Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы

Өткізген: Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы
Ақсай қаласының №5 ЖББОМ
физика пәні мұғалімі Акашаева Ләззат Садыққызы
8-ә сынып
«Жылу құбылыстары» тарауын қайталау.
Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, пән бойынша алған білімдерін қорытындылау, тәлім-тәрбиесін, танымдық қабілетін, белсенділігін арттыру. Білімді, дарынды, озық оқушы болуға тәрбиелеу
Тәрбиелік-білімділік міндеттері:
1. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, ізденістерін дамыту
2. Өз беттерінше жұмыс жасауға дағдыландыру
3. Дәстүрлі емес сұрақтарға нақты жауап беруге үйрету
Сабақтың түрі: «Тапқыр достар» зияткерлік ойыны
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме материалдар
Сабақтың барысы:
- «Бәйге» Екі топқа сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапқа 1 жұлдызшадан беріледі.
- «Сәйкестікті тап» Физикалық шамалар мен өлшем бірліктерді сәйкестендіру қажет.
- «Ойлан тап» Топтарға есептер беріліп, тақтаға орындайды.
- «Ғажайып ұяшық» Тақтадағы ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беру.
- «Тапқыр достар» сұрақтарға және есеп шығару арқылы жауап беріп тақтаға суреттерді орналастыру керек.
Бірінші бөлімде интерактивті тақтада ағаштың суреті тұрады. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ағаш жапырақтарын толтырады.
І топ сұрақтары
- Заттың күйлерін атаңдар? (Сұйық, қатты, газ)
- Судың қайнау температурасы? (1000С)
- Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (Жұмыс, жылу беру)
- Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы? (Жылу мөлшері)
- Ішкі энергияның өлшем бірлігі? (Джоуль)
- Будың сұйыққа айналу процесі? (Конденсация)
- Қатты күйден сұйыққа айналу процесі? (балқу)
ІІ топ сұрақтары
- Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? «Джоуль)
- Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы? (ішкі энергия)
- Сұйықтың буға айналу құбылысы? (Булану)
- Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу? (қаныққан бу)
- Жылу берілудің неше түрі бар? (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
- Мұздың балқу температурасы (0 градус)
- Сұйық күйден қатты қатты күйге ауысу процесі? (қатаю)
2 бөлімде оқушыларға есептер беріледі. Тақтаға шығарады.
І топ есептері
- Температурасы 46, 50С-қа дейін қыздырылған 200 г шай ішкен адам, егер өзінің температурасы 36, 50С болса, қанша энергия алады? (жауабы:8400Дж)
- 3 кг бензин мен 2 кг керосинді араластырады. Осы қоспа толық жанғанда қанша жылу мөлшерін шығарады? (23*107Дж)
- 440*107Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек? Табиға газдың меншікті жану жылуы 4, 4*107Дж/кг. (100 кг)
- 1, 89*107Дж пайдалы жұмысты орындау үшін тракторға 4, 2*107Дж/кг меншікті жану жылуы бар 1, 5 кг отынды қажет ететін трактор қозғалтқышының ПӘК-ін табыңдар? Жауабы: 30%
3 бөлімде физикалық шамалардың сәйкестігін тауып орындарына орналастыру қажет.
4 бөлімде «Ғажайып ұяшық» бөлімінде ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарына жауап беру. Дұрыс жауап берсе, таңдаған ұяшықтың ұпайы қосылады.
5 ұпай: Дененің жұмыс істеу қабілеті (Энергия)
Жылудың ауа және сұйық ағыны арқылы берілуі (Конвекция)
Механикалық энергияның түрлері (Потенциалдық және кинетикалық)
Дененің температурасы артқан сайын оның ішкі энергиясы қалай өзгереді ?
(ішкі энергиясы артады)
10 ұпай: Сәуле шығару дегеніміз не? (электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесі)
Жаздыгүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті? (ақ түсті, себебі:ол күн сәулесін нашар жұтады. )
15 ұпай: бейне сұрақ және суретті сұрақ
5 бөлімде оқушыларға есептер мен сұрақтар жазылған карточкалар беріледі. Онда оқушылар тақтадағы жауаптарымен сәйкестендіріп, орналастырса Астананың символы Бәйтеректің суреті шығу қажет.
І тотың тапсырмалары:
- Массасы 1, 5 т кірпіштен жасалған пешті 100С-тан 200С-қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері жұмсалған. Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы 880 Дж/кг0С. Жауабы: 13200 кДж
- Массасы 3 кг оқ дәрі жанғанда 11400 кДж энергия бөлінген. Оқ дәрінің меншікті жану жылуын есептеңдер? Жауабы: 3800 кДж/кг
- Массасы 1 кг қорғасынды балқытқанда ішкі энергиясы қаншаға артады? Қорғасынның балқу жылуы 0, 25*105Дж/кг. Жауабы: 25 кДж
- Массасы 11 кг су буы конденсацияланғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді? Су буының меншікті булануы 2, 3*106Дж/кг жауабы: 25, 3*106Дж
ІІ топтың есептері:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz