Жұп цифрларды жаз

БҚО

Жәнібек ауданы

ЖББ Ұзынкөл орта мектебі

Ұзынкөл ауылы

Алтын Әліпқалиқызы-математика пәнінің І санатты мұғалімі

Сабақ тақырыбы: 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілері

Тақырыпты меңгерту мақсаттары:

1.Білімділік: Оқушыларды
❖ Жұп, тақ цифрларды ажырата білуге үйрету;
❖ Жұп, тақ сандармен таныстыру;
❖ Санның соңғы цифрына қарап, оның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін
ажырата білуге үйрету;
❖ 10-ға бөлінетін сандардың барлығының да 2-ге, 5-ке бөлінетіндігін
пайдалана білуге үйрету

2. Дамытушылық: Оқушылардың
❖ Өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру;
❖ Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;
❖ Ауызша және тез есептеу дағдыларын жетілдіру;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды
❖ Еңбекқорлыққа;
❖ Өз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі:
Техникалық құралдар; Ауызша журнал;
Жұмыс дәптерлері

Тақырыпты меңгерту кезеңдері:

І – кезең: Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық / 5 минут /
а) Ұйымдастыру
1. Мақсаты: ұйымдастыру сәтін өткізу.
2. Мазмұны: сыныпта жоқ оқушыларды және сынып бөлмесінің, оқушылардың
сабаққа дайындығын тексеру.

б) Үй жұмыстарын тексеру
1. Мақсаты: кеше өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды
үйде аяқтап келу дәрежесі тексеріледі. Оқушылар бір – бірімен дәптерлерін
ауыстырып, мұғалім айтып тұрған жауаптармен салыстырып «+» немесе «-»
белгілерін қояды.
№ 252 - есеп / үлестірмелі бетке жазылады/
Жұлдызшаның орнына тиісті цифрларды қойып, 3-ке еселік сандардың ең
кішісін жазыңдар:
5*9* - 5091; 971* - 9711; **51 – 1251; 6*7* - 6072; 30*41 – 30141;
2*721 – 20721; *4121 – 14121; 6*233 – 61233;
2. Мазмұны: кешегі өткен тақырыптың ІІІ кезеңінің деңгейлік тапсырмалары
3. Әдісі: Оқушылар бірін – бірі тексереді.
4.Ұйымдастыру формасы. фронталды
5.Пайдаланылатын құрал: Жұмыс дәптері
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: оқушылар кезек – кезек өткен тақырып
бойынша кеше сыныпта және үйде жинаған ұпайларының қосындысын айтады. Жұмыс
дәптерінің соңындағы мониторингке тиісті нүктесін қояды.
7.Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: Ұпайларды тақтадағы ашық журналға
жазу. Соңынан, осы сабақтың ішінде, 2-кесте бойынша бағаға аударып журналға
қою.
8.Нәтижені бағалау: алдында өткен тақырып бойынша қабілетіне, еңбегіне
сәйкес әділ бағасын қою.

в) «Көпір тапсырмалары» / үйге берілген болатын/ тексеріледі.
Бұлар өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар.
1.Мақсаты: жаңа тақырыпты меңгеруге қажет болатын өткен материалдардан
қайталау тапсырмаларын үйден орындап келгендігін тексеру.
2.Мазмұны:
1. Өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтарға жауап жазып кел. Олар
сендерге бүгін өтетін тақырыпты меңгеруге негіз болатын қажетті мәліметтер
бола алады.
а) Жұп цифрларды жаз: / 0; 2; 4; 6; 8 /
ә)Тақ цифрларды жаз: / 1; 3; 5; 7; 9 /
б) Қандай сандар жұп сандар деп аталады ,мысал келтір / жұп цифрлармен
аяқталатын сандар жұп сандар деп аталады. Мысалы: 18; 96; 100; 2964; /
в)Қандай сандар тақ сандар деп аталады ,мысал келтір / тақ цифрлармен
аяқталатын сандар тақ сандар деп аталады. Мысалы: 23; 85; 1931; 8963;/
г)Санның бөлгіші дегеніміз не? Мысал келтір / а санын қалдықсыз бөлетін
сандар сол санның бөлгіштері деп аталады. Мысалы: 12-ң бөлгіштері – 1; 2;
3; 4; 6; 12; Ең кіші бөлгіш 1-гетең, ең үлкен бөлгіш сол санның өзіне тең.
в) Ссанның еселігі дегеніміз не? Мысал келтір / а санына
д) 10-нан 30-ға дейінгі сандардың ішінен 2-ге еселік сандарды жазыңдар. Бұл
сандардың соңғы цифрлары қандай цифрлар? / 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 24;
26; 28; 30; соңғы цифрлары – жұп цифрлар
Е) 10-нан 40-қа дейінгі сандардың ішінен 5-ке еселік сандарды жазыңдар. Бұл
сандардың сонғы цифрлары қандай? / 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; бұл
сандардың соңғы цтфрлары 0 және 5 /
Ж) 146,160,213,230,281,450 сандардың қайсысы 10-ға бөлінеді? Қайсысы 10-ға
бөлінбейді? Айырмалары неде? / 10-ға бөлінетіндері: 160; 230; 450;
бөлінбейтіндері: 146; 213; 281; Сонда 10-ға бөлінетіндер тек 0 цифрімен
аяқталады./
3. Әдісі: Сұрақ – жауап
4.Ұйымдастыру формасы: жеке, фронталды
5. Пайдаланатын құрал: Жұмыс дәптері
6.Оқушының танымдық іс - әрекеті: Тапсырмалардың жауабын айтады.
7.Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: Сұрайды
8.Нәтижені бағалау: Тек ауызша марапатталады.

ІІ – кезең: Жаңа тақырыпты өздігінен меңгерту

а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру

1. Мақсаты: жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп көруге мүмкіндік туғызу
2. Мазмұны:
а) «Білу» мақсатына сәйкес : Тақ сандардың жазылуы
қандай? Мысал келтір

Жұп сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір
б) «Түсіну» мақсатына сәйкес:

а) 2-ге еселік сандардың астын сыз:

17,413,796,543,722,9999,78,824,751,456,1008000,946,479,203,804

б)5-ке,10-ға еселі сандарды бөлек теріп жаз:

45;90;240;306;715;104;800;1100;7001,33000.
в) «Жинақтау» әрекетіне сәйкес:

.Қорытынды жасай отырып 2-ге, 5-ке,10-ға бөлінгіштік белгілері ережесін
жаз:
3. Әдісі: Мені түсін
4. Формасы: тапсырмаларды жұппен орындарында орындау
5. Пайдаланатын құрал: оқулық, жұмыс дәптері, техникалық құрал,
көрнекіліктер
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: барлық оқушы қатысады. Қабілетіне
қарай , олардың әрқайсысы өз үлесін қосады.
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: оқушылар жұпта дайындалып
болғанша журналға кешегі тақырыптың бағасын қою.
8. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша
марапатталады немесе ескертулер алады.

б) Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау

1. Мақсаты: оқушыға өзіндік ой – пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік
беру, ой ояту. Тақырыпты қаншалықты меңгергенін қадағалау. Танымдық
қызметін басқарып, бағыт бағдар беру.
2. Мазмұны: 1. Тақ сандардың жазылуы қандай? Мысал келтір
Жұп сандардың жазылуы қандай? Мысал
келтір
2. а) 2-ге еселік сандардың астын
сыз: 17,413,796,543,722,9999,78,824,751,456,1008000,946,479,203,804
б)5-ке,10-ға еселі сандарды
бөлек теріп жаз: 45;90;240;306;715;104;800;1100;7001,33000.
3.Қорытынды жасай отырып 2-ге, 5-
ке,10-ға бөлінгіштік белгілері ережесін жаз:
3. Әдісі: Сұрақ – жауап
4. Формасы: фронталды
5. Пайдаланатын құрал: оқулық, көрнекіліктер.
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: мұғалімнің басшылығымен жаңа тақырып
мазмұнын меңгеруге берілген тапсырмаларды талдайды.
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: ең нашар оқушыға дейін талдау
жұмысына қатысуын қадағалау
8. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша
марапатталады немесе ескертулер алады.

в) Алған теориялық білімін практика жүзінде пысықтау

1. Мақсаты: 2-ші кезеңде меңгерген теориялық білімдерін практикада бекіту
2. Мазмұны: №213; № 214; №219; №22; №223; №226
3. Әджісі: Есептер шығару
4. Формасы: жеке тақтада, жұппен орындарында
5. Пайдаланатын құрал: оқулық, тақта.
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: бірнеше оқушы тақтамен, қалғандары өз
беттерімен жұмыс жасайды.
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: оқушылардың бекіту жұмысын дұрыс
орындау дәрежесін қадағалау, көмектесу.
8. Нәтижені бағалау: Тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек ауызша
марапатталады немесе ескертулер алады.

ІІІ-кезең.
Кері байланыс / технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім /
І деңгей
1. Мақс аты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғардағы 2-ші
кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу
жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау.
Оқушыларға 3 деңгейлік тапсырмалар беріледі.
2. Мазмұны: 1 – ші деңгей / өнімсіз – репродуктивтік деңгей –
мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды.
• Екінші кезеңде қарастырылған ережелерді білу талап етіледі.
• Оқушының теориялық тапсырмаларды орындау барысында оның тек
ақпараттық мәні бар білімі анықталады.
• Үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы –
біліктілігін анықтау.Бірінші деңгейдің қорытындысы:
«есептелінде» алады, ол 5 баллмен бағаланады.
1.а 1)90-нан үлкен 100-ден кіші барлық 2-ге бөлінетін сандарды өсу ретімен
жаз: 92; 94; 96; 98;
б)80-нен кіші 70-тен үлкен барлық тақ сандарды кему ретімен жаз: 79;
77; 75; 73; 71;
2.144,171,184,278,391,415,520,997,990,646,825,975 сандарының ішінен 2-ге,5-
ке,10ға бөлінетін сандарды бөлек теріп жаз:
2-ге бөлінетін: 144; 184; 278; 520; 990; 646;
5 – ке бөлінетін: 415; 520; 990;
10 – ға бөлінетін: 520; 990;
3. Дәптердің бағасы 35 тг. Оқушы бірнеше дәптер сатып алды. Дәптерге неше
тенге төледі. 83 тг, 105 тг, 126тг . Оқушы неше дәптер сатып алды?
Шешуі: Дәптерге 105 теңге төледі .Өйткені 105 саны 35 – ке қалдықсыз
бөлінеді. 105:35 = 3 .
Ж/бы: Оқушы 3 дәптер сатып алды.

3. Әдіңсі: Репродуктив әдіс
4. Формасы: Жекеше
5. Падаланатын құрал: Жұмыс дәптері
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: Барлық оқушы орындауға
міндетті. Үздік оқушылар автомат – зачет алуға құқылы
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: өзім бақылап тексерем. Ең
нашар оқушыға дейін кем дегенде осы деңгейге жетуін
қамтамасыз ету.
8. Нәтижені бағалау: «есептелінді» , «есептелмеді» бағалау арқылы
екіліксіз оқуға кепілдік беру. Зачет алған оқушы / 5 ұпай/
келесі деңгейге көшеді. / «3» журналға қойылады./

ІІ денгей
1. Мақсаты:
• алғашқы білімдерін түрлендіріп қолдану арқылы оқушының ойлау
қабілетін жетілдіру;
• тапсырмаларды талдау біліктілігін тексеру;
2. Мазмұны:
• 1-ші деңгейде меңгерген ақпараттық білімдерінің себеп – салдарын
анықтайтын тапсырмалар орындайды
• өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі; оқу материалдарын
талдау іскерлігі талап етіледі;
• 4 балдық жүйемен бағаланады; 2-ші деңгей + 4 балл - 9 балл
1. Х‹56 теңсіздігі тура болатын х-тін мәндерін ішінен
а)10-ға еселік сандарды жаз: /10; 20; 30; 40; 50;/
б)5-ке еселік сандарды жаз: / 5; 10; 15; 20; 25; 30; 35; 40; 45; 50; 55;/
в)2-ге еселік сандарды жаз: / 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 24;
26; 28; 30; 32; 34; 36; 38; 40; 42; 44; 46; 48; 50; 52; 54; /
2. 9,5,2,0 цифрларын пайдаланып:
10-ға еселік сандарды жаз: 2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520;
5-ке еселік сандарды жаз: 2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520; 2905; 2095;
9205; 9025;
2-ге еселік сандарды жаз: 2590; 2950; 5290; 5920; 9250; 9520; 5902; 9052;
9502;

3. Әдісі: Өз бетімен жұмыстану
4. Формасы: Жекеше, жұптық
5. Пайдаланатын құрал: жұмыс дәптерлері
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: Бірін – біріне көмек ұйымдастырады
7. Нәтижені бағалау: Әр оқушы өз ұпайын санайды. 9 балл жинаса «4»
журналға қойылады.

ІІІ деңгей
1. Мақсаты:
• Алғашқы екі деңгейде алған білімдерін жетілдіріп жинақтау,
қорытынды жасау
• Тақырыптың мазмұнына баға бере білу

2. Мазмұны.
• 1.Алғашқы 10 жұп санды, 10 тақ санды жазып көрсетіңдер, жұп және
тақ сандардың жалпы түрін әріпті өрнек түрінде жаз.
Жұп сандар: 2; 4; 6; 8; 10; 12; 14; 16;
18; 20; жалпы түрі: 2а, а-натурал сан;
Тақ сандар: 1; 3; 5; 7; 9; 11; 13; 15;
17; 19; жалпы түрі: 2а + 1, а-натурал сан.
• 1 020, 6 500, 1 100, 5 001, 6 000, 704 000, 6 800, 690 500 сандарының
қайсысы 100-ге, қайсысы 1 000 – ға бөленеді? 100- ге және 1 000-ға
бөлінгіштік белгісін тұжырымдаңдар.
100-ге бөлінетіндер: 1100; 6500; 6000; 704000; 6800; 690500;
1000-ға бөлінетіндер: 6000; 704000; 690500;
Соңғы цифры 2 нолмен аяқталатын сандар 100-ге бөлінеді;
соңғы цифры 3 нолмен аяқталатын сандар 1000- ға бөлінеді.
• 3.403, 322, 505, 940, 87, 708, 609 999 сандарын 10-ға бөлгенде: а)
қандай қалдық қалады; 2) 10-ға қалдықсыз бөліну үшін бұл сандарға
қандай сандарды қосу керек?

3. Әдісі: іздену, өз бетімен жұмыстану;
4. Формасы: жекеше, жұптық
5. Пайдаланатын құрал: жұмыс дәптері, көрнекіліктер
6. Оқушының танымдық іс - әрекеті: іздену, қасындағы оқушыға көмектесу;
7. Мұғалімнің басқарушылық іс - әрекеті: оқушының өзін - өзі тексеріп
басқаруға үйрене бастауына бағыт беру, қадағалау; оқушының қорытынды
ұпай санына сәйкес бағаларын келесі сабақта журналға қою.
8. Нәтижені бағалау: Үйде жалғастырып орындағаннан кейін 3 ұпай қосып,
барлығы 12 ұпай жинаса журналға «5» қою. Келесі шығармашылық деңгейдің
нәтижесі бөлек 12 ұпаймен бағаланады.

Үйге тапсырма: № 218; 221; 223;


Ұқсас жұмыстар
Сандар және цифрлар
Цифр мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Сол жақта, оң жақта
Штрих код
2, 5 және 10 сандарына бөлінгіштік белгілері. 5-сынып
Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
10 саны мен цифры
Цифрмен берілген есептер
Сабақ соңында
Сайыстың мақсаты
Бөлшек әлемі математикалық сайысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz