Сабақ жоспары: Қазақстан - Республикам менің өлеңі және 5-6 буынды сөздердің тасымалдануы (72-73 жаттығулар)

Ана тілі

Тақырыбы: Тасымал. Қазақстан - Республикам менің. 72-73 жаттығулар.

Мақсаты:

а) Еліміз, жеріміз туцралы мағлұмат беру, 5-6 буынды сөздердің тасымалдану жолдарын ұғындыру. Буындық дыбыстық талдау жасау.

ә) Сауаттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Танымдық логикалық қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі : авторлар портреті, бүктемелер, рәміздер, Астана суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын әдісі.

Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, бейнелеу, ән-музыка.

Түрі: жарыс сабақ.

І. Ұйымдастыру:

Үлкен де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Сізге сәлем береміз.

Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бүгін еліміз туралы қандай жаңалықтар білесіңдер?
  • Бүгін, яғни 25-ақпан күні «жалпы ұлттық санақ басталды. Ол 10 күн болып 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында ел-елдер, жер-жерлерде жүргізілді. Бұл санақ жалпы еліміздің әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға, денсаулығын нығайтуға көмегін тигізеді.

ІІІ. Жаңа сабақ. «Ойтолғау»

Мұғалім:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Желбірейді туымыз.

Бұл қай ел - балалар!

Оқушылар: Қазақстан

Мұғалім: - Олай болса, біз бүгін ақын Д. Әбілов аталарыңның (1907 ж. Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген) «Қазақстан Республикам менің» өлеңін өтеміз.

Қазақстан - біздің Отанымыз.

Қазақстан - кең байтақ ел. Бізде достығы жарасқан көптеген ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқы- ержүрек, бауырмал, қонақжай халық. Қазақстан елтаңбасымен еңселі, туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты ел.

а) Оқулықпен жұмыс. 86-бет (мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіндіру)

ә) Оқушылардың оқуы (парта бойынша, тізбектей оқу)

б) Дәптермен жұмыс: 72-жаттығу.

Теміржолшылар:

Те-мір-жол-шы-лар

Теміржол-шылар

Теміржолшы-лар

Те-міржолшылар

Кітаптарымыз

Кі-тап-та-ры-мыз

Кітап-тарымыз

Кітапта-рымыз

Кітаптары-мыз

в) Сергіту сәті: Хор: «Отан»

г) 73-жаттығу. «Ауызша» (дәптермен жұмыс)

жа-ңа-лық, те-ңіз-ші, қо-ңы-рау.

Пысықтау: - Қазақстан рәміздеріне нелер жатады?

(әнұран, елтаңба, ту)

  • Қандай өлең-тақпақ білеміз?

1 - оқушы:

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

2 - оқушы:

Құт-береке, шаңырақ

Орын алған ол төрден.

3 - оқушы:

Айнымайды, аспаннан

Біздің тудың бояуы.

4 - оқушы:

Көк байрақтың бетінде

Бала өседі талапты.

IV. Үйге тапсырма:

Өлең «Қазақстан - Республикам менің» (мәнерлеп оқу)

(эссе «Менің Отаным»)

V. Қорытынды:

Сабақ негізінде сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып бағаланады.


Ұқсас жұмыстар
7-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Сөздердің байланысу түрлеріне жаттығулар
6-сынып қазақ әдебиеті сабағының қысқа мерзімді жоспары: Ерлан Жүністің Менің атым Тәуелсіздік өлеңі
6-сынып қазақ тілі: Менің Отаным - Қазақстан (сабақ жоспары, көрікті жерлер және лексикография)
6-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Біріккен сөздердің емлесі
2-сынып қазақ тілі: Сөйлемдегі сөздердің байланысы тақырыбы бойынша сабақ жоспары (217-221 жаттығулар)
6-сынып қазақ тілі: Біріккен сөздердің емлесі туралы сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Менің Отаным - Қазақстан тақырыбы бойынша ұзақ мерзімді сабақ жоспары
6-сынып қазақ тілі: Біріккен сөздердің емлесі - сабақ жоспары мен бағалау
5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Ыбырай Алтынсариннің Өзен өлеңі
Қос сөздердің түрлері (қайталама қос сөздер) тақырыбындағы 6-сынып сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz