Азот қышқылының қасиеттері

Аманғалиева Фарида Марксқызы,
Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектептің химия пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Азот оксидтері, азот қышқылы және нитраттар
Сабақтың мақсаты: : азот(ІІ) және (ІV) оксидтерінің алыну тәсілдері, қасиеттері және азот қышқылын өндіргенде олардың атқаратын рөлімен таныстыру, сұйытылған және концентрлі азот қышқылының қасиеттерін оқу, тәжірибе жүзінде нитрат-ионды анықтауды үйрену .
Сабақ түрі : Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдіс -тәсілі : сөздік- көрнекілік
Қолданылатын көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, электрондық оқулық, периодтық жүйе, кестелер, реактивтер, жинақтамалар, бағалау парағы.
Күтілетін нәтиже:
- Азот оксидтерінің қасиетін сипаттай алады
- Азот қышқылының химиялық қасиетін талдай алады
- Тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен жаза біледі
- Нитраттардың ыдырау өнімдері мен нитрат-ионды анықтай алады
І. Қызығушылықты ояту Ой қозғау стратегиясы
- «Химиялық ой жинау»
- Азоттың сутекті қосылысы қалай аталады?
- Азот қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
- Аммиактың физикалық қасиетін сипаттаңыз
- Аммиакты өнеркәсіпте және зертханада қалай алады?
- Аммоний тұздары туралы не білеміз?
- Азоттың қандай оксидтерін білесіздер?
- Азот қышқылының тұздары қалай аталады?
- Семантикалық картаны толтыру
ІІ. Мағынаны тану Топтастыру стратегиясы
Оқушыларға топтар бойынша тапсырмалар беріледі.
І топ Азот оксидтері, алынуы, қасиеті
ІІ топ Азот қышқылының қасиеттері
ІІІ топ Нитраттар, қасиеті, қолданылуы
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс орындалады
І топ Азот оксидтеріне сипаттама жазу
Электрондық оқулықтан NO 2 газының тұзілуі және нитрат-ионды анықтау реакциясы көрнекі көрсетіледі.
ІІ топ
Азот қышқылының химиялық қасиетін тірек сызбалар арқылы талдап, реакция теңдеулерін жазады. «Патша арағы» туралы қосымша мәлімет беріледі.
Реакция теңдеулері электрондық баланс әдісімен теңестіріледі. Мысалы, мыспен, мырышпен, магниймен сұйытылған және концентрлі азот қышқылының әрекеттесуі .
Ертедегі алхимиктер селитра NaNO 3 , темір купоросы FeSO 4 7H 2 O, алюмокалий квасц KAl(SO 4 ) 2 12 H 2 O және мүсәтірді NH 4 Cl қосып қыздыру арқылы «металдардың патшасы» - алтынды да еріте алатын сұйық алды. Сондықтан да оны aqua regia, яғни «патша суы» немесе «патша арағы» деп атады.
Патша арағы - үш көлем тұз қышқылы мен бір көлем азот қышқылын араластырғанда түзілетін сары түсті сұйықтық. Патша арағында платина сияқты қиын еритін металл да оп- оңай ериді: 3 Pt + 18 HCl + 4HNO 3 = 3H 2 [PtCl 6 ] + 4 NO + 8 H 2 O
Патша арағының жоғары тотықтырғыштық қабілеті күшті тотықтырғыш - атомдық хлор мен нитрозил хлориді NOCl түзіле жүретін қайтымды реакцияға негізделген.
HNO 3 + 3HCl 2[Cl] + 2H 2 O + NOCl Соңғы өнім сұйықтыққа сары және сарғылт түс береді.
Патша арағында алтынның еруі: Au + 3 HCl + HNO 3 = AuCl 3 + NO + 2H 2 O
Түзілген алтын( ІІІ ) хлориді HCl -дың артық мөлшерімен әрекеттесіп, комплексті қосылыс- ( ІІІ ) сутек тетрахлороауратын - H[AuCl 4 ] түзеді:
Au + 4HCl + HNO 3 = H[AuCl 4 ] + NO + 2H 2 O
ІІІ топ
Нитраттардың ыдырау өнімдері тірек сызбамен жұмыс, реакция теңдеулерін жазады.
Топырақтағы нитраттар, нитратжинағыштар туралы хабарлама жасайды.
Азот қышқылының тұздары азот тыңайтқыштары ретінде қолданылады. Адам үшін нитраттардың өлімге әкелетін мөлшері 8-15 г аралығында болғанымен, тәуліктік қабылдау адамның дене салмағының бір киллограмына 5 мг артық болмау керек. Топыраққа артық мөлшерде азот тыңайытқыштарын беру өте қауіпті жағдайға әкеледі. Көктемде қар ерігенде нитраттар топырақтан ауыз су көздеріне түсуі мүмкін. Сондай- ақ нитраттар кейбір көкөністердің тамыржемістеріне (сәбіз, қызылша, қарбыз, қауын, картоп) жиналады. Мұндай көкөністерді қабылдаған адам қатты уланады, себебі, ағзада нитраттар анағұрлым улы нитрозаминдерге R 2 N-N=O тотықсызданады.
ІІІ. Ой толғаныс
1) Жаттығулар мен есептер шығару
№1, №6, №8 (оқулық бойынша) Дидактикалық тапсырмалар бойынша № 2
Қосымша тапсырмалар
- Азот қышқылын сұйылтқанда оның тотығу қабілеті қалай өзгереді? Сұйытылған азот қышқылы мен металдардың әрекеттесуінің ерекшелігі неде? Мысалдар келтіріңдер.
- Концентрлі азот қышқылы темірді, хром мен алюминийді енжарлайды. Бұл нені білдіреді және қалай түсіндіріледі?
- Оқ- дәрінің жануы мынадай жуықталған теңдеу бойынша жүреді:
2KNO 3 + 3C + S = K 2 S + 3CO 2 + N 2
Массасы 100 г оқ- дәріні жаққанда қандай көлем ( қ. ж) газ бөлінеді?
- Танымдық ойын «Химиялық лото»
3) Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма : §8. 16 №2, 7
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz