Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сұрасаң бұрымды қыз
Сайыс: «Бұрымды қыз- 2011»
Қатысатын сыныптар: 8-9-10
Ұйымдастырушы: Рухани-адамгершілік бағыттағы ұстаздары
Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты
дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие
беру. Шығармашылық-іскерлігін арттыру. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті
сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу. Ісмерліктерін байқау.
Көрнекіліктер: Банер «Бұрымды қыз», қанатты сөздер
Сайыстың өту барысы:
- Әсем ән жіберу
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті асыл жанды ұстаздар!
2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар!
1-жүргізуші:Иә, көптен күткен көктем де келді, көктем мен бірге аналардың,
қыз-келіншектердің мерекесі бірге келді десейші.
2-жүргізуші : Осындай жақсы мезгілдің бастауы болған құрметті аналар, қыз-
қызғалдақтар сіздерді төл мерекелеріңізбен, гүл мерекелеріңізбен
құттықтаймыз!
1-жүргізуші: Осы байқау 8-9-10 сынып оқушы қыздар арасында: мектеп
аруын анықтау мақсатында қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау
қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан
сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан
ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен «Бұрымды қыз- 2011
» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: Сайыстың шарттарымен таныстыралық:
1. Таныстыру. «Сұрасаң бұрымды қыз......» /Бұл кезеңде өзін-өзі ұстауы,
мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері, ойын жеткізе білу қабілеті бағаланады./
1-жүргізуші
2. «Білімді мыңжы жығар» Білім сайысы / Бұл кезеңде қыздардың білімі,
жауап беру мәдениеті бағаланады./
2-жүргізуші:
3. «Ата салтым- асыл қазынам» салт-дәстүр мен ұлттық тағамның жасалу
сүрдісін түсіндіру. /Бұл кезеңде салт-дәстүр мен ұлттық тағамның
дайындалу үрдісін білуі, сөз саптауы, түсіндіре алуы, сөйлеу мәнері
бағаланады.
1-жүргізуші:
4. «Өнерлі -өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету. /Бұл кезеңде киімі, өз-өзін
ұстауы, жүрісі, тұрысы, сахна мәдениетін сақтауы бағаланады./
2-жүргізуші:
5. «Ана көрген тон пішер» Қыздардың ісмерлігін байқау./ Бұл кезеңде
қыздарға берілетін тапсырма бойынша орындау./
1-жүргізуші:
6. «Шешеге қарап қыз өсер» Қыздардың нан илеу шеберліктерін байқау.
2-жүргізуші:
7. «Қыздарға әсемдік жарасады» Қыздардың сәнділігін, «Шолпысы әсем
жарасып белге» демекші ұзын бұрымды қыздарды анықтау.
1-Жүргізуші: « Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.
Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?» деп Абай
атамыз жырлағандай ортаға бүгінгі сайыскерлерімізді шақырамыз! /
«Үкілі қыз» өлеңін жіберу/
Сайыс алдында «баталы құл арымас» дегендей сайыскерлерімізді демеу
мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті пәннінің ұстазы Қызғожина Айғаным
Жанатқызынан бата сұрасақ.
2-Жүргізуші:-Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі
–шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген.Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді
шашы мен бойына қарап бағалаған.
1-Жүргізуші:- Иә, дұрыс айтасың. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік
белгісі ғана емес, ол-әйелдер қауымының, яғни Хауа ана мен Бибі Фатима
анамыздан бастап берілген алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі.
Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап-сол сый құрметке сай, әрі әйелдің әсем
табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі,
әрі ұлттық сыр-сыйпаты.
2-Жүргізуші: - Ақындар оларға «қолаң қара шашы бар жібек талды», «сүмбіл
шаш, пісте мұрын, лағыл иек, шынардай он саусағың құлжа сүйек» деп
таңданған.
Ендеше, көп күттірмей сайысымыздың 1-ші шартына көшелік . «Сұрасаң
бұрымды қыз» деп таныстыруға берсек. Ортаға 1-ші сайыскерімізді
шақырайық!
1-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы:
2-Жүргізуші: орындауында
әнін қабыл алыңыздар!
1- Жүргізуші:-Рахмет, өнерің өрге жүзсін! Білімді адам қай жерде де
алда болып, төрден орын алған. Ал қыздарымыздың білімі қандай? Олай болса
ендігі кезеңде «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Қыздарымыз ортаға
шығып, тапсырмаларын алып, сұраққа жауап береді.
2- Жүргізуші:-Қыздарға Алтыншаш, Қарашаш, Сұлушаш деген ат қоюдың өзі
шаш қасиетін көрсетеді емес пе?Қазақтың қылмыс заңында да шаш туралы
бірнеше бап бар. Тентектер әйел шашын кессе ол дене мүшесін кескенімен
бірдей жазаланады үлкен айып төленеді. Егер әйелдер өзі қылмыс жасаса
олардың шашын кесіп жазалаған. Ол әйелдер үшін өлім жазасымен тең
қаралған. Шаштың ұшын қиған қыздарға шапалақ беріледі. Демек, әйелдерге
тән шаш бағасы мен құнын халқымыз ерте білген.
2-Жүргізуші:Әділ қазылар бағасы
1-Жүргізуші:
Сайысымыздың 3-ші шарты бойынша: «Ата салтым- асыл қазынам» салт-дәстүр
мен ұлттық тағамның жасалу үрдісін түсіндіру. /Бұл кезеңде салт-дәстүр
мен ұлттық тағамның дайындалу үрдісін білуі, сөз саптауы, түсіндіре
алуы, сөйлеу мәнері бағаланады.
Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын, сәндік
бұйымдардың ішіндегі асылы –шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты
өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады.
Әсем, сәнді шолпыларды тек қыз-келіншектер ғана таққан, егде әйелдер
тақпаған.
2-Жүргізуші:Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы,
тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы,сылдырмақ
шолпы, көзді шолпы.Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген
кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар
әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем
жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі.
1-Жүргізуші:Шаштеңге, шолпы шашбауға немесе бұрымның ұшына байланады.
Шолпы таққан қыздардың басы ауырмайды, шашы ұзын әрі сұлу, берік болып
өседі, ерте түспейді деп жорамалдаған. Шолпы, шаштеңге таққан қыз-
келіншек мезгілсіз жүрмейді. Өйтекні күміс сыңғыры «айтып»қояды.
2-Жүргізуші:-Сайысымыздың келесі шарты «Өнерлі -өрге жүзер» өз өнерлерін
көрсету. /Бұл кезеңде киімі, өз-өзін ұстауы, жүрісі, тұрысы, сахна
мәдениетін сақтауы бағаланады./
1-Жүргізуші: Әділ қазылар бағасы: «Маматайым»
2-Жүргізуші:- Рахмет, өренің өссін!
1-Жүргізуші: Әділқазылар бағасы
2-Жүргізуші:
1-жүргізуші:- Рахмет! Өнерің өрге жүзсін, достым «Ана көрген тон пішер»
Қыздардың ісмерлігін байқау./ Бұл кезеңде қыздарға берілетін тапсырма
бойынша орындау./
Әділқазы алқасынан қыздарымыздың бағасын сұраймыз.
2-жүргізуші: «Шешеге қарап қыз өсер» Қыздардың нан илеу шеберліктерін
байқаймыз.
Әуен ойналады. Қыздарымыз нанды шеберлікпен илеп көрсетеді.
Ән « 16 қыз» орынд : Дулат Досқабылов

2-Жүргізуші: Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары
бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа
тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің
шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң оның арасын бір
сүйемдей етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген
ақ тілек белгісі. Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.
-Сайысымыздың келесі шарты. «Қыздарға әсемдік жарасады. Қатысушының
сахнада өзін ұстауы, жүріс-тұрысы сарапталады.

1-Жүргізуші:- «Бұрымды қыз-2011» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен
сияқты. Бұрымы ұзын, өзі шебер, нағыз қазақтың қызын саралап шығару сәтте
келіп жетті. Олай болса ендігі кезекте сөз кезегін әділқазы алқасына
береміз.
Марапаттау:
2- Жүргізуші:- : Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!
Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды
білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Дайындағандар: Рухани-
адамгершілік бағыттағы ұстаздар

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz