Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ақтөбе облысының жерінің көлемі

“Туған жер тұғырың ” атты Атажұрт интеллектуалды ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың шығармашылығын арттырып өз бетімен іздене білуге
сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білу, тарихи шежірелер мәдениетінің
ұлттық рухани танымдық, қасиеті киелі асыл мұралардың қазынасын жас
ұрпақтың сана-сезіміне сіңіру.
Көрнекілігі: “Атажұрт ” плакат, Өткел, Белес Бекет, Асу, Жерұйық бейнелері
жазылған таспа.
Ойынға 7-9 сынып оқушыларынан екі топ қатысады
“А”тобы “Атамекен ”.
“Б” тобы “Мұғалжар”.
7а – Құлсейтова Ғалия 7б-Ерғалиева Камила
7а – Жаңабай Раймбек 7б- Саухаев Оразай
7а- Каримолдаева Жанар 7б- Исқалиев Еламан

Көлде жүрген қоңыр қаз, Ауылдағы жамандар
Қыр қадірін кім білсін Ел қадірін не білсін
Қырда жүрген дуадақ Көшіп-қонып көрмеген
Су қадірін не білсін. Жұрт қадірін не білсін-
деп Асан қайғы бабамыздың осы айтқан дана сөзін пір тұта отырып, ойнымызды
бастаймыз.

I.Бөлім “Өзін өзі таныстыру” екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.

II.Бөлім 1-Тур: “Өткел” Топ басшылары 5 сұраққа жауап береді. 1Сұрақ-4000
ұпай.

I-топ “Мұғалжар” тобы бастайды.
1. Ақтөбе облысының жерінің көлемі? (300,6 мың км2)
2. Ақтөбенің ірге тасы қай жылы қай айда қаланды ?(1868ж. 14мамыр)
3. Ақтөбе облыс болып қай жылы жарияланды? (1932ж.10 наурыз)
4. Ақтөбе облысында неше әкімшілік аудан бар?.(12)
5. Ақтөбе облысының жері с- о қанша км.?(600-700км )

II- топ “ Атамекен” тобының топ басшысына сұрақ
1. Ақтөбе облысы жерінің көлемі жағынан Қазақстан Республикасы бойынша
нешінші орында (Қарағандыдан кейін 2орын)
2. Ақтөбе жерінен 35 шақырым жерде Есет батырдың кесенесі тұрғызылды.
Қай жылы? (1992ж)
3. Ақтөбеде кеңес үкіметі қашан орнады.? (1918ж)
4. Ақтөбе облысының жері б- ш қанша км.? (700-800км )
5Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану мұражайы қай жылы
шаңырақ көтерді? (1929ж. 25 тамыз)
II- тур Белес. Әрбір дұрыс жауап 5 мың ұпай ойынға қатысушылар
сұраққа көмек алуға болады. Егер дұрыс жауап бермесе, сондай- ақ келесі
топқа кезек бермегені үшін ұпайы кемиді..
1 Жеңген команда бастайды.
I-топ сұрақтар. Ақтөбе облысының аумағында Қазақ мемлекетіне шексіз
үлес қосқан атақты қолбасшы және мемлекет қайраткері 1693-1748ж өмір
сүреді. Кіші жүздің атынан орыс патшасымен бірігуге келісім жүргізеді.
Сұрақ: Ол кім.?
Көмек: Кіші жүздің ханы.
Дұрыс жауабы: Әбілхайыр

2.Белгілі теміржолшы 30 жылдары Шалқар ауданында малшылар одағы төрағасы
. Алматыда Каз ком вуз аспирантурасын бітірген.Әулеата (Тараз) Түркістан
Сібір теміржолында саяси қайраткер. 1935ж Москвада Ленинградтта әскери-
теміржол академиясында оқып Ташкентте қызмет етті. Фамилиясы Молдағұлов.
Сұрақ. Ол кім.?
Көмек: Кеңес Одағы батырының нағашы ағасы
Дұрыс жауабы: Әбубәкір.
II –топ 1.Сұрақ; “Азия дауысы ” фестивалінің жүлдегері Қазақстан
композиторлар одағының мүшесі 1997ж . 1999ж. ҚР. Призиденті сыйлығының
лауреаты Ақтөбе облысының азаматы. Боз жорға, Ауылға, Түркістан.өлеңдерінің
авторы.
Сұрақ: Кім және қай ауданнан шыққан.
Көмек. Жем өзені ағып жатыр
Дұрыс жауабы.Бейбіт Оралұлы.Мұғалжар ауданы
2. Сұрақ; Мұғалжар ауд.Жем өзені Солтүстік жағы аудан орталығынан
92км.Ақтөбеден- 220км. Елді мекендері:Мұғалжар ст.№58,56 теміржол
бекеті,Қырғыз,Құдық ст.Мұнда Жұбановтар мұражайы,аурухана,баспахана,мәдинет
үйі,5мектеп,пошта бар.
Сұрақ: Елді мекеннің аты?
Көмек: 1966-1997ж.аудан орталығы болды.
Дұрыс жауабы: Ембі елді мекені

III- Бөлім. Бекет. Команда жанашырларына сұрақ екі рет жауап беруге
болады.
1-топқа. Қазақтың тұңғыш Академигі геологиялық зерттеу жұмыстарымен
айналысқан ғалым. Қ.И. Сатпаев қай жерде дүниеге келген.
Дұрыс жауабы: (Павлодар облысы Баянауыл ауданы)
2-топ . Арыс өзеніне Сырдарияның құяр сағасына таяу орналасқан қала. 19-ғ
. ортасынан бастап Фараб деген атпен Самани әулеті мемлекетінің ықпалында
болады.
Бұл қандай қала.
Дұрыс жауабы: (Отырар)

IV Бөлім “Асу ” Асық ойнаған азар . Доп ойнаған тозар, бәрінен де мал
бағып білім қуған озар.
Тақтада 12 терезе. 12 ауданға байланысты.
I. Мұғалжар ауданындағы облысымыздағы ірі өзендердің бірі Жем өзені басын
қайдан алады?
Дұрыс жауабы: (Мұғалжар тауының Оңтүстік батысынан)

II. Ырғыз ауданы бойынша.
Қазақ халқының батыры 1843-1919ж. 1916жылғы ұлт-азаттық көтерлістің
басшысы Ырғызда туған қай батыр?
Дұрыс жауабы: (Иманов Амангелді Үдербайұлы)

III.Темір ауданы: “Жібек жолы” эстрадалық тобы 1980ж. құрылды. Шұбарқұдық
кентінде жетекшісі-Алматының Чайковский атындағы саз учлищесінің түлегі
сазгер әнші, 1989ж Ш.Қалдыаяқов атындағы халықаралық фестивальде ең үздік
сазгер атағы берілді. Осы топты басқарушының аты жөні
Дұрыс жауабы: (Ерлі-зайыпты Амангелді-Амангүл Сандібаевтар)

IV.Байғанин ауданы: Аудан территориясында ағатын өзен. Сағыз алабында
ұзындығы 58 км. Қарақоға елді мекенінен төмен сағызға құяды. Жер бедеріне
байланысты өзен ағысы төмен қарай бағытталған .
Сұрақ: Осы кері қарай бағытталған өзен қалай аталады.
Дұрыс жауабы: (Терісаққан)

V. Әйтеке би ауданы: Қарабұтақ ауд.1957ж дүниеге келген. Белгілі өнер
зерттеушісі Құрманғазы атынд.1 республикалық конкурстың лауреаты.1984-1992ж
“Мұрагер” атты республика фольклор сазды ансамблін ұйымдастырушы, әрі
көркемдік жетекшісі “Домбыра” үйренейік хабарын жүргізген сазгер.
Сұрақ: кім? аты жөні
Дұрыс жауабы: (Райымберген Әбділхамит)
VI.Ойыл ауданы: Ұлы Отан соғысы жылдарында Ойыл ауданы “Құрман” ұжымшарында
тарыдан дүние жүзі рекордын жасаған. Ақтарының атасы кім?
Дұрыс жауабы: (Шығанақ Берсиев)
VІІ. Қарғалы ауданы: Бұл облысымыздағы ірі табиғат ескерткіштеріне жатады.
Қарғалы ауданыдағы Қандыағаш тоғайы 5га. жерді алып жатыр. Осы жерде басқа
еш жерде өспейтін реликті өсімдік бар.
Сол өсімдікті ата?
Дұрыс жауабы: (Жабысқақ Қандыағаш,Сүйел шөп)
VІІІ. Қобда ауданы: Қобда ауданының барлық территориясын алып жатқан
табиғат зонасы?
Дұрыс жауабы: (Құрғақ дала зонасы)

ІX.Шалқар ауданы: Облыс территориясында минералды сулардың көптеген түрлері
кездеседі. Оны ашқан гидрогеологтар
А.В. Сотников, Капустин, В.М. Овчинников. Шалқар қаласы маңында Шалқар
минерал сулары ашылды.
Сұрақ: Осы минерал сулар қай жылы ашылды?
Дұрыс жауабы: 1957ж.

X. Алға ауданы: Бесқоспа Ақтөбе облысы, Алға ауданында орналасқан
елді мекен. Осы топырақтың түлегі, ақын өзінің перзенттік жүрегімен :
Бес өзен келіп тоғысқан
Бес қоспа деген жер осы.
Сылдырап аққан сулары
Сыр ұрлап кетіп жатқаны
Сыңсыған құстың шулары
Сәтке де тыным таппады
деп жырлаған еді. Сұрақ : ақынның аты-жөні?
Дұрыс жауабы: (Ізтай Манбетов)

XІ. Хромтау ауданы. Хромит кен орны (хромитті темір) Ор-Елек қыратының
шығыс беткейінде , облыстың солтүстігінде орналасқан. Кемпірсай сілемі
меридиан бағытында 74км-ге созылып жатыр. Ені оңтүстігінде 30 шақырымға
созылып жатыр Көлемі 1200 шаршы шақырым жерді алады. Негізгі тау жынысының
қалыңдығы (геофизикалық есептеулер бойынша) солтүстігінде 2,5км, оңтүстік
шығысында 5шақырымға жетеді.Рудалы сілем магмалық құрылымға
жатады.Құрамындағы хром тотығының мөлшері 56% Бұл жердегі хромит рудасы
1933 жылы гидрогеологиялық барлау кезінде ашылған.
Сұрақ: Ашқан кім?
Дұрыс жауабы: (С.А.Жутеев)
XІІ.Мәртөк ауданы. Ақтөбе облысының солтүстік бөлігінде орналасқан
әкімшілік аудан. Жері -6,6 мың шаршы шақырым. Халқы -32,5 мың адам. Мәртөк
ауданының жері негізінен жазық, солтүстігі жоңды –дөңесті келеді. Климаты
тым континентті, қысы суық ,жазы ыстық .Бірнеше шағын көлдері бар.
Сұрақ : Осы ауданның ең басты өзенін ата?
Дұрыс жауабы: (Елек өзені)

Осы бөлімнен кейін жеңімпаз команда анықталып, сол команда келесі
“Жерұйық” бөліміне өтеді.

V. “Жерұйық”
Сұрақ: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Тәуіп жері, және Нұра елді мекені маңында
жалпы көлемі 348 мың кв км жерді құрайтын.
Торғай мемлекеттік қорықшасы құрылды.
Торғай мемлекеттік қорықшасының көлдерінде жылына 1000 тонна балық
ауланады, бұл Ақтөбе облысында бүкіл ауланатын балықтың 99%-ы.
Сұрақ: Қорықша қай жылы құрылды?
Дұрыс жауабы: 1968ж.

Ұқсас жұмыстар
Командаға сұрақ
Ақтөбе облысының географиясы
Қазақстан - егемен ел жайлы ақпарат
Пайдалы қазбаларды өндіру жолдары
Қалғаны неше үйрек
Шалқар көлі
Павлодар облысының облыс орталығы қай қала
Оқо әкімшілік аумақтары мен тарихи ескерткіштері
Қазақстанның топырақ жамылғысы. 8 сынып
Қобда өзені аңғары флорасының пайдалы өсімдіктері
Пәндер