Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сайысымыз Кім жылдам
Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің
педагог-психологы Әбілова Айнұр Жазықбайқызы
«Сынақ» интеллектуалдық сайысы
Мақсаты: a)оқушылардың зеректік қабілеттерін дамытып,ой-өрісін кеңейту
ә) оқушылардың дүниетанымын,білімге қызығушылығын арттыру
б) өз мүмкіндігін пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу
Сайыс барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Кіріспе
Мұғалім. Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
«Сынақ» атты интелектуалды ойынымызды бастаймыз.
Бұл ойында біз өз білімімізді көрсетіп, санамыздың өскенін, сөз
байлығымыздың молдығын көрсетеміз.
Ал, қанекей, келіндер,
Біріңе-бірің еріндер.
Білімімізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар
тілеймін.
Ортаға ойынға қатысатын топтарды шақырамыз.
1-топ 5 «а», 6 «а», 7 «а» сыныбынан құралған оқушылар
2-топ 5 «б» 6 «б», 7 «б» сыныбынан құралған оқушылар
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты. - демекші, әділ қазыларды таныстырып
өтейін:
1.
2.
3.
1. Жүргізуші:
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда. – дей келе бүгінгі сайысымыздың түрлерімен
таныс болыңыздар:
1. Таныстыру
2. «Кім көп біледі?» сұрақ-жауап
3. «Ақыл – ой өрісі» сөзжұмбақтан жасырылған мақалды табу
4. «Кім жылдам?» әріптер бойынша сұрақтарға жылдам жауап беру
5. «Тапқырлық» капитандар сайысы
6. «Сөзтуым» бір сөзден бірнеше сөз құрау
1. Сайысымыз «Таныстыру».
Ойынның шарты бойынша топтың аты, ұраны және эмблемасымен
таныстыру. Топ басшысын сайлау.
1-топ
2-топ
«Білетін адам ашады
Білім нұрын шашады»-дей отыра
2.Сайысымыз бастайық
«Кім көп біледі?» (әр топқа сұрақтар қою)
І – топқа
1. Қыс айларын ата. (желтоқсан, қаңтар, ақпан).
2. Орман емшісін ата (тоқылдақ)
3. Есту мүшесі (құлақ)
4. Бір өркешті түйе (нар)
5. Бір жылда неше ай бар? (12)
6. Ит жеті қазынаға кіре ме? (иә)
7. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
8. Бие сүті қала аталады? (қымыз)
9. Бірінші байлық не? (денсаулық)
10. «Дос» сөзінің орысша аудармасы (друг)
ІІ – топқа
1. Көктем айларын ата. (наурыз, сәуір, мамыр).
2. Аяз атаның немересі (ақшақар)
3. Көру мүшесі (көз)
5. Жылдың неше мезгілі бар? (4)
6. Тауық жеті қазынаға жата ма? (жоқ)
7. Абайдың әжесі кім? (Зере)
8. Түйе сүті? (қымыран)
9. Ардақты адам (ана)
10. «Жау»сөзінің орысша аудармасы (враг)
3.Сайысымыз «Ақыл – ой өрісі».
Ойынның шартында берілген уақыт мерзімінде сөзжұмбақ шешу. Бұл сөзжұмбақты
шешу әдісі – мына сандарды қазақ әліпбиіндегі әріптердің ретімен
ауыстырсаңдар қазақтың мақалын оқуға болады. Іске сәт!
Әр топқа тапсырма жасырылған парақтар таратылады.
4. Сайысымыз «Кім жылдам?». Әр топқа әріптер таратылады. Сол әріптерге
байланысты сұрақтарға жауап беру қажет.
І – топқа.
1. Ертегі оқисың ба?
2. Сумкаңда не бар?
3. Бөлме қандай?
4. Досың кім?
5. Анаңа еркелейсің бе?
6. Сабағың жақсы ма?
7. Аспанда не бар?
ІІ – топқа.
1. Жасың нешеде?
2. Алма берсе жейсің бе?
3. Нені жақсы көресің?
4. Түнде түс көрдің бе?
5. Кімге сәлем жолдайсың?
6. Күн түнде бола ма?
7. Әріп пен дыбыс бір ме?
Жүргізуші:
Тапқырлықтың негізі талап,
Кілті –білім –демекші, енді 5 - «Тапқырлық » капитандар сайысына кезек
береміз.
Жүргізуші:
Капитандар таңдаған сұрағы бойынша жауап береді, яғни өз шешендігін
көрсетеді.
-әдептілік деген не, қалай түсінесің?
-туған жер туралы әңгімеле
Сайысымыздың 6-түрі Сөзтуым сайысы. «Тәуелсіздік» сөзінен бірнеше сөз
құрау.
5-минут уақыт беріледі. Қай топтың құраған сөзі көп болса сол топ жеңіске
жетеді.
Қорытынды
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
«Сынақ» атты сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар
алқасына сөз беріледі.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен бүгінгі сайсымыз аяқталды. Жарыс болған
соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те өмірде жеңіске жете
берулеріңе тілектеспін. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz