асуына мүмкіндік жасамады. Бұл
оқымысты кім?»
Ч |а |р |л |ь |з | |Б |э |б |б |и |д |ж | |Нұсқау: 1. Егер байқасаңыз, бұл
сұрақтың информатика пәнінен екенін оңай аңғаруға болады.
2. 6 әріпті атауға мүмкіндігіңіз бар.
3. Егер сұрақ түсініксіз болса, қосымша көмек алуыңызға болады, бірақ
уақытыңыз ықшамдалады. Негізінен сізге берілетін уақыт 2минут. Қосымша
көмек алсаңыз, 1минут ойланасыз.
КӨМЕК: Ол кісі дүние жүзіне «компьютердің атасы» ретінде танымал адам.
Қорытынды.


Ұқсас жұмыстар
Программалау тілдері. Программалау тілі
Программалаудың даму тарихы. программалық қамтамасыз етудің даму тарихы
Оқушылармен бейіналды дайындық жұмыстарын ұйымдастыру
Алгоритм және визуалды программалау технологиясы
HTML тілі құжатының құрылымымен танысады Кейбір оқушы. Сабақтың тақырыбы
HTML тілі құжатының құрылымымен танысады Кейбір оқушы
Алгоритм және программалау тілдерін оқыту әдістемесі
Паскаль бағдарламасының құрылымы. енгізу және шығару операторлары
Программалық жабдықтама
Программалау тілінің синтаксисі
Пәндер