Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың барысы. Бейнелеу өнерінің түрлері

Абенов Данияр Әбдімәлікұлы,
Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің
мұғалімі,
Ыбырай ауылы, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің түрлері.

Сыныбы: 5
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы:
Бейнелеу өнерінің түрлері.

Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Оқушыларға тың мәліметтер беріп,
білімді
қалыптастыру, жаңа мағлұмат
беру және т.б.

ә) Дамытушылық: Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру,
оқушы санасына терең сіңіру.

б) Тәрбиелілік Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа,
ұқыптылыққа үйрету.

Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Альбомдар, плакаттар, Қарындаштар, ақ
қағаз, 5-сынып оқулығы және тағы басқа.

Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу
өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы
баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ
түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге
тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде
қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам
үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар
аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі –
суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын
көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала
отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат
өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де
аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер
кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері
живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру
барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік
ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.
Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін
және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай
графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір
түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын
бейнесін тапты.
Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да,
түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар.
Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол
қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік
мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін
көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті
жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан
мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша
туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол
«қашау» деген мағынаны білдіреді. Әр өнердің төңірегіміздегі дүниені өзінше
бейнелеп, өзінше түсіндіретін өз тілі бар. Сурет өнерінің түрі – бояу. Ал
мүсінші өз шығармасын тастан, мәрмәрдан қашайды не саздан жасайды. Ол өз
ойын картинадағыдай бір жызықтық бетінде бейнелеймей, кеңістікте сомдайды.
Суретші сияқты мүсінші де өзі бейнелеп отырған адамның мінез-құлық, ішкі
сырын ашуға тырысады. Оны біз бет әлпетінен, қимыл-қозғалыстарынан
аңғарамыз, тіпті мүсіндегі адамның үстіндегі киімнің әр қыртысына дейін
оның жан дүниесінен бірер сыр танытып тұрады. Көптген мүсіншілер ағашты
қолданады. Мәселен, мүсінші С. Коненковтың таңғажайып «Орман адамдарының»
мүсіндері және В. Мухинаның небір әсем шығармалары ағаштан қашалып
жасалған. Металдан мүсін жасау үшін алдымен оның моделі жасалады, сонан соң
барып сол бойынша қола мен шойыннан мүсіннің өзі құйылады. Сурет өнерінің
шығармалары сияқты мүсін өнерінің туындылары да көлемі жағынан шағын,
станокты және монументтік түрлерге бөлінеді.
Статуя – адам барлық бойымен тұтас бейнеленген монументтік мүсін. Мүсіннің
әсемдік құралдары графикамен, әсіресе живописьпен салыстырғанда өте
шектеулі, яғни мүсінші композицияға қоршаған ортаны кіргізе алмайды,
кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі де фигуралардың өзімен – олардың
формаларының жинақталуымен, материалымен, фактурамен білдірілуі тиіс.
Қаланың сәулетімен, оның алаң, көшелерінің кеңістігімен байланысты болып
келетін монументтік мүсінде образдың жинақтылығы, оның аллегориялығы ерекше
айқын көрінеді.
Ескерткіштер ұзақ ғасырларға арнап салынады, сондықтан олардың бірегей де
біртұтас образы өз уақытының үлкен идеяларын нақтылы түрде көрсетуге тиіс.
Мүсіндер өздерінің формалары жағынан қарапайым да айқын болуы, алыстан оңай
қабылданатындай әсерлі силуэтке ие болуы тиіс. Мүсінге материал таңдау да
ешқашан кездейсоқ болмайды. Бұл – образдың құрама сипаттамаларының бірі,
суретші жұмысты ой елегінен өткізе отырып, оған арналған белгілі материалды
да міндетті түрде есте сақтайды.
Живопись – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда
бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз
осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері
портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи, соғыс
немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай
сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» - француз сөзі, «түр»
немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.

Үйге тапсырма беру: Бейнелеу өнерінің түрлерімен тереңірек танысу.

Ұқсас жұмыстар
Кескіндеме өнерінің жанрлары
Бейнелеу өнерінің жанрлары. Сабақтың тақырыбы
Табиғат көрінісі
Бейнелеу өнерінің түрлері. Сабақтың тақырыбы
Графика өнері. Гравюра
Сәулет өнері
Иллюстрация
Бейнелеу өнерінің түрлері
Плакат өнері. 6 сынып
Қолөнер
Пәндер