Сайлау құқығы

Әблеметов Рахымжан Есенбекұлы

№213 «Қыркеңсе» орта мектебінің

адам және қоғам пәні мұғалімі

«ИНТЕЛЛЕКТ» ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНЫ

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы алдында оқушылардың мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері туралы білімдерін нығайту. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту
Сабақтың мақсаты:: Түрі:
Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы алдында оқушылардың мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері туралы білімдерін нығайту. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту: Танымдық ойын
Сабақтың мақсаты:: Әдісі:
Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы алдында оқушылардың мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері туралы білімдерін нығайту. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту: Топтық жұмыс
Сабақтың мақсаты:: Көрнекілігі:
Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы алдында оқушылардың мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері туралы білімдерін нығайту. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту: Тақырып жазылған билборд, компьютер, проектор, компьютерлік презентациялар
Сабақтың мақсаты:: Пәнаралық байланыс:
Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау, өздерін еркін ұстай білуге үйрету, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы алдында оқушылардың мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері туралы білімдерін нығайту. Шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту: География, құқық, тарих, математика

ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

  1. Оқушылармен сәлемдесу, топтардың құрамымен таныстыру
  2. Әділқазылар алқасымен таныстыру:
  • Қоғамдық - гуманитарлық пән бірлестігінің жетекшісі Г. Дәнембаева
  • Дене тәрбиесі пәні мұғалімі Е. Бекаев
  • Тарих пәні мұғалімі З. Ереханова

Сайыс ІV кезеңде ұйымдастырылады.

І кезең . Сұрақ жауап бөлімі

ІІ кезең. Терминдер анықтамалығы

ІІІ кезең. Практикалық жұмыс

ІV кезең. Картографтар сайысы

І КЕЗЕҢ. СҰРАҚ ЖАУАП БӨЛІМІ.

Бұл кезеңде оқушыларға сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланып, командалардың ұпай қорына есептеледі.

Барлығы 10 сұрақ:

  1. Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған түрі?Адам
  2. Грек тілінен аударғанда «шаруашылық жүргізу өнері» деген мағына беретін сөз?Экономика
  3. Америка құрама штаттарының мемлекеттік тілі қай тіл?Ағылшын
  4. «Nokia» маркалы ұялы телефондары қай елде шығарылады?Финляндия
  5. Шешендік өнер туралы ғылым?Риторика
  6. Тамографияда қолданылатын сәулелер қалай деп аталады?Рентген
  7. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшынның ұлы физигі әрі математигі?И. Ньютон
  8. Организмнің жұқпалы ауруға, кейбір улы заттарға қарсы тұру қабілеті не деп аталады?Иммунитет
  9. Жігерлі, салтанатты музыкалық шығарма?Марш

10. Фашистік Германияның КСРО-ға қарсы соғыс жоспары қалай деп аталады? Барбаросса

ІІ КЕЗЕҢ. ТЕРМИНДЕР АНЫҚТАМАЛЫҒЫ.

Берілген термин сөздердің жауабын табу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

  1. Саясат- мемлекеттік билікке жетуге және оны пайдалануға бағытталған іс әрекет
  2. Менталитет- жеке тұлғаның, тұтасымен алғандағы қоғамның ойлау ұстанымы мен тәртібіндегі тарихи қалыптасқан ерекшеліктері
  3. Конституция- мемлекеттің саяси жүйесінің құрылымы мен ұйымдастырылуын айқындайтын негізгі құжат (Ата заң)
  4. Сайлау құқығы- азаматтардың өкілетті органдарды сайлауға және оларға сайлану құқығы
  5. Мажоритарлық сайлау жүйесі- бір мандатты округтар бойынша ең көп дауыс (50%+1) жинаған кандидат сайланды деп есептелетін сайлау жүйесі
  6. Пропорционалды сайлау жүйесі- сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттық мандат санын иеленетін сайлау жүйесі
  7. Электорат- а) сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтардың жиынтығы,

ә) белгілі бір партия жақтайтын сайлаушылар тобы

  1. Инаугурация- мемлекеттік қайраткердің жоғары лауазымды қызметке отыруын салтанатпен атап өту рәсімі
  2. Бюрократия- айрықша өктемдікке ие болған, өркөкірек қасиеттерімен ерекшеленетін басқару аппараты
  3. Инфляция- баға деңгейінің ұзақ уақыт бойында жоғарылау процесі

ІІІ КЕЗЕҢ. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Бұл кезеңде оқушыларға мажоритарлық сайлау жүйесі және пропорционалды сайлау жүйелерінен дауыстарды есептеу, сайланған кандидаттарды анықтау мазмұнындағы тапсырмалар беріледі. Бірінші практикалық жұмысқа 100 ұпай, екінші практикалық жұмысқа 200 ұпай, егер қосымша көмек арқылы есептеп шығарса 150 ұпай

  1. Мажоритарлық сайлау жүйесі

Мажоритарлық сайлау жүйесінде дауыс санының ең көбі болуы тиіс, кандидатқа жеңіс үшін сайлаушылардың 50%+1 дауысын жинау (мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді) жеткілікті.

Егер сайлаушылардың 50%+1 дауысын ешқандай кандидат жинамаса онда қайта дауыс беру (ІІ тур) өткізіледі. Қайта дауыс беруге (ІІ турға) ең көп дауыс жинаған екі кандидат жіберіледі.

Мысал:

2005 жылы 11 желтоқсан күні Қазақстан Pеспубликасы Президентінің сайлауы өткізілді. Сайлау қорытындысы бойынша кандидаттар төмендегіше дауыс жинады:

кандидаттар
дауыс саны
пайыз
кандидаттар: А кандидат
дауыс саны: 18207
пайыз: 50%
кандидаттар: В кандитат
дауыс саны: 4521
пайыз: 12, 41%
кандидаттар: С кандидат
дауыс саны: 4549
пайыз: 12, 49%
кандидаттар: D кандидат
дауыс саны: 4556
пайыз: 12, 51%
кандидаттар: Е кандидат
дауыс саны: 4581
пайыз: 12, 58%

Сұрақ: сайлау қорытындысы бойынша қай кандидат сайланған болып есептеледі?

Жауабы: сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған екі кандидат қайта дауыс беруге (ІІ турға) жіберіледі.

  1. Пропорционалдық сайлау жүйесі

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңынан үзінді.

  1. Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының жеті және одан да көп процентін алған әрбір партиялық тізім үшін біртұтас жалпыұлттық округтің аумағы бойынша берілген сайлаушылар дауысының жиынтығын есептеп шығарады. Дауыс берген сайлаушылар дауысының жиынтығы бөлінетін депутаттық мандаттар санына бөлінеді. Алынған нәтиже алғашқы сайлау жеке саны (квота) болып табылады. Бөлінетін депутаттық мандаттар саны - 98
  2. Егер дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті процентін тек қана бір саяси партия алса, онда депутаттық мандаттарды бөлуге көрсетілген саяси партияның тізімі, сондай-ақ дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының келесі көп санын жинаған партияның партиялық тізімі жіберіледі.
  3. Депутаттық мандаттарды бөлуге қатысқан әрбір партиялық тізім алған дауыстардың саны алғашқы сайлау жеке санына бөлінеді.

Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттық мандаттар саны болып табылады.

Мысал:
2007 жылғы 18 тамызда біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын, төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауы болды.

партиялар
дауыс саны
пайыз
партиялар: «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы
дауыс саны: 5247720
пайыз: 88, 41%
партиялар: Жалпыұлттық социал-демократиялық партия
дауыс саны: 269310
пайыз: 4, 54%
партиялар: Қазақстан Патриоттары партиясы
дауыс саны: 46436
пайыз: 0, 78%
партиялар: Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы
дауыс саны: 89855
пайыз: 1, 51%
партиялар: Қазақстанның «АҚЖОЛ» Демократиялық партиясы
дауыс саны: 183346
пайыз: 3, 09%
партиялар: «Руханият» партиясы
дауыс саны: 22159
пайыз: 0, 37%
партиялар: Қазақстан Коммунистік халық партиясы
дауыс саны: 76799
пайыз: 1, 29%
партиялар: Барлық дауыс саны
дауыс саны: 5935625
пайыз: 99, 99%

Сұрақ: сайлау қорытындысы бойынша әрбір партияның Мәжілістегі алатын орнын (мандат санын) анықта?

Жауабы: сайлау қорытындысы бойынша «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мәжілістегі барлық мандатқа иелік етті.

Бұл кезең тапсырмасы қиын болғандықтан қосымша көмек беріледі. Алайда қосымша көмек алу үшін мектеп ғимаратының картасына 3 (үш) объект жасырылған, осы объектілерді табу керек.

  1. 50 бонустық ұпай
  2. 100 бонустық ұпай
  3. Қосымша көмек

Топтар практикалық тапсырмалармен жұмыс жасап жатқанда ойынымыз қызықты болуы үшін көрермендермен жалғастырамыз.

Шарты: көрермендердің әрбір дұрыс жауабы 10 ұпаймен бағаланады. Дұрыс жауап берген көрермен өзінің алған ұпайын қалаған командасына жаздыруға құқылы.

Көрермендерге сұрақтар:

  1. АҚШ қорғаныс министрлігінің ғимараты қалайдеп аталады?Пентагон
  2. Күн мен түннің алмасып отыруы неге байланысты?Жердің өз осьінен айналуына байланысты
  3. Иіріле оралып, тостағанға шаншыла үңіліп тұрған, айыр тілді жылан қандай ғылым саласының белгісі?Медицина
  4. Белгілі бір мәселелерді шешу үшін бүкілхалықтық дауыс беру не деп аталады?Референдум
  5. Дәрілік заттардың адам мен мал организміне тигізетін әсерін зерттейтін медицина ғылымының бір саласы?Фармакология
  6. Республикалық басқару жүйесіндегі елдерде белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы?Президент
  7. Жыл мезгілдерінің алмасып отыруы неге байланысты?Жердің күнді айналуына
  8. Нарыққа қатысушылардың арасындағы өндіріс жағдайларын жақсарту және өнімді өндіру үшін талас не деп аталады?Бәсеке
  9. Жойылып кеткен жануарларды қазба қалдықтары арқылы зерттейтін ғылым?Палеонтология
  10. Ірі қаланың маңына елді мекендердің шоғырлануы не деп аталады?Агломерация
  11. Мұнай - газ өнімдерін өндіру, өңдеу, сатумен айналысатын Қазақстандық ұлттық компания?Қазмұнайгаз
  12. Арнайы дайындықтар мен жаттығулардан өтіп, космостық ұшуларға қатысатын адам?Космонавт
  13. Басқа елдердің жерін тартып алу, күшпен бағындыру, қарулы шабуыл жасау не деп аталады?Агрессия
  14. Әлемге әйгілі компьютер программаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы?Билл Гейтс
  15. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы не деп аталады?Ақорда
  16. Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім сарайы» әлемдегі қандай ғимаратқа ұқсайды?Пирамидаға
  17. Спорттағы ең үздік нәтиже?Рекорд
  18. Астана мен Алматы қаласында ұйымдастырылған VII Қысқы Азия ойындарының талисманы?Барыс
  19. Ұлттық валютамыз теңгенің ең үлкен номиналы?1тг
  20. Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым, мәдениет ісімен айналысатын органы?ЮНЕСКО

ҚОРЫТЫНДЫ.

  • Сайысты аяқтау
  • Жеңімпаз топты марапаттау

Терминдер анықтамалығы

Терминдер атауы
Жауабы
Терминдер атауы: Саясат
Жауабы:
Терминдер атауы: Менталитет
Жауабы:
Терминдер атауы: Конституция
Жауабы:
Терминдер атауы: Сайлау құқығы
Жауабы:
Терминдер атауы: Мажоритарлық сайлау жүйесі
Жауабы:
Терминдер атауы: Пропорционалды сайлау жүйесі
Жауабы:
Терминдер атауы: Электорат
Жауабы:
Терминдер атауы: Инаугурация
Жауабы:
Терминдер атауы: Бюрократия
Жауабы:
Терминдер атауы: инфляция
Жауабы:

Қосымша көмек (математикалық өрнек)

5247720
алғашқы сайлау жеке саны
269310
алғашқы сайлау жеке саны
46436
алғашқы сайлау жеке саны
89855
алғашқы сайлау жеке саны
183346
алғашқы сайлау жеке саны
22159
алғашқы сайлау жеке саны
76799
алғашқы сайлау жеке саны
математикалық өрнек
нәтиже
математикалық өрнек: 5247720
нәтиже: /
алғашқы сайлау жеке саны
математикалық өрнек: 269310
нәтиже: /
алғашқы сайлау жеке саны
математикалық өрнек: 46436
нәтиже: /
алғашқы сайлау жеке саны
математикалық өрнек: 89855
нәтиже: /
алғашқы сайлау жеке саны
математикалық өрнек: 183346
нәтиже: /
алғашқы сайлау жеке саны
математикалық өрнек: 22159
нәтиже: /
алғашқы сайлау жеке саны
математикалық өрнек: 76799
нәтиже: /
алғашқы сайлау жеке саны

Мажоритарлық сайлау жүйесі


Ұқсас жұмыстар
Сайлаушылар тізімі
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы туралы түсінік және оның мәні
Қазақстан Республикасының Парламенті
Хv- хvііі ғасырдағы қазақ хандығының қоғамдық құрылысы. 7-сынып
Құқықтық алаң
Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің
Конституция-кемелдік кепілі
Құзырлық тапсырма
Құқықтық сауаттылық - заман талабы жайлы ақпарат
Өз құқығыңды білесің бе ( Бастауыш сынып )
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz