Математикалық ойлау есептері

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Атырау облысы
Қызылқоға ауданы
№9 орта мектеп
Математика бізбен бірге
Таңдаулы курс бағдарламасы
Бағдарламалық үлгіні құрастырған бастауыш сынып мұғалімі
Адилова Мейрамгүл Қалыбайқызы
2011 жыл
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі ережелеріне сәйкес еліміздің жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сатысында таңдау курстары енгізілді. Жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысында «Математика бізбен бірге» таңдау курсы оқытылады. Бұл курс математика пәнін тереңдетіп оқытуға негізделген. Таңдау курсы оқушылардың белгілі білім саласына тұрақты қызығуын қалып- тастыру үшін, оқушылардың жас ерекшелігімен байланысты таным мүмкіндігіне сай жүзеге асырылады.
Бастауыш сыныптың 4-сыныптарына арналған «Математика бізбен бірге» арнайы курс бағдарлама үлгісі аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген. Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескеріледі.
Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызы- ғушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиял- дауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәр- биелейді.
Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, мате- матикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.
«Математика бізбен бірге» курсы әрбір бөлімдерде аталған тақырыптар бойынша сағаттарға бөлінген. Курста шығармашылық жұмыстар жүргізіліп, дайын сызба және сурет бойынша есеп- тер құрастыру және есептерді тиімді жолмен шығарудың тәсілдері туралы айтылады. Әрбір тақырып соңында сол тақы- рыпқа сәйкес өзіндік және бақылау жұмысына арнайы жүктеме бөлінген. Берілетін өзіндік жұмыстар, яғни тест, әр бөлімді тиянақтап, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді. Сонымен қатар курсты оқу барысында оқушылар есептеулердің тиімді жаңа тәсілдерін, танымдық және логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын анықтай алады. Тақырыптың теориялық бөлімінде сы- ныптағы жеке оқушының қабілетіне, олардың білім деңгейіне қолданудағы мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ізденімпаздығы талап етіледі. Курс пәнаралық байланыс негізінде технология, жара- тылыстану пәндерімен байланыстырыла оқытылады.
3
Негізгі бөлім:
Курстың мақсаты:
- мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындау;
- оқушылардың ақыл - ойының математикалық стилін, интеллек- туалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту;
- оқытуды қажетті дәрежеде дараландыру, әрбір оқушының қызы- ғу қабілетін анықтау үшін тиімді жағдай жасау;
- барынша баланың өзіндік тәжірибесін анықтау, жетелеу, пайда- лану.
Курстың міндеттері:
- оқушының логикалық ойлауын дұрыс қалыптастыруда матема- тикалық ұғымдарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;
- математикалық ұғымдарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып тақырыпқа сай тәрбиелеу;
-шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағды- ларды қалыптастыру, есептеу мәдениетін дамыту.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
- натурал сан және оның қасиеттері, нөл саны;
- арифметикалық амалдардың мән-мағынасы;
- қосу-азайту және көбейту-бөлу өзара кері амалдар;
- есептегіш техника ретінде микрокалькулятордың мүмкіндігі;
- шамалар және оларды өлшеу;
- сандарды салыстыру және өрнектерді салыстырудың мән-мағынасы;
- математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретіндегі есептің ерекшеліктері мен мәнді белгілері;
- тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер;
- есепті шешудің алгебралық тәсілінің мән-мағынасы;
- сызықтар, бұрыштар мен көпбұрыштардың түрлері, олардың жазықтықта орналасу қалпы және көлемдік фигуралар;
- геометриялық фигуралардың нүктелердің жиыны болып табы- латындығы жайында білімі болу керек.
Сонымен қатар оқушылар өздерінің құрастырған шығармашы- лық жұмыстарын қорғау, тақырыпқа сай кері есептер құра білуі керек.
4
«Математика бізбен бірге» таңдаулы курс бағдарламасы- ның мазмұны мен құрылымы
сағат
саны
І. Біздің айналамыздағы сандар мен заттар (10сағат)
Натурал сандар қатары. Сан сәулесіндегі сандарды салыстыру. Қосудың компоненттері. Қосудың қасиеттері. Сандар қалай құрылған?(Разрядтық қосылғыштардың қосындысы. ) Азайтудың компоненттері. Көбейтудің компоненттері. Көбейтудің қасиеттері. Бөлудің компоненттері. Бөліндінің мәні нөлге және бірге тең болғанда. Көп таңбалы сандарды көбейту. 10-ға, 100-ге, 1000-ға қалай көбейтеміз? Көп таңбалы сандарды бөлу. Қалдықпен бөлу
ІІ. Теңдеу және теңсіздік ( 4 сағат)
Әріпті өрнектердің сандық мәні. Теңдік. Теңдіктердің қасиетте- рі. Теңдеу. Жай теңдеулер. Бірнеше амалды орындау қажет болатын теңдеулер. Теңсіздік
ІІІ. Құрастырмалы ойындар (3 сағат)
Үлестер қалай алынады? Бөлшектер қалай пайда болады? Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектен бүтін бөлікті шығарып алу. Бөлшектерді салыстыру
ІҮ. Геометрия. Геометрияның негізгі түсініктері (11сағат)
Геометриялық фигуралар. Көпбұрыштың, тік төртбұрыш пен шар- шының, үшбұрыштың ауданы. Көпбұрыштың ауданын басқа гео- метриялық фигуралардың көмегімен өлшеу. Фигуралардың симме- триялылығы. Шеңбер. Дөңгелек. Тік төртбұрышты параллелепипед және текше тәрізді денелердің көлемі. Пирамида, конус, призма, цилиндр. Периметрді табу. Тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыштың ауданын табуға берілген есептер. Тік төртбұрышты параллелепи- педтің көлемін табуға берілген есептер.
Ү. Математикалық ойлау есептері (6 сағат) Кері есептер дегеніміз не? Көбейту мен бөлуге берілген жай есептер. Құрама есептердің шешуін табу. Пропорционал бөлуге, бөлшектерге, қозғалысқа берілген есептер.
5
Тақырыптық жоспарлау үлгісі
Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан (4-сынып)
сағат
саны
оқыту түрлері,
әдіс-тәсілдері
Натурал сандарды қосу және азайту
Қосу. Қосудың компоненттері. Қосудың қасиет- тері
Сандар қалай құрылған?
«Сиқырлы сандар»
Натурал сандарды көбейту және бөлу Көбейту. Көбейтудің компоненттері. Көбейтудің қасиеттері
Бөлу. Бөлудің компоненттері. Бөліндінің мәні нөлге және бірге тең болғанда
Сәуле. Бұрыш. Кесінді. Сынық сызық. Көпбұрыш.
Тік төртбұрыш. Шаршы. Үшбұрыш салу
практикалық
сабақ
практикалық
сабақ
шығармашылық
жұмыс
шығармашылық
жұмыс
Пропорционал бөлуге берілген есептерді шешу
Бөлшектерге берілген есептер
7
Курсты ұйымдастыру формасы: ойын, шығармашылық жұмыс, ұжымдық оқыту әдістері, зерттеу, практикалық, дәріс сабақ, т. б.
Курсты оқытудың алғашқы формасы: баяндама даярлау, оқулық жоба- сын қорғау, дидактикалық материалдар дайындау.
Оқу жетістіктері: Курсты меңгеру барысында оқушылар тапсырмаларын жинақтап портфолио дайындады. Бағдарламаны меңгергендігі топтық, жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады.
Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: деңгейлік тапсырмасының, бақылау жұ- мысының қорытындысы балдық жүйемен бағаланады.
8
2010-2011 жылдардағы «Математика бізбен бірге» таңдау курсын оқыған оқушылардың жетістіктері
мектеп.
сайыс,
олимпиада
«Ақбота» интеллектуалдық
марафоны. ІІІ-орын
«ХХІ ғасыр озаты»
ІІІ-орын
«ХХІ ғасыр
озаты»
І-орын
«Ақбота» интеллектуалдық
марафоны. ІІІ-орын
«Ақбота» интеллектуалдық
марафоны. ІІІ-орын
матем.
І-орын
олимпиада
ІІІ-орын
матем.
І-орын
2011 жылы № 9 орта мектепте мемлекеттік аралық бақылау тестісінде 4 сыныптардың математика пәні бойынша сапа көрсеткіші 100% болды.
9
Қорытынды
Күтілетін нәтиже:
1. Оқушылар кеңістік денелерді, геометриялық фигураларды ажы- ратып, логикалық ойды дамытуға арналған білімдерді меңгереді. Математикалық тілде сөйлеуге машықтанып, ой-өрісін, қабілетін дамытады.
2. Оқушыларды математика пәні бойынша олимпиадаға, сайыс- тарға қатыстыру, шығармашылық, ғылыми жобаларын қорғау, өзін-өзі бағалау;
3. Жоғары деңгейдегі оқу дағдылары дамиды, ізденеді, ойларын жеткізеді;
4. Танымдық іс-әрекеті, тапқырлығы, қызығушылығы оянады;
5. Математикалық білімді тұрмыста қолдана білуге үйренеді;
6. Оқушылардың есептеу мәдениеті дамиды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz