7-сыныпқа арналған сабақ: Жойылған файлдар мен бумаларды Қоржыннан қалпына келтіру

Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Жойылған файлдар мен бумаларды қалпына келтіру
(7 сынып)
Пән мұғалімі: Орынбай Назима
Сабақтың тақырыбы: Жойылған файлдар мен бумаларды қалпына келтіру
Мақсаты:
- Білімділігі:Оқушыларға жойылған файлдар мен бумаларды қалпына келтіруді үйрету.
- Дамытушылығы:Объектілермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
- Тәрбиелілігі:Жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Компьютерге қызығушылығын арттыру .
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сарамандық жұмыс
Көрнекілігі: Компьютер, слайдтар
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру сәті;
- Үй тапсырмасын тексеру;
- Білімді жан-жақты тексеру; Бумалар құрылымы дегеніміз не және олардың құрамына не кіреді?Оларды қалай көруге болады?Буманың ішкі құрамын қай жерде, қалай ашып көруге болады?Жаңа буманы қай жерде және қалай құруға болады?
- Мақсат қою:
- Жаңа білімді меңгерту:
Қоржынды түгел тазартқанға дейін немесе әрбір файлды, не буманы жеке-жеке жойғанға дейін, оларды Қоржыннан шығарып алып, қалпына келтіруге болады. Яғни, Қоржыннан жойылған файлдар мен бумалар қалпына келтірілмейді.
Қоржынға жіберілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру үшін:
- Кез-келген жерде тұрып, тышқан көмегімен Корзина белгісін екі рет бассақ, оның терезесі ашылады.
- Қалпына келтіретін объектіні белгілеп алып, Қоржын терезесінің Файл менюінен Қалпына келтіру (Восстановить) командасын таңдаймыз. Файлдар өшірілер алдында қай бумада орналасса, сол орнына қайта оралады.
- Қоржын терезесін жабыңыз.
- Тапсырмалар орындауСілтеуіш терезесінде Менің құжаттарым бумасының ішінен Мұғалім атты бума құрыңыз, осы бумаға қалауыңыз бойынша жоғарғы деңгейдегі бумадан бірнеше файл көшіріңізОсы құрылған буманы өшіріп, Қоржыннан қайтадан қалпына келтіріңіз
- Сабақты бекіту:
- Үйге тапсырма: