Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Әбдірахман кім
Б. Майлин
«Шұғаның белгісі»
(2- ші сағаты)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жазушының «Шұғаның белгісі» хикаятын жан-
жақты талдата отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
Өз ойларын еркін айта білуге үйренеді;
Сөйлеу мәдениеті дамиды;
Бір- бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге үйренеді;
Шығармашылық белсенділіктері артады;
Түйінді, өзіндік пікірлері қалыптасады және өзгенің пікірімен санаса білуге
үйренеді.
Қазақ әдебиеті 11 «б» класс
Сабақтың тақырыбы: «Шұғаның белгісі» (2- ші сағаты)
Сабақтың мақсаты:
- Шығарманы меңгерте отырып, Б.Майлин туралы білімдерін тереңдету,
жазушы шығармаларын сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
- Шығармадағы кейіпкерлерді талдай білуге төселдіру, түйінді ой айта
білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Ынтасын, ізденушілік
белсенділігін дамыту.
- Айналадағы адамдарды сыйлай білуге, өзінің пікірімен санаса білуге,
шығармашылық ізденіске, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: зерттеу конференциясы
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары, жуан- жіңішке сұрақтар,
топтастыру.
Көрнекілігі: Б.Майлин портреті, Уфадағы «Ғалия» медресесінің суреті,
Тәуелсіздік монументі
І. Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин)
- Әрбір адам?
Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ?
Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісім?
Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзім?
Шындық, бірлік, адамдық
ІІ. Топ құрып, топпен таныстыру (2 мин)
- Оқушылар, «Шұғаның белгісі» хикаятының 2 сағатында зерттеу конференциясын
өткіземіз.
І- топ «Зерттеушілер тобы» (4 оқушы)
Берілген тапсырма: Б.Майлиннің өмірі, шығармашылығына және «Шұғаның
белгісі» хикаятына мәліметтер жинау.
№1 оқушы.
Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937 ж.) - жазушы,
қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әкесі Жармағамбет те, атасы
Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар
мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас кезі келгенде өлең де
шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі
қонақ болып, ұзақ таңға небір дастандар жырналып, суырып салма айтыстар
болып, өлеңдер айтылып тұрған. Оның үстіне шығыстыңқиссаларын жақсы көретін
әжесі кейіннен Бейімбет ауыл молдасынан хат таныған соң оған ұзақтаңға
жыр!дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз
өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан
сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай
дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң
Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың
Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады.
Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің
алғашқы прозалық туындысы, «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. Өлеңдері
«Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды.
№2 оқушы.
Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты
роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары
аяқталмай қалған. Мұның сыртында ол – ірілі-ұсақты 25 пьеса, либретто,
сценарийлердің авторы. Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге
тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы,
тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан!жақты да терең
суреттеліп, қміршең типтік бейнелер жасалды. Майлиннің ақындық қызметі
1912ж. жазылған «Мұсылмандық белгісінен басталады». Төңкеріске дейін жазған
көп өлеңдерінде («Мұқтаждық», «Мал», «Байлыққа») ауылдың ауыр тұрмысы,
әлеуметтік теңсіздік жырланады. 1916ж. ұлт-азаттық қозғалысы Майлин
шығармашылығындағы халықтық сыйпатты күшейте түсті. Осы кезден жазылған
«Қанды тұман» өлеңінде қараңғыға қамалған қалың елдің, аянышты халі
суреттеледі. Ақынның шығармашылығында ұлт-азаттық, ағартушылық, демократтық
сарындар түпкілікті қалыптасып, жаңа биіктергк бет алды. «Кедей», «Жауыз
кім?», «Кедейге», «Құтты болсын», «Мейрамың», «Бүгін», «Гүлденсе ауыл -
гүлденеміз бәріміз», «Коллективтің жырын айт» сияқты өлеңдерінде жаңа заман
әкелген ауылдағы өзгерістерді, ондағы елдін тұрмыс-тіршілігін зор шабытпен
жырға қосты. Майлин поэзиясындағы Мырқымбай бейнесі - жиырмасыншы
жылдардағы қазақ кедейінің типік бейнесін жасау жолындағы үлкен табысы.
Мырқымбай - тұтас бір қтпелі дәуірдегі ауыл кедейінің қмірінде болған
қзгерістерді оның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті, тұрмыс-тіршілігі
арқалы шынайы суреттелген типтік бейне. Мырқымбай сияқты типтік дәрежеге
көтерілген бейне қазақ әдебиетінде күні бүгінге дейін жасалына жоқ. Ол
ақынның жиырма шақты өлеңінде, екі поэмасында бірде басты, бірде қосымша
кейіпкер ретінде көрінеді. Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына
арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты
өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары
суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде
жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға
қосты.
№3 оқушы.
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің іргелі жанрларын қалыптастыруға
айтарлықтай үлес қосып, биік белеске шығарысқан аса көрнекті суреткер
жазушы, ақын әрі драматург Бейімбет Майлин — өндіре жазып, сөз өнерінің
алтын қорына жататын туындылар берген бірегей дарын. Замандастары:
"Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас
алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста —
қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор,
артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай. Бейімбеттің көлемді де, көркем
тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның
белгісі». Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі
сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның
арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей
жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер
аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс
болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей,
қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. Жастардың бас азаттығын көксеу,
бұған кедергі келтіретін әдеттерді батыл таңбалау ХХ ғасыр басындағы
демократиялық қазақ әдебиетіндегі басты сарындардың бірі еді.
№4 оқушы.
«Шұғаның белгісі» хикаятында оқиғалық өрілімдер, кейіпкерлердің
мінездемелері, диалогтер, сезім, көңіл күйлері Қасым деген адамның әңгімесі
болып беріледі. Мұндай әңгімелеу мәнері халық прозасының қалыпты баяндау
тәсіліне жақын. Бірақ қаһармандар мінезі мен әлеуметтік жағдайды талдау
шығарманың реалистік жазба әдебиет дәстүрінде жасалғанын көрсетеді. Шұға-
айтқан сертіне берік, сезімі мөлдір, пәк махаббатты қастер тұтатын жан.
Әбдірахман бейнесі де ескі қазақы ауыл арасынан шыққан көзі ашық, көңілі
сәулелі жастардың келбетін танытады. «Шұғаның белгісі»- жастардың теңдік-
еркіндікті аңсаған, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын
шынайы бейнелеген шығарма.
ІІ- топ «Ізденушілер тобы» (4 оқушы)
Берілген тапсырма: Топ мүшелері «Шұғаның белгісі» хикаятына байланысты
«жуан, жіңішке» 3 сұрақтан lайындайды.
№1 оқушы. 1)Шығарма неліктен «Шұғаның белгісі» деп аталып тұр?
2) Хикаятта суреттелген табиғат көрінісін қалай атаймыз?
3) Шұға бейнесін сіз көз алдыңызға қалай елестетесіз?
№2 оқушы. 1) Әбдірахманның орнында болсаңыз қайтер едіңіз?
2) Сіз егер автор болсаңыз хикаятты қалай аяқтар
едіңіз?
3) Хикаяттағы шарықтау шегі деп нені айтар едіңіз?
№3 оқушы. 1) Бүгінгі таңда Шұға тәрізді махаббат күйігінен өмірге деген
үміт
отын сөндіретін қыздар бар ма?
2) Махаббат туралы түсінігіңіз қандай, Шұға мен
Әбдірахманның
махаббатындай сезім сізде болды ма?
3) Есімбекті қандай әке қатарына жатқызар едіңіз?
№4 оқушы. 1) Шұға неліктен тәуір болғысы, жазылғысы келмеді?
2) Қазіргі қазақ қыздарының тағдыры Шұғамен
салыстырмалы түрде
қандай деп ойлайсыз?
3) Сіз өз бойыңызға Шұға мен Әбдірахманның қандай
қасиеттерін алар
едіңіз?
ІІІ- топ «Ақындар» тобы (5 оқушы)
Берілген тапсырма: Шығармашылық жұмыс түрлерін орындау.
-ЭССЕ «Шұғаға хат»
-Сезімнен туған жолдар
ІҮ- топ «Өнерпаздар тобы» (4 оқушы)
Берілген тапсырма: «Шұғаның белгісі» хикаятынан көрініс
Автор: Ауыл іші ың-жың дауыс – маңыраған қой, мөңіреген сиыр, Әбдірахман
мен Қасымның ойы басқада. Екеуінде де үн жоқ. Әбдірахман Шұғаны, Қасым
Зәйкүлді сағынады.
Әбдірахман сөз бастап:
Шұғадан бүгін хат алдым-ау, - деді.
Не жазыпты?
Сағындым депті. Үйінің бәрі де қас көрінеді. «Басым қатты ғой, құтылудың
амалы не?» депті . . .Жаздым. Кетейік, дедім. Анық уәдесін алсам, ұзамай
кетер едік.
Автор: Әңгіме аяқтала бере, ауыл ортасын шаңдатып, бір пар атты шыға келді.
Жақындаған сайын адамы айқындалып, Қасымның жүрегі тас төбесіне шығып,
қалтырып:
Далада отырғанша үйге барайық, - деді.
Жоқтан қорқасың-ау – деп Әбдірахман күлді.
Осы кезде көшір келіп:
Әбдірахман кім? – деді.
Мен.
Әйда, киін, болысқа барамыз, - деді.
Мені қайтесің? – деді Әбдірахман.
Мен білмеймін, пристап шақырады.
Автор: Ауылдан шыға бере, құдықтан келе жатқан екі әйел көрінді.
Біреуі – Шұға! Екеуі де состиып тұра қалды. Әбдірахман қарсы жүгірді,
ибалық жасап сүймеді.
Шұға: - Апырым – ай, қайда барасыңдар? – деді.
Әбдірахман: - Болысқа айдап барады, - деді.
Зәйкүл: - Ойбай, Тентекжан, жүр, ауылдың адамдары жүгіріп келеді, - деді.
Әбдірахман: - Қош! – деді.
Шұға: - Қош қалқам, қалқам! – деді
Автор: Сол сәттерден бері Шұға шын ауруға айналды, соңы өлімге ұласты.
Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:
«Әуре боп неге біткен ажар-көлік,
Ішіңе от түсірдің, қалқам көріп
Гүлдету жас өмірді мақсұт боп ед,
Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.
Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,
Дариға, айтылған серт болмай қалды
Көре алмай ақтық минут дидарыңды,
Арманда жан тапсырған, мен бір зарлы
Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың! »
Бекіту сұрағы:
1. «Шұғаның белгісі» хикаятында жазушы шынайы түрде нені бейнелейді?
2. Бүгінгі жастар үшін қоғамда әлеуметтік әділетсіздіктер орын алған ба?
3. Бүгінгі қыз бен жігіт сүйіспеншілігіне ерік бермейтіндей ескі
дәстүрлер бар ма?
4. Шұға, Әбдірахман және тағы басқа жастар арман еткен азаттық, теңдікке
не арқылы жеттік.
Азаттық
Теңдік Тәуелсіздік
Еркіндік
Бостандық
Қорытынды: Олай болса, тәуелсіздік таңы бізге бостандық, теңдік, еркіндік,
азаттық сыйлады. Ұзағынан болсын деп ертеңгі
есігімізді
қаққалы тұрған тәуелсіздік мерекесіне тарту
ретінде жас
ақындарымызға сөз кезегін берейік.
(Өлең оқу)
Бағалау: «Өзін- өзі бағалау»
Үйге тапсырма: «Бейімбет Майлин- қазақ әңгімесінің шебері»
(шығармаға
дайындалу)
№ 41 жалпы білім беретін орта мектебі
Тақырыбы: Б. Майлин
«Шұғаның белгісі»
(2- ші сағаты)
Класы: 11 «Б»
Өткізген: Аймағанбетова И.Қ
(қазақ тілі, әдебиеті пәнінің мұғалімі)

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz