Сарысай негізгі мектебінің бастауыш сыныптарындағы Күзгі думан экологиялық-мәдени сайысының бағдарламасы

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданы

Сарысай негізгі мектебінің

мұғалімі Аймағанбетова К. Д.

«Күзгі думан» сайысы

Мақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру, табиғатты сүюге, бағалауға, қоршаған ортаны таза ұстауға, әдемілікті түсіне, көре білуге баулу.

Көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, жапырақтар, шарлар т. б.

Барысы:

1- жүргізуші: Тамылжып тұр Отанның «Алтын күзі»

Сәл ғана салғырт тартқан жердің жүзі

Табиғат картасынан қазір көшкен.

Жаздың да жасырынбай жатыр ізі.

2- жүргізуші: Көрдің бе, секілді бір жасыл барқұыт,

Бергендей бар бояуын түгел сарқып,

Көтеріп күздік егіс көк қанатын.

Құлпырған қырға жібек кілем тартып.

1-жүргізуші: Табиғаттың әр мезгілінің де адам өміріне маңы зы зор. Әр жылмезгілін де қазақ ерекше

тойлай білген. Мәселен, көктемде -Наурыз мейрамы, кыста- Жана жыл мерекесі, ал күзде -Сабан той жасаған.

2-жүргізуші: Осы жақсы дәстүрлердің жалғасы болатын бастауыш сынып оқушылары арасындағы

«Күзгі думан » сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысқа қатысатын топтарымызбен таныссақ:

4-сынып: «Көкөністер» тобы

3-сынып: «Жемістер»тобы

2-сынып: «Күзгі жапырақтар»тобы

1-сынып: «Алмалар»тобы

1-жүргізуші: Сайысымыздың шарттарына тоқталып өтсек:

  1. Таныстыру (топ аты, төс белгі, альбом)
  2. Кім жылдам?( Жұмбақ шешу)
  3. Күлкілі мезет (көрініс көрсеті)
  4. Мүсіндеу (ермексазбен жұмыс)
  5. Өнерлі өрге жүзер . . . (өз өнерін көрсету)
  6. Понтомимо (кеспе қағазы арқылы іс-қимыл көрсету)
  7. Күзгі сән үлгісі (1 оқушы)

Сайысты сарапшылар бағалайды

2-жүргізуші: Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қолдамақ

Сынып намысын қорғамақ

Топтар шықты ортаға, деп сайсымыздың

1-кезеңі: Таныстыру (Әр топ өз тобын таныстырады, төс белгілерін және альбомдарын көрсетеді)

1-жүргізуші: Сайысымыздың 2-кезеңі:Кім жылдам?( кеспе қағаздар арқылы әр топ 5 жұмбақтан шешеді)

2-жүргізуші: Қанаттанса балапан,

Қалайша ол ұшпайды

Әр бір қыз бен әр бала,

Өнерліге ұксайды

Келесі 3-кезең: «Күлкілі мезет» (әр топ күлкілі қойылым көрсетеді)

1-жүргізуші: Сайысымыздың келесі 4-кезеңі: Мүсіндеу (әр топ кеспе қағаздарын алып, барілген тапсырма бойынша ермексазбен жұмыс жасайды)

2-жүргзуші: Асыл тастан, өнер-жастан

Шығады деп дарынды,

Халық айтса, халық сөзі,

Әрқашанда нанымды Келесі 5-кезең: Өнерлі өрге жүзер . . . (әр топ өз өнерін көрсетеді)

1-жүргізуші: Думан қызық, көрсетті топ өнерін,

Жатыр не бір айтылып сөз де керім.

Білім бұлағының кайнарынан қанып ішкен,

Көрсетшінші әр тобымыз өз өнерін

Сайысымыздың 6-кезеңі: Пантомимо ( әр топ кеспе қағазын алып, тапсырманы іс-қимылмен көрсетеді)

2-жүргізуші: Арулар неткен сымбатты,

Ғажайып нұрға бөленген.

Алтын күнге үн қатты

Сәнді киім түрімен, деп сайсымыздың 7-кезеңі: Күзгі сән үлгісі.

1-жүргізуші: Мектеп алды дайындық тобының биін тамашалайық.

2-жүргізуші: Сайысымыздың төрелігін бағалап отырған сарапшы ларымызға қорытынды сөз кезегін береміз.

(қортытынды, марапаттау)


Ұқсас жұмыстар
2011-2012 оқу жылы Сарысай негізгі мектебінің 8-сыныптары арасындағы Ең мықты, ең күшті пәнаралық білім және спорт сайысы
Бастауыш сыныптарындағы тәрбие сабағы: Еңбек ер атандырады
Саға негізгі мектебіндегі Спорт біздің досымыз мектепішілік спорт сайысының өткізу бағдарламасы
Бастауыш сыныптарға арналған күзгі мерекелік-шығармашылық іс-шара жоспары
Наурыз думан: бастауыш сыныпта ұлттық салт-дәстүрлерді оқытуға арналған мерекелік сабақ сценарийі
Арқалық түзеу мектебінің Экология апталығына арналған Құстар - біздің досымыз экологиялық ойын бағдарламасы
Жабайы аңдардың күзгі тіршілігі: бастауыш мектеп сабақ жоспары
Қан айналым жүйесі мен иммунитет: №43 орта мектептің облыстық онлайн сыныптан тыс Думан сайысының сабақ жоспары
№102 орта мектебінің бастауыш сыныптарына арналған Білімді шәкірт-ұстаз мерейі білім сайысының сценарийі
Шұбарқұдық №2 орта мектебінің мектеп алдындағы даярлық тобының Күзгі балл 2011 мерекелік-сайыс сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz