Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ғылыми жұмыстарға үңілу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы
№13 жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы: Оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына баулу
Авторы: Аймухамбетова Жанна Намазбайқызы
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Жұмысқа пікір беруші: А.С. Ақтанова
СМПИ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к.
Семей
қаласы
Кіріспе

Зерттеу пәні: Әдебиет
Зерттеу мақсаты
Әрбір оқушының жас ерекшелігіне, қабілетіне қарай дарындылығын әр
түрлі әдістермен айқындау және дамыту, оның ішінде ғылыми іздеу қызметімен
ұштастыру.
Зерттеу міндеттері
- Оқушы дарындылығын әлеуметтік қажеттілігіне сай ғылыми негізінде
дамыту шарттарын анықтау.
- Ғылымның әр саласынан дарынды балаларды таңдап алу және олардың
шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
- Оқушылардың өздігінен білімдерін көтеруге, жетілдіруге белсенді
әрекет жасау.
- Оқушының өз бетінше білім – дағдыларын жетілдіру барысында
мұғалімнің ерінбей - жалықпай үлкен ізденіспен жұмыс жасауы.
- Оқушылардың ғылыми – шығармашылық жұмыспен шұғылдануы, оқушылардың
оқу үрдісін жетілдіруде және мамандық таңдауда да көмегін тигізуі.
Зерттеу әдістері
Зертеуде баяндау, жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері
басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік
саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай
интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты
өзекті мәселелер еңгізіп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы,
өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге
шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті
мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды балалардың ішінен шығады.
Оқушының өзіндік ерекшілігі мен іс- әрекет белсенділігіне қарай
төмендегіше жіктесек, бала шығармашылық жұмыста осы сатыдан өтеді де
біртіндеп іріктеледі, шын шығармашылық тұлға қалыптаса бастайды.
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен

қасиетімен тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару
мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол
саласында талант деп атайды. Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғарғы
білікті шығармашылықпен жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу,
оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі
дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір дарынды адам,
еңбекке бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен
дарынды, таланты бала деп баланың, ата- ананың мектептің үздіксіз
еңбегінің жемісін айтуға болады.
Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері
мыналар деп көрсетеді:
- ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің
жоғарылығы.
- ақыл- ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап
салыстыра білу.
- барлық күш- қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі
Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез келген баланың бойындағы
қабілетті үздіксіз еңбек мұғалімнің ерінбей жалықпай үлкен ізденіспен
жұмыс жасауының нәтижесін жүзеге асыруға болады.
Қабілетті балалармен жеке жұмыстарды ұйымдастыру біздің тәжірибемізде
төмендегідей негізгі бағыттарды қамтиды.
1) жан – жақты зерттеу жұмыстарын жұргізу арқылы оқушылардың
икемділігін, қабілеттілігін айқындау, оларды топтарға бөлу;
2) оқу үрдісінің барлық сатыларында әр түрлі топтардағы оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың әдістемелік тәсілдерін жасау;
3) Әр алуан мақсатта жеке дидактикалық материалдардың жүйесін құру;
4) Білімді бағалау, бақылау жүйелерін жетілдіру
Осы қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай
анықтауымыз керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте
психологпен ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін
мұғалімдерден сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алдық.
Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушы шығармашылығын дамытудың
қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да қабілетті адамға
мұқтаж болып келген. Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Түр сипаты мүлдем
бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет –қасиетке ие
жаңа адам пайда болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы
бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық
мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп
қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу
қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, ХХІ ғасыр мектептерінде жаңа
талап, жаңа заманға сай оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарының
жандандыру – үлкен міндет. Ғылыми қоғамның атқаратын жұмыстары оқушылардың
ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын тереңдетіп оқыту арқылы
танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуына зор
ықпал етеді.
Оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу мақсатында біздің мектепте
2007-2008 оқу жылында «Жас талап» атты оқушылардың ғылыми қоғамы
құрылды. Оқушылардың ғылыми – шығармашылық қоғамы өз алдына мынадай
мақсаттар мен міндеттерді қойды:
Оқушылардың мемлекеттік және шет елдік ғылым саласындағы жетістіктер туралы
танымдық көзқарастарын кеңейту.
1. Ғылымның әр саласынан дарынды балаларды таңдап алу және олардың
шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
2. Оқушылардың өздігінен білімдерін көтеруге, жетілдіруге белсенді
әрекет жасау.
3. Оқушы өзі таңдаған ғылым саласы бойынша өз бетінше білім – дағдыларын
жетілдіру барысында жұмыс жүргізе алу.
4. Оқушылардың ғылыми – шығармашылық тобының жұмысы оқушылардың оқу
үрдісін жетілдіруде және мамандық таңдауда көмегі бар.
Оқушылардың ғылыми қоғамы дарынды жастардың ғылымға деген
қызығушылығын дамытып, ғылыми – зерттеулермен шұғылдануды үйреніп,
шығармашылық машықтарын қалыптастырады. Ғылыми қоғам мүшелерінің зерттеу-
іздену жұмыстарына деген жауапкершілігін, ынтасын арттыру мақсатында әрбір
ғылыми қоғам мүшесіне қоғамның міндеттері мен құқықтары, зерттеу тақырыбы
жазылған куәлік берілді.
Бұл қоғам жаңа ғана аяғын басып келе жатқан сәби болса дағы оның
жетістіктері де жоқ емес. Мектепішілік конференциялар өткізіп және келесі
оқу жылына «Дарын» орталығы өткізетін конференцияға бірнеше оқушы өздерінің
тапсырыстарын берді.
І бөлім Ғылыми зерттеулердің методологиясы
1.1 Ғылыми жұмыстың әдіснамасы.
Қазіргі заманғы ғылым – еңбек іс- әрекетін адамның ойлауы мен
психикалық және дене күштерінің ынталануын талап ететін бір түрі болып
табылады. Ғылым іс – әрекеттің ең бір қиын да, күрделі, көп ақпараттық
білімді, білік дағдыны талап ететін бір саласы болып есептеледі.
Қазіргі зерттеуші - ғалымның алдында кез келген ғылыми мәселені
шешетін дұрыс бапты анықтау міндеті тұр. Мұндай бапты беталды іздеу көп
уақыт пен күшті талап етеді, бұның өзі де көбінесе дұрыс шешімге
әкелмейді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта дұрыс сұрақты қоя білу, оған
жауапты анықтау қажеттілігімен ғана шектелмей, ғылыми еңбектің жемісін
пайдалану нәтижелерін көре білу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижелілігі көп
жағдайда таңдалған әдіснамаға байланысты.
Ғылыми әдіснаманың үш деңгейі бар: Философиялық, жалпы ғылыми, нақты
ғылымдылық. Бұлардың арасында айқын шекара жоқ, себебі олар бір – бірін
алмастырып, толықтырып жатады.
Философия әдіснама ретінде зерттеушіні табиғат, қоғам, сана дамуының
жалпы заңдарын білуімен, әлемнің біртұтастығын қамтуымен, зерделенген
мәселені басқалардың ішінен орны мен байланысын анықтаумен қаруландырады.
Ғылыми әдіснаманың ең бір басты бөлігі – салада жаңалық ашу. Ғылыми
әдіснаманың бірінші және ең нағыз талаптарының бірі – кәсіби білім
деңгейін үнемі және жоспарлы түрде арттыру. Бұл мақсатқа жету үшін, мектеп
қабырғасынан бастап ғылыми пәндерден өз біліктілігін көтеріп, жан – жақты
білімді тұлға болуға ұмтылу.
Философия әдіснамасының басты маңызды бөлігі болып саналады. Философия
қағидаларын білу адамның ой- өрісін байытады. Философия біздің бүкіл
өмірімізден өтеді, себебі қандай іс – әрекеттпен айналысса да ол бұрынғы
ата – баба тәжірибесінен қалған немесе айналадағы ортадан алған, өзі
қорытындылаған жалпы ұғымдарға, ортақ түсініктер мен ерекше атауларға
сүйенеді. Философияның негізгі заңдарын, білімін елемеу жалған ғылыми
теориялардың батпағына батырады, нәтижесінде ғылыми қағидалар таза ғылыми
іс – әрекеттен алшақ тұрған көзбояушылық қорытындылар және теориялармен
алмастырылады.
Ғылыми жұмыстың тиімділігі көп жағдайда адам ой- өрісінің кеңдігіне,
білімділігіне, жалпы ақпараттық мәдениетіне байланысты. Табиғатқа,
әдебиетке , музыкаға, суретке деген қызығушылық эмоционалдық қанағат
береді, ғылыми мәселелерді шешуде пайда болатын шаршағандықты сыпырып
алады, шығармашылық үрдісті шапшаңдатады, күтпеген ассоциация тудырады,
тасаланып тұрған заңдылықтар мен байланыстарды көруге мүмкіндік береді.
Осы қағидаларға сүйенсек жас зерттеуші сауатты, көп салалы, білімді
азамат болу керек. Орта мектепте оқи жүріп қазіргі заманға лайық және жалпы
білімді меңгеруге міндетті.
Ғылыми жұмыстың маңызды сәтінің бірі жаңа ой – пайым (идея) шығару және
болжам (гипотеза) жасау. Жаңа, әлі белгісіз, бірақ өмірде кездесетін
заңдылықты іздеу барысында ол туралы болжам жасайды, мүмкін ол дұрыс болып
шығар, мүмкін жалған да болар. Гипотеза – ғылыми болжау, ғалым жұмысының
айырылмас серігі. Нағыз ғалым өз жұмысын қиялсыз жасай алмайды. Қиялсыз,
тапқырлықсыз, жаңа ой – пайым табу қабілетінсіз ғалым табысқа жетуі
мүмкін емес. Жалаң грамматиканы игеріп, поэманы жазу мүмкін еместей, жаңа
логика төзімділік пен еңбекқорлықсыз жаңа ой – пайым тудыра алмайды.
Гипотезаны құру – ғылыми шығармашылық дамуының заңдылықты кезеңі.
Жаңа идеяларды ұсыну және гипотеза жасауда сауатты болу үшін ғылыми
көріпкелдік қажет. Ал, ол тек қана ғылыми білімге сүйенген жағдайда болуы
мүмкін. Тұспалдау мүмкіндігі ғылымның құбылыс пен заттардың арасындағы
байланысты реттеуі, ауық – ауық қайталануын орнықтыру мәнінен туындайды.
Сондықтан да ғалымдар мен философтардың еңбектерінде тұспалдау жасау
мәселесі үлкен орын алатыны кездейсоқ жағдай емес. Осылайша тұспалдаудың
ең кең тараған әдісінің бірі экстрополяция деп аталады. Бұл әдісті
қолданғанда белгілі заңдарды белгісіз көріністерді түсіндіру үшін
пайдаланады.
Экстрополяция – кішігірім пән саласындағы білімдерді әлі ғылым игермеген
шын болмыстың кең аясына таратады.
Ғылыми заңдарға байланысты жасалған гипотезалардың бірнеше түрі болады.
Олар эмприкалық, теориялық , құрылымдық, статистикалық, динамикалық, санды
және сапалы болып табылады.
Эмприка заңдары тәжірибе мен бақылауларға негізделеді. Бұл заңдарды
теориямен салыстырғанда аса терең деп айтуға қиын, бірақ олардың негізінде
жасалған болжамдардың нақтылық дәрежесі өте биік.
Теориялық заңдар, эмприка заңдарына қарағанда, табиғаттың шын
заңдылықтарын терең де толығырақ айқындайды. Сондықтан, бұл заңдардың
үлкен болжамдық күші бар. Мұндай болжамның мысалы ретінде
А. Эйнштейннің қатынастық теориясындағы ірі аспан денесінің жанынан өткен
сәуленің ауытқу құбылысын атауға болады.
Ғылымның әрбір саласында динамикалық және статистикалық заңдарына
негізделген болжамдардың орны бөлек. Динамикалық заңдары объектінің алғашқы
қалпы мен сыртқы жағдайын біле отырып, кез келген уақытта оның өзгеруін
болжай алатындай мүмкіндік береді. Статистика заңдылықтары объектілер
жиынтығының, яғни элементтерінің бір текті объектілер көптігіне қатысты
болады. Бұл жиынтықта жеке элементтің іс- қимылы кездейсоқ болғандықтан,
ықтималдау түрінде сипатталады. Статистика болжамының басты міндеті жеке
элементтердің құбылмалы сипаттарына аса назар аудармай, бір текті
объектілері көпшілігінің өзгеруі туралы тұспалдау.
Ықтималдық сипатына қарамастан статистика болжамы өз құндылығын
төмендетпейді. Бұл болжамдардың толықтылығы немесе шынайылығы динамика
заңдары негізінде жасалған болжамдардан кем емес. Статистика заңдары
негізінде жасалған болжамдарды астрономия, әлеуметтану, медицина, биология
тағы басқа ғылымдарда қолданады.
Сапалы түрде тұжырымдалған заңдылықтар, көріністердің жалпы даму бағытын
анықтайды. Бұл заңдарды математика тілінде сипаттау мүмкін болмағандақтан,
оларды нақты цифрлар келтірмей – ақ жалпы түрде қорытындылайды.
Санды заңдар, математикалық формула мен теңдіктер тілінде тұжырымдалады.
1.2 Ғылыми - зерттеу жұмыстарының түрлері
Теория ғылымы өз кезегінде аналитика және өнертапқыш түріне
бөлінеді. Аналитикалық ғылым белгілі түсініктер мен заңдарды математикалық
өңдеудің есептеу әрекетінен құралады, мұның мақсаты аталған заңдармен
құбылыстардың сандық сипаттамасын беру. Бұл зерттеулердің мақсаты, зерттеу
объектісін жүзеге асырудың түрлі жағдайында бет алысын болжамдап
математикалық байланыстылығын табу.
Теория ғылыми жүзеге асуда арнайы жабдық пен бөлмелер қажетсінбейді,
зерттеуші ешкімнің көмегіне зәру емес, керек нәрсені өзі – ақ қамти алады.
Сондықтан теория ғылымы көп жағдайда дара тұлғалардың үлесінде болады,
ондай ғалым жеке өзі –ақ айтарлықтай нәтижеге жете алады.
Өнертапқыштық іс-әрекет бұған дейін беймәлім, белгі мен қасиеттер ашу
арқылы зерттеу объектісіне қажетті сапалы дәреже (индикатор) мен санды
деңгейін (параметр) аса зор өлшемге көтеру мүмкіндігін туғызатын
жаңашылдық сипатындағы ерекше шешімдер іздеп табудан құралады. Мұндай іс –
әрекет жүргізу үшін тек қана ақпарат тық қамсыздандырумен шектелуге
болмайды, ол үшін көп білу керек, зор шығармашылық қабілеттерді, қиялды өз
бойында қалыптастыру қажет, ерекше ойлау дағдысын тәрбиелеу қалыпты пікір
– шешімге бағынбай, өз көзқарасын байыту қажет. Дәл осындай шешімдер ғылыми
ой – өрісті ілгері жылжытады, жаңа көкжиек, бағыт ашады, ескірген идеялар
тоқырауынан алып шығады.
Ғылыми жұмыстың мақсаты – іргелі және қолданбалы міндеттерді шешу.
Іргелі ғылым табиғат пен қоршаған әлемнің ғалами мәселелерін қарастырады,
оның зерттеу пәні ретінде әлем мен бүкіл жаратылыс құрылымының жалпы заңы
мен ортақ заңдылықтары табылады. Бұл ғылымның маңызы ешқандай экономикалық
критерийлермен өлшенбейді, одан алынған нәтижелерді жақын уақытта қолдану
мәселелері қойылмайды.
Қолданбалы ғылым іргелі ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, өмірге
жақын түсінікті міндеттерді қарастырады. Мұнда ғылыми нәтижелерді іс-
жүзінде пайдалану негізгі міндет болып саналады, сондықтан бұл салаға
жататын зерттеулерді бастар алдында «бұл кімге қажет?» деген сұрақтар
қойылады. Іргелі және қолданбалы ғылымның арасында айқын шекара жүргізу
мүмкін емес, себебі қолданбалы ғылым өзінің даму барысында және
жетістіктерін қорытындылай келе бірте – бірте зерттеудің іргелі түріне
айналады. Ал керісінше іргелі ғылым тапқан жаңалықтарды пайдалана отырып,
қолданбалы ғылым өндіріс пен шаруашылықтың ірі мәселелерін шешуге көп
ықпал жасайды. Жүргізіліп отырған жұмыстың түріне қарай қолданбалы ғылым
теориялық немесе эмприкалық (тәжірибе) сипат алады.
Теория сипатына ие ғылыми жұмыс жүргізу барысында соңғы нәтижеге
жету үшін әдебиет көздерінен ақпарат жинақталады, талданып қорытылады,
өңделеді, есептеледі, жаңа ой – пікір ұсынылып, болжау жасалады. Ғылыми
жұмыстың мұндай сипаты дедуктивті әдіс деп аталады.
Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – адамның еңбектену іс – әрекетінің
ерекше түрі. Бұл іс – әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша
туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуалды
мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты
адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына
тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатан табиғи күштерді қолданудың
жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі яғни дене күштерін және рухани
қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және
мәртебелі болып саналған.
1.2 Ғылыми – зерттеу жұмысының бастауы.
Ғылыми – зерттеу жұмысы өзекті проблемалардан бастау алатындығы
баршамызға мәлім. Адамдар сонау алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде
табиғаттың, жаратылыстың тылсым дүниелеріне үңілген. Әр түрлі саланы
зерттейтін ғылымдардың барлығы да адам баласының «білсем», «танысам» деген
ынталарынан туындаған. Жұмбақ дүниелер проблеманы туғызған, ал проблемалар
бір ғылым саласының тууына, дамуына ықпал еткен.
Проблеманы іздеудің ең оңтайлы жолы – бір нәрсені әр түрлі жағынан
көре білу; дайын тұжырымдардың өзіне де сыни көзқараспен қарау, басқа
шешімін іздеу, оны табуға еңбектену болып келеді.
Сөз өнері де проблемаларға толы. Әдебиеттегі проблемалар сол көркем
туынды негізінде жатқан қалам иесінің көтерген ойынан, айтайын, берейін
деген мақсатынан туындайды. «Әдебиет – қоғам айнасы» дейді, көркем
туындыда қаламгер сол қоғамдағы басты өзекті, проблемаларды көтеруге
тырысады. Мысалы, Абайдың көп өлеңі өз халқын, өзі өмір сүрген ортаны
ащы сынауға негізделеді. Себебі неде? Себебі Абай өз халқының, қоғамының
басындағы басты кемшіліктерді түсіне білді. Содан шығу жолын іздеді, оны
сынау арқылы халқын оқу –білімге үндеді, имандылық, тазалыққа
тәрбиелегісі келді. Ақын қазақ халқының артта қалу себебін жалқаулық,
қараңғылықтан іздеді. Осы проблемалар Абайдың көп өлеңдерінің туу себебіне
әкелді.
Әдебиет пәнінің әр тақырыбында проблема жатыр десек, артық емес. Оның
бастысы көркем шығармалардың қайсысында болмасын, қаламгер ойы, идеялық –
эстетикалық мақсаты жатады. Мысалы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау», М.
Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмаларында қалмақ қызының бейнесі бар. Олардың
екеуінде ақындар сұлу, ақылды, қайратты, айлалы етіп бейнелейді. Олар – өз
ұлтының патриоты, өз сүйгеніне берік, адал. Тіпті, Абылай (Көкшетауда)
қалмақ қызының алдында дәрменсіз, ал «Батыр Баянда » қалмақ қызы Баянды да,
Ноянды да қармағына түсіреді. Батыр Баянды жазылмас қайғыға душар етеді.
Проблема қайда жатыр? Неге қалмақ қызын екі ақын осылай бейнелеген?
Әлде олардың бейнесінде тарихи шындық жатыр ма? Оқулықтан бұл сұрақтың
шешімін кездестіре алмаймыз. Тіпті ғалымдар еңбегінен оның дәл жауабын табу
қиын. Бұл жерде, ең алдымен, өзіндік болжам, шығарманы қабылдау дәрежесі,
тіпті эстетикалық талғамның деңгейі де көмекке келе алады. Ең бастысы ,
қабілет, іскерлік дағды, аналитикалық ойлау, салыстыра білу, көркем
мәтінді жете түсіну, ғалымдар еңбегіне де өзіндік көзқараспен қарау көмекке
келе алады.
ХХІ ғасыр ғылыми жетістіктердің, үлкен өзгерістер мен үміттердің
ғасыры. Барлық жаңалықтарға адам ақыл- ойын, білімін дамыта келе, қоршаған
ортаны өзін тереңірек тану барысында, алыс ғарыштың кеңестігіне жете, ғылым
саласында еңбектену арқасында жетті.
Ғылыми білім негізінде соңғы жүз жыл ішінде адам баласы өз ғаламшарын
өзгертті, тұрмысын көп есе жеңілдеткен және үдеткен үлкен өнеркәсіп,
көптеген машиналар мен жабдықтар ойлап тапты, тіпті күнделікті тұрмыс
жағдайын да өзгертті.
Ғылым адамзат дамуының қорғаушы күшіне айналды. Адам жасайтын жұмыстың
басын көпшілігін машиналар мен құралдар орындайтын болды. Адам жер бетінің
бір бұрышынан екінші басқа нүктеге мұхит пен құрлықтарды аттап лезде
жеткізетін көлік құралдарын ойлап тапты.
1.3 Зерртеудің әдіс – тәсілдері, оны ұйымдастырудың жұмыс жоспарын
жасаудың тиімді жолдары
Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оның барысында өзгертулер,
толықтырулардың болып тұруы заңды құбылыс.
Зерттеу жұмысына, ең алдымен жоспар жасап алу керек. Жұмыс жоспары «Не
істеу керек, қандай жолдары бар, қандай әдістер дұрыс ? » деген
сұрақтарды қамтиды.
- Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімін жасау. Ғылыми жұмыстарға
үңілу.
- Ғалымдардан ақыл –кеңес сұрау.
- Интернетке жүгіну.
- Үнемі бағамдау, байқау, іздеу, жинақтау жұмыстарын жүргізу.
- Тәжірибе жүргізу, (Ақынның мұражайларына, туып –өскен жеріне, немесе
оқиға болған жерге бару.) оның барысы, нәтижесін жүйелі түрде талдап
отыру.
- Қорытынды жасау.
- Бейне материалдар, слайдтар жасау.
- Жұмысты қорғауға дайындалу.
ІІ бөлім Оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына баулу
Бұл бөлімде мен өзім жетекшілік етіп, оқушылармен жүргізген
жүмыстарымнан үзінді беремін. Осы жұмыстарды жүргізген кезде маған ақылшы-
кеңесші болған, пікірлер жазған Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Шәкәрімтану ғылыми – зерттеу Орталығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы
Шаңбай ағамыз.
Тақырыбы: Пушкин поэзиясы Абайдың ақындық мектебі контексінде.
Жұмысты орындаған: Қайратқызы А. 11 «А» сынып оқушысы.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Тақырыптың өзектілігі
Бұл ғылыми – зерттеу жұмысы Пушкин поэзиясының Абайдың ақындық
мектебіндегі алар орны жайлы мағлұмат береді. Бұл жұмыс тақырыбы жағынан
Қазақстандағы Пушкин жылын және Ресейдегі Абай жылын өткізумен тығыз
байланысты.
Кіріспе бөлімінде ғылыми- зерттеу жұмысының мақсаты және міндеттері,
көтерілген мәселенің бүгінгі күнгі өзектілігі жайлы сөз болады. Негізгі
бөлімде Пушкиннің қазаққа ұлы Абай арқылы жол ашып танылуы, Пушкин
поэзиясының Абай шығармашылығына әсері, екі ақын шығармашылығы арасындағы
үндестік, тығыз байланыс нақты мысалдармен дәлелденген. Осы бөлімде Абай
аудармаларының көркемдік ерекшеліктері туралы да сөз қозғалған. Абайдың
қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтеруі, орыстың классикалық әдебиетімен
үндестік мәселесі жан – жақты талданады, салыстырулар да бар. Сонымен
қатар, Пушкин поэзиясын аударумен айналысып Абай дәстүрін жалғастырушылар
туралы да мәлімет беріледі. Осы жерде Шәкәрім атындағы Семей
университетінің жоғары математика кафедрасының білгір де білікті ғалымы
Сағидолла Қожакелдинов туралы айтып кетпеуге болмайды. Ол кісі туралы
Мұратбек Оспанов Сағидолла Қожакелдиновтың «Таңдамалы аудармалар және
аудармалар туралы пікірлер» кітапшасында жазған алғы сөзінде: «Сағидолла
Қожакелдиновтың еңбегі де осындай маңдай тердің жемісі деуге әбден
болады», - деп мәлімдеген. Оның үстіне математика сынды нақты ғылымның
маманы әдебиетке әуестенуінің өзі қуантарлық нышан.
Қорытынды бөлімде қазақ халқына Абай арқылы жеткен Пушкин
шығармаларының қуаты, өмірлік мағынасы туралы сөз болып, Пушкиннің тарихи
орны, Пушкин әлемін бар қазаққа жайып салған Абай шығармашылығының биік
шыңы жайлы әңгіме болады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты – Пушкин поэзиясының Абайдың ақындық
мектебіндегі алатын орнын ашып көрсету.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жұмыстың алдына мынадай нақты міндеттер
қойылды:
- Абай аудармалары арқылы Пушкинді танып білу.
- Екі ақынның арасындағы үндестікті көрсету.
- Пушкин поэзиясының Абайға әсер – ықпалын көрсету.
- Абай және Пушкин шығармашылығы арқылы жастарды білімге, еңбекке,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Зерттеу нысаны
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде Абайдың, Пушкиннің өлеңдері,
аудармалары алынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
- Орыс әдебиеті мен мәдениетіндегі Пушкиннің орны және қазақ халқының
рухани келбетіндегі Абайдың орны ғылыми тұрғыдан зерттеліп, қажетті
мәліметтер жиналып түзілді.
- Абай шығармашылығындағы Пушкиннің рөлі, оның орыс әдебиетіне деген
ілтипаты қарастырылып, сипаттама берілді.
- Екі ақынның поэзиясындағы үндестік анықталып, сипаттама беріліді.
Зерттеудің әдістері

Зерттеудің құрылымы
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Бұл жұмыс бойынша жоғарыда аталған оқушы Қайратқызы Аяулым
2006 жылы мектеп оқушыларының ғылыми жобалары жарыстарының қалалық
кезеңінде ІІІ жүлделі орынға ие болып, 2007 жылы «Оқушылардың білімдері
мен ерік – жігерлерін еліміздің үдемелі дамуына жұмылдыру» атты аймақтық
студенттік ғылыми - практикалық конференцияда ІІ жүлделі орынды иеленді.
Тақырыбы: Еңлік –Кебек оқиғасының қазақ сөз өнеріндегі көрінісі.
Жұмысты орындаған: Мұқағалиева Назым 10 «А» сынып оқушысы.
«Ертегі емес, ертеде болған бір іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім емес»
Шәкәрім
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:
Тақырыптың өзектілігі
Дүние жүзі әдебиетіндегі бірталай ұлы шығармалары халық аңызы негізінде
туғандығы белгілі. Жеріне жеткен шеберлікпен, асқан ақындық күш – қуатпен
ғаламат философиялық шындықтарды поэтикалық суретпен берген Гетенің «Фауст»
трагедиясының сюжеттік желісі халық әдебиетінде жатыр. Неміс Клингер
«Фаустың өмірі, қызметі, өлімі» деген роман, ағылшын Марло «Доктор Фаустың
қайғылы тарихы» атты трагедия жазды. Тақырыпты әр түрлі пайымдағанмен
бұладың бәрі де көркемдігі, тереңдігі жағынан Гете трагедиясынан көш
кейін. Мұндай фактілер арқылы аңыз бен көркем әдебиеттің байланысы, әр
жазушы аңызды өз шығармасында қалай пайдаланады деген мәселелерді
айқындауға болады. «Еңлік - Кебек » аңызының нұсқаларына тоқталғанда осы
мақсат көзделді.
Енді осы «Еңлік – Кебек » аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде
келген төрт нұсқасында, қазақ халқының дана тұлғалары «Абай, Шәкәрім,
Әуезовтер» қазақ сөз өнерінде болмаған бір сюжеттің жанрлық
интерпритациясын көрсете білді.
Әр сөзде бір сыр, әр сырда бір мұң, әр мұңда бір мағына бөлек – бөлек,
әр ой қайтіп онға бөлінсе, әр сөз де солай күрт – күрт үзілді. Сонда соқпа
– соқпа ой арасынан, үзік – үзік сөз астарынан жылт – жылт сезім шапшып
шыға береді. Міне, Абай, Шәкәрім мен Әуезов үндестігі деп осыны айтамыз.
Халық қиялы оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір
қырынан көріп, жаңаша тірілтіп, жаңғыртып, ұмытпай жадына сақтайды, есіне
тұтады. Солай ұрпақтан ұрпаққа кете береді.
Жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған
Еңлік - Кебек жайлы халық аңызы болатын. Енді осы «Еңлік – Кебек
» аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт нұсқасына жеке –жеке
тоқталып, оларды өзара салыстырып көрелік. Өмірде шын болған бақытсыз
ғашықтар Еңлік пен Кебек хикаялары ескі күндердің өзінде ел арасына
кеңінен тараса керек. Бұл трагедиялық тағдырлар туралы алғаш рет қалам
тартқан - Абай деп білуге тиіспіз. [ 1 ]
Алғашқы нұсқа 1892 жылы «Дала уәлаятының газетінде» (№№ 29, 31-32,34-
40) сандарында жарияланған «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз»
атты көлемді прозалық шығарма өзінің таным өресі, ой өрнегі тұрғысынан
ғана емес, сөз саптау, сөйлем құру, көркемдеу тәсілдері жағынан алып
қарағанда да тек Абайға ғана тән сыпат танытады. Кейбір зерттеушілер бұл
еңбек Шәкәрімге тиесілі деп пайымдайды. Оған дәлелдері де жоқ емес. Алайда
Абайдың әуелде өз өлеңдерін шәкірт достарына тілегенін, «Дала уәлаятында»
жарияланған «Жаз» бен «Болыс болдым мінекей» Көкбай атынан шыққанын еске
алайық. Түйіп айтқанда, «Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз»
атты әңгіменің сюжеті, тұтас сөз тіркестері қайталанып жататын - Абай
прозасының үлгісі болып табылады. Абай өнерінің қыр –сырын, өріс - өресін
айқындай түсетін, әдебиет тарихын байытатын өзгеше әңгіме деп атауға
болады.
«Дала уәлаяты» газетінің 1900 жылғы 46 санында жарияланған нұсқа «Қазақ
тұрмысынан хикая» деп аталады. Алғашқы нұсқадан бірнеше өзгешелігі бар.
Үшінші нұсқа - Мағауияның «Еңлік - Кебек» поэмасы. Мағауия Абайдың
мәслихатымен және материал беруімен пайдаланып, бірнеше поэма жазады.
Төртінші нұсқа - 1912 жылы Семейде жеке кітап болып басылған «Жолсыз
жаза» поэмасы.
Қазақ реализмі Абай тұсында қалыптасты, ұлы ақынның өнерлі
шәкірттерінің жан – жақты қызметі нәтижесінде әдебиетте жетекші әдіске
айналды десек, бұл реттегі Шәкәрім еңбегі тек лирикалық поэзиямен ғана
шектелмейді. Білімдар Шәкәрім эпикалық жанрларға да қалам тартады.
Ақынның атын бүкіл қазақ даласына танымал еткен «Қалқаман – Мамыр» және
«Жолсыз жаза» («Еңлік – Кебек») поэмалары. Ескілікті жақсы білген шежіре
ақын Еңлік – Кебек оқиғасы 1780 жылдар шамасында болды деп дәл көрсетеді.
Ақтабан шұбырындыдан кейін қазақтардаң Сырдан кетіп, Шуға, Арқаға қарай
аууы, сөз болады.
Ақиқатында Шәкәрім ақынның өзі де «Еңлік - Кебек» поэмасының аяқталу
сәтінде:
«Ертегі емес, ертеде болған бір іс,
Ойдан жалған шығарған сөзім емес» деуінде үлкен бір тарихи
шындықтың шұғылалы тұстарын аңғаруға болады.
«Еңлік - Кебек» аңызының екі әңгіме, екі поэма түрінде келген төрт
нұсқасына жеке – жеке тоқталып, оларды өзара салыстырып шықаннан соң,
байламдар жасауға болады.
Мұхтар «Еңлік – Кебегінің» сюжеті негізінен халық аңызының бұрыңғы
әңгіме, поэма түрінде келген нұсқаларының іргесінен тарайды. Екі ел
арасында нақты болған оқиғаның драма материалы екенін ұғыну – жас
қаламгердің жазушылық көрегендігін аңғартады. Бұл ретте Әуезов Шекспирді
еске түсіреді.
Жас Әуезов халықтық аңыздың бұрынғы пайымдауларына жаңа, мол өзгерістер
енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарма тудыра алғанын көреміз.
Сондай –ақ бірсыпыра зерттеушілерді қос мұңлықтан қалған Ермек деген
баласын Еңліктің төркіндерінің ұрлап әкетіп, Ермектен қалған нәсілдерді
кейінге дейін «жиен ауылы» деп атап келгендігін әрі Еңліктің әкесі
Қарабатырдың (шын есімі Ыхан) тәрбиелеп «Жадыра» деп атағандығын алға
тартады. Бұл мәселе де кең ауқымды, кешенді зерттеу мен түбегейлі ізденісті
қажет ететіндігін атап өткіміз келеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:
Зерттеудің алдына қояр негізгі мақсаты - фактілер арқылы аңыз бен көркем
әдебиеттің байланысы, әр жазушы аңызды өз шығармасында қалай пайдаланады
деген мәселелерді айқындау.

- «Еңлік - Кебек» аңыз нұсқаларының айырмашылығын ажырату.
- оқшау жәйттерді, ерекше істерді уақыт өткен соң басқа бір қырынан
көріп, жаңаша тірілтіп, жаңғырту.
- Аңыздың төрт нұсқадағы берілген көркемдік сабақтастығын саралау.
- Шәкәрімнің «Жолсыз жаза» («Еңлік - Кебек») жазушылық шеберлігінің
өзіндік қол таңбасын көрсету.
- жиырма жасар Мұхтар Әуезовтің қиялын қозғап, қолына қалам алдырған
«Еңлік – Кебек» аңызының ерекшелктерін сараптау.
Зерттеу нысаны
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде төрт нұсқа «Қазақтардың
естерінен кетпей жүрген бір сөз» атты көлемді прозалық шығарма,
Мағауияның «Еңлік - Кебек» поэмасы, Шәкәрім ақынның «Еңлік - Кебек»
поэмасы, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік - Кебек» шығармалары алынды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы
- Аңыздың төрт нұсқадағы берілген көркемдік сабақтастығы сараланып,
дәстүрлік жалғастық табу жолдары ажыратылды.
- Төрт нұсқададағы айырмашылықтар зерттеліп,берілген оқиғалардың,
кейіпкерлердің есімдері, тұрмыс жайттарының ерекшелігі айқындалып,
оларға теориялық талдау жасалды.
- Сондай –ақ бір сыпыра зерттеушілердің айтуынша қос мұңлықтан қалған
Ермек атты ұрпақтың қалғандығы, осы кезде кешенді зерттеу мен түбегейлі
ізденісті қажет ететіндігі.
Зерттеудің әдістері
Зертеуде баяндау,жинақтау, саралау, әдеби- ғылыми талдау әдістері

Бұл жұмыс бойынша жоғарыда аталған оқушы Мұқағалиева Назым
2008 жылы мектепішілік конференцияда жүлделі І орын алып, халықаралық
студенттік конференцияда ІІ жүлделі орынға ие болды,
Оқушылар осы ғылыми – зерттеу жұмыстар барысында өздері күнделік
жүргізді.
Мысалы:
| Мерзімі | Жұмыс барысы | Ескерту | |
| Мамыр айы|Мектептегі жетекшіммен Ғылыми – зерттеу | | |
| |жұмысы бойынша «Еңлік –Кебек оқиғасының | | |
| |қазақ сөз өнеріндегі көрінісі» атты | | |
| |тақырыпты таңдап алдық. Осы тақырып | | |
| |бойынша жобаның мақсатын, жоспарын, | | |
| |міндеттерін құрдық. Тақырыбымызға | | |
| |байланысты мектеп кітапханасынан керекті | | |
| |материалдар қарастырдық. | | |
| Маусым | Қажетті материалдар іздеу мақсатымен | | |
|айы |жетекшім Жанна Намазбайқызымен Абай | | |
| |кітапханасына бардық. Сол жерде | | |
| |тақырыбымызға байланысты катологпен жұмыс| | |
| |істеп, мұрағаттағы газет журналдардан | | |
| |керекті материалдарды жазып алдық. | | |
| |СМП институтына барып, Шәкәрімтану ғылыми| | |
| |– зерттеу Орталығының директоры Тұрдықұл| | |
| |Қасенұлы Шаңбай ағамен кездесіп, көп | | |
| |мәліметтер алдық. | | |
| Шілде | | | |
|айы | | | |
| | | | |
Қорытынды

қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қоғам кашан да қабілетті адамға

бөлек жаңа дәуір туып келеді. Сол дәуірге сай өзгеше қабілет - қасиетке ие

бейімділікті, ептілікті, шапшандыкты. ерекше ой қызметін, мол шығармашылық

қана коймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу
қабілеттілігіне икемдейді. Осыған орай, XXI ғасыр мектептерінде жаңа талап,
жаңа заманға сай оқушыларды ғылым мен техниканың немесе өнердің бір саласын
тереңдетіп оқыту арқылы танымдық белсенділіктері мен шығармашылык
қабілеттерін дамыту.
Әр мұғалімнің аса маңызды міндеттерінің бірі әр оқушының бойындағы
қабілетті, икемділікті көре білу болып табылады. Дарынды балаларды іздеу,
оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет. Әрбір дарынды
адам, еңбекке бейім, шығармашылык тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Осы
қасиеттерді біз мектеп тарапынан әр оқушының бойынан қалай анықтауымыз
керек деген сұрақ туындайды.Осыған байланысты біз мектепте психологпен
ақылдаса отырып, ата-аналардан, күнделікті сабақ өткізетін мұғалімдерден
сауалнама ала отырып дарынды оқушыларды іріктеп алдық. Сонымен дарынды,
таланты бала деп баланың, ата - ананың мектептің үздіксіз еңбегінің жемісін
айтуға болады.
Қандай дарынды бала болмасын, оның барлығы өз бетімен ғылыми жұмыс
жазуға, зерттеу, ізденіске бара алмайды. Ол үшін мұғалімнің көмегі, ақыл-
кеңесі қажет.
Ғылыми жүмыстың нәтижелілігі көп жағдайда таңдалған әдіснамаға
байланысты.Сондықтын мектеп ішінен іріктеп алған дарынды оқушыларымызбен
ғылыми - зерттеу жұмысын жүргізуді үйреткен шакта бірінші - теориялық
әдіснамалардың түрлерін, жаңа ой- пайым шығаруға, ғылыми болжам, салыстыру,
талдау жасауды үйрету. Екінші -дұрыс тақырып таңдап, проблемалар туғызып,
оны шеше білу. Үшінші - жоба кұрылымын дұрыс құра білу, оны қорғау
әдістерін үйрету.
Ғылыми жұмысты жазу, іздену тер төгетін еңбекті қажет ететіні түсінікті.
Ал оны қорғау да өте күрделі мәселе. Сонымен қатар, әр оқушы ғылыми
жұмыстарды жазғанда күнделік жүргізгені дұрыс.
Осыған орай, мектептерде оқушылардың ғылыми қоғамының жұмыстарын
жандандыру - үлкен міндет.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.Бітібаева «Оқушыларды ғылыми – зерттеу жұмысына баулу жолдары»
, Семей «Үш биік баспасы ЖШС»
2. Л.С. Выготский «Воображение и творчество в школьном возрасте»,Москва:
«Просвещение», 1967г
3.Ү.Б. Жексенбаева «Оқушылардың ғылми –зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру»
4.Қ.С. Құдайбергенова «Педагогтың шығармашылық өнері»
5.М.Мағуин, «Ғасырлар бедері», Алматы «Шәкәрім дәрістері» 2003ж.
6.Шәкәрім «Өлеңдер мен поэмалар», - «Жалын» баспасы, Алматы, 1988ж.
7.М. Әуезов \Құрастырған Х. Сүйіншалиев . – Алматы: Рауан, 1990ж.
8.Қ.Мұхаметханұлы. Абай Құнанбайұлы. Толық жинақ.
9.Қ. Мұхаметханұлы. Абай мұрагерлері «Қазақстан », «Ұлттық энциклоредия»
- Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы 1974-672. 4 том
10. Қ. Мұхаметханұлы. Қ.С.Э –дағы кейбір мақалар жайында «Семей таңы» 24
ақпан 1970ж.
11.Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған
көркем шығармалар. – Алматы: Жазушы. 1970 ж.
12.Рымғали Нұрғалиев. «Еңлік – Кебек трагедиясы» -Алматы . Жазушы 1987ж.
13.Абайдың ақын шәкірттері. Дайындаған . Қ. Мұхаметханұлы. Алматы. РГЖИ.
«Дәуір» 1993ж
14.Еңбекші қазақ 10.12.1957ж.
15.«Известия » газеті 21.12 1957ж
16. «Советская культура»1985ж, «Театральная жизнь» 1959ж
17.«Дала уәлаяты» газеті
Жоғарыда баяндалып өткен зерттеу жұмысым оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін шыңдауға көп көмегін тигізді деп айта аламын.
Себебі 2009ж. 11 «А» сынып оқушысы Мұқағалиева Назым «Әділ – Мәрия» -
психологиялық роман» атты тақырыппен ІV халықаралық ғылыми – тәжірибелік
конференциясына қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазіргі таңда
жоғарыда аталған оқушым Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (грант
иегері) филология факультетінің І курс студенті.Сондай – ақ, жоғарыда
баяндамасы талданған оқушым Қайратқызы А. (грант иегері) Шәкәрім атындағы
университеттің журналистика факультетінің ІІІ курс студенті. Биылғы
2010ж. 10 «А» сынып оқушысы Ақанова Әйгерім «Хан Кене» трагедиясын басқа
шығармалармен салыстыру» атты тақырыппен V халықаралық ғылыми –
тәжірибелік конференциясына қатысып І дәрежелі дипломға ие болды.
«Оқушыларды ғылыми –зерттеу жұмысына баулу» атты зерттеу
жұмысыммен облыстық инновациялық – педагогикалық идеялар фестиваліне
қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.Инновациялық – педагогикалық
идеялар жөніндегі V Республикалық фестиваліне қатысып сертификат алдым.
-----------------------
Тұлға – тума талант
Қызығушылығы жоғары
Өзіндік ойлау
ерекшелігі бар
дарын
зейінді
құмарлық
қабілетті
Белсенді шығармашылық иесі
Оқушы деңгейінен Дарынды шығармашылық
деңгейге жету
Тақырыптың өзектілігі
Мақсаты, міндеті
Болжамы
Жоба құрылымы
Зерттеу кезеңдері
Эксперимент әдістемесі
Зерттеу жаңалығы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz