Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар

Абенов Данияр Әбдімәлікұлы,
Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің
мұғалімі,
Ыбырай ауылы, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сабақтың тақырыбы:
Түстер. Суреттегі түс. Фон.

Сыныбы: 6
Сабақ: №4
Сабақтың тақырыбы:
Түстер. Суреттегі түс. Фон.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру,
оқушылардың
білімдерін қалыптастыру.

ә) Дамытушылық: Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру.
Сурет
салғанда бояуды дұрыс қолдана
білуге үйрету.

б) Тәрбиелілік Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа,

ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік
құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар,
дидактикалық құралдар.
Негізгі бояу түсі:
- қызыл,
- көк,
- сары.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын.
Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған
ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп
тамашалайық.
- Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар
қандай түстерге енген? Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін.
Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.
Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар
аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық
түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.
– Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп
байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы
суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар
өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне
байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат
аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат - суретші» деген халық
нақылының шығуы соған байланысты.
Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз
бояулар.
Түсті бояулар: қызыл, қызыл сары, сары т. б.
Түссіз бояулар: қара, сұр, ақ.
Енді осыған мысал келтірейік: Қызыл алма, қызыл сары алмұрт, сары
жапырақ, қара сиыр, сұр қоян, ақ мата. Міне, біз заттың атын атап қана
қоймай, сонымен қатар түстің бояуын ажырата білуді үйрендік.
– Ал балалар осы бояу түстерін табиғат көріністеріне қарап,
салыстырмалы түрде атап көрейік: қызыл күн, сары дала, көк аспан. Күннің
қызыл екендігін таң сәріде және кешқұрым айқын байқай аламыз.
Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың
өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің
жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады.
«Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп
көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа
қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға
үйренейік».
Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған.
Мысалы: ақ – адалдық, ақ ниет; қызыл – оттың және күннің белгісі; жасыл –
көктем және жастық белгісі; сары – парасат және байлықтың белгісі; қара –
жердің, берекенің нышаны; көк - аспанның белгісі.
Фон. Бұл - бетіне бір нәрсенің суреті салынған негізгі түс, астар.
Суретші фонды шығармадағы кейіпкерлер анық көрінетіндей етіп таңдайды.
Сонымен қатар фон картинаның немесе суреттің көңіл күйімен сәйкес келуі
керек. Фон бейнеленетін заттың қатынасына қарай ақ, қара, түрлі түсті,
кеңістікті, бір түсті және қарама-қарсы түсті болуы мүмкін. Тарихи немесе
тұрмыстық тақырыпта бейнеленген картинадағы әрекет күнделікті қала
көшелерінде, үй ішінде немесе табиғат аясында көрсетіледі. Демек бұның бәрі
- белгілі бір фон. Суретші С. Мәмбеевтің «Менің қаламда» атты шығармасының
фонында ағаштар, аспан, күн сәулесі төгілген бақ іші, түрлі түсті гүлдерге
толған гүлзарлар, жайбарақат серуен құрған адамдар бейнеленген. Суреттегі
басты бейне - екі жас кыз. С. Мәмбеев жазғы бақтағы күн нұры мен әр түрлі
ағаштардан түскен көлеңкелер арқылы тамаша жайма-шуақ, көңілді көріністі
көрерменге жеткізеді.

Үйге тапсырма беру: Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.

Ұқсас жұмыстар
Оқушыларға арналған сурет салу ережесі
Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың тақырыбы
Күзгі бояулар
В1 есебі
Қызыл күрең түс пайда
Күзгі ағаш
Пропорция туралы түсінік.таңғажайып жануарлар
Ертегі терапия
Татулық - достықтың киелі бесігі
Оқушылардың жұмысын бағалау
Пәндер