Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Күрделі сөздер қос сөздер біріккен сөздер тіркескен сөз қысқарған сөз

Тақырыбы: Біріккен сөз
Мақсаты:
Білімділік: Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру. Кейбір сөздер
бірнеше түбірлерден құралып, бірігіп жазылатынын мысалдар ар- қылы
түсіндіру.
Тәрбиелік: Әдемі, таза, сауатты жазуға төселдіру.Ұйымшылдыққа,
белсенділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Шығармашылықпен, топпен жұмыс істеуін қалып -тастыру.
Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі:сұрақ-жауап, ойын, жеке, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
Көрнекілігі: Ашық журнал, интерактивтік тақта, слайдтар
Сабақ барысы:
І. Кезең.
а) Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
ә) Үй тапсырмасын тексеру.
1. 225-жаттығу. Күрделі сөздерді қатыстырып туған жердің қысқы
тіршілігі туралы шығарма жазу.
2. Тірек сызбамен жұмыс.
Күрделі сөздер

қос сөздер біріккен сөздер тіркескен сөз қысқарған
сөз
ІІ.Кезең. Жаңа сабақ
а) «Фигураны тап» ойыны.
1. Фигуралардың аттарын жазу. (Шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, көп-бұрыш,
кесінді)
2. Сөздердің ішінен күрделі сөздерді табу. Бұл күрделі сөздер қалай
жасалған?
ә) «Эстафета» ойыны. Топтық жұмыс.
Екі бағандағы сөздерді біріктіріп жаңа бір сөз жаса.
түйе құс
ақ сүйек
ас қазан
ала бұға
Бағандағы жеке сөздер мен біріктіру арқылы алынған сөздерді
салыстыр, қандай қорытынды шығаруға болады?
Ереже шығару: Түйеқұс- құстың атауы, ақсүйек- ұлттық ойын,асқазан-
адамның ішкі ағзасы, алабұға - балықтың атауы болғандықтан бірге
жазылады. Бұлар біріккен сөздер деп аталады.
б)Оқулықпен жұмыс.
Ережені оқыту
1. Сөздерді оқу, сөз құрамына талдау. Әр сөз неше түбірден құралғанын
айту. (226-ж.)
2. Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді табу. Біріккен сөз құрамында-ғы
түбірлердің арасына қосу (+) белгісін қойып жазу. (227-ж.)
Сергіту сәті. « Ой ашар»
3. Өлеңді көшіріп жазу. Біріккен сөздерді тауып, астын сызу. (228-ж.)
4. Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді табу.
«Кім көп біледі?» ойыны. Топтық жұмыс. Аң, құс, балық, жәндік аттары
болып келетін біріккен сөз жаса.
І топ
Қар,бақа,тас,сақ,қас, серке, көк,қыр, жол, құйрық, қара, барыс.
ІІ топ
Мүйіз,қанат, көп, тас,ақ, құс, түйе, бөкен, бір, аяқ, қос, қазан.
ІІІ. Кезең. Деңгейлік тапсырмалар
І. 1.Біріккен сөз дегеніміз не?
2.Сөздік диктант
3. Бірікккен сөздерге көбіне қандай атаулар жатады?
ІІ. 1.Біріккен сөз қалай жазылады?
2.Біріккен сөз ойла, сөз құрамына талда.
3.Біріккен сөздер құрамындағы сөздердің мағынасын түсіндір.
ІІІ. 1.Біріккен сөзден тұратын жер, су атауларын жаз.
2. Біріккен сөзден тұратын адам аттарын жаз.
3. Біріккен сөздері бар шағын әңгіме жаз.
ІҮ. Қорытындылау
Ү. Үйге тапсырма: 230-жаттығу. Тапсырмаларды аяқтау
ҮІ. Бағалау. Жинаған балдарын есептеліп бағаланады.

Ұқсас жұмыстар
Біріккен сөздің емлесі
Сөйлемдегі қос сөздер
Қос сөз
Дара және күрделі сөздер
Күрделі сөздер. Сөзжасам,оның ішінде күрделі сөздерден өткен матиралдарды қайталау
Қос сөздер. Біріккен сөздерді тап
Біріккен сөздерді тап
Күрделі сөздер жайлы ақпарат
Үлгермеуші оқушымен жұмыс. 6 сынып
Тіркесті сөздер
Пәндер