Қазақ әдебиеті энциклопедия

Шығыс ықазақстан облысы, Семей қаласының «№30 жалпы білім беретін орта мектеп» мемлекеттік мекемес»
Тампишева Айжан Слямханқызы
Қазақ әдебиетінен
6-сыныптарға арналған
жұмыс дәптері
(оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептер үшін)
Семей - 200
Кіріспе
Өзге тілді мектептердегі «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың басты мақсаты - пән стандартында атап көрсетілгендей қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен қазақ тілінде таныстыру арқылы қазақ әдебиеті туралы ұғым қалыптастырып, түсініктерін байыту, көркем әдеби мәтіндерді оқыту негізінде қазақ тілінде ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту, қазақ әдебиетін оқып, түсіне алуын қамтамасыз ететін тілдік негіз қалыптастыру болып табылады. Бір сөзбен айтқанда, қазақ әдебиетінің шығармалары мен кейіпкерлері орыс тілді ортаға түсінікті де жақын болуы тиіс.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 6-сыныбына арналған «Әдебиет» пәні жекелеген көркем шығармалардың үзінді түрінде алынған мәтінін оқыту арқылы тілдік ортаны кеңейтуді көздейді.
Ұсынылып отырған жұмыс дәптері оқушылардың пән бойынша дайындық деңгейлерін жетілдіру және анықтау мақсатында құрастырылған. Оқушыларға оқулықта берілген тапсырмалардың түрлендірген түрі берілген.
Жұмыс дәптерінде іріктеліп алынған тапсырмалар оқулық жүйесіне негізделеді және оқушылардың өз бетінше шығармашылықпен жұмыс жасауын ұйымдастыруға көмектеседі.
ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
Әдебиет - араб сөзі. Оның қазақша мағынасын Ахмет Байтұрсынов «» деп айтуға болады деген.
Қазақ әдебиеті
Ауыз әдебиеті Жазба әдебиеті
Халық ауыз әдебиеті -
Ертегілер
Ертегілер - ауыз әдебиетінің көне де мол мұрасы. Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмысы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арманы бейнеленген.
Әдетте ертегілер деп басталып, деп аяқталады.
Ертегілердің түрлері
Ертегілердің аттары
Кейіпкерлері
11.
Қиял-ғажайып ертегілері
22.
Хайуанаттар туралы ертегілер
33.
Тұрмыс-салт ертегілері
«Алтын сақа» ертегісінің қиял-ғажайып ертегілеріне жататынын дәлелде.
Әдеби ертегілер мен халық ертегілерінің айырмашылығы мен ұқсастығын атаңдар.
- «Толағай»ертегісін бөлімдерге бөліп, әр бөліміне ат қойыңдар.
Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер - ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерді ғасырлар шежіресі деуге де болады. Мақал-мәтелдерде көбіне нақыл, ақыл айтылады. Олар ой тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді.
Мақал-мәтелдердің тақырыптары:
- Әр тақырыпқа екі мақал-мәтелден жазыңдар
Жұмбақтар
Жұмбақ адамның дүниетану жолындағы қиялының шамасын білдіреді.
М. Әуезов
Жұмбақтар да ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан түрі. Бұл заттар мен құбылыстарды олармен ұқсас нәрселермен салыстыра отырып тұспалдап айтатын фольклор жанры. Жұмбақтар баланы қиялдай білуге, табиғатты, қоршаған ортаны бақылауына, тапқыр, ізденімпаз болуына әсерін тигізген.
Жұмбақтардың да тақырыптары алуан түрлі болып келеді:
- Жұмбақтарды шешіп, олардың қандай тақырыпқа шығарылғанын анықтаңдар:
Қарап тұрсаң өзіне
Сурет түсер көзіңе.
Ол суретің ұқсайды,
Дәл қазіргі өзіңе.
Мұрты бар, сақалы жоқ.
Тоны бар, шапаны жоқ.
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым.
Аяғы жоқ жүреді,
Аузы жоқ сөйлейді.
Аңыз әңгімелер
Аңыз дегеніміз - мифологиялық геройлар мен тарихи адамдар жайында айтылатын «әңгімелер».
«Қазақ эпосы және түркология»
Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі адамның бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгімеде шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, адамгершілік қасиеттері ел аузында аңызға айналған.
Ертегілер мен аңыз-әңгімелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары
- Аңыз-әңгімелер кейіпкерлеріне мінездеме бер:
Қожанасыр
Алдар көсе
Жиренше шешен
Әл-Фараби
- Кестені толтыр:
Аңыз-әңгімелердің аттары
Кейіпкерлері
Оқиға желісі
Өз пікірім
(мағынасына жақын мақал-мәтел)
Халық ауыз әдебиеті тарауы бойынша тест сұрақтары
1. Халық ауыз әдебиеті қалай тараған?
А) халық арқылы
Ә) кітап арқылы
Б) оқу арқылы
2. «Ерте, ерте, ертеде…» деп не басталады?
А) жұмбақтар
Ә) әңгімелер
Б) ертегілер
3. Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері:
а) Қожанасыр
Ә) Ертөстік
Б) Алдар Көсе
4. Қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері:
А) түлкі
Ә) Ертөстік
Б) Қожанасыр
5. «Кәріліктен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын», - деп кім айтқан?
А) бала
Ә) жалмауыз кемпір
Б) Қаңбақ шал
6. «Толағай ертегісі :
А) аңдар туралы
Ә) ерлік туралы
Б) құстар туралы
7. «Көп тыңда, аз сөйле»
А) жұмбақ
Ә) жаңылтпаш
Б) мақал-мәтел
8. Жұмбақтың шешуін тап:
«Айналада ақ отау,
Аузы-мұрны жоқ отау»
А) жұмыртқа
Ә) балапан
Б) торғай
9. Жиренше қандай адам болған?
А) тапқыр
Ә) бай
Б) ғалым
10. Орта ғасырда өмір сүрген данышпан ғалым кім?
А) Құрманғазы
Ә) әл-Фараби
Б) Шоқан Уәлиханов
Ежелгі дәуір әдебиеті
Түркі тілі дана сөздерді сақтаған,
Бабалардың сөздерін тыңдау керек ол үшін,
Бабалардың мақалдарын сақтау сенің борышың.
Жүсіп Баласағұн
![]()
Қазақ халқының арғы тегі көне түркі тайпаларынан шығады. Олар қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік-шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекендеген. Түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болған. Олар өздерінің елеулі тарихи адамдарының ерліктерін мадақтау түрінде құлпытастарға жырларын ойып жазып кеткен. Бұл түркі ұлыстарының жазба әдебиеті ерте пайда болғанын көрсетеді. Ол жазба әдебиеті Күлтегін, Тоңықұқ, Қорқыт ата, Ахмет Йасауи сияқты ғұламалардың шығармаларында дамыған.
Ежелгі дәуір әдебиетінің (VІІ-ХІV ғ. ғ. ) басты-басты әдеби мұралары:
- Орхон-Енисей ескерткіштері (VІІ ғ. ) : «Күлтегін» жыры (Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің бойында табылған) .
- «Қорқыт ата кітабы» (VІІІ ғ. ) . Осы күнге дейін Германияда 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған.
- «Оғыз-нама» (ІХ ғ. ) . Оғыздар мен олардың ханы Оғыз қағанның әскери жорықтары, ерлік істері жырланады.
- Әл-Фараби, М. Қашқари, Қ. А. Йасауи, Ж. Баласағұни сияқты ұлы ойшылдар, ғұлама ғалымдар, ақындардың еңбектері.
Қорқыт ата кітабы
Адам өзі өледі,
оның өзінен кейін қалдыратын рухани құндылықтары өлмейді
Қорқыт
Қорқыт - VІІІ ғасырда Сыр маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Мәңгілік өмірді ол қобыздың әуенінен іздейді.
Қорқыт - ақын
Қорқыт - күйші
Қорқыт - мәңгілік өмірді іздеуші
![]()
- Мына музыкалық аспап туралы не айта аласың?
- Символ-сөздердің астын сыз:
а) өлімді білдіретін сөздерді көк сызықпен;
ә) өмірді білдіретін сөздерді қызыл сызықпен;
«Дерсеханұлы Бұқашжан»
Жырдың кейіпкерлерін ата
Жырдан барлық сын есімдерді көшіріп жаз
Жырда қандай оқиғалар орын алатынын үзінділермен дәлелде, мысалы:
а) «Күндердің күнінде Дерсеханның әйелі бір әдемі ұл туады», т. с. с.
- Қорқыт ата тақырыбы бойынша крассвордты шеш:
77
Кроссвордты дұрыс шешсеңдер, боялған бөліктерден «Қорқыт ата кітабы» қазіргі кезде қай қалада сақталғанын оқисыңдар.
1. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы.
2. Қорқыт ата қай өзеннің жағасында туып-өскен?
3. Қорқыт атаның түйесі.
4. Миф, легенда сөздерінің аудармасы.
5. Бұқашжанның әкесінің аты.
6. Музыка, мелодия сөздерінің аудармасы
7. Ненің уынан Қорқыт қайтыс болды?
Қорқыт атаның нақыл сөздерінен
Ана үшін бала - екі көздің сыңары. Ұлың өсіп жетілсе - от басының мерейі, бас-көзі.
Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың тумағаны артық.
Өтірік сөз өрге баспайды. Өтірікші болғаннан, жарық көріп, өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне берік, шыншыл адамға бұл дүниеде отыз жылды үшке кобейтіп өмір сүрген де аз.
Халық ауыз әдебиеті және Ежелгі дәуір әдебиеті тараулары бойынша викториналық сұрақтар
- Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не? Оның түрлерін ата.
- ХАӘ қалай тараған, олардың авторы бар ма?
- Ертегілердің түрін ата.
- Қиял-ғажайып ертегілерінің ерекшелігін ата.
- Қандай қиял-ғажайып кейіпкерлерді білесің?
- Әдетте ертегілер қалай басталады, қалай аяқталады?
- «Алтын сақа» ертегісі ертегілердің қай түріне жатады? Кейіпкерлері кім?
- «Алтын сақа» ертегісі қалай аяқталады?
- Әдеби ертегі дегеніміз не? Басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығы не?
- «Толағай» ертегісі немен аяқталады?
- Мақал-мәтелдердің тақырыптарын ата.
- Оқу-білім туралы мақал-мәтел айтып бер.
- Еңбек туралы мақал-мәтел айтып бер.
- Адамның қасиеттері туралы мақал-мәтел айтып бер.
- Аңыз-әңгімелердің ерекшеліктері, ертегіден айырмашылығы.
- Кім туралы аңыз-әңгімелер білесің?
- Ежелгі дәуір әдебиетіне қандай шығармалар жатады? «Орхон - Енисей» жазбасы неге олай аталған?
- Қорқыт кім?
- «Қорқыт ата кітабы» туралы не білесің?
- Қорқыт туралы қандай аңыз білесің?
ХІХ ғасыр әдебиеті
Шоқан Уәлиханов
«Өзіңіздің европаша толық білімді бірінші
қазақ екендігіңізді есіңізге түсіріңіз. Оған қоса
тағдыр Сізге кең пейіл мен ақ жүрек беріп,
Сізді тамаша адам етіп жаратты».
Ф. М. Достоевскийдің Ш. Уәлихановқа жазған хатынан
Шоқан Уәлиханов - қазақ тарихы мен әдебиетін, фольклорымен этнографиясын зерттеуші, тұңғыш ағартушы ғалым.
![]()
Біздің қаламызда Шоқан Уәлиханов пен орыстың ұлы жазушысы Федор Достоевскийдің достығы басталған. Осы достықтық куәсі ретінде қаламыздың орталығында Шоқан мен Ф. М. Достоевскийге арналып ескерткіш орнатылған.
- Осы ескерткіш сендерге қандай ой салады?
- Шоқанның өмірі мен шығармашылығы жайлы кестені толықтыр:
Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған
Әкесі
Уәлихан
1847-1853 жылдар
«Өзінің орыс жолдастарын басып озып, Шоқан тез жетілді. . . оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай қабілетті еді және оқу орнына түспей-ақ сурет сала білетін.
. . . Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз, «Еуропаға ашқан терезе» сықылды болды»
Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды аралап, қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы жайында материалдар жинайды.
Қырғыз елін зерттеу экспедициясына қатысып, қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, географиясы, ауыз әдебиеті жайлы мәліметтер жинайды.
1857 жылы
Қашқарияға саяхаты. Сол өлкенің жаратылысы, тарихы, этнографиясы жайлы деректер жинайды.
Орыс жазушысы Ф. М. Достоевскиймен танысуы
1863-1864 жылдар
1865
Ыбырай Алтынсарин
Әрқайсымыздың борышымыз -
өз Отанымызға мол пайда келтіру
Ы. Алтынсарин
Ы. Алтынсарин өзінің әңгімелері арқылы қазақ балалар әдебиетінің негізін салды. Ол қазақ даласында алғаш рет мектеп ашып, балаларды білім жолына түсуге шақырды. Балаларға арнап көлемі шағын, мазмұны терең әңгімелер мен өлеңдер қалдырған жазушы.
- Ы. Алтынсариннің әңгімелері бойынша кестені толтыр:
Әңгімелерінің аттары
Кейіпкерлері
Оқиға желісі
Өз пікірім
(мағынасына жақын мақал-мәтел)
- «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінің оқиғаларына сүйене отырып, Асан мен Үсеннің іс-әрекеттерін суретте:
р/с
Оқиғалар
Кейіпкерлердің іс-әрекеті
Асан
Үсен
1.
Ауылдың көшіп кетуі
2.
Балалардың үйрекке кез болуы
3.
Түскі тамақ
4.
Балық аулау
5.
Далада өткен түн
6.
Балалардың ауылға келуі
Абай Құнанбаев
![]()
Данышпандардың бәрі - ақын емес,
ақындардың бәрі - данышпан емес,
Абай солардың екеуі де болады.
С. Мұқанов
Абай Құнанбаев - ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіне төңкеріс жасаған ұлы ақын, философ, сазгер, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.
Абай поэзиясында оқу-ағарту, ғылым тақырыбы негізгі тақырыптардың бірі болып саналады.
Абай - үлкен өнерпаз, оның сазгерлік өнері де болған. «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», т. с. с. әндері ақын өзі айтқандай, «құлақтан кіріп, бойды алар».
Ұлы ақын халықтың болашағы - жастар деп оларға арнап бір топ өлеңдер жазған. «Ғылым таппай мақтанба» (1886 ж. ) деген өлеңі жасөспірімдерді өнер-білімге шақырады. Жастарға ғылым жайын түсіндіріп, оның тек еңбекпен, талаппен келетіндігін ескертеді. Нағыз ғылым жолына түскен адам өз бойына бес нәрсені жинау керектігін айтады.
- Ақын қандай қасиеттерге асық бол, ал қандай қасиеттерден қашық бол дейді?
Асық бол Қашық бол
- Сұрақтарға жауап беріңдер:Абайдың табиғат мерзіміне арналған қандай өлеңдерін білесіңдер?Абайдың жастарды білім алуға, өнер үйренуге шақыратын қандай өлеңдерін білесіңдер?Өлең жолдарын қалай түсінгендеріңді жазыңдар:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба. . .
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан!
қырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Тест сұрақтары
1. «Әдебиет» араб тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
а) көркем шығарма
ә) асыл сөз
б) бейнелі сөз
2. «Әдебиет - халықтар жаны» - кімнің сөзі?
а) Ш. Уәлиханов
ә) М. Әуезов
б) В. Белинский
3. Жұмбақтың шешуін тап:
Қолы жоқ - сурет салады,
Аузы жоқ - тістеп алады.
А) көлеңке
ә) айна
б) аяз
4. Жұмбақтың шешуін тап:
Алдына келсең, өзіңді көресің
А) көлеңке
ә) айна
б) аяз
5. Өте ерте заманда жазу болмаған кезде ауызша шығарылған қызықты және көркем әңгіме:
а) жаңылтпаштар
ә) мақал-мәтелдер
б) ертегілер
6. Қазақ ертегілері неше топқа бөлінеді?
а) 2
ә) 3
б) 4
7. «Алтын сақа» ертегісі ертегілердің қай тобына жатады?
а) Қиял-ғажайып ертегісі
ә) Хайуанаттар туралы ертегі
б) тұрмыс-салт ертегісі
8. Қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері:
а) хайуанаттар
ә) Жалмауыз кемпір
б) Қожанасыр
9. Әдеби ертегілерінің халық ертегілерінен айырмашылығы неде?
а) айырмашылығы жоқ
ә) халық ертегілерінің авторы бар, әдеби ертегілердің авторы жоқ
б) әдеби ертегілердің авторы бар, халық ертегілерінің авторы жоқ
10. «Толағай» ертегісінің авторы кім?
а) авторы белгісіз
ә) Әбділда Тәжібаев
б) Ахмет Байтұрсынов
11. Толағай кім?
а) ақын бала
ә) батыр бала
б) саяхатшы бала
12. Аңыз-әңгімелердің ертегілерден айырмашылығы:
а) Аңыз-әңгімелердің авторы бар
ә) Аңыздар тарихта болған адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
б) Аңыз-әңгімелерде қиял-ғажайып оқиғалар болмайды.
13. Қорқыт ата, әл-Фараби - нелердің кейіпкерлері?
а) аңыз-әңгімелердің
ә) әдеби ертегілердің
б) халық ертегілерінің
14. Қайсысы аңыз-әңгімеге жатады?
а) «Бай баласы мен жарлы баласы»
ә) «Жиренше мен хан»
б) «Алтын сақа»
15. Қорқыт деген кім?
а) батыр
ә) ақын
б) жазушы
16. Қорқыт қандай аспап жасады?
а) домбыра
ә) баян
б) қобыз
17. Әл-Фараби қай қалада туып-өскен?
а) Тараз
ә) Бағдат
б) Отырар
18. Әл-Фараби, аңыз бойынша, Бағдат қаласы әмірінің сарайында не істейді?
а) домбырамен күй тартады
ә) өлең оқиды
б) ғаламдар, әкімдермен әңгімелеседі
19. «Қорқыт ата кітабы» неше жырдан тұрады?
а) 8
ә) 12
б) 20
20. «Қорқыт ата кітабы» қай жерде сақтаулы тұр?
а) Түркістанда
ә) Бағдатта
б) Дрезденде
21. Дерсеханұлы Бұқашжанның атын кім қойған?
а) Қорқыт ата
ә) әл-Фараби
б) Жиренше
22. «Шығыстың шоқ жұлдызы», - деп кімді атаған?
а) Шоқан Уәлихановты
ә) Ы. Алтынсаринді
б) А. Құнанбаевты
23. Қазақ тіліндегі тұңғыш оқулық - «Қазақ хрестоматиясының» авторы кім?
а) Шоқан Уәлиханов
ә) Ы. Алтынсарин
б) А. Байтұрсынов
24. «Бай баласы мен жарлы баласының» авторы кім?
а) Ш. Уәлиханов
ә) Ы. Алтынсарин
б) А. Байтұрсынов
25. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде Үсен сусыз жерде ненің мекен етпейтінін білді?
а) қаздың
ә) үйректің
б) тауықтың
26. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде балалар ненің етін пісіріп жеді?
а) қаздың
ә) үйректің
б) тауықтың
27. Шыңғыстау бөктерінде қазақтың қай ұлы ақыны дүниеге келген?
а) Абай Құнанбаев
ә) Ыбырай Алтынсарин
б) Ахмет Байтұрсынов
28. Абай «бес асыл іс» деп нені айтқан?
а) Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым
ә) Ғылым, ақыл, білім, тіл, өнер
б) өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ
29. Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз. - деген өлең жолдары Абайдың қай өлеңінен үзінді?
а) «Әсемпаз болма әрнеге»
ә) «Ғылым таппай мақтанба»
б) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім.
30. Абайдың шын аты кім?
а) Мұхаммедханафия
ә) Ибраһим
б) Шәкәрім
ХХ ғасыр әдебиеті
Мысал туралы
Мысал дегеніміз -
Аллегория дегеніміз -
- Берілген жануарлар мысалда адамдардың қандай қасиеттерінің аллегориясы болып табылады?
Арыстан - Қозы -
Қоян - Түлкі -
Құмырсқа - Есек -
Қасқыр - Қой -
Момындық, еңбекқорлық, батылдық, қатыгездік, қорқақтық, қулық, ақымақтық, қорғансыздық.
Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынов - ХХ ғасырдың басындағы
қазақ зиялыларының рухани көсемі
Мұхтар Әуезов
Ахмет Байтұрсынұлы - азаттық үшін күрескер, ақын, ғалым, журналист, аудармашы, қоғам қайраткері.
- Кестені толтырыңдар:
- Сұрақтарға жауап беріңдер:«Аққу, шортан, һәм шаян» мысалының негізгі тақырыбы неде?Мысалдың кейіпкерлерін атаңдар.Аққу, шортан, шаянның істері неге нәтижесіз болып шықты?Мысалдан өздеріңе қандай қорытынды шығардыңдар?Бірлік, ынтымақ туралы мақалдар жаз:
- А. Байтұрсынов мысалдарының кейіпкерлерінің суреттерін сал:
Кейіпкерлердің суретінің астын өздеріне лайықты белгілі мысалдардан үзінділермен толтыр:
«Шырағым, дүниеде ұмытпайын, Құтқарсаң мені қазір осы дерттен»; «Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менің, Жәбір ғой біреу үшін күйдіргенің!»; «Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас», т. с. с.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz