Графикалық редактордың мүмкіндіктері

Жас зерттеушілердің шағын ғылым академиясы

Оқушының зерттеу «жоба» жұмысы.

Тақырыбы: Paint графикалық редакторында қазақтың ұлттық ою-өрнегін

өңдеу.

Секциясы: Информатика

Орындаған: Абсағит Жәнібек Нығметоллаұлы, 5 А, Дарья орта мектебі

Жетекшісі: Баймурзаева Кулзинат Жиенбековна, Дарья орта мектебі,

информатика пәнінің мұғалімі

Дарья орта мектебі

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Теориялық бөлім
  3. Практикалық бөлім
  4. Қорытынды.
  5. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Біз, «Ақпараттық технологиялар дәуірі» деп аталатын XXI ғасырда өмір сүреміз. Егер сіз компьютермен таныс болмасаңыз, күнделікті жұмыста оның көмегіне жүгінуге үйренбесеңіз, онда өмірге бейімделмеуіміз әбден мүмкін. Себебі қазіргі қоғамда компьютерлер барлық жерде қолданылады. Ол ғылыми және инженерлік есептеулерде, жаңа ғарыштық станцияларды модельдеуге, күрделі процестерді автоматтандыруға, адамға ауа-райын немесе табиғи апатты алдын ала болжауда, кітаптар мен журналдарды даярлау және басып шығаруға, фильмдерді түсіруде және тағы да басқа көптеген жағдайларда көмектеседі.

Біз компьютерді қосқан кезде аппараттық компоненттерімен бірге бір мезгілде операциялық жүйе (ОЖ) де жүктеледі. Компьютерге орнатылған және онымен байланысты барлық программаларды және жабдықтарды басқару үшін компьютер ОЖ-ге сүйенеді. Операциялық жүйесіз аксессуарларды (диск, тышқан, принтер) және қолданбалы программаларды (графикалық, мәтіндік, редактор, ойындар) басқару қиын. Сондықтан операциялық жүйе негізгі программа болып табылады. Компьютер көмегімен құрылған кескіндер компьютерлік графика деп аталады. Компьютерлік графика - әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы болып табылады. Компьютерде кескіндерді өңдеу үшін арнайы программалар - графикалық редакторлар пайдаланылады. Қазіргі кезде компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған көптеген программалық құралдар бар. Графикалық редакторда әр түрлі фигуралармен жұмыс жасау икемділігін, қолының жылдам қимылдауын, сызықтардың әдемі де айшықты болып сызылуын қалыптастырады.

Мақсаты:

  • Paint графикалық редакторында қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлерімен таныстыра отырып, құрал-саймандарды тиісті орында қолдануға үйрену.
  • Компьютер көмегімен құрылатын графикалық ақпараттарды өңдеп, одан әрі дамыту.

Міндеттері:

  • Ғылыми-зерттеу жұмыс арқылы компьютерде графикалық бейне суреттерді салуға және оларды өңдеу түрін тереңдетіп дамыту.
  • Электронды оқулықтарды пайдалана білуге үйрену және өзіндік жұмыстарға бағыт бере отырып техникалық ақпаратты басқарушы рөлін атқару.
  • Қазіргі технологияның дамуына байланысты өзіндік ізденіс шығармашылыққа жетелеу.

Болжамы:

  • Қазіргі кездегі информатиканы оқыту бағдарламаларының талаптарына сай техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану қажеттігі туындап отыр.
  • Соған байланысты мен компьютерде өз бетімше ізденіп, зерттеу жұмысын жүргізе алуды, электрондық оқу құралдарын пайдаланып келешекте көркемдеуші маман иесі бола аламын деген үміттемін.

Өзектілігі:

  • Бейнелерді өңдеу мен редакторлеудің мүмкіндіктерін пайдалана отырып растырлық суреттер құруды үйрену, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, электрондық оқу құралын пайдалана-қолдана білу.
  1. Алғашқы мағлұматтар.

Қазіргі заман талабына сай оқушылардың талап биігінен көрініп білім алуда үздіксіз ізденуге қалыптастыру үшін, осы жобамда оқытудың басты талабы қандай ғылым саласында да, ақпараттық технологияны меңгеру, оған бейімделу, оны күнделікті өмірде пайдалану екендігі айқын. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар түрлі салаларға дендеп еніп барады. Мектеп программасына сәйкес Paint-графикалық редакторы 5, 6, 7-ші сыныптарда өтіледі. Графикалық редакторда бейнелеу өнеріндегі перспективалық (көрініс заңдылығы) заңдылық элементтерімен жұмыс жасап үйренуге тиістіміз. Жалпы сурет салу көп сатылы болып келеді. Көрініс заңдылығы графикада міндетті түрде қамтылады, бұнда сурет нақты, әрі табиғи түрінде шығады.

  1. Графикалық редактор- графикалық бейне түріндегі суреттерді салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Қазіргі кезде нүктелік (немесе растрлық) және векторлық деп аталатын графикалык редакторлардың екі түрі белгілі. Нүктелік графикалық редакторларда кез-келген сурет пиксельдер деп аталатын нүктелерден тұратын кішкене бейнелер (мозаика) арқылы салынады, ал нүктелердің әрқайсысы түрлі түске бояла алады. Paint (Paintbrush) - Windows жүйесінің стандартты программалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан профессионалды графикалық редакторлардан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды (чертеждер) даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өңдеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалык форматында сақталады. 3. Программа терезесіРедакторды іске қосу үшін (Windows З. х) "Реквизиттер" тобындағы Paintbrush белгісін таңдаңыздар. Ал, Windows 98 жүйесінде Іске қосу=> Программалар=> Стандартты => Paint командалар тізбегін орындасақ, экранда программаның терезесі пайда болады. Оның кұрамында бізге осыған дейінгі таныс элементтер мен (жұмыс аумағы, меню мен тақырып жолдары) бірге бірсыпыра жаңа элементтер де бар. Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында аспаптар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу аспаптарын көре аласыздар

(1-сурет) .

  1. Кез-келген аспаптарды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған аспаптың бейнесі (белгісі) айқын түспен ерекшеленеді. Аспаптар тақтасының төменгі жағында сызықтар қалыңдығын анықтайтын терезе орналасқан. Сызықтар қалыңдығын таңдап алған соң, соның көмегімен түзу сызықты, доғаларды, тіктөртбұрыштар мен эллипс контурларын сызуға болады. Сызықтың қалыңдығы сондай-ақ мыналарға да әсер етеді:- аэрозоль баллонының сиясының ені; - өшіргіш (ластик) ені; - бояуыш немесе қылқалам (кисть) ені. Жұмыс аумағы - салынатын графикалық бейне орналаса алатын экранның тіктөртбұрышты ауданы (бөлігі) . Егер де мөлшері жұмыс аумағынан да үлкен сурет салынса, онда терезе шеттерінде жылжу сызғыштары пайда болады. Олар экран бетінде жылжи отырып, бейненің кез келген бөлігін көруге мүмкіндік береді.

Түстер палитрасының көмегімен екі түрлі түс таңдауға болады: негізгі-бұл түстер біз сурет салатын түс және қосымша - бұл фон түсі. Программа іске қосылғанда сурет салатын түс -қара, фон түсі- ақ болып орнатылады.

Палитраның сол жағында айқасқан екі төртбұрыш орналасқан. Жоғарғысы сурет түсі, ол түстің үстінде маустың сол жағын басу арқылы таңдалады, төменгісі - фон түсі, ол түстің үстінде маустың оң жағын басу арқылы таңдалады.

  1. Құрал таңдап алу.

Paint графиктік редакторында 16 құрал пайдаланылады. Олардың міндеттерін білу үшін маус нұсқағышын құралдың үстіне орналастыру керек. Сонда ішіне олардың міндеттері жазылған кішкене төртбұрыш шығады.

Құрал кескіні
Міндеті
Құрал кескіні
Міндеті
Құрал кескіні:
Міндеті: Ерікті аймақты белгілеу құралы, бұл қисық пішінді үзіндіні таңдау қызметін атқарады.
Құрал кескіні:
Міндеті: Бүріккіш , пульверизатор эффектісіне жетуге мүмкіндік береді.
Құрал кескіні:
Міндеті: Белгілеу құралы, суреттің тік төртбұрышты үзіндісін таңдау қызметін атқарады
Құрал кескіні:
Міндеті: Жазу , бұл сурет ішіне мәтін орналастырады.
Құрал кескіні:
Міндеті: Өшіргіш/түрлі-түсті өшіргіш , бұл суретің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған
Құрал кескіні:
Міндеті: Сызық , түзу сызықтар салуға арналған.
Құрал кескіні:
Міндеті: Құю (Заливка) құралы, бұл тұйық контурдың ішін кескін немесе фон түсімен бояйды.
Құрал кескіні:
Міндеті: Қисық , тегістелген сызықтар салуға арналған.
Құрал кескіні:
Міндеті: Түс таңдау құралы, бұл кескіннің немесе фон түсін суреттің кез келген нүктесінің түсіне өзгертеді.
Құрал кескіні:
Міндеті: Тік төртбұрыш , тік төртбұрыштар салуға арналған.
Құрал кескіні:
Міндеті: Масштаб құралы, бұл суреттің жеке үзінділерін үлкейтуге мүмкіндік береді.
Құрал кескіні:
Міндеті: Көпбұрыш , ерікті пішінді тұйық көпбұрыштар салады.
Құрал кескіні:
Міндеті: Карандаш , бұл кез келген сызықты әр түрлі қалыңдықта сызуға арналған.
Құрал кескіні:
Міндеті: Эллипс , шеңбер және эллипс салуға арналған.
Құрал кескіні:
Міндеті: Кисть , ерікті сызықтарды салуға арналған. Кистінің қажетті түсін таңдап алуға болады.
Құрал кескіні:
Міндеті: Бұрыштары дөңгеленген тік төртбұрыш , бұрыштары дөңгеленген квадраттар мен тік төртбұрыштар салуға мүмкіндік береді.
  1. Графикалық редактордың мүмкіндіктері.

Графикалық редактордың мүмкіншілігінің көп екенін жеткізу және құрал-саймандарды тиісті орында қолдануға үйрену үшін мен осы жобамда қазақ ұлттық ою-өрнектерінің ерекшеліктерін, тәрбиелік мүмкіндіктерін қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен ұштауды ойластырып отырмын. Ою-өрнек қолды жаттықтыруда адамның қиялын ұштауда таптырмайтын құрал-әдіс. Ою-өрнекпен жұмыс жасау әр түрлі фигуралармен жұмыс жасау икемділігін, қолының жылдам қимылдауын, сызықтардың әдемі де айшықты болып сызылуын қалыптастырады.

Ою-өрнек дегеніміз, бұл ойға алған айқын өрнек ырғағымен үйлесетін белгілі бір заңдылықтар жүйесінде жасалынған қисық сызықты және геометриялық фигуралар бейнесін белгі бір тәсілге (стильге) келтіру арқылы алынған түрлі-түсті өрнекпен қандай да бір заттың әшекейленуі. Ою түрлерін салуды жетік үйрену үшін оның техникасын, әдістемелік жолдарын ғана білу жеткіліксіз. Ол үшін талмай ою-өрнек кескіндемелерін салып, күннен күнге тәжірибе жинақтап, тер тегуге тура келеді.

  1. Ұлттық ою - өрнектер.

Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан эстетикалық талғамының куәсі болуымен бірге, әлеуметтік тарихи және кәсіби дамуынан мағлұматтар береді. Қазақ оюларының араб, иран, византия оюларынан басты айырмашылығы - ою-өрнектің әрбір элементі жеке дара күйінде бейнеленіп, оның әрбір элементі дара тұрады. Рухани қайнарымыздың бірі болған осынау құндылық бүгінде азаттығымыздың нышаны - көк байрағымызды да көріктендіріп тұрған ою. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те қолөнерде бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып білеміз, өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің қолөнерінің көнеден келе жатқан мәдениеті.

Өрнек атауы латынның «ornamentum» - әшекей деген сөзінен шыққан. Ою - өрнек өнерінің классификациясы төрт топқа бөлінеді. Олар:

1. Космогониялық (астрологиялық) ою-өрнектер: космос денелері. Табиғат құбылыстары.

2. Геометриялық ою-өрнектер: сызық түрлері, геометриялық фигуралар.


Ұқсас жұмыстар
Графикалық объектілерді және көркем жазуларды кірістіру. 6 сынып
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер, Paint графикалық редакторын қорытындылау
Аралас құжаттарды құру
Paint редакторының терезесі
Ақпарат және ақпараттық үрдістер. авторлық бағдарлама
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктері
Графикалық редактор
Блоктарға мәтін енгіз
Қарапайым графикалық редакторы. суретті ашу. 7-сынып
Мәтіндік редакторларды оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz