Ақтөбе облысының географиясы

«Туған жер тұғырың» атты Атажұрт интеллектуалды ойыны
Ақпан айы.
Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен
іздене білуге сабақта алған білімдерін өмірде қолдана
білу, тарихи шежірелер мәдениетінің ұлттық рухани
танымдық, қасиеті киелі асыл мұралардың қазынасын
жас ұрпақтың сана-сезіміне сіңіру.
«Атажұрт» Плакатын көрсету
Ақтөбе облысының, Ойыл ауданының картасын проектордан көрсету.
8 А сынып 8 Б сынып
Молдағалиева Меруерт Әмір Нұрлан
Қанафия Баянсұлу Пәтуалиев Айболат
Мұқан Малика Самалбаев Дәурен
Өлкетану:
Өлкені танытып, білу,
Өзгені де мол сырға қанықтыру,
Өскен жердің өзен, көл, табиғатын
Өркениет жолына алып шығу.
Өлкетану;
Өрелі ой ойлай білу
Өз еліңнің тарихын толғай білу,
Өскен жердің өсімдік, табиғатын,
Өгейсітпей, өбектеп қорғай жүру.
І. Бөлім Шығармашылық Ойылға байланысты өлең шығару
Ойылым
Ойылда туып өскен талай қазақ,
Ойылдың табиғаты сондай ғажап.
Атқан таңы нұрлы, түні сырлы
Сыңғырлаған естілер бұлақ үні.
Шөбі шалғын көк майса,
Ауа райы тамаша.
Өзіңе жетер жалғанда,
Тамсанарлық жер бар ма?
Авт: Серікбаева Ырзагүл 8а класы. №41мектеп.
ІІ. Бөлім І-Тур «Өткел» Топ басшылары 5 сұраққа жауап береді. 1-сұрақ 4000 ұпай .
І-топ сұрақтары: Ойыл ауданының картасын көрсету.
1. Ойыл ауданының жерінің көлемі? (11, 4 мың км 2 )
2. Ақтөбе облысының қай бөлігінде орналасқан? (Батысында)
3. Орталығы қалай аталады? ( Ойыл елді мекені)
4. Қаңтар мен шілде айының орташа температурасы ?( -14 0 С, -16 0 С+25 0 С жазда)
5. Ойыл ауданының топырағы қандай? ( Ашық, қызыл-күрең)
ІІ-топ сұрақтары:
1. Ойыл ауданы аудан болып қай жылы құрылды?( 1930ж)
2. Ойыл ауданының халқының саны қанша? (22, 7 мың )
3. Климаты қандай? (шұғыл континентті)
4. Жылдық жауын-шашын мөлшері, қардың қалыңдығы қанша? (200-250мм, қардың қалыңдығы 25 см)
5. Ойыл өзенінің ұзындығы қанша? ( 800 км)
Әділ қазылар алқасы есептеп шығарғанша ән орындалады.
8 А класының оқушысы Жүкееваның орындауында «Атамекен» әні
ІІ-Тур Белес Ойынды жеңген команда бастайды.
Әрбір дұрыс жауап 5мың ұпай. Ойынға қатысушылар сұраққа көмек алуға болады. Дұрыс жауап берсе 1мың ұпай кемиді. Көмек алып тұрып дұрыс жауап бермесе, сондай-ақ қарсы топ мүшелерінің сұрауы бойынша кезек бермесе 5мың ұпай қарсы топқа беріледі.
І-топқа
1-сұрақ. Дәрілік өсімдік: Биіктігі 20-120см, көп жылдық шөпте өсімдігі. Тамыры тарамданған жіңішке келеді. Жапырағы кезектесіп орналасқан. Гүлдері уақ, әрі түрлі-түсті болады. Сабақ басында гүл себетін құрады. Шілде тамыз айларында гүлдейді. Дәрілікке гүлі, жапырағы пайдаланылады.
Сібір, Орта Азия, Ақтөбенің тоғайлық, шабындық, жерлерінде, кішігірім ағаштар арасында, жол бойында өседі.
Сұрақ: Ақтөбе облысының жерінде өсетін дәрілік шөптің аты қалай?
Көмек: Графопроектордан гүлдің суретін көрсету.
Дұрыс жауабы : Мыңжапырақ Тысячелистник обыкновенный
ACHILLEA MILLEFOLIUM
2-сұрақ: Ойыл ауданындағы өзен . Ұзындығы 74 км Су жинау алабы 1070км 2 Барқын Құмының солтүстігінде Қызылжар елді мекенінен басталып, Қаракөл селосының тұсында Ащылыойға құяды. Аңғары кең, көктемде ғана ағын болады, жазда иірім суларға бөлініп қалады. Жылдық орташа су шығыны 0, 046м/сек
Сұрақ: Бұл қай өзен?
Көмек: Соғым сойған күні желінетін тағам түріне аты аттас
Жауабы: Қуырдақты
ІІ-топ сұрақтары: .
1-Сұрақ: Ақтөбе облысының жануарлары: Суретін көрсету
Алып көртышқан (Гигантский слепыш)
Дене пішіні ұршық тәріздес, мойыны қысқа, басы жалпақ, көзі, құлақ қалқаны болмайды. Қүрек тістері өте жақсы жетілген.
Ылғалы мол құмдарда, жер астында тіршілік етеді. Тіршілігі жан-жақты толық зерттелмеген, таралу ареалы шағын сирек кездесетін аң болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген(1996жылы)
Сұрақ: Аталған аң облыстың қай ауданында қандай жерлерде бар?
Көмек: Ақтөбе қаласынан оңтүстікте орналасқан, Еуропа мен Азияны бөліп тұрған өзен өтіп жатқан аудан.
Дұрыс жауабы: Мұғалжар ауданы Құмжарған, Жағабұлақ, Көкжиде, Ақжар атты ылғалы мол құмдарында, жер астында тіршілік етеді.
2-Сұрақ : Ойыл өзенінің саласы Ащылыойдағы өткел 19 ғасырда ғы «Көкжар» жәрмеңкесін Орта Азиямен байланыстыратын керуен жолының торабы, Қаратал селосынан 9 км қашықтықта салынған
Сұрақ: Өткелдің аты қалай аталады?
Көмек: Тас төсеу арқылы салынған.
Жауабы: Тасөткел
ІІІ-Тур Бекет Команда жанашырларына сұрақ екі рет жауап беруге болады. 7мың ұпай.
1-топ жанашырларына:
1. Қазақстанның қызыл кітабына енген құстарды ата
Дұрыс жауабы:
(Безгелдек, дуадақ, Кіші Аққұтан, Қызыл жемсау, Қараша қаз, балықшы. ) графопроектордан көрсету.
2. «Ойыл» - газеті қай жылдан бастап шығады
Дұрыс жауабы: (1930ж қараша айынан)
ІV-тур Асу
10-терезе әр командаға 5-сұрақтан ойлануға 1мин. көмек берілмейді.
Жер бедері:
1 . Ойыл ауданында Ойыл және Қуырдақты өзенінің аралығында
Орналасқан құм, көлемі 34346га. Шөптесін өсімдіктердің арасында бұршақ тұқымдастарынан жүзгін, құлан құйрық, құмаршық жыңғыл жиі кездеседі.
Сұрақ: Құмның аты? Дұрыс жауабы: «Барқын құм»
2. Оқу-ағарту:
14 қаңтар 1940 жылы Ойыл ауданы, Талтоғай ауылында дүниеге келген педагогика ғылымдарының кандидаты -1980 ж, профессор 1997жыл.
Орал педагогикалық институтын бітірген, еңбек жолын Хромтау ауданы Кредиковка орта мектебінде мұғалім болып бастады.
1971 жылы Қ. Жұбанов атындағы университетінде оқытушы болып қызмет жасады. Шығармалары: «Геометрия пәнін оқыту әдістемесі, Алгебра пәнін оқыту әдістемесі» және 40-қа жуық ғылыми еңбегі жарық көрген. «Қазақстан Республикасының оқу үздігі», «Еңбектегі ерлігі үшін » медальдарымен наградталған. Ойыл топырағынан шыққан абзал ағамыздың қарындасы біздің мектебіміздің бастауыш сыныптарының әдістемелік жетекшісі үлгілі, білімді ұстаздардың бірі.
Сұрақ: Аталған ғалым ағамыздың аты жөні
Дұрыс жауабы: Жұбаев Қаңтарбай Жұбайұлы.
3. Мәдениеті:
Ойыл кітапханасы 1930 жылдан бастап жұмыс жасайды.
1934 ж 27 наурызда Н. К. Крупскаяның бұйрығымен РСФСР бойынша таңдаулы 27 кітапхана аталғанда, Ойыл кітапханасы осы үздік қатарда тұрды. 1936 жылы Бүкілодақтық орталық атқару комитеті қаулысымен елдегі ең үздік кітапханалар мен кітапханашылардың қатарында Ойыл кітапханасы мен оның меңгерушісіне ақшалай сыйлық және 1800 сомның әдебиеттері тарту етілді. КСР-індегі ең таңдаулы кітапхананың бірі ретінде танылды.
Сұрақ: Осы кітапхананың меңгерушісі кім? Аты-жөні?
Дұрыс жауабы: Пазылбек Қалдыбаев
4. Музыкалық сұрақ: Күй табақтан Қазанғаптың бір күйін тыңдау 19 ғ Ойыл өңірінің батыры. Таз руынан оның Жастабанының Байсарысынан шыққан батыр. Бала күнінен өжет болып өскен . Атақты күйші Құрманғазының батырға арнаған күйі бар. Түркімен барымташыларына қарсы күресіп, 5000 аруананы қайтарып алған
Сұрақ : Құрманғазының батырға арнаған күйі қалай аталады?
Дұрыс жауабы: «Төремұрат»
5. Тарихы:
Ойыл бекінісіндегі «Көкжар» жәрмеңкесі ол жылына 2рет көктемде 15 мамырдан 15 шілдеге дейін, күзде 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін жұмыс жасаған Жәрмеңкеге Орынбор, Орал, Саратов, Самара, Мәскеу, Атырау, Ақтөбе қалаларынан және Өзбек, Түркімен елдерінен саудагерлер келген. Мұнда қазақтар орыс тауарларына (мата, ыдыс-аяқ, қант, шай т. б. ) мал, мал шаруашылығының өнімдерін аң терілерін айырбастаған. Сауда айырбастау сипатында болған: 1900 жылдың көқтемгі деректеріне қарағанда ашылуында тауар алмастыру айналымы 1млн 491 мың сом құраған.
Сұрақ: «Көкжар » Ойыл жәрмеңкесі қай ғасырда болған?
Дұрыс жауабы: 19-ғасырда.
6. Табиғат байлығы:
Ойыл ауданында кездесетін пайдалы қазбаның түрі?
Дұрыс жауабы: Құрылыс материалдары: қызыл кірпіш жасайтын құмдар.
7 . Өнер:
1926ж 4-қаңтарда Ақтөбе қаласындағы сауатты жастар алғаш рет өз күштерімен М. Әуезовтың «Еңлік-Кебегін» қойды. Театрға қажетті киім-кешек, оқшантай -кісе белбеу, айбалта, сауыт, садақ, найза-бәрі-бәрі тұрғын халықтан жинастырылды. Бұл қойылым көрермендер көңілінен шықса керек, «Еңбекші қазақ» газеті (1926, №11) ол туралы рецензиялық материал жариялады. Отызыншы жылдарда Ақтөбеде облыстық қазақ драма театры ашылды. 1949 жылы ол Ойылға көшіріліп 1960ж дейін сонда жұмыс істеді. Театр ұжымы өз өнерлерін тек Ойыл өңіріне ғана емес, облыстың басқа да аудандарына, сондай -ақ Атырау, Қызылорда, Қостанай, Орал облыстары, Қарақалпақ елі тұрғындарына да көрсетті. Кейіннен бұл театрға жерлесіміз Т. Ахтановтың есімі берілді.
Сұрақ: Осы театрға Т. Ахтановтың аты қай жылы берілді.
Дұрыс жауабы: 1997жылы
8. Экономика:
Тауар алмасу. Ақтөбе өңіріндегі әсіресе Ойылдағы «Көкжар» жәрмеңкесінде 20ғ. басында жоғары қарқын алды. Жәрмеңкеде негізінен жүннен тоқылған бұйымдар, кілем тұс киіз, ішік-тон, жүн-жұрқа, қасқыр, түлкі, қарсақ, күзен сияқты аң терілері айырбасталып отырды. 1900жылы мұнда жәрмеңкенің көктемгі ашылу кезінде тауар алиасу 1млн. 491мың сомсом құраған.
Сұрақ: Күзгі маусымда қанша сом құраған?
Дұрыс жауабы: 509 мың сом құраған.
9 Тарихи ескерткіш:
Шығанақ Берсиев Ұлы Отан соғысы жылдарында Ойыл ауданында «Құрман» ұжымшарында тарыдан дүние жүзілік рекорд жасаған. Шығанақ Берсиевтың құрметіне 1946ж Ақтөбе қаласында ескерткіш орнатылды. Ескерткіш бутобетоннан жасалған тұғырдың бетінде «Шығанақ Берсиев» деп қоламен жазылған. Шығанақ Берсиев ескерткіші мемлекеттік қорғауға алынған. Мүсіншісі В. Н. Крошин биіктігі -2, 8 м
Сұрақ: Ескерткіш Ақтөбе қаласында қай жерде орналасқан.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz