Дүниетану пәні: Малды көктемде бағу - сабақ жоспары

Дүниетану

Тақырыбы: Малды көктемде бағып күту.

Мақсаты:

а) жаңа сабаққа оқушыларды белсенді қатыстыру, мәтін мазмұны, 4 түлік бойынша мағлұмат беру.

ә) әдет-ғұрып, салт дәстүрді бірге тәрбиелеу.

б) өлі -тірі табиғатқа қызығушылықтарын, қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: бүктемелер, демострациялық материалдар, сурет «Мал өрісі» шаблондар.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу жұптық жұмыстар

Түрі: ойын сабақ :

Барысы:

І Ұйымдыстыру: - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз мал өрісінде өтеді:Сабақ кейіпкерлері - төлдер.

- Төлдің қандай түрлерін білесіңдер?

- бота, құлын, бұзау, қозы, лақ.

ІІ. (Есік қағылады, Алдаркөсе келеді)

  • Ассалаумағалуйкум, Алдаркөсе
  • Уағалейкумассалям, балалар?
  • Алдаркөсе өзінің қоржынын ала келіпті, сыйлықтары бар екен. Оларды алу үшін сабаққа қалай қатысуымыз керек.

Ойын: «Төлдерді өріске айда»

Мұғалім: - Мен сендерге төлдер суретін таратамын. Сыртында сұрақтар бар. Дұрыс жауап берген бала тақтадағы өріске апарып қояды.

Сұрақтар:

  1. «Бота» туралы тақпақ айт.
  2. Қошақанды суреттеп бер.
  3. Төлдерді сүйсініп не деп атайды.
  4. Төлдердің қимылын білдіретін сөздерді ата.

а) Оқулықпен жұмыс: (мәтін оқылып, сұрақ-жауап алынады)

ә) - Малды қалай бағып күтеміз?

- Мал мен жабайы аңның айырмашылығы.

- Үйден мал тіршілігі туралы әңгіме.

Сергіту сәті: Ән: «Төлдер»

б) Дәптермен жұмыс : түйе - бота, сиыр - бұзау, жылқы - құлын, қой-қозы, ешкі - лақ.

- Малға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

- Малды теппе,

- Малды басынан ұрма.

- Малға теріс мінбе.

в) «Төлдерді шақыру» ойыны

Мұғалім: - Балалар біз төлдерді өріске айдағанбыз. Енді оларды, қалай шақырамыз. Бота - көс-көс, құлын - құру-құру, қозы - пұшайт-пұшайт, лақ-шөре-шөре, Алдаркөсенің сыйлығын тапсыру.

IV. Үйге тапсырма: 91-бет, эссе «Төлдер»

V. Қорытынды: пысықтау, бағалау.


Ұқсас жұмыстар
Өсімдік - тірі организм: дүниетану пәні үшін сабақ жоспары
Күзгі табиғат: дүниетану пәні бойынша сабақ жоспары
Дүниетану пәні: Табиғат құбылыстары - 3-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Дүниетану пәні: Егіншілік пен мал шаруашылығы - сабақ жоспары
Дүниетану пәні: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылар - сабақ жоспары
Дүниетану пәні бойынша 3-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Сүтқоректілер
4-сынып Дүниетану пәні: Отбасы - шағын қоғам сабақ жоспары
Дүниетану пәні: бастауыш сыныпқа арналған Таскөмір туралы сабақ жоспары
4-сынып дүниетану пәні: Туған-туысқандар тақырыбына арналған аралас сабақ жоспары
3-сынып дүниетану пәні: Қазақстан - егемен ел сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz