8-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні бойынша сабақ жоспары: Қожа Ахмет Йассауи кесенесі - сәулет өнерінің озық үлгісі

Тампишева Айжан Слямханқызы

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласындағы

№6 жалпы орта білім беретін

мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

8-сынып, қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сәулет өнерінің озық үлгісі.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, Қазақстанның ежелгі қалалары, тарихи-мәдени ескерткіштері, жалпы көне мәдениеті туралы білімдерін тереңдету, Қожа Ахмет Йассауи кесенесі туралы мәлімет беріп, білімдерін дамыту. Топта бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Эстетикалық тәрбие беру. Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекілік: фотосуреттер, бейнефильм, Power Point бағдарламасында жасалған презентация слайдтары, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, география.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды 3 топқа бөлу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау:

- Өткен сабақта тарихи ғажайыптар туралы әңгімелескен болатынбыз. Топ мүшелері алдын ала берілген тапсырма бойынша дайындап келген әңгімелерін ортаға салады. І топ - «Қазақ даласынан табылып жатқан археологиялық ғажайыптар», ІІ топ - «Алтын адамның» табылу тарихы, ІІІ топ - «Алтын адам» - неге Алын адам? (слайдтарымен қоса) .

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Қызығушылықты ояту.

Бүгінгі сабағымызды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр. «Біз - өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар евразиялық елміз» (Интерактивті тақтадан Н. Назарбаевтың сөзі беріледі) . Осы сөздердің ішіндегі қай сөздер сендерге ой салады, маңызды көрініп тұр?

Оқушылардың жауаптары: тарих, болашақ.

  • Тарихымыз бен болашағымызды не байланыстырады?
  • Әдебиет.
  • Тарихи, даңқты тұлғалар.
  • Тарихи оқиғалар.
  • Киелі жерлеріміз, тарихи-мәдени ескерткіштер.
  • Мәдениетіміз, т. б.
  • Тарихи-мәдени ескерткіштер деп атап кеттіңдер, еліміздегі қандай тарихи-мәдени ескерткіштерді білеміз?

(Оқушылардың жауаптары)

Мағынаны ашу.

- Қожа Ахмет Йасауи кесенесі туралы не білесіңдер? Ол қайда орналасқан? Неге бұл жер киелі жер деп саналады?

  • Қожа Ахмет Йасауи - кім?
  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы«Сәулет өнерінің озық үлгісі»деп аталады. Сабақта біз кесененің неге «Сәулет өнерінің озық үлгісі» немесе «ғажайып ғимарат» деп аталатынын білеміз.
  • Қазір назарларыңызға Қожа Ахмет Иассауидың кесенесі туралыбейнефильмнен үзіндініұсынамыз.

(Бейнефильмнен үзінді көрсетіледі) .

  • Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтырайық.

(Мәтін таратылады) .

1) Мәтінмен жұмыс.

  • сөздік жұмысы. (Power Point бағдарламасында жасалған презентация арқылы)

СӘУЛЕТ ӨНЕРІ - АРХИТЕКТУРНОЕ ИСКУССТВО

ОЗЫҚ ҮЛГІСІ - ЛУЧШИЙ ОБРАЗЕЦ

ТАҒЗЫМ ЕТУ ОРНЫ - МЕСТО ПОКЛОНЕНИЯ

ЗИРАТ - МОГИЛА

КҮЙГЕН ҚЫШ - ЖЖЕННЫЙ КИРПИЧ

ҚАЗАННЫҢ ЕРНЕУІНДЕ - ПО КРАЯМ КАЗАНА

  • Жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру
  • мәтінді мұғалімнің мәнерлеп оқуы
  • оқушылардың өз бетімен оқуы
  • сұрақтарға жауап беру:
  • Қожа Ахмет Йасауи - кесенесі қандай кесене?
  • Оны кім салдырған?
  • Кесенені қай жерге салғызады?
  • Ғимаратты қалай тұрғызған?
  • Ғимарат неше бөлмеден тұрады?
  • «Қазандық» деп аталатын бөлмеде не тұр?
  • Қазанның салмағы қанша?
  • Бұл кесенені неше жыл тұрғызған?
  • Ғимараттың салынғанына неше жыл болды?
  • Ол қалай сақталған?
  • Қазір кесене мұсылмандар үшін неге айналды?

( топтардың мүшелеріне Түркістан туралы фотосуреттер таратылады)

  • Ал, енді осы мәтін бойынша топтық жұмысымызды ары қарай жалғастырамыз. Мәтіндеріңді жауып қойыңдар. Мына суреттерді қолдана отырып, І топ І абзацты, ІІ топ ІІ абзацты, ІІІ топ үшінші абзацты естеріңе түсіріп, қайта құрастырасыңдар. Содан соң әрбір топтан бір-бір бала шығып, топта құрған мәтін бөліктеріңді айтып бересіңдер.

(Оқушылар айтып тұрғанда экраннан Қ. А. Йассауи кесенесі туралы суреттер көрсетіледі) .

Жазба жұмысы: Әрбір топ өз абзацтарының бірінші сөйлеміне синтаксистік талдау жасайды.

Интерактивті тақтаның көмегімен кроссворд шешу:

  • Кроссвордты дұрыс шешсеңдер, боялған торкөздерден Қожа Ахмет Йасауидың XII ғасырдағы көне түркі тілінде жазылған даналық кітабының атын оқи аласыңдар.
1
:
:
:
:
1:
:
: 2
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: 3
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: 4
:
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: 5
:
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
1:
:
: 6
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: Қ
: о
: ж
1: а
: А
: х
: м
: е
: т
: Й
: а
: с
: а
: у
: и
: 7
:
:
:
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: 8
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
1:
:
: 9
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
1:
:
: 10
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
: 11
:
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
1:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
  1. Ғимараттың құрылысын басқарған шебер. (Садыр)
  2. Түркістан қаласының ІХ - Х ғасырлардағы аталуы. (Йасы)
  3. Жер асты мешіті. (Қылует)
  4. Түркістанның орнында V - Х ғасырларда болған үлкен қала. (Шабғар)
  5. Мұражай бөлмелерінің бірі. (қазандық)
  6. Қожа Ахмет Яссауидың әкесінің аты. (Ибрагим)
  7. Қожа Ахмет Яссауидың кесенесі қай құрылықта орналасқан?(Орта Азия)
  8. Халық Түркістан қаласын қай қаламен салыстырады?(Мекке)
  9. Кесененің жанындағы тарихи ғимарат. (Монша)
  10. Кесене сөзінің синонимі. (Ескерткіш)
  11. Кесенені салғызған атақты адам. (Әмір Темір)

(жасырын сөз - «Диуани хикмет»)


Ұқсас жұмыстар
9-сынып қазақ әдебиеті: Қожа Ахмет Иассауи Диуани хикметін оқыту және талдау
Сәулет өнерінің түрлері мен типтері: 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған Қазақстан тарихынан әңгімелер пәні сабақ жоспары - Сәулет ескерткіштері
Озық ойлы озаттар: география пәні бойынша сайыс-сабақтың жоспар үлгісі
Ибрагим Бегімхан Керімханұлының 9-сыныпқа арналған Қожа Ахмет Йасауи Диуани хикмет тақырыбындағы сабақ жоспары және бағалау критерийлері
Кэмбридж бағдарламасы бойынша 6-сыныптың ашық сабағы: Қазақ музыка өнерінің гималайы Ахмет Қуанұлы Жұбанов
8-сынып. Қазақ әдебиеті сабағы: Қожа Ахмет Йасауи - өмірі, ілімі және Диуани хикмет
5-сыныпқа арналған Сәулет өнері пәнінің сабақ жоспары және жобалық тапсырма
XIV-XV ғасырлардағы Қазақстанның сәулет және қолданбалы өнері: 7-сынып сабақ жоспары
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің макетін жасау: технологиялық карта және оқу-әдістемелік тәжірибе - Кенжебаev Өрікбай, технология пәні мұғалімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz