Дүр Оңғар ауылы

Ақбаева Дәрігүл Нұрланқызы

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

Дүр Оңғар ауылы

№ 107 орта мектеп

Тәрбие сағаты

Тақырыбы : Жыр дүлейі - Дүр Оңғар

Мақсаты : 1) Оқушыларға Сыр сүлейі, жыр дүлдүлі - Дүр Оңғар жыраудың өмірі,

өлең - жырларын, шығармаларын, әдеби мұраларын насихаттау

2 ) Дүр Оңғар жыраудың қасиетті сөз өнерін арқау ете отырып, жас

ұрпақты патриоттыққа, ізденімпаздыққа, мәдени мұраларымызды

сақтауға тәрбиелеу .

Көрнекілігі : Дүр Оңғар жырау жайлы тарихи, әдеби шығармалар, кітап бұрышы,

портреттері .

Барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ . Кіріспе

Мұғалім :

Алты Алаштың анасы да, панасы да болған Сыр бойы киелі де қасиетті жер . Осы жерде талай билер мен батырлардың, небір дүлдүл ақын, жыршылардың, дана елідің әулиелерінің кіндік қаны тамған және бақилық қоныс тепкен .

19 - ғасырдың екінші жартысы, 20 -ғасырдың басы осындай киелі жерге Сыр сүлейлерінің бір топ жыр жұлдызын сыйлады .

Сол шоқ жұлдыздар шоғырының көрнекті өкілі - Оңғар Дырқайұлы артында өшпес мұра қалдырған орақ ауызды, өткір тілді ақын - жырауларымыздың бірі де бірегейі болған .

Оңғар жырау кім?

Оңғар жырау - 43 жылдық қысқа ғұмырында артына өшпес мол рухани мұра қалдырған орақ тілді, от ауызды, арқалы ақын, жампоз жыршы, сырлы сазгер.

Ол 1859 жылы Қазалы уезіне қарасты Қармақшы ауданының Жаманасыр болысындағы 3 - ауылда дүниеге келген . Яғни, қазіргі Жаңажол ауылы .

Барын базар етіп өрнекті сөйлеген, ақындықтың апшысын қуырып сөздері жалын, сөздері оқ, Сырдың саңлағы Оңғар жырау жырлап қана қоймай арнау өлеңдер, бір

қақпай жұмбақтар шығарған .

Тұрмағанбет Ізтілеуов Сырдың саңлақ шайырлары он тоғыз ақынға арнаған «Әр ел -

дің бар бұлбұлы» атты туындысында :

Қаратамыр ол - Оңғар,

Ақмарал, бұғы һәм арқар

Қоныстанған қысы жаз,

Асқар таудың үңгірі, - деп оны ешкімнің өресі жетпейтін асқар таудың басына шығарып, киелі ақын дегенді меңзейді .

Ой қозғау .

Сыр саңлағы

Жампоз жыршы Жыр киесі

Арқалы ақын Сырлы сазгер

ІІІ Негізгі бөлім

1 . « Қоңыраулы көк найза»

( Оңғар жыраудың жыр толғауларының ерекшелігі)

Мәнерлеп оқу . Өлеңдер мен толғаулар : «Өзім туралы», «Ерлерім сөйле дегесін»,

«Әркімдерге сөз айттым»

2 . «Бір дария таяздайды кешкен сайын»

(Жұмбақ өлеңдерінің сыры )

1 . Бір нәрсе өзі нәзік ұстағанда,

Көреді үйде отырып тыстағыны

Жаласы зәредейден бола кетер,

Өмірін жаратыптықысқа қылып . ( әйнек )

2 . Бір нәрсе темір басты, ағаш сапты

Алдыңда қарсы қарап құлап жатты

Ағеке, тапқыш болсаң осыны тап

Өзімнің тәуір көрер ағам атты ( балға )

3 . Бір көлік қалмайды артта көшкен сайын ( ұрпақтар жалғасы )

4 . Бір арқан тарқатылар ескен сайын ( ой - тілек )

5 . Бір дарақ өсе түсер кескен сайын ( ұрпақтардың өсіп - өнуі )

4 . Сергіту минуты .

Өлең - жырлар оқылып, әр топ өлең - жырлардың авторларын табу керек .

1

1 . Құйрығы жоқ, жолы жоқ -

Құлан қайтіп күн көрер ?!

Аяғы жоқ, қолы жоқ -

Жылан қайтіп күн көрер ?! (Асан қайғы )

2 . Ереуіл атқа ер салмай

Егеулі найза қолға алмай

Еңку - еңку жер шалмай

Ерлердің ісі бітер ме ? ( Махамбет )

3 . Қас жақсылық қадірін -

Жақыны білмес, жат білер

Төс айылдың батқанын

Иесі білмес, ат білер ( Тұрмағамбет )

4 . Алыстан қызыл көрінсе

Манат емей немене

Көтеріліп ұшқан соң

Қанат емей немене ( Бұқар жырау )

4 . 1 Оқушылар шығармашылығынан .

« Дүр Оңғарғарға арнау» . Айзере Рахманбердиева ( оқушы)

Жырымен тамсандырған талайларды

Білмейтін адам бар ма, Дүр Оңғарды ? !

Абыройын асырған Сыр елінің

Мақтан тұтам киелі мен бабамды

Өнері үлгі болған өнегелі

Тағлымы теңіздей терең еді

Есімі өлмес мәңгі елі барда

Ақын - жырау ішіндегі кемеңгері

Қанықпын жастайымнан жырларына

От өрілген жырының шумағында

Атағы асқақтаған бабамыздың

Қуанам ауылымда туғанына

5 . « Дүр Оңғар туралы толғаулар»

Той бастар . ( Достық Тілеубергенов)

Алқалы топта сөйлесе Сынығын жина асылдың,

Тау тұлғам тұрмас толғанбай . Қапқа қол созбай, хат танып .

Ақыннан кім бар Оңғардай Есімі жетті Алашқа,

Деп білгей жырын ендеше, Басына баян бақ дарып

Алтынмен аптап қойғандай . Сүйінші ! Даусым жете ме

Дүр десе дүрің осы еді, О, Сырдың бойы, түз - белең !

Көтерген жырдың байрағын . Жұртыңды сөйле көтере,

Сапырып алған деседі, Ақынын әркез іздеген .

Суүбелі сөздің қаймағын Тұрғызған аппақ кесене,

Бар және жер ғып өтері, Есі бар елміз біз деген

Таққанда болыс, байға мін Жанып тұр жүзім алау боп


Ұқсас жұмыстар
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Ел -туымен тұғырлы,әнұранымен айбатты,елтаңбасымен еңселі
Ата-ана мен ұстаз, білім мекемесі арасында байланысты нығайту және ұстаз беделін арттыру
Теориялық мәліметтер,спорт ойынының ережесімен таныстыру
Эстафета 4*100 м жүгіру
Ежелгі тас ғасыры
Оқушыларды қарым – қатынас мәдениетіне үйрету
Жанұя және математика
Мен үлгілі ата-анамын
Математикадан қайталау сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz