Ойлаған санды тап

Абишева Гульназ Балтабайқызы
II - санатты бастауыш сынып мұғалімі
Бурабай кенті
Сәкен Сейфуллин атындағы
орта мектебі
Бурабай ауданы
Ақмола облысы
Математика сабақтарында
жаңа ақпараттық
технологияларды қолдана отырып оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға дайындау.
2011 жыл
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) «Егеменді елдің тірегі - оқу мен білімнің тереңдігімен өлшенеді. »
2) «Математика сабақтарында жаңа ақпараттық
технологияларды қолдана отырып оқушыларды мемлекеттік аралық бақылауға дайындау»
ІІІ. Қорытынды
«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті елу елдін қатарына енуі үшін:
білімді де зерделі, жан-жақты дамыған
дарынды, қабілетті ұрпақ керек» .
Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың
«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » атты
халыққа жолдауынан.
«Математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушыларды
МАБ-ға дайындау»
Қазіргі кезеңде еліміздің білім беру жүйелерінде бірқатар өзгерістер енгізіліп, олардың жаңа ұлттық модельдері құрылуда. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта білім берудің мемлекеттік стандарттары, жоғары білімді дамыту стратегиясы жасалып және Қазақстан Республикасы 2005-2010 жылдар аралығындағы білім беру жүйесінің дамуының мемелкеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы жарияланып іске асырылу үстінде.
Ел президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауындағы «Оқыту үрдісінде -ақпараттық технологияларды білім беру сапасын жақсартуда қолданысаясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, математика сабақтарында жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудамын.
Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Жаңа технология-мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технлогияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткеді;
Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігі арттырады;
Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемденген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз-білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру; Ақпараттық технологиялардың негізгі міндеттері:
Сабақта ақпараттық технологиялар құралдарын қолдану;
Практикалық шараларды анықтап, жүзеге асыру;
Ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
Жаңа ақпараттық технология құралдары:
Математика - оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды.
Математика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұын мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр-ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Әр сабағымда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойдым:
1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
5. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
Ақпараттық инфрақұрылымның дамуы ақпараттық технологиялардың барлық салаларға енуі оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасайды.
Сондай-ақ сабақ өтуде интерактивті тақтаны қолдануда сабақ тиімділігін арттырады. Әртүрлі сызбаларды көрсетуде мысалы-«» тақырыбында жылдамдық түрлі-түрлі сиямен ерекшелеп көрсетумен қатар, сызғыш, транспортир, қажетті кескін суреттерді тез тауып сызып қолдануға болады. Компьютердегі интернет жүйесіндегі ақпараттық мәліметтерді сабақ тақырыбына байланысты қажеттісін таңдап тікелей қолдануға болады.
Мектептегі компьютерлік сынып интернет жүйесіне қосылғандықтан тереңдетіп оқыту сабақтарында қосымша бай-материал көздерін ізденіп қолданамын. Сонымен қатар оқушы да интернеттен материал іздеп қана қоймайды, әлемдік байланыс торабына кіруді де үйренеді.
Математика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану- білім сапасының артуына әкеледі.
Жаңа ақпараттық технологияны математика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйреттім. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол аштым. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеп келемін.
Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі
Білім теңіз, оның тереңіне сипатын жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру-барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан өз жұмысымда сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруге, бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды міндет етіп қойдым.
«Білім туралы» заңның 41 бабында мұғалімнің міндеттерін көрсететін норма анықталған. Заңның осы бабына сәйкес мұғалім оқыту нәтижесінде оқушының алатын білімі мемлекеттің білім стандарты талаптарын төмен болмауына қол жеткізуге міндетті. Ал, тәжірбие көрсеткендей дәстүрлі оқыту әдістері мұндай нәтижеген қол жеткізуге кепілдік бермейді. Сол себепті қазіргі білім жүйелерін технологиялау педагогикалық практиканың жаңа, болашағы мол бағыты деп есептеліп отыр.
Қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отырған жаңа
Енді, осы тақырып негізінде және өзімнің негізгі проблемалық тақырыбым негізінде, осы бағытта жасаған жұмыстарымның үлгісі ретінде жыл бойы мектебімізде өткізілген сабақ жоспарларын ұсынып отырмын.
ІІ. Негізгі бөлім
1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Сандардың нумерациясы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Сандардың нумерациясы жайында түсінік беру. Мың көлеміндегі сандарды оқу, жазу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірлеуін, бірліктер класын қайталау.
2. Дамытушылық:
Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар, кірпінің суреті, жемістер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Балалар, бүгін бізді ерекше сабақ,
Сабақта алаңдамай еркін еңбек етіңдер. Өз ойларыңды қысылмай, ашық айтыңдар. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір - біріне тілек айту.
Математика керек әр күйге, математика қажет өмірде.
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру.
І. Жаңа сабақ.
Балалар бізге электрондық почтамен хат келді.
Ендеше хатты оқиық.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек
Күз келді, бірақ жемістерді жинап үлгермей жатырмын.
Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, Жемістер жиналады. Көмектесіңдерші, балалар!!!
Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге?
Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер жинайтын боламыз.
ІV. Жаңа тақырып
Бүгінгі біздің тақырыбымыз Сандар нумерациясы.
Тақтаға назар аударамыз.
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Балалар, біз үшінші сыныпта мың көлеміндегі сандарды қосу мен азайтуды, үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу мен көбейтуді өткенбіз. Мысалы:
562+56
687-57
682:2
154*4 (мұғалім тақтаға шығарып, оқушылардың естеріне түсіреді)
1-слайд. «Контейнер» ойыны. Натурал сандарды контейнерге жинастыру. Оқушыларды кезекпен шығару.
Сандар: 5, 200, 254, 100, 1000, 589, 5
2
2) Математикалық диктант:
А) ең кіші екі таңбалы сандыжаз: 10
ә) ең үлкен үш таңбалы санды жаз: 999
Б) ең үлкен екі таңбалы санды жаз: 99
Жұппен жұмыс істеу: Жазғаннан кейін оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірін тақтаға қарап тексереді.
2-слайд. Жауабы: 10, 999, 99
3. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру.
Салыстыр:
І-қатар ІІ-қатар ІІІ-қатар
384 * 385 749 * 649 865 * 845
600 * 598 758 * 738 400 * 398
2м 3дм 5см * 235 см 3 м 2 дм 4 см *324 см 4 м 3 дм 2 см * 432 см
(Оқушылармен жарыс ұйымдастыру. Қай қатар тез шығарады. Бір-бірден тақтаға шығып орындайды)
4. Ауызша талдап, содан кейін дәптерге сандарды кему ретімен өз беттерімен жаздырту.
3-слайд.
А) Кестедегі сандарды қалдырылып кеткен цифрларын ата. Осы сандарды кему ретімен жаз.
ә) Кестедегі сандарды оқы және осы сандарды өсу ретімен жаз. Олардың әрқайсысында әрбір разрядтың неше бірлігі бар екенін айтып бер.
4 -слайд. Есте сақтау! Бірліктер, ондықтар және жүздіктер бірінші класты құрайды. Оны бірліктер класы дейді.
5. Сұрақтарға жауап беру:
а) 999 неше таңбалы сан? Осы санда әрбір разрядтың неше бірлігі бар?Оңнан солға санағанда бірінші орында 9 саны нені білдіреді? Екінші орындағы 9 саны ше? Үшіншідегі ше?
ә) 999 кім разряттық қосылғыштарға жіктеп жазып береді?
Б) 999+1 тең неше болады?
5-слайд.
Мың -екінші кластың, яғни мыңдар класының бірлігі.
V. Сергіту сәті
6. Оқулықпен жұмыс. 5-бет, 8-тапсырма.
Есеп шығару.
«Жетісуда» - 300 оқушы
«Сарыарқада» - одан 100 оқушы артық
«Сарыарқада» -?
Шешуі: 300+100 =400
Жауабы: «Сарыарқада» 400 оқушы демалды.
7. Шығармашылық тапсырма:
6-слайд. Сандарды жалғастырып айт:
890, 895, 900 . . .
8. Топпен жұмыс № 9 5-бет.
7-слайд. 1-бағанды І-топ орындайды
7 м = . . . см
7 жүзд. = . . . бірл.
7 дм = . . . см
7 онд. = . . . бірл.
2 -бағанды ІІ-топ орындайды
600 бірл. = . . . жүзд
600 см = . . . м
600 см = . . . дм
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
Қонжықтың тапсырмасын орындадық деп ойлаймын.
Слайд «жемістер»
Балалар елімізде төтенше жағдайлар еш уақытта болмасын.
Күз келіп жемістерді жинасын.
VІІ. 8 -слайд.
Үйге тапсырма: 5 бет № 10
2-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Шамалар және оны өлшеу
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік:
Сандардың ондық жүйесі мен өлшеудің метрлік жүйесінің арасындағы байланысты және өлшем бірліктерін түрлендіруді пысықтау
2. Дамытушылық:
Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 -слайд Балалар, бүгін бізде сабақ, қызықты өтеді деп ойлаймын.
Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сендер жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір - біріне қарап жимыйып күліп, сәттілік тілеу
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. 10-тапсырма.
І. Жаңа сабақ.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін сендермен саяхатқа барамыз. Астана қаласы ұнайды ма? Ендеше Астана қаласына қонаққа барамыз. Ол үшін тапсырмалар орындаймыз.
2-слайд
ІV. Жаңа тақырып
3 -слайд Бүгінгі біздің тақырыбымыз Шамалар және оны өлшеу
Мұғалім айтып тұрады, ал оқушылар кезекпен тақтаға шығып, жазады.
647, 640, 607, 600
4 -слайд 2. Математикалық диктант.
А) 895, ә) 777, б) 805, в) 770, г) 700 Әр санда барлығы неше жүздік, неше ондық және бірлік бар екенін айтқызу. (Оқушылар бір-бірін тексереді)
3. «Кім тез?» ойынын ұйымдастыру. Бір ғана цифрді пайдаланып, үш таңбалы неше сан жазуға болады? Сол санды разрядтық қосылғыштарға жіктеп жаз. (Мысалы: 222=200+20+2 деп жазулары мүмкін)
5-слайд 4. Интерактивтік тақтадағы суреттерді қарап сұрақтарға жауап беру:
Мыналарды өлшегенде қандай өлшем бірліктерін пайдаланған қолайлы?
А) қарындаш, ә) үстел, б) қаладан ауылға дейінгі қашықтық,
В) спорт алаңы, г) қапқа салынған қант, ғ) дәрі, д) машинадағы жүк
6-слайд 5. Ойын «Не артық?»
Грамм, сантиметр, килограмм, тонна, центнер
Тапсырма: 1-қатар: ұзындықты өлшеу бірліктерін жазыңдар, ал 2-қатар: масса бірліктерін жазады.
6. Интерактивтік тақтаға көңіл бөлу.
7-слайд Әр қатардағы келесі санды алдыңғы саннан қалай шығарып алуға болады?
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
10 20 30 40 50 60 70 80 90 100
100 200 300 400 500 600 700 800 900 1000
8-слайд V. Сергіту сәті. Көз жаттығуын жасау
7. Есеп шығару. Жұппен жұмыс істеу.
Пияз-100 кг
Картоп-3 есе артық
Картоп-?
Шешуі: 100*3=300 кг
Жауабы: Асханаға 300 кг картоп әкелінді.
(Есепті шығарып болған соң, бір-бірін тексеріп, қатесін түзейді)
9-слайд 8. Шығармашылық жұмыс:
Х
- 21
: 8
* 5
+ 7
10 -слайд 9. «Тез есептеп үйрен» ойынын ұйымдастыру.
42---:6---2●2---1---●5---:45---?
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма? Астана қаласы ұнады ма?
VІІ. Бағалау
11 слайд. Үйге тапсырма: 6 бет № 5
5-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Геометрияның элементтері (фигураларды бір-бірінен ажырата білу, олардың қасиеттері, периметрін және ауданын есепте, оларды салу, әріппен белгілеу)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Геометрияның элементтері (фигураларды бір-бірінен ажырата білуге үйрету, периметрін және ауданын есептеуді пысықтау)
2. Дамытушылық:
Ой -өрісін дамыту, өз бетінше тапсырма орындау қабілетін дамыту;
3. Тәрбиелік:
Ұқыпты, ретті жазу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: қайталау
Сабақтың әдісі: қайталау;
Сабақтың көрнектілігі: интерактивтік тақта, оқулық, слайдттар,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1 -слайд Балалар, бүгін бізде сабақ, қызықты өтеді деп ойлаймын.
Мен сендерге сәттілік тілеймін. Сендер жақсы жұмыс істейді деп ойлаймын.
ІІ. Психологиялық дайындық: бір - біріне қарап жимыйып күліп, сәттілік тілеу
ІІІ. Үй тапсырмасынын тексеру. 6-тапсырма.
І. Жаңа сабақ.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бүгін сендермен 2-слайд
ІV. Жаңа тақырып
3 -слайд Бүгінгі біздің тақырыбымыз Геометрияның элементтері
Мұғалімнің басшылығымен 2-тапсырма орындалады.
1. кесінділер: ЕД
2. түзулер: АВ, СА
3. сәулелер: СЕ, МС
4. үшбұрыштар: СКЕ, КМВ
5. төртбұрыштар: СДАО, МДЕК
4 -слайд өз беттерімен жұмыс
№3 А, В, С, Е, Д, К нүктелерін белгіле. Оларды кесінділермен тізбектей қос. Шыққан көпбұрыштың атауын жаз.
5-слайд №4 Ауызша түсіндіріп, тік төртбұрыштың периметрі мен ауданын табу.
6-слайд 5. Ойын «Кім тез?»
6. 7-слайд Дәптермен жұмыс Қабырғасының ұзындығы 3 см шаршы сыз. Әріптермен белгіле. Ауданың және периметрін тап.
8-слайд V. Сергіту сәті. Көз жаттығуын жасау
9-слайд Есепте, тексер
401 ● 2 - (543+177)
796+203-330 ● 3
3●240-910 :5
916:4+(176+245)
10 -слайд «Тез есептеп үйрен» ойынын ұйымдастыру.
(400●2+200-1000) +(50●2:2:20:5) -(900:9:100-300●2:600)
VІ. Сабақты қорыту:
Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?
Сабақ ұнады ма?
VІІ. Бағалау
11 слайд. Үйге тапсырма: 12бет, №7
Сабақтың тақырыбы: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру
Білімділік мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыра білу білік, дағды, іскерліктрін тиянақтау, жүйелеу.
Дамытушылық мақсаты: Есеп шығару, есептеу қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелік мақсаты: Отан үшін жан аямай шайқасқан батырлардың ерлігін үлгі етіп, мақтаныш сезімдерін оятып, елін-жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Флипчарт, тапсырмалар, топ аттары жазылған қима қағаз
Сабақ түрі: Танымдық сабақ
Сабақ типі: Білім, білік, іскерлік қалыптастыру
Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Сыныпты үш топқа бөлу
І топ - Талғат Бигелдинов
ІІ топ - Сағадат Нұрмағамбетов
ІІІ топ - Рақымжан Қошқарбаев
ІІ. Балалар, бізге сабаққа көгершін қонаққа келді. Оның жақсы хабары бар екен. Қане жақсы хабарға не бересіздер?
Үй тапсырмасын интерактивті тақта арқылы тексеру. Оқушылардың дұрыс жауабы, жақсы хабар байғазысы болып есептеледі.
Дұрыс жауапты ашу арқылы қуанышты хабарды тақтадан оқып, сабақ ұраны етіп алу: «Желбіресін бейбітшілік жалауы,
Бұл бүгінгі жас ұрпақтың қалауы» - ендеше біздің бүгінгі сабағымыз Жеңістің 65 жылдық мерейтойына арналады.
ІІІ. Мұғалім: - Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзiнiң барлық мүмкiндiктерiн - адамдар, өндiрiстiк қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды.
І тапсырма: Көп таңбалы сандарды оқы, жаз, разрядтық қосылғыштарға жікте.
Соғыстың алдында әскери қызметте жүрген 178 000 қазақстандықты қоспағанда, соғыс жылдарында Қызыл Армия қатарына 1 196 164 қазақстандық шақырылды. Еңбек армиясы мен құрылыс бөлiмдерiне 700 000 адам шақырылды.
І топ: 178 000 = 1+7+8000
ІІ топ: 1 196 164 = 1 000 000+100 000+90 000+6 000+100+60+4
ІІІ топ: 700 000 = 700 000
ІI тапсырма: Есепте. «Кім жылдам?»
А) Асқан ерлiгi және соғыс өнерiндегi ғаламат жанқиярлығы үшiн Отанның ең жоғары мәртебесi - Кеңестер Одағының Батыры атағына 11 649 жауынгер, офицерлер мен генералдар ие болды. Олардың 11 149-ы - Қазақстандықтар емес. Мұның 402-сі Қазақстандық басқа ұлт өкілдері болса, неше қазақ Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды?
Шешуі: 11 649 - 11 149 - 402 = 98
Жауабы: 98 қазақ Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды
ә) 1941-1945 жылдардың аралығында колхозшылар мен совхоздардағы машина-трактор станциялары еңбеккерлерiнiң ерен еңбегiнiң нәтижесiнде майданға бiздiң елiмiзден 5 829 мың тонна нан, 734 мың тонна ет жiберiлдi. Барлығы неше центнер азық жіберілді?
Шешуі: 5 829 000 + 734 000 = 6 563 000 * 10 = 65 630 000 ц
Жауабы: 65 630 000 ц
Б) Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағы 27 миллион адамынан айрылды, оның 26 937 000-ы басқа елдерден болса қанша Қазақстандық майдан даласынан оралмады?
Шешуі: 27 000 000 - 26 937 000= 63 000
Жауабы: 63 000 Қазақстандық майдан даласынан оралмады
ІІI тапсырма: Оқулықпен жұмыс 3 топ 2 баладан шығарып, көп таңбалы сандарды салыстыруды орындайды.
515318976 * 100131859
629815417 * 599931859
718419630 * 709987487
715318480 * 715418486
217648504 * 217648503
75 * 74
ІV тапсырма: Логикалық тапсырма. Дұрыс жауап табылса, топ атына сәйкес батырлардың ерлігі туралы мәліметпен танысады.
І топ: Наубайханада калашты минут сайын пісіріп, бір бет қағазға орайды. Тәулігіне қанша қағаз пайдаланылады?
А. 1440 В. 1220 С. 1460 Д. 1444
ІІ топ: Асан екі жүз жүздіктермен бірді қосады. Дұрыс жауабын көрсет ?
А. 201 В. 2001 С. 2001 Д. 1201
ІІІ топ: 3- таңбалы сандардың ең үлкені мен ең кішісінің қосындысы қаншаға тең?
А. 899 В. 1100 С. 1099 Д. 1110
V тапсырма: Проблемалық сұрақтар беріледі
1. Бейбітшілік болу үшін адамдар не істеу керек?
2. Соғыс бізге керек пе?
3. Сабағымыздың ұранының мағынасын түсіндір.
Сабақты қорытындылау: Күндей жарқын, ақ көгершіндей ақ пейілді болашақ тілеп, сабаққа өте жақсы қатысқан балаларға бес жұлдыз, төрттік алған балаға күн суретін cыйлау
Үйге тапсырма: №2, 5
Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдинов 1922 жылы Ақмола облысының Ақмола ауданындағы Майбалық ауылында шаруа отбасында дүниеге келді. 1943 жылдың қаңтарында майданға аттанып, 144-гвардия шабуылшы авиация полкінің құрамында Калинин, Воронеж, Далалық және 1-2 Украин майдандарында шайқасты. Кеңес Одағының Батыры атағы 1944 жылдың 26 қаңтарында және екінші рет 1945 жылдың 27 маусымында берілді
Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Ақмола облысындағы Алексеевка ауданында дүниеге келген. 1942 жылы тамызда Қызыл Армия қата-рына шақырылып, Кубаньды, Донбасты, Украинаны азат етуге қатысады. Қаһармандық ерлігі үшін 1945 жылы 27 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрі болды. Халық қаһарманы атағымен марапатталды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz