Бастауыш сынып мұғалімдері

Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып бойынша мәліметтер.
Бурабай кенті Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып әдіс бірлестігі жұмысының қорытындысы
Әдістемелік бірлестік - мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе-эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.
1. Мектептегі әдістемелік бірлестік іс-әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыру
Әдістемелік бірлестіктің негізгі бағыттар бойынша мақсат-міндеттері.
В 2008/2009 оқу жылығы біздің әдіс бірлестігінің міндеті: «Жаңа технологиялармен оқытуды жетілдіру» болды.
. Әрбір мұғалімнің әдістемелік проблемасы мен атқарған жұмыстары:
Әрбір мұғалім өзіндік білім көтеру жоспары және өз проблемасы бойынша жұмыс жасады. Әдіс бірлестігінің отырыстарында қарастырылған мәселелер:
♦ 2008 - 2009 оқу жылы әдіс бірлестігінің жоспарын талдап, бекітілді.
Қыркүйек айында 2-4 сыныптар арасында оқушылардың бастапқы білім деңгейлері анықтау жұмыстары жүргізілді. Оған жауапты сынып жетекшілері. Бақылау жұмыстарын жүргізді, оқу техникаларын тексерді, дәптер, күнделіктерін тексерді. Әр сынып жетекшілері өздеріне жүктелген жұмыстарды тексеріп, анализ жасап, қорытынды шығарды.
Қазан айында Абишева Г. Б . «Мұғалімнің кәсіптік біліктілігін арттыру жолдары» атты баяндама оқып, талдау жасалды. Әр мұғалім өз ойымен бөлісіп, пікірталас болды Мұғалімдер өзара сабаққа қатысты. Мақсаты өзара тәжірибе алмасу.
Қараша айында Жалмұқанова Ш. К «Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру арқылы кәсіби біліктілігін жетілдіру» атты баяндама оқылды, талдау жасалды.
Қараша айында Жалмұқанова Ш. К «Көрнекілік- нәтижелі оқыту негізі» атты баяндама оқып, дөңгелек үстел болды.
Желтоқсан айында «Сабақта дидактикалық ойындар пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызығұшылығын арттыру» атты баяндама оқылды, талдау жасалды.
Бастауыш сыныпта 2-4 сыныптар арасында мектепшілік олимпиада өтті.
І-турға барлық оқушылар қатысты.
ІІ-турға 39-40 ұпай жинаған оқушылар қатысты.
Қаңтар айында Имақанова Р. С «Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды ұлттық тәрбиеге баулу» баяндама оқып, талдау жасалды.
1ж-ж бақылау жұмыстарының қорытындысы алынды. Тексеру қорытындысы:
А) оқушылардың күнделіктері
ә) оқу жылдамдығы
Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі өтті. Аудандық семинар өткізілді. Конкурстарға қатысып ІІ, ІІІ - орындарға ие болды.
Ақпан айында аудандық семинар өтті . аудандық семинарға барлық мұғалімдер қатысты. Атап айтсақ:
1-сынып мұғалімі Нурушева Аягоз Неғметоллақызы «Ақпараттық технология-бастауышта» баяндама оқыды. Мұғалімдерге кейбір компьютермен жұмыс түрлерін көрсетіп. Ақпараттық технологияның тиімді жолдарын атап кетті.
3-сынып мұғалімі Жалмұқанова Шолпан Кинаятқызы
«Зат есімді қайталау» атты ашық сабағын өткізді. Сабақ жақсы өтті. Мұғалім интерактивті тақтаны қолдана отырып, әртүрлі жаттығулар орындатты. Көз жаттығу жасады. Балалар белсенді жұмыс істеді. Интерактивті тақтамен жұмыс істей алатындығы байқалды. Алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жетті. Сабағы барлық қонақтарға ұнады. Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың жолдарын көрсете алды.
2-сынып мұғалімі Имақанова Рабиға Сәрсенбекқызы «Туған жерім - Атамекенім!» тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар белсенді қатысты. Сабақта интерактивті тақтамен Астана және Бурабайдың көріті жерлері туралы слайдтар көрсетті. Оқушылар тақпақ, мақал-мәтелдер айтты. Өлең айтты, би биледі. Тәрбие сағаты өте тартымды, әсерлі болды. Оқушылар қаншама тәрбиелік және эстетикалық әсер алды. Тілдері дамыды. Өздерін кең сезініп, жақсы жақтарынан көрсетті. Қазақтың ұлттық киімдерін киді. Патриотизмдік тәрбие алды.
4-сыныпта Абишева Гүлнәз Балтабайқызы математика пәнінен
«Көп таңбалы сандарға бөлу және көбейту тақырыбын қайталау» атты ашық сабақ өткізді. Математика сабағында планеталарға саяхатқа барып, планеталар туралы қысқаша мағлұматтар алды. Әр планетаға бару үшін әртүрлі тапсырмалар орындап отырды. Интерактивті тақтаны қолданды. Сабақ өте тартымды өтті. Оқушылар белсенді қатысты. Көз жаттығу, ойындар өткізілді. Логикалық тапсырмалар орындалды. Сабақ сонында планеталар санына байланысты сабақ бағаланды.
Барлық мұғалімдердің өткізген жұмыстарын жинақтап, кітапша шығарылып тапсырылды. Абишева Г. Б . «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында адамгершілікке тәрбиелеу» атты дөңгелек үстел болды. 3 тоқсан бақылау жұмыстарының қорытындысы алынды
Мұғалімдердің онкүндігі өтті . Әкімшілік тарапынан бақылау кесінділері алынды. Оқу жылдамдықтары тексерілді. Мұғалімдер оқушылардың дәптерлерін тексерді, күнделіктер тексеріліп анықтама жазып, қорытынды жасалды.
Әрбір мұғалім ашық және тәрбие сағаттарын өткізді.
14-наурыз МАБ өтті . 4-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен МАБ тапсырып, жақсы нәтиже көрсетті.
Жылдық бақылау жұмыстары өткізліп, қорытынды жасалды.
Ашық сабақтар және тәрбие сағаттары.
«АКТ бастауышта» атты баяндама оқыды.
(аудандық семинар)
2009 - 2010 оқу жылы бойынша бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіс бірлестігінің атқарған жұмыстарының қорытындысы.
2009-2010 оқу жылы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінде
5 бастауыш сынып мұғалімдері жұмыс істеді.
• Мектепке даярлық тобында- Абдрахманова Айгүл Болатқызы.
• 1 - сыныпта Абишева Гүлнәз Балтабайқызы.
• 2- сыныпта -Нурушева Аягоз Неғметоллақызы.
• 3 - сыныпта - Имақанова Рабиға Сәрсенбекқызы.
• 4 - сыныпта Жалмұқанова Шолпан Кинаятқызы.
Осы бес мұғалімдердің ішінде барлығы жоғары білімді мұғалімдер.
Әдіс бірлестігінің жетекшісі Абишева Г. Б.
Әдіс бірлестігі жұмысының негізгі бағыттары әдістері білім беру мекемесінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес анықталған және әдістемелік кеңеспен бекітілген.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіс бірлестігінің алдына қойған мақсаты : «Жаңа технологиямен оқытуды жетілдіру »
Міндеттері:
♦ Жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, оқытудың тиімділігін арттыру.
♦ Барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту.
♦ Оқушылық ой жүйесін жетілдіру, бағдар бере отырып, ойын жетелеу, шығармашылықпен ізденуге мүмкіндік беру.
2009 - 2010 оқу жылы әдіс бірлестігінің жоспарын талдап, бекітілді.
Қыркүйек айында 2-4 сыныптар арасында оқушылардың бастапқы білім деңгейлері анықтау жұмыстары жүргізілді. Оған жауапты сынып жетекшілері. Бақылау жұмыстарын жүргізді, оқу техникаларын тексерді, дәптер, күнделіктерін тексерді. Әр сынып жетекшілері өздеріне жүктелген жұмыстарды тексеріп, анализ жасап, қорытынды шығарылды.
Қазан айында Нурушева А. Н «Алтын күз» тақырыбына сыныптан тыс іс - шара өткізді. Іс - шара сайыс ретінде өтті. Әр түрлі қызықты тапсырмалар балаларды қызықтырды.
Қазан айында Абишева Г. Б. «Оқушылардың мінез-құлық белгілерін қалыптастыру» атты баяндама оқып, талдау жасалды. Әр мұғалім өз ойымен бөлісіп, пікірталас болды. Мұғалімдер өзара сабаққа қатысты. Мақсаты өзара тәжірибе алмасу.
Қараша айында Жалмұқанова Ш. К «Бастауыш білім беру мазмұнын жетілдіру» атты баяндама оқылды, талдау жасалды.
І-жартыжылдық бақылау жұмыстары өткізілді. Талдау жасалынып, бастапқы білім деңгейлерінің қорытындысымен салыстырылды. Қорытынды шығарылды:
• Нашар оқитын оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;
• Оқу техникасын жақсарту жолдарын қарастыру, ата-аналармен жұмыс жасау,
• Күнделіктерін дұрыс толтырылуын қадағалау,
• Дәптерлерін уақытында тексеріп, жазуы мен грамматикалық қателеріне көңіл бөлу, осыған байланысты жұмыс жүргізу.
• 4-сынып МАБ - ға дайындық жұмыстарын жүргізу, ата-аналар жиналысын өткізу.
• Аттестациядан өтетін мұғалімдердің шығармашылық есебі тыңдалды.
Бастауыш сыныпта 2-4 сыныптар арасында мектепшілік олимпиада өтті.
І-турға барлық оқушылар қатысты. ІІ-турға 39-40 ұпай жинаған оқушылар қатысты. І-орынға ие болған Шегенова Анель 4-сынып, ІІ-орынға ие болған Кенжетаев Кенжебек 4-сынып.
Қаңтар айында Абишева Г. Б. «Бастауыш сынып оқушыларын бағалау нормалары» атты баяндама оқып, талдау жасалды.
І-жартыжылдық бақылау жұмыстарының қорытындысы алынды. Тексеру қорытындысы:
а) оқушылардың күнделіктері
ә) оқу жылдамдығы
б) бақылау жұмыстары алынып, анализ жасалды.
Наурыз айында бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі өтті.
Әкімшілік тарапынан бақылау кесінділері алынды. Оқу жылдамдықтары тексерілді. Мұғалімдер оқушылардың дәптерлерін тексерді, күнделіктер тексеріліп анықтама жазып, қорытынды жасалды.
Әрбір мұғалім ашық және тәрбие сағаттарын өткізді.
14-наурыз МАБ өтті. 4-сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен МАБ тапсырып, жақсы нәтиже көрсетті.
20-наурызда «Наурыз» мейрамы өтті. 1-4 сынып оқушылары қатысты. Барлық сыныптар жақсы қатысып, грамоталармен марапатталды.
Аудандық семинар өткізілді. Ақпан айында аудандық семинар өтті. Аудандық семинарда Абишева Г. Б қазақ тілі сабағының фрагментін көрсетті. Тақырыбы «Қыс» 4-сынып, Жалмұқанова Ш. К қазақ тілінен сабақ фрагментін көрсетті. Тақырыбы «Сан есім», Нурушева А. Н математика сабағынан «Қосу мен азайту» тақырыбына арналған сабақ фрагментін ұсынды. Мақсаты ақпараттық коммуникациялық технологияларды сабақта колдану жолдары.
Абишева Г. Б аудандық семинарда №9 орта мектебінде «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі» тақырыбына баяндама оқыды.
Наурыз айында бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігі өтті.
4-сынып мұғалімі Жалмұқанова Шолпан Кинаятқызы
«Сан есімді қайталау» атты ашық сабағын өткізді. Сабақ жақсы өтті. Мұғалім интерактивті тақтаны қолдана отырып, әртүрлі жаттығулар орындатты. Көз жаттығу жасады. Балалар белсенді жұмыс істеді. Интерактивті тақтамен жұмыс істей алатындығы байқалды. Алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне жетті. Сабағы барлық мұғалімдерге ұнады. Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың жолдарын көрсете алды.
2-сынып мұғалімі Нурушева А. Н «Ана» атты тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар белсенді қатысты. Сабақта интерактивті тақтамен Ана және әжелер туралы слайдтар көрсетті. Оқушылар тақпақ, мақал-мәтелдер айтты. Өлең айтты, би биледі. Тәрбие сағаты өте тартымды, әсерлі болды. Оқушылар қаншама тәрбиелік және эстетикалық әсер алды. Тілдері дамыды. Өздерін кең сезініп, жақсы жақтарынан көрсетті.
1-сыныпта Абишева Гүлнәз Балтабайқызы математика пәнінен
« Геометриялық фигуралар» атты ашық сабақ өткізді. Математика сабағында интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы геометриялык фигураларды көрсетіп, сипаттама берілді. Оқушылар белсенді қатысты. Көз жаттығу, ойындар өткізілді. Логикалық тапсырмалар орындалды. Сабақ сонында фигуралар санына байланысты сабақ бағаланды.
ІІІ- тоқсан бақылау жұмыстарының қорытындысы алынды
Жылдық бақылау жұмыстары өткізліп, қорытынды жасалды.
Келесі әдістемелік отырыс өткізілді. Тақырыбы: «Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың тиімділігі» дөңгелек үстел. Абишева Г. Б баяндама оқыды.
Жалмұқанова Ш. К жылдам оқу техникасын жетілдеру бойынша көп жұмыс істейді. Балалар әр түрлі жаттығулар орындайды.
4- сыныбында оқу жылдамдығы өте жоғары.
Соңғы әдістемелік отырысының тақырыбы «Тіл дамыту жұмыстарының түрлері» Баяндама. Жалмұқанова Ш. К
«Мақал-мәтелдер айтысы» атты тақырыппен ойын түрінде сыныптан тыс тәрбие сағатын өткізді. Балалар мақал-мәтелдермен айтысты. Тілдері жаттыққан, өте бай. Тәрбие сағаты өте тартымды, жақсы өтті. Мұғалім балаларға жұлдызшалар беріп мадақтады.
«9-мамыр -Жеңіс күні» атты ашық тәрбие сабағы өткізілді. Жауапты Нурушева А. Н және Жалмұқанова Ш. К. Тәрбие сағаты тартымды өтті. Қонақтарға ұнады. Оқушыларға патриоттық тәрбие берді.
4-сынып « Бастауышпен қоштасу» кешін өткізді.
Жалмұқанова Ш. К
Жылдық бақылау жұмыстары өткізіліп, қорытынды жасалды.
Біздің мектептің педагогтары оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыруда
нормативті-құқықтық актілерді жетекшілікке алады.
Әдіс бірлестігінің отырыстарында мұғалімдер төмендегідей нормативтік құқықтық базамен танысты:
- ҚР Мемлекеттік білім беру бағдарламасы 2011 -2020 жж.
-Саниталық ережелерді сақтау. (ҚР Денсаулық Министрлігі Бұйрық № 834, 25 қазан 2010ж) ;
- Білім беру мекемелеріндегі ережелерді сақтау. (бұйрық № 224, 11 наурыз 2005ж ҚР үкімет қаулы)
Жалпы орта білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымы қызметінің типтік ережелері (ҚР үкіметінің 11 наурыз 2005 жылғы № 224 қаулысы)
- Жалпы орта, негізгі орта, бастауыш сынып оқушыларының оқу бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру ұйымына қабылдаудың типтік ережелері (ҚР БҒМ 25. 12. 2007 ж. Бұйрық N 651)
- Жалпы білім беру мектептерінде мектеп құжаттарын жүргізу нұсқауы. (ҚР 13. 01. 2003ж бұйрық № 651)
Жалпы білім беруші мектептерде мектеп құжаттарын жүргізу туралы нұсқаулық (ҚР білім және ғылым министрлігінің 13. 01. 2003 ж №19 бұйрығы)
- Әдістемелік нұсқау хат 2011 ж;
- Оқу бағдарламалары 2010 ж.
Осы аталған құжаттар ЖМО отырыстарының хаттамасына және тіркеу журналына еңгізілді. (қайда, қашан құжаттардың мазмұнымен танысқаны көрсетілді)
Мектепте бастауыш білім берудің оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырылуын көрсететін локалдық құжаттар бар:
Олар :
- Мектепте сынып комплектілерін жасау бойынша бұйрықтар
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің сапалық тізімі
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің сапалық тізімі (қосымша)
Бурабай С. Сейфуллин атындағы орта (қазақ) мектебінде 4 бастауыш сынып мұғалімі және даярлық тобының тәрбиешісі жұмыс істейді.
Жоғарғы санатты - жоқ
Бірінші санатты - жоқ
Екінші санатты -3
Категориясыз -2
Биылғы оқу жылы (2011ж) 2 мұғалім жаңадан келді. 2-сынып мұғалімі- Жакайбаева М. О -санаты жоқ, жас маман. Кожакова Ж. А-2-санатты, 4-сынып мұғалімі.
Жас маман Жакайбаева М. О тәлімгері Абишева Г. Б
Оқу ісінің меңгерушісі мен тәлімгер Абишева Г. Б жас маманға көмек көрсетуде: сабақтарына отырады, дәптер тексеруді, журнал толтыруды үйретеді, әдістемелік көмек көрсетеді, кеңестер береді. Тәлімгер өзіндік білім беру жоспарын құруға, портфолио жасауға үйретеді.
Бастауыш сынып мұғалімдері білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсын 12 жылдық білім беру курсын және Абишева Г. Б., Нурушева А. Н бастауыш сыныптарда ғылыми жұмысты ұйымдастыру бойынша қашықтықтан оқыту курсын өтті.
Абишева Г. Б., Нурушева А. Н өтті. Жалмұқанова Ш. К, . Абишева Г. Б., өзін өзі тану курсын өтті.
Мектепте өзін өзі тану кабинеті бар. Кабинет қажет құралдармен, материалдармен жабдықталған: видеомагнитофон, DVD, музыкалық центр, видеоматериалдар, CD дисктер, музыкалық дисктер. Көрмеге материалдар қойылған, оқушылардың портфолиосы, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, (кесте, мозайкалар, газеттер, қолдан жасаған заттар, тоқылған нәрселер) . Сара Назарбаева туралы стенд жасалған. Ойыншықтар бар. Мектептегі барлық оқушылар өзін өзі тану пәнінен кітап дәптермен қамтамасыз етілген. Абишева Г. Б өзін өзі тану пәнінен аудандық семинарда «Жылы сөз жанға қуат» атты ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғары деңгейде өтті.
Мектепте басқа пәндермен қатар, бастауыш сынып мұғалімдерінің әдіс бірлестігінің жұмысы жүргізіледі. Жетекшісі: Абишева Г. Б
2010-2011 оқу жылы бастауыш сынып мұғалімдерінің жұмыстарының қорытындысы.
ӘБ отырыстарында келесі сұрақтар қаралды :
- 2010-11 оқу жылына арналған ӘБ жоспары бекітілді
- 2010-11 оқу жылының оқу жоспарлары бекітілді,
- Күнтізбелік тақырыптық жоспар бекітілді.
- 1-сынып оқушылары мен даярлық тобының психологиялық ерекшеліктері анықталды.
- Күнделік, дәптер жүргізу, құжаттарды жүргізу бірыңғай орфографиялық тәртіпке алынды.
- Өзіндік білім көтеру жоспарының тақырыбы бекітілді.
- Даярлық тобы және бірінші сынып оқушыларының қабілеттерін анықтау.
- Сабақтың құрлымы, мазмұны.
- Бастапқы білім деңгейін анықтау және І тоқсан білімдерінің мониторингі.
- Математика пәнінен дәптер тексеру анықтамалары 0-4 сыныптар.
- Әдістемелік әдебиеттерге шолу.
- Пед консилиум. 4 сынып және 5 сыныптар арасындағы байланыс, мұғалімдердің ой пікірі.
- Әкімшілік тарапынан алынған бақылау жұмыстарының қорытындысы, мониторинг.
- Тексеру қорытындысы: а) оқушылардың күнделіктері
б) оқу техникасы
в) олимпиаданың қорытындысы
- Қорытындылау
2011ж қыркүйектен қарашаға дейінгі атқарылған жұмыстар
- Даярлық тобы және бірінші сынып оқушыларының қабілеттерін анықтау. Ұсыныстар.
- І тоқсанда бақылау жұмыстарын дайындау, өткізу.
- Математика пәнінен дәптер тексеру анықтамалары 0-4 сыныптар.
- Шығармашылық жұмыстарды жоспарлау.
- Өзара сабаққа қатысу.
- Оқу техникасын тексеру.
- Бастапқы білім деңгейін анықтауға арналған бақылау жұмыстарын жоспарлау, өткізу.
- Жас мамандарға көмек беруді жоспарлау, өткізу
Тәлімгер Абишева Гүлнәз Балтабайқызының жас мамандар Абенова Наргүл Балтабекқызы және
Маржан Орынбаевамен жүргізетін жұмыс жоспары
Сабақ жоспарына қойылатын талаптарды талқылау:
( Сабақ жоспарын жазуды үйрету , кеңес беру, күнтізбелік тақырыптық жоспарын жазуды көрсету, тексеру), тәрбие жоспарын құрастыруға үйрету, сынып сағаттарын, тәрбие жұмыстарын жүргізуді, ата аналармен жұмыс істеуге үйрету, кеңес беру, қадағалау.
а) Өзара сабаққа қатысу. Жас маманның сабағына қатысу, кемшіліктері мен жақсы жақтарына талдау жасау.
Жас маманды сабаққа шақыру, сабақтың әдіс тәсілдерін үйрету, көрсету, кеңес беру. Талдау жасау. Оқушылардың дәптерлерін тексеруге, бағалауға үйрету.
б) Өзіндік білім көтеру жоспарын жасау жолдарын көрсету, талап ету.
3
4
Әдістемелік және дидактикалық көмек.
Әңгімелесу. Портфолио туралы айту, портфолионы жүргізу жолдарын көрсетіп, талап ету. Сабақта көрнекіліктерді қалай тиімді қолдану керектігін түсіндіру. Әдістемелік көмек көрсету, сұрақтарға жауап беру.
Әдістемелік кеңес отырысында есеп беру.
Жас маман және тәлімгер өздерінің атқарған жұмыстары туралы есеп береді.
Тәлімгер
Жас маман
Әдістемелік көмек көрсету
Әңгімелесу
Баяндама, есеп
(тәжірибе жинақтау күнделігі)
Теориялық бөлім
Практикалық бөлім
Нәтижелер
Тәлімгер
Жас маман
2011 ж қарашадан желтоқсанға дейінгі атқарылған жұмыстар.
- Мектепшілік олимпиада өткізу.
- І жартыжылдық бақылау жұмыстарын дайындау, өткізу.
- Оқушылардың күнделіктерін дұрыс жүргізу, тексеру.
- Оқу техникасын тексеру.
- Өзара сабаққа қатысу.
- МАБ ға дайындық жүргізу.
2011 ж желтоқсаннан наурызға дейінгі атқарылған жұмыстар.
- Оқушылардың тілдерін дамыту
- Оқу мен тәрбие жұмыстарының жетістіктері.
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігін жоспарлау, өткізу.
- Қазақ тілі діптерлерін тексеру.
- ІІІ тоқсан бақылау жұмыстарын өткізу, қорытындылау.
- Өзара сабаққа қатысу.
- МАБ
- Жас мамандарға көмек беру
Бурабай кенті С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдерінің онкүндігінің жоспары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz