Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Әдептілік-тәрбие бастауы жайлы ақпарат



Тәрбие сағатының тақырыбы: Әдептілік - тәрбие бастауы
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке,
әдептілікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден
аулақ болуға
тәрбиелеу.
Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып әдеп әліппесін
бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу
Қолданылатын стратегиялар: Миға шабул, венн диаграмасы.
Көрнекілігі: мақал-мәтел, құпия хаттар, графпроектор, DVD.

Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
Көрініс: Әдепті бала
Әлимаш апай су әкеле жатып, аяғы тайып құлап қалады. Осы кезде Дамир деген
бала жанынан өтіп кетеді. Ал соңынана келе жатқан Әйгерім тұруына
көмектеседі.
- Балалар сендер кімнің әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдар?
- Әйгерімді қандай бала деп айта аламыз?
- Әдепті бала қандай болады?
- Әдепсіз бала қандай болады?
- Әдептілікті бізге кім үйретеді?
ІІ . Мағынаны тану

Әдептілік деп- үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді
айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей ақ алдымен өзі басқаны
құрметтеп, ардақтай біледі. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.
Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық
деген сөздерді білдіреді екен. Бір-бірімізге кешірімді болу керек, ол да
әдептілік.
Әдептілік – адамдардың өзара жақсы қарым –қатынасының, жүріс тұрысының
ережесі, осы әдептілік ережесін сақтау керек. Әдепті баәрдайым
кездескендермен сәлемдеседі. Автобусқа мінгенде үлкен адамға орын береді.
Сөйлескен кезде «сен» демей, «сіз» деп сөйлескен дұрыс.

Әдептілік туралы өлеңдер.
Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Көрініс көрсету: «Көліктегі тәртіп»

«Жалғасын тап» ойыны «Не істеуге болмайды»

Үлкендердің алдынан-кесіп өтуге болмайды,
Кішкене баланы-жылатуға болмайды,

Құстарды-атуға болмайды,
Қыз баланы-ренжітуге болмайды,

Сабақтан-кешігуге болмайды,
Сыныпта-айғайлауға болмайды,

Не істеуге керек!

Үлкен кісіні-сыйлау керек,
Үлкеннің-тілін алу керек,

Үлкендерге-сәлем беру керек,
Кішілерді-қамқорлау керек,
Аналарды,Апаларды-сыйлау керек,
Оқу құралдарын-күтіп ұстау керек,

Енді әдептілік туралы қандай мақал-мәтелдер білетінімізді көрсетейік.
«Сіз»деген әдеп, «біз»деген көмек.
Әдепті бала-жол сілтейді,әдепсіз бала-қол сілтейді.
Әдептілік белгісі-иліп сәлем бергені.
Әдепті елдің баласы,алыстан сәлем береді.
Кіші пейл болғаннан,кішірейіп кетпейсің.
Тренинг «Ауызша волейбол»
Допты бір-біріне берген кезде адамгершілік қасиеттер туралы сөздер айтылуы
керек.Мысалы шыншыл,ұстамды,әдепті,мейірімді,тәртіпті.
Құпия хаттар.
1.хат. Құрметті достар!
Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші көзбе-көз өтірікті айта қояды.
Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен онымен дос болып ойнайын ба?

2.хат.Құрметті достар!
Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап-ойнап,тапсырмасын
орындамай,жазбай келеді.Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақта менің
дәптерімнен көшіріп алады.Мен бермесем «сен сараңсың»дейді.Мен не істеуім
керек?

ІІІ. Ой толғаныс

Венн диограмасы
Жақсы Жаман
[pic]

-----------------------
Өтірік айту
Ұрлық жасау
Еріншектік
Жалқаулық

Үлкенді сыйлау
Көмек көрсету
Кішіпейіл болу

Адам
бойынан табылады


Ұқсас жұмыстар
Әдептілік сөзіне Ассоциация құру
Әдептілік- тәрбие бастауы
Ана әдепті болса, сіңлі әдепті
Әдепті бала кім
Кішкене баланы
Тәрбие бағыттары
Әдептілік - адамгершілік бастауы
Әдептілік туралы өлеңдер
Сен отбасында кімсің
Тәртіп-тәрбие бастауы, тәртіпсіздік- өміріңнің қас жауы
Пәндер