Мұқағали Мақатаевтың поэзиясы: туған жер, қайғы және ұлттық сана

Ақмола облысы

Астрахан ауданы

Жалтыр №4 орта мектебінің

10 «а» сынып оқушысы

Аукенова Мөлдір

Ақмола облысы

Астрахан ауданы

Жалтыр №4 орта мектебінің

10 «а» сынып оқушысы

Аукенова Мөлдір

Сәт-сапар!

Қалам ап біраз толғадым

Шарқымша сөздер қозғадым.

Еліктеп менде ақынға

Жыр жазуды ойладым.

Тілімді безеп, ой салдым

Кестелеп сөзден сыр жаздым

Сиынып Мұқаң рухына

Жырынан бойға нәр алдым

Тіліміз бен діліміз қайтып келіп

Қауыштық көңілге шуақ сеуіп

Мәртебең биік болсын халқым менің

Бұрынғы ызғар қалғандай енді кеуіп

Керей менен Жәнібек батыр бабам

Қозыбасқа қазақты бастап барған

Ұлан ғайыр осынау Сарыарқада

Өсіп-өнген осында қазақ балаң!

Мұзбалақ ақын Мұқағали

Елім деп күрсінгенде

Жүзіңді мұң торлаған

Қазағың өз елінде

егіліп сан қорланған

Мүскінін көргеніңде

Шырқырап аласұрған

қазақтың атар таңын

Өлеңмен ұшықтаған

Мұзбалақ ақын жаны

ел үшін жаралған-ды

От ауыз орақ тілді

ақынның жыры бар-ды

Жанартаудай атқылап

Айтқан сөзі асыл дүр

Ақын жыры арқырап

Кейінгілер айтып жүр.

Мұқағали арманы

Желбіреп тәуелсіздік таңы да атты

Қысталаң сол бір күндер арта қапты

Бабалар аманаты-сайын дала

Бүгінде тәуелсіз ел атаныпты.

Жан аға «ұлтым» деп қапаландың

Халқыңның қасиетін бағаладың

Қазақтың дарқан сондай мінезін де

Санаңа сіңірдің де саяладың

Сен дегенде қазақ шіркін шабылар

Енді міне елімізде бәрі бар

Өзің жоқсың қасымызда тек өзің

Қалың елің, Аға, сені сағынар

Мұқағали-қазағымның ардағы

Сені туған қазақтың бар ма арманы?!

Саған адал халқың сені ардақтап,

Жазылуда өзің жайлы жыр-дағы.

Ақынның Майгүл есімді қызының қазасынан кейінгі ақынның ішкі жан-дүниесіне басу айту.

Жүрегің сенің жаралы

Сыздаған сары жараны

Сөзімді ем ғып жақсаң да

Көңілің сенің қаралы

Майгүлге жазған өлеңің

шымырлап бойға таралар

Қасірет тартқан көңілің

Емі жоқ қалай жазылар?!

Көңілдің күйін шертетін

Өлеңді ем ғып берейін

Жүректің сырын шертетін

Жырымды жазып көрейін

Өзің салған жолыңмен

Ақырын жүріп өтейін

Ғаламын шарлап қиялдың

Пырақпен самғап кетейін.

«Бүгін менің туған күнім,

Ой, пәле-ай

Мына адамдар неге жатыр тойламай?. . »

Туған күн.

Тірі болсаң келер ең 70 жасқа

Жияр едің халықты көсір асқа

Амал қанша сұм ажал шеңгелінен

Арашалай алмадық, ғұмыр қысқа

Өзің жайлы сыр шертер тағы өлең

Азсынбаймын мұраңды тамыры терең

Кінәлаудан аулақпын, кешіре гөр,

Жоқ дегенге өзіңді сенбей келем.

Дүрілдетіп той жасап беруші еді

Ат шаптырып дүйім жұрт көруші еді

Сан тараптан ақындар жиналысып

кеу-келеп өзіңді ортаға алушы еді

Жібір еді көңілдің кірбің тоңы

Достарыңмен қалар ең тойдың соңы

Өлең арнап, әзілдеп, марқайғанда

Шаттықпен атар еді оның таңы

Хан Тәңірінің қыраны.

Хан Тәңірінің биік ұшқан қыраны

Қарасаздың қайсар мінез ұланы

Көкірегі-көктем жыр боп жаралған

Әлі жетер естілмеген бір әні.

Туған жері, кіндігін кескен жері

Қарасаз Мұқағали өскен жері

Ақындықтың шабытын бойға жиып

Толықсып, өлең сөзді төккен жері

Қасиетті Қарасаз жөнің бөлек

Ұл туа ма, ақындай тағы керек.

Данышпандар туады жүз жылда бір

деп айтады адамдар сөзге сенсек . . .


Ұқсас жұмыстар
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық өмір жолы мен поэзиясы
Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы: рухани азық, табиғат пен ұлттық сана
Ақ қарда туған алыптар: Жамбыл Жабаев, Мұқағали Мақатаев және Қадір Мырза Әлідің поэзиясы мен туған тілге құрметі
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы
Тәрбие сағаты: Туған тілім - ұлттық сана мен мәдени мұра
№81 орта мектебінің 2016 жылғы Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-әуенді кеш сценарийі
Мұқағали әлемі: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеу (11-сынып, орыс тіліндегі сабақ)
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен әдеби шығармашылығы
Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы: ашық тәрбие сағаты
Мұқағали Мақатаев поэзиясы: 6-сынып әдебиет сабағының жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz