Өлең құрлысына талдау

9«Г» «Д» Әдебиет

Сабақтың мерзімі: 22. 11. 2011

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі дәуір әдебиеті

Сабақтың мақсаты.

  1. Білімділік:Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

-Балалар бүгін қыркүйектің нешесі?

-7 саны жайлы не білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді. Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді. Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. Бұл жазудың түп тамыры ежелгі грек мәдениетіне қатысты деушілерде, оны ежелгі монғол жазуы, фин жазуы, скиф-славян жазуы деп жорамалдаушылар да жазудың сырын ғылыми негізде ашып бере алмады. Ақыры 1893 жылғы қарашаның 25-і күні Дания корольдік Ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Сондай-ақ ол бұл ескерткіштер түркі халықтарының тілінде жазылғанын мәлімдеді. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен. Дәл осы кезде академик В. В. Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей-ақ, В. В. Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, сонан соң оны аударып шықты.

ІV. Cабақты меңгерту

Алып Ер Тұңға жырын оқу

V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру.

Үзінді жаттау

VІІ. Бағалау.

8«Г» «Д» Әдебиет

Сабақтың мерзімі: 11. 09. 2010

Сабақтың тақырыбы: Орхон - Енесей жазулары

Сабақтың мақсаты.

  1. Білімділік:Қазақ ұлтының әдеби мұрасы Орхон-Енесей жырларының тақырыбы мен идеясын түсіндіру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар (ескерткіштер) табылғаны туралы алғашқы хабарды Н. К. Видзен, С. У. Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И. Т. Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Ц. Г. Мессершмидт, т. б. бергенін XVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
Скандинавия халықтарының тілінде «рунь», яғни «руна» деген сөз казақша аударғанда «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағына береді. И. Т. Страленберг өзі тапқан құлпытастардағы бұрын-сонды тарихта белгісіз болып келген, ешкім түсінбейтін жат жазуды өз елінің тілінде руна жазуы деп атаған еді. Құлпытастардағы белгісіз жазулардың сырын ашу үшін В. В. Радлов 1891 жылы сонда барып, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл кезде Финляндия археологиялық қоғамыда Енисей өзені бойына, Минусинск қаласына екі мәрте ғылыми экспедиция жасап қайтқан еді. Сөйтіп, 1892 жылы Петербург пен Гельсингфорста орыс және фин ғалымдары жасаған экспедицияларының жұмыс қорытындысы туралы есептері баспасөз де жарияланады. Ғалымдар ескерткіштегі жазуларды суретке түсіріп, атлас жасаған еді. Алайда бұл руна жазуының құпиясы кепке дейін ашылмай-ақ қойды. Ескерткіштердегі жазуды ешкім оқи алмады. Ол туралы әр түрлі болжам айтыла бастады. .

ІV. Cабақты меңгерту

Күлтегін мәнерлеп оқу

V. Сабақты қорытындылау. VІ. Үйге тапсырма беру.

Үзінді жаттау

VІІ. Бағалау.

Сабақтың мерзімі: 13. 09. 2011 9«Г» «Д» Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларға Қорқыттың өмірі мен творчествосын таныстыру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі - адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу - шаман халық аңыздарының жемісі. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген. Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі - адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды. "Қорқыт ата кітабы" - кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз - қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан) . Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы. Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа - қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т. б. түркі халықтарының арасында сақталған.

ІV. Cабақты меңгерту

Сатылай комплексті талдау

Туған жылы

Туған жері

Күйлері

Жырлары

Қайтыс болған уақыты

V. Сабақты қорытындылау.

Ой толғау «Қорқыт ата өлімнен қашып құтыла алды ма?

VІ. Үйге тапсырма беру .

Мазмұнын айту

VІІ. Бағалау.

Сабақтың мерзімі: 18. 09. 2010 8«Г» «Д» Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Оғыз қаған жыры

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларды Қорқыттың Оғыз қаған жырымен таныстыру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Қорқыт ата кітабы мазмұнын айту

Сұрақтарға жауап беру

-Қорқыт кім?

- Оны неліктен күйші дейміз?

- Қорқыт ата кітабы қай жерде сақтаулы?

- Қорқыт ата кітабында нелер жазылған?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Оғыз қаған жырының мазмұнын баяндау.

ІV. Cабақты меңгерту

Үзінді оқыту

V. Сабақты қорытындылау.

Оғыз қаған жырының батырлар жырынан айырмашылығы мен ұқсастығын табыңдар

VІ. Үйге тапсырма беру .

Мазмұнын айту

VІІ. Бағалау.

Сабақтың мерзімі: 21 ; 22. 09. 2010 8«Г» «Д» Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Оғыз қаған жыры

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларды Қорқыттың Оғыз қаған жырымен ерекшеліктерін, идеясын түсіндіру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Оғыз қаған жыры мазмұнын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Оғыз қаған жырының тілдік ерекшеліктеріне тоқталу

ІV. Cабақты меңгерту

Карточкамен жұмыс

Оқушыларға Қорқыт ата кітабы және оғыз қаған жыры бойынша жасалған карточкаларды таратып беру

V. Сабақты қорытындылау.

Қорқыт атаның нақыл сөздерін жаздыру

VІ. Үйге тапсырма беру

Нақыл сөздерді жаттап келу

VІІ. Бағалау.

Сабақтың мерзімі: 28. 09. 2010 8«Г» «Д» Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Ислам дәуіріндегі әдебиет

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілдерімен таныстыру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Жатау сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Қарахан мемлекеті тұсындағы немесе ислам дәуірі (Х-ХІІ ғ. ) деп аталатын тарихи кезеңді түркі халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы қайта өркендеу дәуірі деуге болады. Әл-Фарабидің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», Махмұт Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік(«Түркі сөздерінің жинағы»), Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі, Қожа Ахмет Иасауидің «Диуани хикметі («Ақыл кітабы), Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани кітабы» және т. б. осы дәуірдің зор жетістігі болып табылады. Бұл туындылар орта ғасырдағы түркі жазба әдебиетінің өркендеп, ілгері дамуына өлшеусіз үлес қосты.

ІV. Cабақты меңгерту

Үзінді оқыту

V. Сабақты қорытындылау.

Неліктен ислам дәуіріндегі әдебиет деп аталады?

Ислам дәуіріндегі әдебиеттің көрнекті өкілдерін ата

VІ. Үйге тапсырма беру .

Мазмұнын айту

VІІ. Бағалау.

Сабақтың мерзімі: 02. 10. 2010 8«Г» «Д» Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Әл-Фараби өлеңдері

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Әл -Фарабидің шығармашылығын таныстыру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Жатау сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Әбу Насыр әл- Фараби(Мухаммед ибн Мұхаммед ибн Узлае Тархани ) (870-950) Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұзтазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым. Алғашқы білімді қыпшақ тілінде Отырарда алады. Бағдатта араб тілін үйренеді. Самарра Харрандар да ірі ғалымдармен кездесіп, білімін ұштайды. Түркі, парсы, араб тілдерін де сөйлей де, жаза да білген. Грек, латын, санскрит тілдерін игерген. Бүгінгі ұрпаққа Әбу Насыр әл-Фарабидің 50 шақты еңбегі жеткен. “Алмагеске түсініктеме”, “Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері”, “Астрология”, “Китаб әл- мусика әл-кабир” және тағы басқа еңбектері ғылымның сеңгірін көрсететін аса ірі туындылар. Әбу насыр әл-Фарабидің еңбектері ғылымның барлық саласын қамтиды. Оның аясы кең.

ІV. Cабақты меңгерту

Өлеңдерін мәнерлеп оқу

V. Сабақты қорытындылау.

Туған жылы

Туған жері

Еңбектері

Меңгерген тілдері

Қайтыс болған жылы

VІ. Үйге тапсырма беру .

Жаттау

VІІ. Бағалау.

Сабақтың мерзімі: 27. 09. 2011 8«Д» Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Әл-Фарабидің лирикалық өлеңдері

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларды ислам дәуіріндегі әдебиеттің өкілі Әл -Фарабидің шығармашылығын таныстыру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Оқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау

Жатау сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Әбу Насыр әл- Фараби(Мухаммед ибн Мұхаммед ибн Узлае Тархани ) (870-950) Аристотельден кейін дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұзтазы атанған данышпан, ойшыл, энциклопедист ғалым. Алғашқы білімді қыпшақ тілінде Отырарда алады. Бағдатта араб тілін үйренеді. Самарра Харрандар да ірі ғалымдармен кездесіп, білімін ұштайды. Түркі, парсы, араб тілдерін де сөйлей де, жаза да білген. Грек, латын, санскрит тілдерін игерген. Бүгінгі ұрпаққа Әбу Насыр әл-Фарабидің 50 шақты еңбегі жеткен. “Алмагеске түсініктеме”, “Геометриялық сызықтар жасаудың әдістері”, “Астрология”, “Китаб әл- мусика әл-кабир” және тағы басқа еңбектері ғылымның сеңгірін көрсететін аса ірі туындылар. Әбу насыр әл-Фарабидің еңбектері ғылымның барлық саласын қамтиды. Оның аясы кең.

ІV. Cабақты меңгерту

Өлеңдерін мәнерлеп оқу

V. Сабақты қорытындылау.

« Екінші ұстаз» шағын шығарма жазу

VІ. Үйге тапсырма беру Жаттау

VІІ. Бағалау.

Сабақтың мерзімі: 04. 10. 2011 8 «Д» Әдебиет

Сабақтың тақырыбы: Ахмет Иассауи хикметтері

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушыларды Ахмет Иассауи шығармашылығын таныстыру

2. Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар, т. б.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасуОқушыларды түгелдеу

Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау Жаттау сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау.

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) - қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер. өз аты Ахмет, есімінің алдындағы «қожа» мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай берілген атау, ал соңындағы «Ясауи» ақынның қай жерден шыққандығын көрсетеді. Бірақ нақтылық үшін айтсақ, Йасы қаласы оның туған жері емес, жастайынан жетім қалып, ағайын туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен жері. Ақынның туған жері қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы. Әкесі Ибрахим мұсылманша сауаты бар, сөз қадірін білетін білікті адам болған. Бала Ахметтің басты ұстазы, тәрбиешісі аталас туысы болып келетін Арыстанбаб болды. Ол өмірден қайтқаннан кейін Ахмет 17 жасында Йасы қаласына келеді. Дәл осы кезден бастап араб, шағатай, парсы, түркі тілдерінде өлеңдер жаза бастайды. Шығыс поэзиясы мен әдебиетіне ден қойды. Кейін Бұхара қаласында Жүсіп Хамаданидің діни медресесінде оқыды. Оны тәмәмдаған соң сопылық жолдың біраз ащы-тұщысын татып, көптеген қалаларды аралап, туған шаһары Түркістанға қайтып оралады да, Арыстанбаб қалап кеткен дәстүрді жалғастырды. Осында ол ислам дүниесі кең таныған кемеңгерге айналды. Ал 63 жасынан бастап қалған өмірін жер астында, яғни қылуетте өткізді. Бұны Ахмет «Пайғамбар жасына жеттім. Маған одан артықтың қажеті жоқ», - деп түсіндіреді. Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - «Диуани Хикмет» (Даналық кітабы) қыпшақ диалектілерімен көне түркі тілінде жазылған.

ІV. Cабақты меңгерту

Өлеңдерін мәнерлеп оқу өлең құрылысына талдау

V. Сабақты қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма беру Жаттау

VІІ. Бағалау.

8«Д»

Сабақтың мерзімі: 01 . 03. 2012 2 сағат

Сабақтың тақырыбы: Шығарма «Ана-өмір шуағы»

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін тексеру

2. Дамытушылық: Таза, сауатты жазуға дағдыландыру

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі: бақылау сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

Шығарма жазу алгоритмі

  1. Тақырыбыңа байланысты материалды алдын-ала дайында, оларды сұрыптап қажет дегенін ал
  2. Эпиграф таңдап ал, ол тақырып пен идеяны ашуға сәйкес алынсын
  3. жоспар тақырыбына лайық нақты болып жасалсын
  4. Ойдың, пікірлердің жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта
  5. Тақырыптан ауытқыма
  6. Қосымша материалды пайдаланғанда автордың аты кітаптың аты беті нақты жазылсын
  7. Негізгі бөлім толық әрі дәлелді келуімен қатар шығарманың ең басты пікірлері осында келетінін ескер
  8. Қорытынды негізгі ойдың төңірегінде жазылсын
  9. сөйлемдер тиянақты, ойлы болсын
  10. Әдемі айшықты сөздерді пайдалан бұл шығарма сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет
  11. Қате жібермей жазуға дағдылан, емлелік сөздіктер жаныңда болсын шығарма үшін ең басты мәселе - сауаттылық
  12. Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой

8-сынып 2-3 бет шығырма

VІІ. Бағалау.

8«Д»

Сабақтың мерзімі: 13 . 10. 2011

Сабақтың тақырыбы: Шығарма Ежелгі дәуір әдебиеті

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін тексеру

2. Дамытушылық: Таза, сауатты жазуға дағдыландыру

3. Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге, тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі: бақылау сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту

Шығарма жазу алгоритмі


Ұқсас жұмыстар
Жаттығу жұмысы. 3 сынып
Оқыту әдістері
Ә.тәжібаев «портреттер», «монологтер»
Анықтауыш
Толықтауыштың сұрақтары
Сөйлем мүшелері. 4 сынып
Үлкен ми сыңарлары, Жүйке жүйесінің гигиенасы
Махмұт қашқари өмірі мен шығармашылығы «қордайдың аққу- қазы қаңқылдайды» аудармасы
Киік сөзінің этимологиясы
«тіл дамыту» қазақ тілі пәні бойынша вариативтік курстың бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz