Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Жошы ханның баласын естірткен күй
Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Қазанғап атындағы Саз
мектебінің
Домбыра класының мұғалімі
Ауашова Ақбөпе
Сабақтың тақырыбы: Аңыз күйлермен жұмыс жасау.
Сабақтың мақсаты: Домбырада аңыз күйлерді орындай білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Аңыз күйлердің шығу тарихымен таныстыра отырып,
күй туралы теориялық білім беру.
Тәрбиелік: Күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнерді
құрметтеуге, бабалар мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген
қызығушылығын ояту, әдебиет пәнімен,
этнографиямен
байланысын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа ұғымды қалыптастыру
Оқыту әдісі: проблемалық оқыту, теория мен практиканың ұштастығы
Көрнекіліктер: бейнетаспа, аспаптар, слайд- шоу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың көңіл-күйі, сабаққа дайындығы сұралады
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Орыстың халық әні «Алма ағаштың аясында». Әнді күйсандықтың
сүйемелдеуімен орындау.
2. Қазақтың халық күйі «Кеңес».
3. Қазақтың халық күйі «Айжан қыз».
Актуалдау: Ассосация
Жаңа сабақ:
Аңыз әңгіме:
Домбыраның шығу тарихы.
Баяғы өткен заманда бір бай болыпты. Оның керемет сұлу қызы болыпты.
Бай қызын өзі сияқты байдың ұлына атастырған екен. Бірақ қыз жалшы
жігітті ұнатады. Мұны сезген бай жігітті дарға асып, қызын бай ұлына
қосады. Көп ұзамай қыз егіз нәрестелі болады. Ашуланған бай егіз баланы
жалмауыз кемпірге беріп, көзін құртады.
Жалмауыз кемпір екі баланы ен далаға апарып, бір терекке біреуін
күнбатыс жаққа, екіншісін күншығыс жаққа зарлатып байлап кетеді. Әбден
зарыққан қыз қос нәрестесін іздеуге шығады.
Күн жүріп, ай жүріп теректің түбіне жата кетеді. Ұйықтап кеткен екен,
бір кезде құлағына шырылдаған нәрестенің даусы естіледі. Оянып кетсе,
ештеңе жоқ, тек кәрі теректің басында салбыраған екі ішек. Теректің
ойылған жеріне келіп, бір - бірімен түйісіп, дыбыс шығарып тұр екен. Қыз
әлгі екі ішекті ала салып, теректің ойылған жеріне байлап, өз мұңын
осылай тарқатса керек. Міне, осылай домбыра пайда болған.
-Ал енді балалар, қалай ойлайсыңдар, домбыраның шанағында неге
тесік бар?
Ертеде ел билеген қатал Жошы хан өмір сүріпті. Оның бала дегенде
жалғыз ұлы болыпты. Бір күні баласы аңға шығар алдында әкесі жаман түс
көріп, баласын тоқтатқысы келеді. Баласы әке сөзіне мән бермей,
нөкерлерін ертіп, ұзақ жолға шығады.
Біршама уақыт өткен соң, жазық далада бір топ құланның жайылып
жүргенін көреді. Бала құланды қуып жүріп, алысқа ұзап кеткенін
байқамай қалады. Хан баласының атқан оғы құланның аяғына тиеді.
Құлан хан баласына қарсы шығып, оны теуіп өлтіреді. Арада біраз
уақыт өтеді. Хан нөкерлері баланың қазасын әкесіне қалай естіртуді
білмейді. Хан жүрегі сезгендей, «Кімде- кім баламды естірте келсе, сол
кісінің көмейіне қорғасын құйдыртам» - дейді. Сол елде асқан күйші
қазаны естіртетін болып, сарайға келіп, хан алдында күй тарта береді.
Ханның көз алдына баласының қандай жағдайда қайтыс болғаны елестейді.
Күйші барлығын күй тілінде жеткізген екен. Сонда хан: «Балам өлген екен
ғой, мына кісінің көмейіне қорғасын балқытып құйыңдар»- деп жарлық береді.
- Дат тақсыр! – дейді күйші. – Бәлкім жаманат хабарды жеткізген домбырам
шығар.
Амалы таусылған хан баласының қазасын естірткен домбыраның шанағына
қорғасын құйдырады.
Сергіту сәті: «Ақсақ құлан» мультфильмін бейнетаспадан көрсету.
Қазақ халқының музыка тарихы халық күйлеріне өте бай. Осы халық күйлерінің
өзін бірнеше топқа бөлуге болады.
Күй қандай аспапта орындалады?
Сабақты дамыту:
Арман» күйінің мазмұндық
жоспары:
1. Асанның қайғысы
2. Сыбызғы
3. Сыбызғының сиқыры
4. Тілек
5. Азаттық
Шығу тарихымен таныстыру.
Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасында әкесі қайтыс
болып, анасы Жаңыл екеуі жетім қалады. Анасы Жаңыл Таһир ханның аңға
шығатын иттерінің күтушісі болады.
Ұзақты күн қой соңында жүрген Асан қарап жүрмей, қурайдан әдемі үнді
сыбызғы жасап алады. Асанның тартқан сыбызғысының үніне егіз лағы бар
елік келіп, үнемі билеп, асыр салып ойнайды екен.
Күндердің бір күні мұны естіп білген Таһир ханның ерке ұлы елікті егіз
лағымен маған ұстап бер деп қатты қинайды. Бірақ Асан лақтарды ұстап
бермейді. Бұл жайды естіген Таһир хан «Ертең елікті лақтарымен алып
келіңдер, менің сарайымда билеп тұратын болсын. Орындамасаңдар бастарыңда
алам»- дейді. Қорыққан Асан елікті егіз лағымен хан сарайына апарады. Хан
сарайындағы сыбызғышыларды шақырып, сыбызғы тарттырады. Бірақ еліктің
лақтары билемейді. Ашуланған хан сыбызғышылардың басын алады. Сол елдегі
кәрі сыбызғышы бұл жағдайларды естіп ханға келеді.
- Тақсыр, хан! Бұл еліктің лағын билетер сыбызғының сырын білсе, сол Асан
деген бала біледі. Соның өзін алдыртыңыз!» дейді. Хан Асанды алдыртып,
қолына сыбызғыны ұстатады. Асан сыбызғы тартқанда елік лақтарымен билеп
ала жөнеледі. Бұл әуенді хан да елтіп тыңдайды. Риза болған Таһир хан
«не тілегің бар» - дейді. Асан: «Маған ештеңе де керек емес, анам Жаңыл
екеумізге бостандығымызды беріңіз. Тілегім осы»,- дейді. Хан ел алдында
берген уәдесін жұта алмай, Асанның тілегін орындайды. Ғасырлар бойы
сыбызғыда орындалып келген сұлу сазды «Арман» күйінің тарихы осылайша
баяндалады.
- Халық күйі «Арман». Күйді домбыра аспабында орындап көрсету. Негізінен
күй сыбызғы аспабына арналған.
- Енді біз осы күйді сазсырнай аспабында тыңдап көрсек.
«Арман» күйін оқушыға талдау оқушыға жеке- жеке тарттыру.
«Арман»- азаттықты аңсаған баланың тілек күйі. Асан осы өнері арқылы өз
бостандығын алды.
Сабақты бекіту:
Сәйкестендір
1. Жошы ханның баласын естірткен күй. «Айжан қыз»
2. Еркіндікті аңсаған баланың күйі.
«Кеңес»
3. Ақсақ құлан күйін бізге жеткізген күйші. «Арман»
4. Би ырғағына жазылған халық күйі. «Ақсақ
құлан»
5. Арнау күйді ата.
Кетбұға.
Келесі тапсырмаға жауап берейік. Тапсырманы дұрыс орындағанда қандай
сөз шығады? Тест-руно.
1. 2- сызыққа жазылатын нота:
а) Ре д) соль
е) фа
2. Тыныс белгісі (тоқтау, кідіру)
о) пауза с) реприза
б) тоника
3. Қайталау белгісі
ж) кварта м) реприза
н) нота
4. 1 и 2 и - ге саналатын нота
ә) сегіздік нота б) төрттік нота
в) бүтін нота
5. Музыкалық дыбыс:
ы) нота а) сызық
ә) белгі
6. Мажор қалай орындалады?
р) көңілді с) көңілсіз
н) әуенді
7. Қозғау белгілерін ата.
б) тоника, доминанто а) диез, бемоль, бекар и)
фермота,трель
1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 | | Д о м б
ы р а
Сабақты қорыту:
Домбыра даламенен үндес едің,
Өзіңмен сырласамын, үндесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін білмес едім – деп ақын жырлағандай, бабалардан қалған
күй өнерін ары қарай жалғастыру -біздің міндетіміз.
V. Үйге тапсырма: Халық күйі «Арман». Күйді үзбей ойнау.
VІ. Бағалау.
-----------------------
Тарихи
күйлер
Лирикалық күйлер
Арнау
күйлер
Аңыз
күйлер
Халық күйлері
Шертпе күйлер
Төкпе күйлер
Тартыс күйлер
Айтыс күйлер
Аңыз дегеніміз не?
Күй өнері қай кезеңнен бастап дамыды?

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz