Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Физика жайында

8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жылулық құбылыстыр
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «Жылулық құбылыстар» тақырыбындағы алған
білімдерін табиғаттағы жылулық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша
білуге үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік, ептілік, қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта
отырып, достық қарым-қатынастарын дамыта отырып, оларды шыншылдыққа,
еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау – пысықтау сабағы
Көрнекіліктер: спиртшам, сіріңке, қағаз қорапша, плакат («Жылу» шыршасы)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
Бастау
Мінекей бізде тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ғылымы
Физика жайында
Сабағымызды бастаймыз.
Жас достарым,
Мұны жақсы ұғайық
Физика құрметтеуге лайық.
Дүниедегі құбылыстың мәнін де
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физикаңыз дүние кілті бүгінде

ІІ. Физика мақал – мәтелдерде
1. Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.
Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына
себепші болады.
2. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.
Қыста уйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын
ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы
салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары
айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.
3. Нан піскенше күлше күйеді.
Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру
керек.
4. Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен.
Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон
адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді.

ІІІ. «Жылу» шыршасын безендіру

IV. Физикалық есептер шығару.
1. Суды тан дейін қыздыру үшін 13608 кДж жылу мөлшері бөлінеді.
Судың массасы неге тең?
Берілгені: БХЖ: Шешуі:
кДж Дж , ,
54кг

Дж/кгºС
Жауабы: 54 кг
Т/к:
2. Массасы 100кг бензинді толық жаққанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

Берілгені: Шешуі:
кг
Дж
т/к:

V. «Алдар Көсе бізде қонақта»

1 – сұрақ: Бір күні аты әлемге айгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың
үйіне қонаққа келеді. Ол келгенде байдың бәйбішесі сыртта бауырсақ пісіріп
жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып ұзақ отырып алғаннан сон, бай оны шайға
шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған бауырсақты салып
әкеліп, дастарханға қойып былай дейді:
- Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ суып калмасын
үшін, оны мына темірден өріп жасалған ыдысқа адейі салып әкелдім. Сонда көп
білетін қу Алдар Көсе былай дейді:
- Жоқ, қарындасым, қателесесіз. Оданда бауырсақты ағаштан өріп жасалған
ыдысқа салсаныз болғаны, бауырсағыңыз ұзақ уақыт ыстық қалпында сақталады.
Сұрақ : Алдардың берген кеңесі дұрыс па?
Жауабы: Дұрыс, ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суйды, өйткені ағаштың
жылу өткізгіштігі металдыкінен – темірдікінен аз.
2 – сұрақ: Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп көп отырып алады. Ал байдың
бәйбішесі сырттағы самаурындағы шай қайнаса да, отын бәсеңдетіп, шәйді үйге
алып кірмей отыра береді. Біраз уақыттан кейін Алдар:
-Бәйбіше, сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр, - деген екен. Сонда асып
– сасқан бәйбіше: -Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар? – деген екен.
Сұрақ : Алдар, шынында да, шайдың қайнағанын қайдан білді?
Жауабы: Шәй қайнағанда, судың ауа көпіршіктері су бетіне көтеріледі де, су
бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады, өзіне
тән дыбыстар шығарады да ыдыс қақпағын көтеруі де мүмкін.
3 – сұрақ: Алдар шайға қанып алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй
иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кіре кетті. Алдардың көзі кірген
мысыққа түсті, мысықтың жүні үрпиген, мысыққа қарады да, құлақшынын алып
жатып былай деді:
- Құлақшынымды кие шығайын далада суық екен – деді.
Сұрақ : Далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?
Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін
білді. Күн суықта барлық жануарлар, соның ішінде мысықта жүнін үрпитіп,
торсыйтады даоның арасына көбірек ауа жинайды. Ауа жылуды нашар өткізеді.

VІ. Қызықты тәжірибе

Суды қағаз каробкада қайнатуға бола ма?

Жауабы: Жылу бірден электрплитадан немесе спиртшамның жалынынан суға
беріледі. Қағаз корабтың температурасы жану температурасына жетіп
үлгермейді.

VІІ. Кім жүйрік?

1. Массаның өлшем бірлігі... (килограмм)
2. Жылу берілудің түрлерін ата (конвекция, сәулешығару, жылуөткізгіштік)
3. Ауының ылғалдылыған өлшейтін құрал (психрометр)
4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі (Джолуль)
5. Денелерді құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысын (жылулық)
6. Судың қайнау температурасы (100ºС)
7. Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері (жұмыс істеу, жылу берілу)
8. Жылуды ұзақ сақтайтын құрал (термос)
9. Заттың сұйық күйден газға айналуы (булану)
10. Температураны өлшейтін құрал (термометр)

VІІІ. Үйге тапсырма: Жылу құбылыстары тарауын қайталау
ІХ. Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Физика және Қазақстан энергетикасы
Суреттерге зер салып, Сұрақтарға зейін қоя қараңдар
Тақырып Жұлдызды сәт
Ғылымдардың ғылымы
География пәнінің мұғалімі
Жай механизмдер. 7-сынып
Дыбыстық құбылыстар жайлы ақпарат
Физикалық шаманы
Сақталу заңдары тақырыбынан өткенді қайталау
Танысу кезеңі
Пәндер