Теңдеудің қасиеттері

БҚО
Жәнібек ауданы
ЖББ Ұзынкөл орта мектебі
Ұзынкөл ауылы
Алтын Әліпқалиқызы-математика пәні мұғалімі
Әріптестеріме көмек болар деген мақсатта 11 сыныпта өткізілген «Ерекше теңдеулер. Квадрат теңдеулер есептерін шешудің негізгі әдістері» тарауы бойынша өткізілген қорытынды сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақ тақырыбы: «Алғырлар» атты сынақ сабағы
Сабақ мақсаты:
- Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелеп, тиянақтау; тараулар бойынша жалпы қайталау;
- Алған білімдерін әртүрлі жағдайларда қолдана білуге дағдыландыру; белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойларын жүйелеуге; тез шешім қабылдауға тәрбиелеу;
- Ойлау, еңбек ету қабілеттерін жетілдіруге, байқағыштыққа, жинақылыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақ әдісі: ұжымдық, топтық, жеке
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі беттер, жоспар жазылған кесте, т. б
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Негізгі бөлім: «Алғырлар» атты байқау
ІІІ. Қорытындылау
І. Ұймдастыру:
Оқушыларды қарапайымдылықтан үйрету керек, сондықтан оқушыларға күнде көріп жүрген терезенің суретін салу тапсырылады. Әрбір оқушының салған терезесін қарап шығам. / Жабыны барма?, терезенің алдында гүл барма?, т. б/ Оқушылардың нақты көре білуін, өз бетімен ізденгіштігін байқау мақсатында. Себебі, нақты көре білген бала сұрақтарға нақты жауап бере алатындай қабілеті болады, не нәрсені де дұрыс тыңдап, зейін салып жүрсе нақты көре алады екен, ал ондай бала математикалық тапсырмаларды орындай алады.
Салған терезелері бойынша бір оқушы ғана терезенің алдына гүл салып және үлкен әженің суретін салған / Мейірбек/ Неге? деп сұрағанда баласының мектептен келуін күтеді екен, соны байқап жүргенін білдірді. Бір оқушы жабыны мен салған. Қалғандары тек терезенің әр түрлі пішіндегі суреттерін салған, сонда балалардың өте қарапайм нәрсеге назар аудармайтыны байқалып тұр. Яғни біздер өте қарапайм нәрсеге де назар аударуымыз керек, сонда бізді нақты көре аламыз. Өйткені ізденушілік қабілеті бар бала нақты көре алады, ал нақты көре алатын бала математикалық тапсырмаларды орындай алады.
Сайысқа сынып оқушыларының бәрі қатынасады. Әр қайсысының таңдауы бойынша үш түрлі фигуралар беріліп, сынып топқа бөлінеді.
Топтың атын, жетекшісін сайлап таныстырады.
Топ жетекшісін, жетекшінің өзі емес басқа
осы топ мүшелерінің бірі таныстырады.
Топ жетекшісін отырғызып, қолын оның иығына
қойып, өзі сол кісі болып таныстырады.
ІІ Негізгі бөлім:
І- кезең: «Қалауың білсін!»
Тақтада 1 -15-ке дейінгі жазылған әртүрлі фигуралар
бекітілді. Әрбір қатысушы өзінің қалауы бойынша
тақтадағы санды таңдайды. Сол санға сәйкес оған сұрақ
қойылады. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе3 ұпай иеленеді.
- Квадрат теңдеудің түрлері?
- Теңдеудің қасиеттері
- Квадрат теңдеудің түбірлерін табудың 1-ші әдісі / формула бойынша /
- Сызықтық теңдеудің жалпы түрі?
- Тепе-теңдіктер қасиеттері
- Квадрат теңдеуді шешудің 2-ші әдісі /сол жақ бөлігін көбейткіштерге жіктеу/
- Квадрат теңдеуді шешудің 7-ші әдісі / графиктік /
- Квадрат теңдеуді шешудің 3-ші әдісі / толық квадратын бөліп шығару /
- Сызықтық теңдеудің түбірлерін табу
- Квадрат теңдеуді шешудің 4-ші әдісі / Виет теоремасы бойынша /
- Квадрат теңдеуді шешудің 5-ші әдісі / асыра лақтыру/
- Сызықтық теңдеулер жүйелерін шешу тәсілдері?
- Биквадрат теңдеуге мысал келтір
- Өзің оқитын алгебра оқулығының авторы?
- Ерекше теңдеулерге мысал келтір
Ұпайлары аз 5 ойыншы ойыннан шығады.
ІІ- кезең: «Қателеспе!» / 5 ұпай/
- sin2x неге тең?
- Квадрат үшмүшенің жалпы түрі
- Сызықтық теңдеуге мысал келтір және
шешімін тап
- Виет теоремасы
- Келтірілген квадрат теңдеудің жалпы түрі
- Биквадрат теңдеуге мысал келтіріп, шешу жолын түсіндір
- Үшбұрыш аудандары
- Қысқаша көбейту формулалары
- Ерекше теңдеуге мысал келтіріп шешу жолын түсіндір
- 2х2-9х + 9 = 0 теңдеуін «асыра лақтыру» әдісімен шеш.
/ Шешуі: 2 коэфицентін теңдеудің бос мүшесіне асыра лақтырамыз, нәтижесінде у 2 - 9у + 18 =0 теңдеуін аламыз. Виет теоремасы бойынша у 1 =6, у 2 =3 екенін табамыз.
Х
1
=
=
=3; Х
2
=
=
=1, 5; /
Ұпай аз тағыда 5 оқушы шығады.
ІІІ- кезең: «Ойлан !» / әр тапсырмаға 10 ұпай /
- 2Х - 5= 1 - 2 (3 - Х) теңдеуінің шешімін тап.
- Х + 12 = 3(Х - 1) - 2Х теңдеуінің шешімі
- 4Х + 3У = 4
Х + У = 1 теңдеулер жүйесінің шешімін табыңыз.
- Х+У = 22
У-Z = 5
Z - V = 1 болса, X + V өрнегінің мәнін тап.
- 3Х2+ 4Х + 1 = 0 түріндегі квадрат теңдеудің «асыра лақтыру» әдісі арқылы түбірлерін тап.
- +=теңдеуінің түбірлерін тап.
- ++= 0 болса, в( с2- а2) өрнегінің мәнін тап.
Ұпайы жоғары 2 оқушы қалады.
ІҮ-кезең: «Мақсатқа жет!»
Сұрақтарға ойланып жауабыңды негіздеп айт.
- Ауылда небары 2 шаштараз. Математик шашын алдырғалы 1-ші шаштаразға келсе бөлме іші лас, өзінің шашыда қалай-солай қиылған; 2-ші шаштаразға барса бөлмесі ұқыпты жиналған, шашы өте әдемі алынған. Математик ойланып 1-ші шаштаразға шашын алдыртады. Неге?
- Көздерін байлап тақтаға тапсырмалар орындау.
- Ақ бет қағазды аяғымен басып тұрып, аяғын көтермей жүріп келіп, тақтадағы тапсырманы орындау керек.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz