Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Өсімдіктің маңызы
Шаңырақ шуағы
/ 15-мамыр – Халықаралық Отбасы күніне арналған ата-аналармен кездесу/
Мақсаты: 1.Мектеп пен отбасы арасындағы, отбасындағы ата-ана мен
баланың қарым-қатынасын нығайту.
2. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі салауаттылығын
көтеру.
3. Адамгершілік, шынайылыққа, инбаттылыққа, ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Өткізу әдісі: дөңгелек үстел.
Көрнекіліктері: даналық сөздер, шарлар, кластер, суреттер, мақал-мәтелдер
қағаздар, қарындаштар, альбомдар.
Өтілу барысы:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. Баяндама.
ІІІ. Пікірталас.
ІV. Қорытынды.
І. Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата-аналар сіздерді 15 мамыр
Халықаралық Отбасы күнімен құттықтаймыз! Хош келдіңіздер! Бүгінгі
кездесуіміздің тақырыбы «Шаңырақ шуағы». Ата-аналар өздеріңізді таныстырып
өтсеңіздер.
ІІ. Баяндама. «Мектеп және отбасы» тақырыбындағы бастауыш сынып мұғалімі
К.Г.Алтайбаеваның баяндамасын тыңдаңыздар.
ІІІ. Ата-аналар жүргізілетін жұмыстар: пікірталас.
1/ Ой қозғау.
Тату
әдепті
Үлгілі
көп балалы
Қайырымды инабатты шебер, өнерпаз
Мұғалім: Құрметті ата-аналар отбасындағы шаңырақ шуағының құпиясы неде,
бала тәрбиесі, отбасы бақыты туралы пікір алмасамыз.Өз топтарыңызға ат
қойыңыздар.
І-топ Еркін
ІІ-топ Алтыннұр
ІІІ-топ Айгөлек
Мұғалім: Шығыстың ғұламасы Әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз,
мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» - деген екен.
Келесі бөлім мынадай:
2/ «Отбасы бақыты – ол...»
Ата-аналарға конверттер таратылып беріледі.
А) Отбасы бақыты – ол...
Ә) Бақыт дегеніміз...
Б) Борыш дегеніміз...
В) Отбасы бақыты үшін мен...
Әр топ өз ойларын жеке – жеке білдіреді.
3/ Мұғалім: «Қазақтың тыйым сөзі - тәрбие көзі» дейді халық, келесі
бөлімімізде ырымдар мен тыйым сөздер айтуға береміз.
Әр ата-ана өз пікірлерін ортаға салады.
Қазақта 7 мен 3 саны киелі, қасиетті сан болып табылады.Ендеше осы ұғымдар
жайлы сөз өрбітейік.
Қазына Ата Алыс
Арсыз
Ер жігіт Кәрі мен жас
Ұйқы
Сұлу әйел Апта Жақсы мен жаман Жүз
Күлкі
Білім Алыс пен жақын
Тамақ
Жүйрік ат
Алғыр тазы
Берен мылтық
Қыран бүркіт
4/ Мұғалім: «Сөздің көркі-мақал» демекші, мен бастайын сіздер
жалғастырып көріңіздер:
1. Ой маржаны.... / кітапта/
2. Әкеге қарап ұл өседі, ... / шешеге қарап қыз өседі/
3. Ас... / адамның арқауы/
4. Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без,
/Аға тұрып, іні сөйлегеннен без/
5. Бақыт жерде,... /ерінбей еңкейіп ал/
5/ Мұғалім: Ата-аналар мен сіздерге ахуалдар жазылған қағаздар беремін.
1ахуал: -Ой, мама, қойыңызшы осы, сіз оны түсінбейсіз./ Осы сөздерді
ата-анаға есту ауыр емес пе?/
2-ахуал: Мама «Айгөлек» журналын жаздырып беріңізші? Оны қайтесің,
артық ақшам жоқ. Мазалама. / Сіз не деп жауап берер едіңіз?/
3-ахуал: Кешкі сағат 8-де баласы анасына сабағымды көрсетіп жіберіңізші
деді..Анасы сүйікті сериалының басталынын айтты.Бала үндемей кітаптарын қоя
салып, қоса көруге отырды. Кейін ұйықтап қалды. / Сіз қандай ойдасыз?/
6/ «Сіз қандай ата-анасыз?» анкета тарату.
7/ «Бақытты жанұя» сызба сызу.
Ата-аналарға қолдардың суреті таратылып беріледі.
папа мама бала
Тапсырма: Отбасы туралы суреттер салу, салынған қолдың суретін кірістіру
керек. Әр ата-ана суреттерін қорғайды. Баласының жақсы, жағымды жақтарын
айту керек, бірақ.... деп жалғастыру керек.
ІV. Қорытынды: Мінеки кездесуіміз осымен аяқталып қалды.Отбасының басты
міндеті – бала тәрбиесі. «Еңбек етсе кімде-кім, алтын жеміс тереді» демекші
еңбегіміздің жемісі көңілдегідей болсын десек, тәрбиені босаңсытып
алмайық.Келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім-тірлігімнің айғағы».
Тәрбие сағатының мақсаты:1.Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп,
өз ана тілінің
көркемдігін сезініп, сөз құдіретін
түсініп, оның адам
өміріндегі маңызын ұғуға
үйрету.
2. Сөздік қорларын
молайтып, шешендік өнерге
баулу.
3.Ана тілін қастерлеуге,
адамгершілікке тәрбие-
леу.
Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.
Өткізу әдісі: Ауызша журнал.
Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылардың назарын аудару.
ІІ.Кіріспе сөз:
- Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты.
«Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік
тіліміздің мәртебесін көтеру.
Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен.
Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы
Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР
тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989
жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы
Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі-
мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының
Тілдер күні деп жарияланды.
ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына»
Қатысушылар: қария, баласы, дана қарт.
Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:
«Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп
қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі
іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-
ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
«Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен.
Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы-
қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен
үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп
аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
1- оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе,
мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?
2- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине
тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы
сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім?
1- оқушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар
ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек.
Оқушы тақпақтары:
1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім,
Туған тілім-анам тілі - өз тілім.
Туған тілім- далам тілі- өз тілім,
Туған тілім- адам тілі- өз тілім.
2-оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
3-оқушы: Сүйемін туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнің.
Ән «Ананың тілі»
4-оқушы: Туған тілім- тілі ата бабамның,
Өзіңдейсің ақ сүт берген анамның.
Қайда жүрсең меніменен біргесің,
Түсінікті сендей жақын маған кім.
Сенсің тілім бойдағы күш қуатым,
Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.
5-оқушы: Қазағым-ау, бір-бір үлкен жүрексің,
Қадамыңа бір құдайым гүл ексін.
Тәуелсіз ел- ана тілін ардақтап,
Тәуелсіз ел- ана тілін ту етсін.
6-оқушы: Хандардың қайталама қатерлерін,
«Ұлт бол» деген нығайтып қатарларын.
Мағжан мен Мұхтар, Жүсіпбектің,
Ұмытпа ешқашанда баталарын.
Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл
да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары,
береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық
даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана
тілінде жетіп отырады.
Абай даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен
халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен
Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өміріңе азық етесің.
7-оқушы: Тіл тазалығы дегеніміз- ана тілдің сөзінен басқа тілдің
сөзімен шұбарламау.
8-оқушы: Тілдің тілден кеңдігі болғанымен, кемдігі болмайды.
Жақсыдан жадыңа алған бір ауыз сөз,
Асықпа түспеді деп қолыма тез.
Дамылсыз ізденуге ерінбесең,
Керегің өміріңде болады кез.
9-оқушы: Ана тілі, дана тілі, бақ тілім,
Сенсің менің қасіретті шаттығым.
Сенсің менің тазалықты пәктігім,
Сенсіз бақыт дүние тапты кім?
10-оқушы: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілі егер сені білмесем.
ІV. «Кім шапшаң?».
Мақалдың алғашқы жолы айтылады, әрі қарай оқушылар жалғастырады.
11-оқушы: Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін,
Ойланшы сыртын қойып, сөздің ішін, - депті Абай
атамыз.
12-оқушы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз.
Сөз өнері-киелі өнер.
13-оқушы: Өнер алды- қызыл тіл.
Әдептің басы- тіл.
V. «Ойлан, тап!»
Берілген сөздерден мақал құрастыру.
( ата, гүл, бала, жақсы, еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел,
ана).
VІ.Қорытынды:
Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де,
ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де,
болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы
жетті емес пе?!
Олай болса, біздің тілге деген құрметіміз шексіз.
Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Осы тілмен мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясы
Балалар мен жеткіншектер сарайы
Тақырыбы: Өсімдік - тірі ағза
Жұмыстың ұсынатын секциясы: Экологиялық
Орындаған: Сұлтанбаева Жанагүл
Шет ауданы
Жарық орта мектебі
2 сынып оқушысы
Жетекшісі:Алтайбаева Гулимжан
Кенжетайкызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Қарағанды 2011
Аңдатпа
Бұл ғылыми жобамда өсімдіктің маңызы, оның тірі ағза екені мен қорғау
жолдары туралы айтылады.
В этом научном проекте говорится о важностях растений, дать
представление о растении как живом организме и его охране.
Өзектілігі : Өсімдіктердің тіршілігі жайлы тоқталу. Қоршаған орта мен
өсімдіктерді қорғау, анықтау бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі.
Мақсаты: өсімдіктердің тіршілігіне тоқтала отырып, өсімдіктің тірі ағза
екенін көрсету және анықтау.
Туындайтын міндеттер:
- Өсімдік тіршілігін зерттеу, мағлұматтар жинақтау.
- Өсімдік суреттерін жинақтап бүктеме етіп шығару.
- Жинақталған мағлұматтарды сабақ барысында қолдану.
- Өсімдіктің тірі ағза екендігін оқушылардың хабардар болуын арттыру.
Зерттеудің болжамы: Егер мен өсімдік туралы достарыммен ой бөліссем, онда
достарыммен өсімдіктерді қорғап, жан-жақты болуына ықпал етер едім.
Күтілетін нәтиже:
- Қатарластарым өсімдіктер туралы толық мағлұмат ала алады.
- Олардың тіршілік иесі екенін түсіне алады.
- Тірі ағза екенін дәлелдейді.
- Өз ойларын, пікірін ортаға сала алады.
Зерттеудің тәсілдері:
- презентация
- иллюстрациялық суреттер
- бүктеме
Мазмұны
І.Кіріспе...................................................................
........................... 2 бет
ІІ.Негізгі бөлім
Өсімдіктің маңызы
Өсімдік - тірі ағза
Өсімдіктерді қорғау жолдары.
Қорытынды...................................................................
...................... 5 бет
Әдебиеттер..................................................................
........................ 6 бет
Кіріспе
Дүниетану сабағында «Өсімдіктердің тіршілігі» бөлімін өткенде
мұғалім өсімдіктер туралы көптеген қызықты жайттар мен өсімдіктің тірі ағза
екенін айта бастады. Сабақтан кейін менің ойымнан мына сұрақтар кетпей
қойды:
- Өсімдіктер жайлы не білеміз?
- Өсімдіктің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай ?
- Біз өсімдік өсіре аламыз ба?
- Өсімдіктер қалай көбейеді?
Осы сұрақтарға жауап алу үшін үй - ішінен, кітаптардан, ғаламтордан,
ұстазымнан өсімдік туралы қызықты мәліметтер ала бастадым.
1.1Өсімдіктің маңызы
Өсімдіктер – тірі ағза, олардың сан алуан түрлері түрлі ортада тіршілік
етеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша жер бетінде тек гүлді өсімдіктердің
ғана 300 мыңға жуық түрі өседі. Кейінгі кездері мектеп, балабақша, салтанат
сарайында, әсем ғимарат орындарында гүл өсіру мәселесіне аса мән
берілетінін көріп жүрміз. Түрлері де көп. Ендеше гүлді тек жердің көркі деп
түсінбей, үй жайларда өсіріп, шұғылданумен айналыссақ еш артықтық етпейді.
Оларды аялап, күтсең оның да саған деген пайдасы болмақ. Адам баласының
өсімдік өсіруге ерте кезден-ақ әуестенгені бізге мәлім. Өсімдіктерді
бірнеше мақсатпен өсіреді, соның бірі - бөлме өсімдіктерінің сәндік
мақсатта өсірілуі. Тіршілік үшін өсімдіктің алатын маңызы зор. Олардьң
көпшілігін адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап
отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес,
экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Сондықтан да, өсімдіктерді
қорғау — басты міндеттің бірі. Өсімдіктер қоры таусылатын, бірақ қайтадан
қалпына келетін табиғи ресурстарға жатады. Ғылыми деректерге қарағанда,
отырғызылған балғын шыбықтан бәйтерек ағаш өсуі үшін 100-150 жыл керек.
Біздің ормандарымызда жыл сайын ағаш қосымша өсіріледі де, 460 млн га
кесіледі. Ағаш қорын сақтау үшін кесілген ағаш жаңа жас ағашпен
толықтырылып отыруы керек. Республиканың табиғи өсімдіктерінің 400-ден
астам түрі қала парктерін, көше бойларын және жекелеген алаңдарды
көріктендіру үшін пайдаланылады.
1.2 Өсімдік – тірі ағза
Барлық өсімдіктер қоректенеді, тыныс алады, жарықты, жылуды, суды
қорек ететінін көптеген мағлұматтарды іздеу барысында білдім. Олар тірі
ағзалар. Ол үнемі өсіп, өзгеріп отырады: өседі, жапырақ жаяды, гүлдейді,
түйіндейді, жеміс береді .Өсімдіктің өсуіне жарық, жылу, ауа және коректік
заттар қажет екенін кітапаханашы апай айтып берді. Өсімдік өзіне қажетті
қоректі өлі табиғаттан алады. Өсімдіктің өсуіне осы өлі табиғат заттары
тікелей әсер етеді. Егер осылардың бірі жетіспесе өсімдік баяу өседі.Соның
бірі - су. Сусыз адам да, жануарлар да, өсімдіктер де тіршілік ете
алмайды. Өсімдік қоректік заттарды топырақтан алады екен.Оны топырақпен
тәжірибе жасағанда көзім жетті. Топырақ құрамындағы шірінді және түрлі
тұздар өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлардың бірі.Өсімдіктің өсуіне
ауа қажет. Өсімдік тыныс алады. Егер өсімдік өсетін топырақ тығыз болса,
өсімдікке ауа жетпейді. Оның өсіп жетілуі нашарлайды. Борпылдақ, құнарлы
топырақта өскен өсімдіктің бойы биік, жапырақтары ірі келеді. Ал топырағы
тығыз, құнарсыз жерде өсімдік сирек және аласа өседі.Өсімдіктің өсуіне су,
ауа ғана емес, жылу, жарық та қажет. Қолдан өсіретін өсімдіктерді егу үшін
топырақтың жылынуын күтеді. Себебі су мен ауа жеткілікті болғанмен
топыраққа жылу жетіспесе, тұқым өнбейді.Өсімдіктің «балауса шағы» мен
«жетілген шағы» болатынын кітаптан оқып білдім. Дегенмен, белгілі мерзім
(айлар, жылдар) өткенде өсімдік «қартаяды»: жемістері (тұқымдары) түсіп,
сабағы, жапырағы қурап, өсімдіктің тіршілігі тоқтайды(өледі).Осы жағдайлар
өсімдіктің тірі ағза екендігін дәлелдейді.
1.3 Өсімдіктерді қорғау жолдары
Көгалдар мен жайылымдарды сақтау үшін: 1) жер бетіп лас нәрселерден
тазарту керек; 2) топырақ құнарлылығын сактау керек; 3) улы өсімдіктермен
тұрақты күресу керек.Өсімдіктіердің түр-түрінің көп болуы адамдарға
байланысты. Олар өсімдікті қолдан өсіру арқылы оның түрлерін көбейтуге де,
дұрыс пайдаланбау нәтижесінде кейбір бағалы өсімдік түрлерін жойып
жіберуге де мүмкіндігі бар. Мысалы, адамдардың дұрыс карамау нәтижесінде
дүние жүзіндегі өсімдіктердің 30 мың түрі жоғалып кетті, казір оның 25 мың
түрі құрып кету дәрежесінде түр. Елімізде өсімдіктің 20 мың түрі болса,
оның 5.6 мыңнан астамы Қазақстанда өседі. 300-ден астамы «Қызыл кітапқа»
енгізілген. Біздің елімізде өсімдіктің 600-дей жабайы түрі жаңа өсімдіктер
түрін жасау үшін пайдаланылады.. Осыншама айтылған бағалы табиғат байлығы
— орманды, өсімдіктерді қорғау — еліміздің экономикасын нығайта берудің,
экологияны жақсарта берудің басты шарты.
Қорытынды
Қорыта келгенде, тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды.
Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған.Сирек және дәрілік
өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге
өте бай.Орман мен өсімдіктерді қорғау ересектермен қатар мектеп
оқушыларының да міндеті. Өсімдік әлемінің адамға берері көп десе де болады.
Өсімдіктерді сақтап қалудың ең басты жолы – адам баласының саналы
жауапкершілігі, экологиялық білімі және мәдениеті. Әрине өсімдіктердің тірі
ағза екендігі мұнымен шектелмейді, жұмысымның көлемінің шектелуіне
байланысты өісмдіктердің кейбір мәселелері ғана сөз болды. Өсімдіктердің
тірі ағза екендігін аша түсу, оның табиғатқа қосқан үлесін анықтап, лайықты
бағасын беру - алдағы күннің міндеті.Әрбір азамат өзінің туған өлкесі мен
оның байлығының иесі ретінде сезіне отырып, табиғатты қорғау ережелерін
қатаң сақтаған жағдайда болашақ ұрпақ алдындағы борышын ақтаған болар еді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. А Құралұлы, «Ұлттық дүниетаным» 2-сыныпқа арналған оқу құралы, Алматы
«Өнер» 2002, 25 бет.
2. Шаңырақ үй-тұрмыс энциклопедиясы, 5 том, Алматы 2003, 598 бет.
3. google. temakosan.net.
4. google . www. ustaz.kz.
5. google. kk. newikis.com.
6. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
-----------------------
Отбасы
7
3

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz