Батық ауылының тарихы

Т. Акмолдина
Қарағанды облысы
Шет ауданы
Батық орта мектебі
Қолданбалы курс тақырыбы: Өлкетану
Түсінік хат
Елбасымыз тарихтың маңызы туралы «Өркениетті алға бастырар ғылым десек, соның бірден-бір саласы жас ұрпақты дәл тарихтай отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, әділдікке тәрбиелей алмайды»-дейді.
Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін Отан тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. Бүгінгі орта білім беру жүйесіндегі Отан тарихын оқытуды «өлкетану» пәні арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, «өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпыадамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып, Қазақстанның мектептерінде «өлкетану» пәнін енгізіп оқыту - Отан тарихын өлке тарихы арқылы тануға негіз қалар еді. Мектепте өлкетану жұмыстарын жүргізу, жинаған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке курстарда оқыту керек.
Қазақстанның барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқу әдебиетітерінің жоқ екенін ескере отырып, «Өлкетану» сабағы оқушылардың өзіндік ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделуі қажет.
Өлкетану пәні арқылы мектепте мұражайлар ұйымдастыруға да болады.
Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.
Осы мақсатта «Өлкетану» курсы бойынша орта буын оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарлама ауыл тарихына арналып жасалды. Бағдарлама оқу процесінде 6-сыныпқа, аптасына 1 сағаттан, жалпы оқу бағдарламасы 34 сағатқа арналған.
«Өлкетану» курсының негізгі тұжырымдамасы:
- Мектепте тарихи-өлкетану жұмысын жүргізу
- Өлке тарихын, Отан тарихын меңгерген тарихи сананы қалыптастыру
- Оқушыны өзіндік іс-әрекет жасауға үйрету, оның интеллектісін дамыту
«Өлкетану» курсының мақсаты:
Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру.
«Өлкетану» курсының міндеттері:
-оқушының тарихи біліктері мен дағдыларын жетілдіру
-оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісінің сапасын арттыру
-өзіндік ізденіс, шығармашылыққа баулу және жетелеу
Атқарылатын жұмыс түрлері:
- Батық ауылын зерттеуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу
- Тарихи-өлкетану қоғамын құру
- Ауылға саяхаттар ұйымдастыру
- Ауылдағы ескерткіштерді зерттеу
- Ауыл туралы материалдар жинақтау
- Ауыл туралы мұражайлар ұйымдастыру
- Ауыл туралы тарихи кештерін ұйымдастыру
- Өлкетану тақырыбында конференция, пікір-талас ұйымдастыру
- Қабырға газеттерін шығару, стендтер дайындау
«Өлкетану» факультативтік курс 6-сыныптар аралығында мынадай тақырып бойынша өтіледі:
6-сынып «Батықтану»
Күтілетін нәтиже:
- Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.
- Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.
- Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.
- Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.
- Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.
6-сыныпқа арналған «Батықтану» курсының оқу жоспары.
Аптасына 1 сағаттан 34 сағат.
Еліне оралған отандастар
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»
әңгімелеу.
Кездесу ұйымдастыру
«Батықтану» курсының қысқаша мазмұны
6-сынып
Өлкетану «Батықтану» курсының мақсат-міндеттерімен танысу.
Тарих сабақтарында инновация әдістерін пайдалану арқылы өлкетану материалдарын оқыту, елдің тарихын оқып меңгерген тарихи сананы қалыптастыру. Оқушыларға курстың маңызын ашып түсіндіру.
І тарау. Батық - киелі мекені
«Ауылымның тарихы - тұнған шежіре». Оқушылар туып-өскен ауылдары туралы не білетіндері жайлы ой толғау және ауылын бейнелейтін суреттер салып, жеке жұмыстар атқарады.
«Менің әулетімнің тарихы». Өз отбасы, әулетінің тарихы туралы мәліметтер жинақтау. «Отан - отбасынан басталады» деген қағидаға сүйене отырып, отбасы тарихын жазу.
«Ата мұрасы асыл қазынамыз» . Ұлттық бұйымдардан көрмелер ұйымдастыру. Жарыстар ұйымдастыру.
«Тарихыңды таны -тұлғаңды құрметте» Ауылдан шыққан тұлғалар туралы мәліметтер жинастыру
« Шежірелер сыр шерткенде». Өз отбасы, әулетінің тарихы туралы мәліметтер жинақтау. «Отан - отбасынан басталады» деген қағидаға сүйене отырып, отбасы тарихын жазу. Оқушыларды ата-тегін білуге баулу. Өлке шежіресінің маңызын білу.
Дәстүрді білеміз бе?. Жергілікті жердің салт-дәстүрі, оның маңызы. Ұлттық ойындар жайында материалдар жинақтау.
« Жер-су аттарына шолу» . Жер-су атауларын анықтап, сұрастыру. Жергілікті ауыл тұрғындарымен кездесу. Өлкеміздегі жер-су аттарының ерекшелігі, әрбір тарихи кезеңдегі жер-су аттарының өзгеруі. Ауылдың картасын құрастырып, жер-су аттарын анықтап, картаға түсіру. Саяхаттау бағдарын құрастыру
«Ауылдас тыңгерлер мен еңбек ардагерлері» . Ауылымдағы тың және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру.
Тастағы табиғи керемет. Ауылдың көрікті жерлеріне саяхат жасау. Жартастар табиғаттың тылсым күшінің әсерінен әр түрлі пішінге айналуы.
« Батырлар рухы өшпейді» . Батық батыр Қазыбайұлы туралы мәліметтер жинақтау.
«Шеберлер сырын ашайық». Ауыл шеберлері бұйымджарынан бұрыш ұйымдастыру.
Ауылымыздың демографиялық жағдайы. Ауыл халқының туу, өсуі, өлім туралы стаистикалық мәлімет жинақтау, зерттеу. Халық саны, әлеуметтік жағдайы.
ІІ. Батық ауылының тарихы
Ауылымыздың тарихы туралы не білеміз? Оқушылар алғашқы ойларын айту. Эссе, ой толғау жазу.
Батық жері тоталитарлық жүйе кезінде. 30-жылдары сталинизм заманында дала лагеріне айналуы.
Батық - КарЛаг еңбекпен түзету лагерінің бөлімшесі. 30-жылдары КарЛаг-тың бөлімшесі болғаны туралы. Әйелдер лагері. Бестөбе жері.
1950-70 ж. ж. Батық ауылы. КарЛаг-тан кейінгі тарихи дамуы. Қазақ ұлтының ауылды мекендемеуі туралы.
«Төменгі Нарбақ», «Үлкен Батық» тоғандары. Батық ауылындағы тоған туралы мәліметтермен танысу және тоған маңына экскурссияға шығып, тазалық жүргізу. Табиғатты қорғай білу - әр азаматтың борышы.
Тоған суына арналып салынған қондырғы тарихы.
Батық ауылындағы тоғанның суын тоқтатуға арналған қондырғы туралы мағлұматтар. КарЛаг тұтқындарының еңбегі. Қондырғының архитектуралық жүйесін зерттеу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz