Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар

Файл қосу

"Аналарды аялайық!"



Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

[pic]

[pic]

Өткізген: ұзартылған күн тобы тәрбиешісі: Г. Қасымова

2012 жыл

Тақырыбы: Аналарды аялайық!
Мақсаты: Ата-аналардың мектеппен тығыз байланысын арттыру.
Ана жайлы жақсы сөздер, өлеңдер арқылы анаға
сүйіспеншілікпен қарау, ана мейірімін, махабатын, жақ-
сылығын түсіндіріу.
Мейірімділікке, анаға құрметпен қарауға, ұстамдылыққа
тәрбиелеу.

Көрнекілігі: шарлар, кеспе әріптер, мақал-мәтел жазылған плакат,
Ребус.

Әдісі: СТО
Қолданылатын стратегиялар: Топтастыру, ой қозғау, 5 минутты
Эссе.

Өту барысы

Қызығушылықты ояту

Ой қозғау
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем
- Қай ай?
- Наурыз
- Наурыз айында қандай мереке тойланады?
- 8-наурыз
- 8-наурыз қандай мереке?
- Халықаралық әйелдер күні
- Аналарымыздың мерекесі.

Сөзжұмбақ «Ана»

|А | | | |
| | |Н |
| |А | | | |

1. Жемістің түрі.
2. Ас атасы-...
3. Уақыт көрсететін құрал.

Мағынаны тану

Аягөз: Ана- бізді дүниеге әкелген адам, әлемнің жан дүниесі. «Ана» ең
қастерлі, ең аяулы сөз.
Заманбек: Ана деген сөздің өзі ыстық. Ананың жолы басқа.
Нұрғасыр: Ана баласын бағып асырайды, қамқоршы, жақсы көреді, еркелетеді.
Боймыздағы жақсы қасинттер бізге алдымен анадан тарайды.
Темурлан: Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың
тәрбиешісі.

Мұғалім сөзі: 1910 жылы Данияда Копенгаген қаласында революционер
әйелдердің халықаралық конференциясы өтті.
Мінбеге Клара Цеткин шықты. Ол ақ шашты қара көзді орта жастағы адам еді.
Біз күреспен қол жеткізген осы мерекені жыл сайын 8 наурыз күні атап
өтейік. Бұл барша әйел қауымының мерекесі болсын деген ұсыныс айтты. Ұсыныс
бір ауыздан қабылданып, 8 наурыз халықаралық әйелдер күні болып қабылданды.

Сол уақыттан бастап 8- наурызда халықаралық әйелдер мерекесін тойлап
келеміз.
- Тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастырайық.
- Аналарымызға жүрегімізден шықан өлең шумақтарымызды арнаймыз.

Темірлан: Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең.
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең.
Нұрғасыр: Бал бөбегім баптаған
Мамам үшін мақтанам!
Аялайтын біздерді
Көп жасасын ақ мамам.

Аягөз: Алақаны ақ самал
Мәпелеген жан ана
Көкте күнім батсада
Өзің күнсің балаңа.
Заманбек: Теңдесі жоқ данасың
Арқа тұтар панасың
Еңбегіңді ақтайтын
Аман болшы анашым.

Көрініс: «Бәрінен жақсы»
Бір кішкентай қыз көшеде анасынан адасып қалыпты. Ол анасын іздеп жылап
келе жатады. Сол кезде алдынан бір бала шығып былай дейді:
- сен жылама, мен сені анаңа алып барамын.
- Сенің анаң қандай еді?
Сонда қыз жылап тұрып:
Менің анам ең жақсы адам, ол бәріненде жақсы! – депті.

Сұрақ: Анамызды не үшін жақсы көреміз?
Ән: Ақ мамам

«Менің анам» тақырыбына 5 минутты эссе жаздыру.
Аналарың үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып
үлгереді ,үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?
-Сендердің аналарың бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны
бітіреді,сонымен қатар олар сіздердің әр ойларыңызды айтқызбай табады,
сендердің бар сырларың оларға әрқашан да белгілі.

- Олай болса аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Аялы алақан ойыны
Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларын тапқызу .
Би : Қаражорға
- Балалар енді сендерді сынап көрмекпін.
«Мен анамды қаншалықты білемін?» балаларға сұрақ қою.
1. Анаң қандай түсті киімді ұнатады?
2. Жақсы көретін тағамы.
3. Ұнататын гүлі қандай?
4. Бос кезде немен шұғылданады?
5. Ұнатпайтын ісі қандай?
6. Ұнататын әншісі кім?

Ән :

Аналарыңыз сіздерді байлаулы көзбен де көреді екен.
Олар осындай байлаулы көзбен басқа нәрсені де жақсы көрер ме екен ?

Гүл құрастыру.
Мына гүлдерді көзін байлап орнына құрастыру ( Анасы құрастырады)

Ой толғаныс

Топтастыру

Қамқоршы дүниеге әкелген
адам

асыраушы

еркелетуші

Қадірлі сөз

Жүректен жүрекке
Аналарын тілек айтып сыйлықтарын табыстайды.

Аналарыңызды әрдайы қуантып, құрметтеп жүрейік. Аналарымыздың көңілі шат,
жүзі жарқын, дені сау болсын.

-----------------------
Ана


Ұқсас жұмыстар
Әлпештеген баласын, айналайын анашым
Аялайық ананы
Ана махаббатымен әлем тербелген..
Жасыл көктем, сен көктем
Ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке ,ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
Мұғалім сөзі. Асыл анам мерекең
Ендігі тамашалайтындарыңыз өнер сайысы
Аялайық аналарды әрдайым
Асыл анам мерекең
Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі
Пәндер